400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дарынды оқушылармен жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
2023-2024 оқу жылы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ы. Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясының

Ғылыми-әдістемелік кеңесінің шешімімен ұсынылды

(2023 жылғы 25 сәуірдегі № 3 хаттама)



Дарынды оқушылармен жұмыс жоспары



Дайындаған:___________________




2023-2024 оқу жылы



ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС


ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ МАҚСАТЫ:

Заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын  мақсатқа жету үшін еңбектене білетін жеке тұлғаны қалыптастыру.
 
МІНДЕТІ:

  • Жекелеген пәндерден балалардың дарындылығын айқындау.

  • Дарынды және ерекше қабілетті балалардың ізденуіне жағдай жасау.

  • Оқушының ақыл – ой қабілетін жетілдіру;

  • Шығармашылық жеке дарындылғын арттыру;

  • Қабілетті оқушымен жеке жұмыстар жүргізу арқылы білімі  мен  ой өрісін әрі қарай дамыту, білім сапасын арттыру.

  • Техника саласындағы қабілетті балалардың келешегіне бағдар беру.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕСІ

  • Оқушыларды өз тілінде жатық сөйлеуге, кез-келген ортада қарым-қатынасқа түсе алуға даярланады;

  • Кестелі, бейнелі тілдік сөйлеуді қолданады;

  • Өзіне тән стильдік ерекшелігі қалыптасады;

  • Сөз бояуын құбылта алады.

  • Ойын анық, дәл, шешен тілмен жеткізеді.

  • Сөзі ой мен сезімге әсер ететін мағыналы сөздік тұлғаларды қолданады;

  • Әдеби тілдік нормаларды ұтымды қолданады.

  • Жағдаяттардан жол тауып шыға алады.

 
ДАРЫНДЫ  БАЛАМЕН  ЖҰМЫС  ЖАСАУДА МҰҒАЛІМГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

  • дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;

  • дарынды оқушыларды (жекелей және топпен)оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;

  • оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;

  • дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;

  • дарынды оқушының ғылыми –ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;

  • дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы.

  • сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу

  • оқушы дарындылығының моделін білу;

  • қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;

  • дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;

  • дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі


Дарынды балаларды айрықша оқшауландыратын ерекшеліктер:

  • ақыл-ой еңбегіне бейімділік,

  • жоғары зерттеушілік қабілеті мен танымдық мотивация,

  • білімі,

  • жаңа хабарды ұдайы қабылдауға ұмтылыс яғни танымдық қажеттілік.

Бақылаулар көрсеткендей, жоғары танымдық қажеттілік баланың өз талпынысымен болады.

  • Дарынды балалар қиын тапсырмаларды құштарлықпен оңай орындайды.

  • Дайын жауаптарды ұнатпайды.

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ 
НЕНІ ЕСКЕРУ КЕРЕК?

  • Балаларның пәнге қызығушылығын, білуге құштарлығын нақты анықтау.

  • Балаға тапсырманы деңгейлеп беріп, зейінін тұрақтандыру қажет.

  • Баланың мінезін – құлқын ерекшелігін білу.(Нені ұнатады, нені ұнатпайды,қай кезде білімді жақсы меңгереді, қай кезде шаршайды? т.б)

  • Баланың бір қалыпты, жүйелі жұмыс жасауына көңіл бөлу.

  • Берілген тапсырманы бірлесе талдау.

  • Бала қызығушылығына қолдау көрсету, орынды кеңес бере білудің маңызы зор.

ДАРЫНДЫ БАЛАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ:

  1. Интелектуалдық сферасы.

  2. Білімділік өрісі

  3. Ойлау қабілеті ерекшесі тұрақты, қызығуы мол, кейде бір іспен айналысса тоқтай алмайды, өз ойын ерте жеткізеді.


ДАРЫНДЫЛЫҚ ҮШ ПАРАМЕТРМЕН АНЫҚТАЛАДЫ:

  1. Танымдылық жеке дамуы.

  2. Психологиялық дамуы.

  3. Физикалық дамуы.

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ТАҢДАУДА  НАЗАР АУДАРАТЫН ЕРЕКШЕЛІКТЕР:

  1. Дарынды бала өзгеше және шапшаң ойлайды.

  2. Дарынды оқушылардың ішкі сезімі жағынан өзгешелігі өте сезімтал, ықлас қойған нәрсесін, тақырыбын әр жерде негізгі мәселе етіп ұсынады.

  3. Дарынды оқушылардың физикалық тұлғадан ерекшелігі дамудағы шапшаңдылық ақындарша сөйлеуі жиі-жиі берілуі қиял-күйінің басым түсуі.

  4. Әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі адамгершілік сезімдерінің ерте дамып жоғары моральдық қасиеттерге ие болуы.

ДАРЫНДЫЛЫҚТЫ  АНЫҚТАҒАНДА  ТӨМЕНДЕГІ ФАКТОРЛАРДЫ ЕСКЕРУ КЕРЕК.

  1. Жас ерекшелігі.

  2. Тұлғалық ерекшелігі.

  3. Экспериментатордың тұлғалық ерекшелігін.

ДАРЫНДЫ ЖӘНЕ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРДЫҢ  БЕС СИПАТТАМАСЫ:

  1. Дарынды және талантты балалардың қалай оқитынының сипаттамасы

  • Ақпаратты шұғыл өңдейді

  • Зияткерлік тапсырмаларды ұнатады

  • Кең ауқымды білімді пайдалана алады…т.б.

  1. Креативті ойлаудың сипаттамасы

  • Ерекше нәрселерді іздейді

  • Басқа біреуден ерекше болуға қорықпайды

  • Әзілшіл

  1. Ынталандыру сипаттамасы

  • Табанды және жұмыспен бар ынтасымен шұғылданады

  • Жеке жетістіктердің жоғары стандарттарына ұмтылады

  1. Қоғамдық көшбасшылық сипаттамасы

  • Құрбы-құрдастар құрметтейді

  • Басқалармен жылдам тіл табысады

  1. Табандылық сипаттамасы

  • Өктем пікірлерге кекесінмен қарайды

  • Жоғары сынып оқушыларымен, ересектермен тіл табысады, олардың ортасында жиі болуға тырысады


Дарынды оқушылардың білім деңгейінің өсу дәрежесін бағалау параметрлері

Пәні:

Пән мұғалімі:

Оқушының аты-жөні:_____________________


I-тоқсан

II-тоқсан

III-тоқсан

IV-тоқсан


Тақырыбы

2

3

4

5

2

3

4

5

2

3

4

5

2

3

4

5

Қорытынды

1

Оқу материалын меңгеру жылдамдығы


















2

Оқу әрекеті арқылы білімділік дағдысының қалыптасуы


















3

Оқу әрекетіндегі сыни ойлауы, сыныпта баланың іс-әрекеті


















4

Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпынуы


















5

Баланың пәнге қызығушылығы


















6

Бұрынғы білімін пайдалана отырып, жаңа әдіспен шешім таба білуі, нақтылығы


















7

Оқулықпен жұмыс істеу икемділігі, мәтінді өз бетімен меңгеруі


















8

Баланың ғылыми жаңалықтары, шығармашылық жұмыстары


















9

<

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
02.10.2023
240
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі