400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 13 материал табылды

«Дарынды оқушылармен жұмыс және ақындыққа баулудың тиімді жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Дарынды оқушылармен жұмыс және ақындыққа баулудың тиімді жолдары» авторлық бағдарламасы дарынды оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттырып, олардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Хожахметова Жумагуль Изетуллаевна

Тақырыбы: «Дарынды оқушылармен жұмыс және ақындыққа баулудың тиімді жолдары»

Дарынды оқушылармен жұмыс және ақындыққа баулудың тиімді жолдары» авторлық бағдарламасы дарынды оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттырып, олардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Бағдарлама оқыту процесінде қолданылатын әдіс-тәсілдер жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес әзірленген, олардың қатарында жобалық оқыту, диалогтық оқыту, топтық және жеке жұмыс, шығармашылық тапсырмалар орындау, кейс-стади және проблемалық оқыту әдістері бар. Әр сабақта қолданылатын оқу-әдістемелік материалдар мен интерактивті құралдар сабақтың тиімділігін арттыруға және оқушылардың белсенді қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Курстың өзектілігі: Оқытудағы тиімді әдіс – тәсілдерді қолдануға арналған авторлық бағдарлама педагогтердің құзіреттілігін қалыптастыру және шеберлігін ұтымды пайдалану арқылы оқушылардың білімін арттыруға негізделген. Бұл бағдарлама негізін нақты әрі терең түсіне отыра оқушылардан сапалы нәтиже шығаруға болады. Сонымен қатар, авторлық бағдарламаның жүзеге асуы практика түрінде іске асатындықтан оқытушылар шәкірттерінің оқу деңгейін жоғары сапаға көтере алады.

Бағдарламаның жаңалығы: Бағдарламада дарынды оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Әдеби жанрларды терең меңгеру арқылы оқушылардың ақындық шеберліктерін арттыруға басымдық беріледі. Оқушыларға шығармашылық тапсырмалар беру арқылы олардың өзін-өзі көрсетуіне мүмкіндік беріледі. Бағдарламада білім алушылардың жас айырмашылығын ескеріп, олардың мотивациясын арттыруға тырысады. Оқушылардың шығармашылық жетістіктерін насихаттау мақсатында конкурстар мен көрмелер ұйымдастырылады.

Бағдарлама дарынды оқушылармен жұмыс және ақындыққа баулудың тиімді жолдарына негізделген. Бағдарлама оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Әдеби шығармаларды терең талдау және ақындық қабілеттерін ашу арқылы оқушылардың өзін-өзі көрсетуіне мүмкіндік беріледі. Инновациялық оқыту әдістері мен технологиялар қолданылады, бұл оқушылардың қызығушылығын арттырады. Материалдар аутенттілік қағидатына сай, әдеби шығармалардың түпнұсқа мәтіндерінен алынуы керек. Сонымен қатар, материалдар оқушылардың жас ерекшеліктеріне және білім деңгейіне сәйкес болуы қажет. Оқыту процесінің тиімділігін арттыру үшін көрнекі құралдармен, суреттермен, бейнематериалдармен толықтырылады. Материалдар оқушылардың логикалық ойлау, шығармашылық және зерттеу қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған болуы керек. Бағдарлама дарынды оқушылардың әдеби талғамын қалыптастыру және ақындық қабілеттерін дамытуға ерекше назар аударады.

Күтілетін нәтиже:

  • Дарынды оқушыларды анықтау үшін тиімді әдістер мен құралдарды әзірлейді;

  • Олардың шығармашылық қабілеттерін және ақындық потенциалын бағалайды;

  • Ақындық өнердің негізгі принциптерін түсіндіреді, өлең құрылымдарын, буын, бунақ, ұйқасты оқытады;

  • Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша білім береді;

  • Ұлттық және әлемдік әдебиетпен таныстырып, әдеби шығармаларды талдайды;

  • Оқушыларды поэзияның түрлі жанрларымен таныстырады;

  • Оқыту процесін жетілдіру үшін инновациялық тәсілдерді енгізеді;

  • Ақындық шығармаларды талдау және оқушыларға өз өлеңдерін жазуға үйретеді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
25.02.2025
168
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі