Дарынды оқушылармен жұмыс

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дарынды оқушылармен жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Дарынды оқушылармен жұмыс
Материалдың қысқаша нұсқасы


«ҚАЙНАР ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ









Пән мұғалімі: Аймаханбетова Ж










2024-2025 оқу жылы


МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ

АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ

Педагогикалық ізденіс пен әрекеттің бүгінгі қызметінің нәтижесі ертеңгі қоғам сұранысына сай,бәсекеге қабілетті жеке тұлға дайындап шығара аламыз ба?-деп өзіме-өзім сауал қоя отырып, осы сауалға жауап іздеуге тырыстым.

Тақырыптың өзектілігі қазіргі кезде бала дарындылығын ашуға байланысты әдістемелер өте аз, педагогика және психология ғалымдарының бұл проблемамен айналысқандарына аз уақыт болды, сондықтан теориялық негіздері, ғылымда нақты орын алған жоқ , пікір-талас күйінде қалып отыр.

Қазіргі мектепті жетілдіру бағыттарының бірі – дарынды балалармен жұмыс. Біздің мектебімізде де қазақ ұлтының болашағы, үміт артқан ертеңі болып өсіп келе жатқан жас жеткіншектер тәрбиеленіп білім алуда.

Қай қоғамда болмасын ойлау қабілеті дамыған шығармашылықпен айналысатын талантты, дарынды жастар қажет, сондықтан мектептің міндеті осындай балаларды анықтап, қолдау көрсету. Бүгінде бұл- күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі.

«Дарынды балалар» бағдарламасы бойынша жаңа оқу жылының басында дарынды балалармен жұмыс жоспары жасалып, бала дарындылығын дамыту жүйесі толықтырады. Біздің мектепте оқушылардың интеллектуалдық қабілетін дамыту жүйесі 4 деңгейде іске асады. 1 деңгей – сабақ үстінде. Қазіргі таңда озық технологиялар оқушылар шығармашылығын, дарындылығын дамытудың тиімді құралдарының бірі болып отыр. 2 деңгейде- тереңдетіп оқытатын сыныптар, бағдарлы сынып, гуманитарлық , жаратылыстану бағытта арқылы дамыту. Бұл сыныптарда негізгі даму компоненті ретінде авторлық бағдарламалар арқылы жүргізілетін арнайы курстар болып отыр. 3 деңгей- сыныптан тыс жұмыстар, факультатив, үйірме, қосымша қызметтер арқылы дамыту. 4 деңгей- оқушылардың ғылыми қоғамы. Қоғамға олимпиадаға дайындық жұмыстары жүретін клубы, оқушыларды ғылыми - зерттеу жұмыстарына қызығушылығын қалыптастыру мақсатында ғылыми жобалар клубы, шешендік өнерін қалыптастыратып, арттыратын дебат клубы және республикалық «Дарын» сырттай оқитын оқушылар кіреді. Математикадан үйірме жұмыстарында, факультативтік сабақтарда пәнге қызығушылық танытқан оқушыларға олимпиада , логикалық есептерді талдай отырып шығартамын. Бұл олардың ой-өрісін математикалық қабілетін дамытудағы тура жолдың бірі. Оқушылардың математикаға қабілеттілігі-ол бір құбылыс . Ол қабілеттіліктертің төмендегідей 3 компонентін бөліп алуға болады: алгоритмдік, геометриялық, логикалық. Сондықтан оқушыларға осы 3 компонентті де қамтитындай есептер беремін. Осындай есептерді біртіндеп шығару арқылы олардың математикалық есеп шығару мәдениеті қалыптасады. Сол себепті олимпиада есептерін таңдап алып шығарудың маңызы ерекше. Кейінгі кезде математикалық ойын түрде есептерді жиі кездестіруге болады. Мысалы, қорапта 300 сіріңке бар. Әр кезек сайын онда бар сіріңкенің жартысынан артпайтындай етіп қораптан сіріңке алуға болады. Кім кезегінде қораптан өзіне тиісті сіріңкені ала алмаса, сол жеңіледі. Егер ойыншылар қорапта бір сіріңкені ойын ережесін бұзбай кезектесіп алса, қайсысы жеңіске жетеді, ойынды бастағаны ма әлде соңғысы ма? Жауабы: Кім ойынды бастаса сол қораптан 45 сіріңке алу керек. Сонда қарсыласына қорапта 255 сіріңке қалады. Қарсыласы қораптан өзіне тиісті сіріңкені алған соң ол қораптағы сіріңкенің санын 127-ге түсіре алады. Келесі кезегінде ол қораптағы қалатын сіріңкенің санын 63-ке жеткізеді. Содан кейін 31,15,7,3 ең соңында қорапта 1 сіріңке қалтырады. Демек кім ойынды бастаса 2 -1 айырмасын ( ) пайдаланып 8 рет қораптан сіріңке алып жеңіске жетеді.

Дарынды балалармен жұмыс істеу барысында «Оқушының дарындылығын дамыту картасы» жасалынды.

Дарындылықты дамыту картасының басты идеясы жеке тұлғаны дамыту механизмі болғандықтан, картамен жұмыс дарынды оқушының субъектілігінің қалыптасуына септігін тигізеді. «Дарындылықты дамыту картасының» тәжірибелік маңыздылығы жеке тұлғаның субъектілік негізінде дарынды оқушының шығармашылық даралығын дамыту, білім беру процесіндегі субъектілерді психолог, ата-ана, оқушы, және мұғалімнің өзара әрекетін ұйымдастыра отырып, олардың жұмысын тиімді етеді.

«Дарындылықты дамыту картасы» 6 бөлімнен тұрады.

1 б. Бала туралы жалпы мәлімет.

2 б. Жеке тұлғаның дамуын және оқушы дарындылығын анықтау.

3 б. Психологиялық бақылаулар нәтижесі.

4 б. Оқу іс-әрекеті. Рейтинг жүйесі.

5 б. Психологиялық-педагогикалық нұсқаулар.

6 б. Шығармашылық жұмыстар мен жетістіктер.

Дарындылықты дамыту картасымен жұмыс 5 кезеңді қамтиды.

1 кезең. Мәліметтер жинау және қорытынды жасау. Осы кезеңде оқу процесінің барлық субъектілері қатыса отырып, жеке тұлғаның әлд және әлсіз жақтарына толық сипаттама беріледі.

2 кезең. Әрекет жоспары. Дарынды оқушыны дамыту және өзін-өзі дамытуда көмек және қолдау көрсететін субъектілердің іс-әрекетіне түзетулер енгізу. Бұл кезеңде аралық нәтижелер таңдалады.

4 кезең. Даму динамикасы, мұнда жеке тұлғаның даму нәтижесі және оқу іс-әрекеті қарастырылады.

5 кезең.Бағдарлама субъектілерінің іс-әрекетінің тиімділігін бағалау.

Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктері немесе «дарындылық белгілері» психологтер арасындағы пікірталастардың негізі болып келеді. Дарынды балалардың мінез-құлық ерекшеліктерін қарастыра отырып олардың арасындағы жекелеген айырмашылықтарға көңіл аударуымыз қажет. Бұл айырмашылықтар балалардың қай бағытқа қызығатынына, ақыл-ойының даму қарқынына, яғни дарындылық қасиеттерінің дамуына байланысты. Мектеп табалдырығын аттаған 6-7 жасар баладан белгілі бір білім мен дағды ерекшеліктерін күтуге болады. Мысалы, әріптерді білуі, сөздерді буынға бөлуі және 20-ға дейін санай білу, жұмбақ пен ертегілерге деген қызығуы, т.б., яғни дарындылық белгісі әр жастағы бала ерекшелігіне сай түрлі сипатта болуы мүмкін. Мектептегі күрделі пәндердің бірі-математика. Психологиялық-педагогикалық зерттеу көрсеткендей 6-7 жастағы балалардың барлығы бірдей математика курсын мектеп бағдарламасына сай меңгеруге дайын емес. Осыған байланысты ата-аналар мен мұғалімдердің міндеттерінің ірі-баланың математикадан білім деңгейін анықтау және оқып-білуге үйрету. Мектеп жасына дейінгі балалар мынаны білуге тиісті:

  • Санау, сандық және реттік сандарды дұрыс пайдалану;

  • 10-ға дейінгі сандарды салыстыру, қайсысы көп, аз екенін ажырата білу, тең емес заттардың санын теңестіре білу;

  • Заттардың пішінін ажырата білу;

  • 10 затқа дейін көлеміне қарай салыстыра және реттік өсуі, кемуіне қарай орналастыра білу керек.

Осыған орай, бастауыш сыныптан бастап логикалық ойлау қабілетін дамытатын вербальді тапсырмаларды орындатуға дағдыландырған жөн. Мысалы, «Аңдардың үйі» жаттығуы. Бұл ойын үшін 6 аңның көлемін анықтай алатындай (мысалы: піл, арыстан, сиыр, қоңыз, қасқыр. кірпі) суретер керек. Әр аңға үй салып, қарындашпен шаршының көлеміне қарай отырып, аңдарға өз үйіне баратын жол салу керек.

Дарынды балалармен жұмыстар жүргізуде арнайы бағдарламалардың қажеттілігі қазіргі өмір талабы. Ол қандай болу керек? деген сұрақтың толғандыратыны даусыз.

Дарынды балаларға арналған біріншіден, бағдарламалар болу керек және талаптар сипаттамасы төмендегідей:

- оқушылар таңдаған тақырыптарды тереңдете оқыту мүмкіндіктерінің болуы;

- оқыту барысында өзіндік жауапкершілікті, яғни бала өзін-өзі басқара отырып өз бетімен оқуын қамтамасыз ету;

- зерттеу жұмыстарын жүргізу тәсілдерін дамыту;

- абстрактілі-логикалық, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру;

- жаңа ой таба білуге ынталандыру;

- алуан түрлі әдіс-тәсілдер қолдану арқылы жаңа жұмыстар табуға ынталандыру;

- өзін-өзі танып білу, өз мүмкіндіктерін сезіну, өзге адамдардың жеке ерекшелік-терін түсіну қабілеттерінің дамуына әсер ету;

- әр түрлі критерийлермен жұмыс нәтижелерін, жұмысын бағалай білу.

Дарынды балаларды оқытудың мақсатты бағдарламасы барлық талаптарға жауап беруі тиіс.

Екіншіден, оқыту мазмұнын өзгерту немесе байыту, яғни тереңдетумен байланысты. Бұл жекелеген тақырыптарды тереңдете оқыту, ғылымға ұмтылу. Дарынды балалардың қызығатын пәнін өз қатарынан тереңірек меңгеруге мүмкіндік беру жолы. Терендетілген оқыту бағдарламалары балаға бір немесе бірнеше білім саласында жоғары құзыреттілік деңгейіне жетуіне көмектеседі. Жеделдете оқытуды ескере отырып баланың кейбір ерекшеліктерін арттыруға болады: баланың таңдауға қызығуы артады, ақыл-ой қажеттілігі дамиды.

Дарынды оқушымен жұмыс істейтін әрбір мұғалімнің көкейінде мынадай сан қилы сұрақтар тұрары сөзсіз. «Дарындылық, данышпандылық, қабілеттілік дегеніміз не?», «Дарындылықтың пайда болу негізінде қандай себеп жатыр: қоршаған орта ма, тұқымқуалаушылық па, әлде тәрбие ме?», «Оқушы дарындылығын, оның әлеуметті қабілетін қалай анықтауға болады?», «Неліктен кейбір адамдардың (Паскаль, Моцарт, Гаус, Гёте, Архимед, т.с.с.) қабілеті ерте жасында байқалады, ал тағы басқа біреулердікі (Ньютон, Гегель, Дарвин, Менделеев, Декарт, т.с.с) ересек жаста пайда болады?». Осы сұрақтарға талай жауап іздеп және соны таба білген мұғалім ғана дарынды оқушымен нәтижелі жұмыс жасай алмақ.

Оқушы дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбіне мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.

Өкінішке орай дарынды баланы анықтау, дамыту, оған қолдау көрсету қазіргі уақытта білім жүйесіндегі қолға алынып жатқан өзекті мәселе екеніне қарамастан еліміздегі жоғары оқу орындары осындай категориялы оқушылармен жұмыс істейтін мұғалімдерді даярлау мәселелерін қарастырмаған. Дарынды оқушыны анықтау, дамыту және оқытуға арналған ғылыми-әдістемелік оқулықтар тапшы. Сондықтан әрбір мұғалім өзінің жинақталған және семинарларда алған тәжірибесі деңгейінде ғана оқушымен жұмыс жасайды. Ал бұл дарындылық мәселесін шешуге қиындықтар туғызады.

Дарынды оқушымен жұмыс істейтін мұғалімге қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптарды мынадай бөліктерге бөлуге болады.

1. Мұғалімнің бағыт-бағдарына байланысты талаптар:

    • дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезінуі;

    • қабілеті жоғары оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болуы;

    • дарынды оқушылармен жұмысқа нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай іздеуі;

    • дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы;

    • дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылуы;

2. Мұғалімінің біліміне қойылатын талаптар:

      • пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білуі;

      • қызмет нысанын, яғни бірыңғай педагогикалық үрдісті білуі;

      • оқушы дарындылығының моделін білуі;

      • жеке түгел теориясын, оны қалыптастырудың әдіс-тәсілін білуі;

      • дарынды оқушыны анықтаудың психодиагностикалық әдіс-тәсілін білуі;

      • қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білуі;

      • дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі;

3. Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:

        • дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;

        • дарынды оқушыларды (жекелей және топпен) оқытуға арналған тереңдетілген бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс жасай білуі;

        • оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеуді жүргізе алуы;

        • дарынды оқушыны зерттеуге психодиагностикалық күнделік жүргізуі;

        • оқытудың инновациялық технологияларын қолдануы;

        • оқушылармен қарым –қатынасын сауатты орната білуі,

        • дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;

        • дарынды оқушының -ізденіс жұмыстармен айналысуына жетекшілік етуі;

        • дарындылық оқушыны олимпиада мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы;

        • дарынды оқушының ата-анасына педагогикалық-психологиялық кеңестер беруі.

Дарынды балалармен жұмыс істеуді төмендегідей кезеңдерге бөлуге болады.

  1. Бала бойындағы қабілеттіктерді бақылау. Жалпы, дарындылықты анықтау, дамыту аса шеберлікті қажет етеді. Бақылауда асығыстық жасауға болмайды. Зерттелетін объектіні айқын белгілеу үшін белгілі педагогикалық-психологиялық әдістер қолданылады.

Байқау әдісі. Бала ерекшеліктеріне, жалпы әрекеттеріне бақылау жүргізіледі. Әдіс шарттары: 1) байқау ұзақ мерзім жүргізіледі; 2) мақсатқа жетуге айқын көрсеткіштер жинақтау, мысалы, есеп шығаруда неге мән береді; 3) бақылау құралдарының жеткілікті болуы және оның дер кезінде қағазға түсуі.

Әңгімелесу. Мұнда алдын ала жоспарланған сұрақтармен қатар жанама сұрақтар ролі ерекше. Әңгіме желісі үнемі проблеманы шешуге әкеп соқтырып отыру керек.

2. Потенциалды мүмкіндіктерін анықтау. Ерекше бағыттағы мүмкіндігін анықтағанда тесттер қолданылады. Тестті топқа және жеке оқушыға жүргізуге болады.

- Есте сақтауы.

Аз уақыт аралығында сөзді есте сақтауы. Айтылатын сөздер тізбегі балаға таныс болу керек. Аралығы жарты секунд. Әр сөз тек бір рет айтылады. Жауапты баллмен қорытындылайды. Көзбен көріп есте сақтау. 16 түрлі сурет көрсетіледі. 30 секундтан кейін оларды алып тастайды. Бала суреттерді еске түсіріп айтып беру керек. Жауапты баллмен қорытындылайды.

- Көзбен шолып анализ-синтез жасау.

- 4 суреттен береді. Осылардың ішінен артық сурет сызылып тасталады. Баланың бейнемен таныстығы да ескеріледі. Баллдық жүйемен бағаланады. Бала сұрақ орнына қойылатын суретті іздейді. Мұндай салыстырмаларды әр түрлі тақырыптардан алған дұрыс.

- Сөзден тікелей анализ-синтез жасау.

- 4-5 санның ішінен басқалармен сәйкестігі жоғын алып тастау керек.

- Салыстыру. Бірінші екі сөз айтылады. Мысалы, бұрыш-транспортир. Екінші, бір сөз айтылады. Мысалы, градусник – ?. Содан кейін мүмкін сөздер тізбегі беріледі.

- Ойлауы.

- 6-дан кейін қай сан тұру керек? 2 , 4, 6, ...? 6, 7,8.

- Ауызша айтылған сөздер ішінен ұзынын немесе қысқасын табу керек. Бірақ айтылатын сөздерде 2-3 әріпке айырмашылық болсын.

- Пікіріндегі дәлдік, толықтық, жүйелілік.

Сұраққа жауап беруінде немесе әңгімелесу кезінде әрбір сөйлемге мән беруі, орынды пайдалануы, сөйлемді толық құруы ескертіледі.

3. Дарындылықты дамыту шаралары.

Жеке ерекшеліктері анықтап болған соң оларды дамыту жұмыстары басталады. Яғни, баланың мүмкіндігін толықтыру, жүйелеу, ғылыми негіздеуге жоспар құралады.

Жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыру: оқу бағдарламасын жасау, жаңа технология мүмкіндіктерін пайдалану, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік бақылаулар жүргізудің арнайы әдістері болуы, сыныптан тыс шараларды өз дәрежесінде өткізу, өз бетімдік білім алуға жетелеу. Тапсырмалар бала жасына, деңгейіне сай болу керек. Артық талаптардан кері нәтиже шығуы мүмкін.

Ж.Караевтың «Деңгейлеп оқыту» әдісі бойынша 4-ші деңгей тапсырмаларын берген уақытта мұғалім бала ерекшелігіне сай құруға болады. Сол кезде шартты даралау қолданылады да, баланың бөліп алынғаны басқаларға елеусіз болып қалады. Мұғалім тапсырманы алған білімді жаңғыртатын, эвристикалық ізденіс тәсілдерін қажет ететін, зерттеу элементтерін пайдаланатындай етіп құру керек. Тесттік формада тапсырма беруде де зерттеленуші бойындағы қабілетті басты назарда ұстау қажет. Бұларды ақыл-ой гимнастикасы деп те атауға болады.

Дербестік дегеніміз - оқушының алдына нақты мақсат қойып, сол мақсатқа жету жолын өз бетінше таба білетін, шешімдерін, кез келген қиындықтарды жеңе отырып баратын жолы. Оқушы дарындылығы айқындаудың 6 баспалдығы бар.

Осындай қиындығы мол баспалдақтардан өту үшін, оқушыға біраз жылдар қажет болуымен қатар, олардың алдына үлкен міндет жүктеледі. Ал мұғалімге, ата-анаға сол дарындылық пен дербестікті баулитын жолды қалт жібермей тәрбие берген жөн.

Қорыта келген кезде, жалпы дарынды баланы анықтау және қолдау алдындағы оқытушы мен психологтың шеберлігін қажет етеді. Бүгінгі таңдағы зерделі де зейінді дара тұлғаның бойындағы жеке қасиеттерді дамыту үшін бағдарламалар мен әр түрлі іс-шаралар жетерлік. Дегенмен, бұған біз, ұстаздар қауымы, әлі де болса өз үлесімізді қосуымыз қажет деп санаймын.



Дарынды бала - ол кім?

Еліміздің дамуындағы стратегиялық міндеттерді шешуде білім беру саласына тың жаңалықтар, ұтымды шешімдер енгізу қажеттілігі –заман талабы болып тұр. Себебі 21 ғасыр ғылым мен техника ғасыры екендігі баршамызға мәлім. Осындай ауқымды мәселені шешудің негізгі тетіктерінің бірі – балалардың дарындылығын дамыту. Қазақстан әлем аренасына шығып, халықаралық деңгейде экономикалық және мәдени байланыстарды дамыту үшін дамыған мемлекеттермен терезесі тең болып қарым-қатынас жасауы үшін интеллектуалды элитаны қалыптастыру ісін қолға алуда.

Дарындылық-адам қоғамында және бір құндылық ретінде қаралатындықтан дарынды балалармен жұмыс істеу адам ресурсын барынша жақсы пайдалану болып табылатыны сөзсіз. Бұл бағытта мемлекет тарапынан жас талаптыларды қолдау бағдарламасы және президенттің «Дарынды балаларға арналған мектептерді қолдау мен дамыту» қаулысы. «Дарын» республикалық ғылыми- практикалық орталығы жасаған консепция қызмет етуде. Осыншалық маңызды істе жалпы білім беру мекемелерінің алар орны орасан зор, себебі онда барша бала білім алады да оның ішінде дарынды балаларда отырады. Оны байқамау, оның патенциялын дамытуға мүмкіндік бермеу қылмыспен тең әрекет. Ал соншама баланың ішінде табиғи дарынын қалай байқауға, дамытуға болады.

Бұл сұраққа жауап беру үшін негізгі екі аспектіні назарда ұстау қажет: Дарынды баланы анықтау және онымен жұмыс істеуді ұйымдастыру. Дарынды балалардың бір-бірінен айырмашылығы болғанымен, кейбір ортақ ерекшеліктеріде бар. Дегенмен ғылымда бала дарындылығын анықтайтын кей бір әдістер бар.

Олар:

- Аналитикалық(Жаппай әдіс)

- Түрлі тесттер

- Анкеталар

- Ата-ананың әңгімесі

- Мұғалімнің мінездемесі

- Диагностикалық әдіс.

Дарынды балалармен жұмыс істеу мазмұны

- Мектептегі айрықша қабілетті, дарынды оқушыларды анықтау , қолдау.

- Дарынды балалармен тұрақты, жүйелі жұмыс жасап, олардың табиғи қабілетін ашу, дамыту.

- Дарынды балалардың күнделікті сабақта алған білімі мен іскерлігін үнемі назарда ұстау.

- Дарынды баланың пәнге қызығушылығы қаншалықты деңгейде екендігін анықтап, пән олимпиадаларына қатыстыру.

- Оқушының білім-біліктілігін анықтай отырып, деңгейлік тапсырмалар беру.

- Шығармашылық ізденісін шыңдау бағытында қандай қосымша әдебиеттер пайдалану қажеттігіне кеңес беріп отыру.

Дарынды балаларды анықтау жолдары

1. Дискуссия туындайтын жағдай жасау

2. Сабақ үстінде экстрималдық жағдайлар (ситуациялар) туғызу

3. Ойындар ұйымдастыру (КВН, сайыс, дебат, т.б)

4. Топтық жұмыс ұйымдастыру

5. Творчествалық потенциалын зерттейтін тәсілдер жүргізу

6. Әр оқушыға өсу деңгейін көрсететін мониторингтер жасау

7. Деңгейлеп оқыту

8. Жеке тапсырмалар беру

Дарынды балалармен жұмыс істеуде нені ескеру керек?

Балаларның пәнге қызығушылығын, білуге құштарлығын нақты анықтау.

Балаға тапсырманы деңгейлеп беріп, зейінін тұрақтандыру қажет.

Баланың мінезін – құлқын ерекшелігін білу.(Нені ұнатады, нені ұнатпайды,қай кезде білімді жақсы меңгереді, қай кезде шаршайды? т.б)

Баланың бір қалыпты, жүйелі жұмыс жасауына көңіл бөлу.

Берілген тапсырманы бірлесе талдау.

Бала қызығушылығына қолдау көрсету, орынды кеңес бере білудің маңызы зор

Дарындылықты анықтау

Міндеттері:

Баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамыту оны қоғамда өмір сүруге психологиялық тұрғыдан дайындау.

Балалардың кәсіби және жеке даралық қабілетін анықтай алуына психологиялық педагогикалық көмек көрсету.

Негізгі принциптері: Баламен жеке сыйластық және сенімді қарым-қатынас орнату.

Болжап отырған нәтиже: Оқу бағдарламасына сай білімді терең меңгерген, жеке шығармашылық қабілеті дамыған, ұлттық сана сезімі жетілген және ішкі жан дүниесін тануға, өзін өзгелермен салыстыра алатын іс – әрекетге талдау жасай алатын жоспарлау мүмкіндігін қалыптасқан тұлға.

Дарындылық анықтамасы:

Іс-әрекеттің сәтті орындалуын қамтамасыз ететін қабілеттік істің өзара сәйкестік сапалығын айтады.

Іс – әрекеттің жағдайдағы ерекшелігін, кеңінен қамтылған адам мүмкіндігі.

Ақылдың потенциалы немесе интелек. Оқуға, білімге жалпы танымдық мүмкіндіктер және қабілеті.

Баланың табиғаты арқылы дамыған қабілет туралы.

Таланттылық және адамгершілігінің жоғары жетістіктерге жеткізетін іс -шаралар

Дарынды баланың сипаттамасы:

Интелектуалдық сферасы.

Білімділік өрісі

Ойлау қабілеті ерекшесі тұрақты, қызығуы мол, кейде бір іспен айналысса тоқтай алмайды, өз ойын ерте жеткізеді.

Дарындылық үш параметрмен анықталады:

Танымдылық жеке дамуы.

Психологиялық дамуы.

Физикалық дамуы.

Дарынды оқушыларды таңдау барлығы назар аударатын ерекшеліктер.

Дарынды бала өзгеше және шапшаң ойлайды.

Дарынды оқушылардың ішкі сезімі жағынан өзгешелігі өте сезімтал, ықлас қойған нәрсесін, тақырыбын әр жерде негізгі мәселе етіп ұсынады.

Дарынды оқушылардың физикалық тұлғадан ерекшелігі дамудағы шапшаңдылық ақындарша сөйлеуі жиі-жиі берілуі қиял-күйінің басым түсуі.

Әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі адамгершілік сезімдерінің ерте дамып жоғары моральдық қасиеттерге ие болуы.

Дарындылықты анықтағанда төмендегі факторларды ескеру керек.

Жас ерекшелігі.

Тұлғалық ерекшелігі.

Экспериментатордың тұлғалық ерекшелігін.


Математика пәнінен қабылеті жоғары оқушылармен жұмыстың мақсаты:

1.оқытуды жеке тұлғаға қарай бағыттау, диагностикалық зерттеу жүргізу арқылы дарынды оқушылардың қабілеттерін дамыту;

2.оқушылардың математикалық сауаттылық пен математикалық тілді ауызша, жазбаша түрде қолдана білу біліктерін жетілдіру;

3.шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерінің дамуына жағдай жасау.

Математика пәнінен қабілеті жоғары оқушылармен жұмыстың міндеті:

1,сабақ және сабақтан тыс кезеңдерде математикаға қызығушылықтарын арттыру,баулу;

2.математикалық сауаттылықты қалыптастыру;

3.таным белсенділігі мен өзіндік ізденісті жетілдіру;

4.логикалық ойлауын, сын тұрғысынан ойлауға, функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруға бағыттау;

5.өзін-өзі дамытуға, болжам жасай білуге жағдай жасау.

Математика пәнінен дарынды оқушылармен жұмыстың

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ.

  1. Оқушылар математикалық тілде сөйлейді;

  2. Өзіне тән жеке пікір қалыптасады;

  3. Логикалары дамиды;

  4. Ойын анық, дәл, нақты,дәлелді түрде жеткізеді;

  5. Математикалық тұжырымдарды,теоремаларды жауаптарын нақтылауда дұрыс қолданады;

  6. Математикалық формулаларды ұтымды қолданады;

  7. Жағдаяттардан жол тауып шыға алады.

Мұғалім туралы мәлімет


Тегі, аты, әкесінің аты

Аймаханбетова Жаныл Альмахановна

Туған күні, жылы

06.08.1977

Қызметі

Математика пәнінің мұғалімі

Білімі

Жоғары

Бітірген оқу орыны, жылы

Халықаралық Қазақ-Түрік университеті,2003 жыл

Мамандығы

Математика пәнінің мұғалімі

Статус

Педагог-зерттеуші

Педагогикалық өтілі

22 жыл

Осы мектептегі өтілі

20 жыл

Осы мектепте нешінші жылдан бастап жұмыс істейді

2003 жылдан

Неше жыл ҰБТ-ға қатысқан

2009 жылдан бері

Соңғы жылдағы білім сапасы


Әдістемелік тақырыбы

Жаңашыл әдіс-тәсілдерді сабаққа енгізу арқылы

оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру

Қай жылдан бастап осы тақырыппен жұмыс істейді


Қолданатын әдіс түрлері

Жас ерекшеліктеріне сай оқыту, сын тұрғысынан ойлау ,диалогтік оқыту


І бөлім.

Оқу-танымдық қызметке деген ынтасы жоғары оқушылардың қабілеттерін дамыту бағытында істелетін жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері (негіздеме).


Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 5-тарауындағы  41-баптың 1-бөліміндегі “педагог қызметкерлер өз біліктілігін артыруға міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында елбасының “біз балаларымызғаөзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет.

          Мектеп –еліміздің халыққа білім беру жүйесінің – күрделі тармағы. Сондықтан мектебіміздің мақсаты: жеке тұлғаны  жан-жақты дамытудың алғы шарты ретінде оқушыларды сараптап оқыту арқылы шығармашылық қабілетін дамыту.

          Міндеттері ретінде:

        Оқу –тәрбие үрдісіне диаагностикалық талдау жасау

        Оқушының жеке тұлғасының мониторингісін құру

        Оқу –тәрбие үрдісін ізгілендіруді жүзеге асыру

Мектептің алдына қойған мақсаттарын шешуге пән мұғалімдерінің сапалық құрылымы мен әлеуметтік жағдайларын білу мен зерттеуді және қолдауды алдымыздағы бірінші кезекті мәселе етіп қойдық.

Алынған мәліметтер бойынша туындаған проблемалар:

        Мұғалімдердің жоғары білім алуына және ғылыми ізденіспен шұғылдануына жағдай жасау;

         Білім, біліктілігін арттыру;

        еңбектерін әділ  бағалай отырып, құрметтеу;

        мұғалімнің әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу, көмек көрсету;

 

Еліміздің жарқын болашағы, өзіміз қызмет істеп жүрген мектеп болашағы біздің ұстаздардың ізденісіне, балаларға деген сүйіспеншілігіне, кәсіптік деңгейіне байланысты екенін жақсы түсінеміз. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр.  

Әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.

Оқушының білім сапасын көтеру негізгі мақсат. Біз соңғы нәтиже сипатын, мектеп түлегінің білімділігі үлгісі арқылы құрдық.

Біздің оқушыға қойған талабымыз:

        қоршаған ортаны сезе білу, құбылыс себептерін іздене білу;

        ақыл парасатты игеріп, ойлау, сезім қабілеттерін арттыру;

        алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;

        өзін - өзі талдауды, өзін - өзі бағалай білуді меңгеру;

       басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу, осы заманға сай технологияларды

пайдалана білу (интернет, электронды пошта);

        қоршаған ортада өз орныңды , жеке рөліңді анықтай білу;


           Сондықтан, мектеп мұғалімінің сапасын соңғы нәтижеге бағыттау керек.  Көздеген мақсатымыздың нәтижесін көреміз, мұғалімнің кәсіби шеберлегін дамытуға қажетті жағдай жасау арқылы білімнің жаңа парадигміне өту тәртібі бойынша ғылыми-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру.

           Мектеп мұғалімдері шығармашылық жұмыспен айналысуға даяр болуы керек, нәтижеге жетуге ұмтылу қажет.

           Ел президенті Н.Назарбаевтың  Қазақстан халқына арналған Жолдауында “Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет” деген сөздері бар. Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – мектептің басты бағыттарының бірі.  Бұл салада атқарылатын жұмыстар жетерлік.

           “Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет”.

           Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби  біліктілігне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.

           Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.

           Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі  мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

           Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады.  Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты.  

Бұл контексте болашақ мұғалімді жаңашыл педагогтердің  инновациялық тәжірибесін шығармашылық ынтамен меңгеру және  пайдалану арқылы даярлаудың келешегі зор деп ойлаймыз.

Жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық абройын барынша құрметеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға, жағымды эмоциональдық педагогикалық үрдісті қалыптастырып, одан педагогикалық зорлықтың барлық түрін аластатуға  бағытталған ізгіліктік стратегиясымен сипатталады.

Олардың тәжірибесі мына ережелерге негізделеді:

        оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау.

        Күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);

        Өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);

        Ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);

        Оқушылардың өзін- өзі шығармашылық басқаруы;

        Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;

        Ата- аналармен ынтымақтастық құру;

Сонымен, жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесі тұлғаны дамытуда ізгілік және шығармашылық көзқарасқа негізделген әдістер мен жүйесін құрайды.

Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:

        өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу;

        оқушы дарындылығының моделін білу;

        қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;



        дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;


        дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі.

Мұғалімнің іскерлігіне қойлатын талаптар:

        дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;

        дарынды оқушыларды (жекелей және топпен)оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;

        оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;

        дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;

        дарынды оқушының ғылыми –ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;

        дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы.

Сондай-ақ дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби “бейнесі” мынадай қасиеттерден тұрады: жоғары кәсіби біліктілік, даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми  зертеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа, жоғары талаптар қояды. Тіпті оның кәсіби жетілуіне өзгеше емтихан болып табылады.

          Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: “…Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұпарды есекке айналдырып құртып тынады”. Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.

Оқушылардың шығармашылық  қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:

1.     Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;

2.     Сабақты түрлендіріп өткізу;

3.     Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;

4.     Техникалық құралдарды тиімді қолдану;

5.     Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.

Қорыта келгенде, О.Бальзактың “ұдай еңбек ету- өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық  қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.

          Әрине, артқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп  оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. Өйткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

ІІ бөлім. Дарынды оқушылармен жұмыс істеу жүйесінің моделі.

Жұмыстың бағыттары:

Диагностика – оқушыны тұлға ретінде байқау.

Қабілеті жоғары және дарынды оқушылармен математика сабағында жұмыс істеу;

Сабақтан және сыныптан тыс жұмыстары.

Жұмыстың әдістері:

Сұрақтар қою;

Әңгімелесу;

Тестілеу;

Газет,журналдар қарастыру;

Шығармашылық жұмыстар;

Жобалау әдісі;

Алдын-алу әдісі;

Мәселе шешу әдісі;

синквейн.

Жұмыс түрлері:

сабақ жүзінде қиындығы жоғары тапсырмаларды пайдалану;

факультатив;

үйірме жұмысы;

уақытша топтарды жасау;

өз-өзінің білімін көтеру,қосымша есептер шығару;

пән апталықтарын өткізу;

олимпиадалар;

интеллектуалдық марафон.

Бағдарламаның мазмұны


ІІІ бөлім.Оқушыларға диагностика өткізу – жалпы дарындылығын бағалау, жұмыс бағыттарына бөлу


Бағыттары бойынша жұмыс жоспарын жасау (IV бөлім)


Математика сабағында дарынды оқушылармен жұмыс – қиындығы жоғары тапсырмалардың кең спектрі жасалған, балалармен жұмыс істеген таңдау жасауға мүмкіндік береді. (V бөлім)


Оқушылардың шығармашылық жұмысы – ізденіс, зерттеу нәтижесінде жасалған жұмыстары. (VІ бөлім)

Жұмыстың негізгі принципі – «дамыту» принципі

Программаның ресуртық қамтамасыз ету:

Оқу кабинеті;

Кітапхана фонды – математика мәселелері бойынша әдебиеттердің бар болуы.

Басқару, байланыс:

Басқару - директор, директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, математика мұғалімі.

Тиімділігінің белгілері:

Пәнге деген қызығушылығының жоғары деңгейі.
















«Бекітемін»

Мектеп директоры: --------------------- З.Мынбаева





«Қайнар жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

бойынша 2024-2025 оқу жылындағы математика пәнінен оқу-танымдық қызметке

деген ынтасы жоғары оқушылармен жұмыс жоспары



қ\с

Жүргізілетін жұмыстардың

тақырыптары

Жұмыс түрі

Сағат

саны

мерзімі

1

Амалдарды орындау

(күрделі деңгейдегі есептер шығару)

практикалық

2

қыркүйек

2

Олимпиада есептері мен «Ақбота», «Кенгуру», «Самұрық» интеллектуалдық жарыстардың есептерін шығару

ізденіс,топтық

2

қазан

3

Математикалық софизм

(сөзжұмбақтар,ребустар құрастыру)

шығармашылық

2

қараша

4

Геометриялық фигуралар жасау,

Геометриялық есептер шығару

суреттеу,

практикалық


2

желтоқсан

5

Реферат жазу және оны қорғау

шығармашылық

2

қаңтар

6

Ертегі есептер,қызықты математикалық есептерді шешу

практикалық

2

ақпан

7

Қосымша есептерді шығару

өз бетінше жеке жұмыс

2

наурыз

8

Сатылы бөлшектер

(В,С деңгейлі есептер шығару)

практикалық

2

сәуір

9

Емтихан есептерін шығару

практикалық


2

мамыр












Пән мұғалімі: ----------------------------------- Ж.Аймаханбетова


Тексерілді:----------------------

ДОІЖО:Ш.Исаханова





«Бекітемін»

Мектеп директоры: --------------------- З.Мынбаева




«Қайнар жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

бойынша 2024-2025 оқу жылындағы математика пәнінен оқу-танымдық қызметке

деген ынтасы жоғары оқушылармен жұмыс жоспары




Жұмыс мазмұны

Орындалу

мерзімі

1

Қабілеті жоғары оқушыларды анықтау, тізімін жасау,оларды қабілетіне қарай топтастыру

Қыркүйек

2

Дарынды балаларды алдарына қойылған мақсат-міндеттермен таныстыру

қыркүйек

3

Мектепішілік олимпиадаларға дайындық

Қыркүйек-қазан

4

Аудандық сайыстарға қатыстыру

қараша

5

Аудандық ғылыми жобалар сайысына оқушы дайындап, қатыстыру


6

Олимпиада резервтерін дайындау

желтоқсан

7

Аудандық пәнаралық олимпиадаға қатысу

қаңтар

8


ақпан

9


наурыз

10


сәуір

11


мамыр



Ғылыми жұмысты жандандыру, күрделендіру

Ғылыми жұмыс бойынша ғылыми жетекшілермен байланыс жасау

Ғылыми жұмыстың жекелеген бөлімдерін баспасөз бетіне ұсыну

Ғылыми жұмыстың жазылуы бойынша сараптама жасау




Р/с

Мазмұны

Мерзімі

Жауапты

1

Ұйымдастыру

Қыркүйек

Пән мұғалімі

2


Қазан

Пән мұғалімі

3


Қараша, желтоқсан

Пән мұғалімі

4


Кезінде

Пән мұғалімі

5


Қаңтар

Пән мұғалімі

6


Тоқсандық демалыс күндерінде

Пән мұғалімі

8


Қаңтар, ақпан

Пән мұғалімі

9


Наурыз, сәуір

Пән мұғалімі

10

Жұмысты қорытындылау

Мамыр

Пән мұғалімі

Математика пәні бойынша оқу-танымдық қызметке деген

ынтасы жоғары оқушылар тізімі



р/с



Оқушылардың аты-жөні


сыныбы


мазмұны

Жетістіктері

Ақбота

Кенгуру

Самұрық

Олимпиада

Аймақ

Аудан

Облыс

Республика

1

Тауасар Жаннұр


11

Өз ойын фактілермен дәлелдеу, ұсыныс, пікір айту, зерттеу, жоба қорғау, проблеманы анықтау, шешу,

шығармашылық,

тақырыптық идея қосу, сөйлеу шешендігі








2

Тастан Дінмұхаммед


11








3

Әмірхан Әділет

10








4

Досан Мерей


10








5

Ерхан Нұрлыжан


10














Пән мұғалімі:Ж.Аймаханбетова






















Ай

Апта

Бағыт

Олимпиада

ОҒҚ

Сайыстар

Қыркүйек

1-2

Дарынды оқушыларды байқап, жұмыстың бағытын анықтау

3-4

Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын анықтау

Оқушылардың ғылымға деген қабілетін анықтау


Қазан

1-2

Олимпиадаға қойылатын талаптармен таныстыру

Ғылыми жобаға қойылатын талаптармен таныстыру


3-4

Мектепшілік олимпиадаларға қатысу


Ғылыми жоба туралы жалпы мәлімет


Қараша

1-2

Математикадан кітапханадан,интернеттен қосымша мәліметтер жинау

Ғылыми жоба түрлері


3-4

Аймақтық,аудандық

олимпиадаларға қатысу


Жоба мәтіннің құрылымы


Желтоқсан

1-2

Математикалық

тапсырмаларды жазбаша түрде орындау

Ғылыми жұмыстарының тақырыптарын таңдау


3-4


Тақырыбына сай ғылыми жұмыстың жоспарын құру


Қаңтар

1-2

Кітапханаға барып қосымша географиядан мәлңметтер жинау

Әдебиеттермен жұмыс


3-4

Тесттер

Деректерді жинау, тәжірибе жоспарын құрастыру


Ақпан

1-2

Хрестоматиялармен жұмыс

Тәжірибе жасау, зерттеу ұйымдастыру


3-4

Географиялық тапсырмаларды жазбаша түрде орындау

Зерттеу жасау


Наурыз

1-2

Тесттер

Зерттеу жасау


3-4

Қосымша әдебиеттермен жұмыс

Зерттеу нәтижелерін анықтау


Сәуір

1-2

Тесттер

Рефераттар жазу


3-4

Тесттер

Рефераттарды қорғау


Мамыр

1-2

3-4

Тесттер

Ғылыми жұмысын жазу







V бөлім. Жоспар бойынша тапсырмалар түрлері.







VІ бөлім

Оқушылардың шығармашылық жұмыстары

2023-2024 оқу жылы


Оқушының аты-жөні

Сынып

Тақырып

Нәтиже

1



«Сандар сыры»

Мектеп-ішілік

I орын

2






VІІ бөлім.

Дарындылық туралы ой-пікірлер

Оқушының ерекше қабілетін ашу жолдары


Психологиялық диагностика жүргізу


Математика пәні бойынша оқу үлгерімін тест бойынша анықтаймын


Оқушының жеке өзінің ынтасы, қызығушылығы, сұранысына байланысты таңдаймын


Ата – анасының өтініші бойынша оқушыны аламын



AutoShape 9










AutoShape 10



AutoShape 6

1. Қабілеті жоғары бала өзгеше және шапшаң ойлайды;

2.Қабілеті жоғары оқушылардың ішкі сезімі жағынан өзгеше болады;

3. Әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі: адамгершілік сезімдерінің ерте дамып, жоғары моральдық қасиеттерге ие болуы.


Дарындылық 3 параметрмен анықталады:

1. Танымдық жеке дамуы;

2 . Психологиялық дамуы;

3. Физикалық дамуы.


Қабілеті жоғары балалардың сипаттамасы:

1. Интеллектуалдық сферасы;

2. Білімділік өрісі;

3. Ойлау қабілеті ерекше тұрақты, қызығуы мол, кейде бір іспен айналысса тоқтай алмайды, өз ойын ерте жеткізеді.


Дарындылықты анықтауда төменгі факторларды ескеру керек:


1. Жас ерекшелігін;

2. Тұлғалық ерекшелігін.







AutoShape 2 AutoShape 5





















































Математика пәнінен қабілеті жоғары оқушылармен

ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ.

Жұмыс түрі

Шығармашылық, зерттеушілік жұмыс түрі

Күтілетін нәтиже

I бөлім.

1.

Дарындылық түрлерін саралау жіктеуге негіз болған бірнеше критерийлер бойынша анықтау:

* Іс-әрекет түрі

*Қалыптастыру деңгейі.

*Көрініс беру түрі.

*Жас мөлшеріне қарай дамуының ерекшеліктеріінің сипаты



Диагностика мен мониторинг жасау


Мектеп психологының көмегімен сыныптар бойынша математика пәнінен қабілетті оқушылар анықталады.

2.

іс – әрекет түрі және оның психикасын қамтамасыз ететін салалары критерийі бойынша:

іс- әрекеттің негізгі түрі практикалық, теориялық (танымдық), көркем- эстетикалық, коммуникативтік және рухани – құндылықтарды анықтау.


Сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын қолдану.


Математикалық сауаттылық анықталады.

3.

«қалыптасу деңгейі» критерийі бойынша:жаңашылдық пен әлеуметтік мәнге ие болу талаптарына жауап беру бойынша зерттеу.

Түрлі

Мүмкіндіктеріне қарай қолайлы жағдайлар туындайды.

4.

«Көрініс беру түрі» критерийі бойынша зерттеу:

*«жақын арадағы даму аймағын» бағалап және «болашағы зор баламен» жұмыс істеудің ары қарайғы жоспарларын жасау.

Диалогтік оқытудағы ЖАДА бойынша топтық жұмыстарда көшбасшылығын бақылау.

жасырын дарындылығы топтық жұмыстағы іс-әрекеттерінен байқалады.

5.

Жас мөлшеріне қарай дамуының ерекшеліктеріінің сипаты:

*психологиялық даму жылдамдығы және дарындылығы анық көрінген жас мөлшерінің кезеңін бақылау.

Әр сыныптағы қабілетті және дарынды оқушылармен жұмыста бақылау.

зерттеудің жаңа бағыттары мен әдіс-тәсілдерін ойлап табу және т.б сияқты жоғары нәтижелер көрсетеді.



II бөлім

1.

Сабақтың үш кезеңінде қолдануға оңтайлы стратегиялардың тілдік дарындылықты дамытуға әсері:

1-кезең: қызығушылықты ояту кезеңінде:

Стратегиялар

Оқушы әрекетінің дарындылықты дамытуға әсері.

1.

«Тірек сөздер»

Берілген сөздер арқылы ойды кеңейту үшін басқа сөздік қолданыстарды іздей бастайды.

2.

«Болжау» кестесін құру.

Алдағы болатын құбылысты болжау үші

қиялға ерік береді, ал ойлау мен сөйлеу тығыз байланысты.

3.



«Үш қадамдық сұхбат»

Жүйелі де маңызды сұрақтар ойластырып, сұраққа ұтымды жауап іздеп, оларды хаттап жаза отырып, ауызша және жазбаша тілдік оралымдарды қолдану қабілері қалыптасады.

4.

«Бір айналым сөйлесу»

Бірінің ойын бірі жалғастыру арқылы логикалық байланысқа түседі.

5.

«Жазу әрекетін ұйымдастыру»

Тақырып таңдай келе, негізгі ойды жүйелеу үшін неғұрлым ұтымды шығатын сөздерді іріктейді.

6.

«Ұғымдар келеді»

Берілген сөзге орай

7.ұғымдардың синонимдік қатарын құрастыру тілдік тапқырлықты қажет етеді.


«Ой қозғау»

Бір сөз төңірегінде бірнеше ой өрбіту арқылы сөздік дәлдікке жетелейді.



2.



Мағынаны ашу кезеңіндегі стратегиялар:

«Кең ауқымды лекция», «ЖИГСО-1», «ЖИГСО-2», «Қабырғаға қарап оқу», «Автор орындығы», «Көнәз» (Бұрыштар), «Жұптасып пікір алысу»,

«Түртіп алу»

тілдің танымдық іс-әрекетінің құралы, ойлау формасы және тілдік дарындылықты дамытудың негізі болып табылады.

3.



ой толғаныс кезеңінде қолдануға болатын стратегиялар:

«Т» кестесі Оқушы қарама-қарсы ұғымдарды дәл беру

мақсатында керекті сөз қолданыстарын іздестереді.

« Екі жақты түсініктеме күнделігі» Таңдап алған үзіндіге

комментарий жасау барысында өзіндік сезімді үйлестіру үшін тілдік тәсілдерді таңдайды.

«Пікірталас» Мәселені ұтымды шешуге, өз көзқарасын

дәлелдей білуге талпына отырып, көпшілік ортада шешен сөйлеуге жаттығады.

«Еркін жазу» Оқылған материалға байланысты өз ойын білдіру үшін жазудың түрлі құралдары мен тәсілдерін таңдауы оқушының өзіндік жазу стилін қалыптастырады.

«Соңғы сөзді мен айтамын» Таңдап алған үзіндіге толық,

жан-жақты талдау жасау барысында өзгелер айтпаған пікірлерді табу үшін сөздерді ұтымды, дұрыс қиюластыруға тырысады. «Галереяға саяхат» Басты ұғымдарды беруде басқадан өзгеше, ерекше болу мақсатында жазылатын бұл жұмыс нағыз дарындылықты қажет етеді.

III бөлім



Сыныптан тыс кезеңдерде жүргізілетін жұмыс түрлері

Уақыты

1.

Мектепішілік және қалалық, аудандық танымдық шараларға қатысту. (соның ішінде дебаттарға)

Ұйымдастырылған уақытта

2.

Аудандық, облыстық, халықаралық олимпиадаларға қатысу.

Желтоқсан, мамыр.

3.

Қашықтан өткізілетін олимпиадаларға қатысу:

КИО 1 және 2-туры. «Пони», «Зерде» сайысы.

Қыркүйек, желтоқсан

4.

Мектепішілік, қалалық, аудандық, облыстық «Жарқын болашақ» сайысына қатысу.

Ақпан, сәуір айлары

5.

Мектепшілік, қалалық «Ілияс,Мағжан» оқуларына қатысу.

Маусым

6.

Қалалық, аудандық «Абай мен Шәкәрім» оқуларына қатысу.

Наурыз.

7.

Қалалық, аудандық « Махамбет» оқуларына қатысу.

Сәуір

8

Басылымдарға өлеңдер мен материалдар жариялауды жалғастыру.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
29.08.2025
160
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі