жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері"
Сабақтың тақырыбы: Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері
ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, керітартпалықты көтермейді. Сондықтан да еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат – ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, ізденімпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек.
Баланың белгілі бір іс -әрекетке белсенділігі жас кезінен байқалады. «Дарындылық» термині «дарын» сөзінен шыққан, адамның ерекше қолайлы ішкі алғы шарты дегенді білдіреді. Дарындылық білім беру, тәрбиелеу жұмысының әсерінен ғана емес, балалардың өз қүштерін жүзеге асыру кезінде ғана дамиды.
Мұғалім ретінде оқу мен тәрбие саласындағы аса маңызды міндет – талабы таудай дарынды жеке тұлғаны іздеп тауып, оны жетілдіріп шығару. Ал мақсаты – тәрбие мен білім халықтық бола отырып, ұлттық дәстүрді ұстаушы, дені сау, адамгершілігі мол, қабілеті дамыған, жан-жақты, саяси сауатты, өресі биік азаматтарды тәрбиелеу.
Дарынды балаларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығының жоғарлығымен, қоршаған ортасына деген құштарлығының басымдылығымен түсіндіріледі.
Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мақсаты
1.Баланың шығармашылық қабілетін және өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту.
2.Пәнге терең қызығушылығын арттыру.
3.Оқушының әсерлілік сезімін қалыптастыру.
4.Оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту.
5.Жалпы білім – білік дағдыларын дамыта оқыту.
6.Білімнің бағасын арттыру.
Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстың міндеті
1.Оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру.
2. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, жан-жақты дамуына жеке адамдық ерекше көңіл бөлу.
3. Оқушыны қоршаған ортаны аялауға, ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыруға тәрбиелеу.
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жоспары
1. Дарынды баланы іздеп табу және іріктеу.
2.
Тереңдетілген бағдарлама бойынша оқыту.
3. Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу.
4. Проблемалық оқыту әдістерін пайдалана отырып оқыту. Ізденіс жұмыстарын (реферат, баяндама, сөзжұмбақ, ребус, шығарма, өлең шығару т.б), өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту.
5. Мектепішілік және аудандық, пәндік олимпиадаларға, конкурс- сайыстарға қатыстыру.
6. Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып оқыту.
Оқу – тәрбие жұмысында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың түрлері
1. Оқушыларды мұражайға апару
2. Өнер қайраткерлерімен, ақын – жазушылармен кездесу өткізу.
3. Түрлі тақырыптарда әңгіме, пікірталас, кездесу өткізіп, алған әсерлері бойынша шығарма жазу, ауызша және жазбаша түрде өз ойын еркін жеткізе білу.
4. Ақпараттық құралдар жаңалықтармен таныс болу.
5. Ғылым мен техниканың озық үлгілерін пайдалану.
6. Күрделі тапсырмаларды орындау.
Осындай жұмыстардың үнемі жүргізілуі оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашуға, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Біреуі сурет салуға әуестенсе, екіншісі спортты, үшіншісі ән – күйді т.б. өнер салаларын таңдайды. Мұндай жағдайда тәртібі нашар балалардың да жақсы қасиеттерін танып, оларды сынып ұжымымен байланыстыру да ұстаздың біліктілігінде.
Баланың шығармашылық дарындылығының нәтижесінде мына ситапттамаларды атап айтуға болады:
- зерттеу кезінде білімге ерекше құштарлық танытатын жоғары қажеттілік;
- ақыл – ойдың жоғарғы қажеттілігі;
- тек кешегі мен бүгінгі ғана емес, болашақ абстрактылы идеялар мен теорияларға қызығушылық;
- белгілі бір іс — әрекетке, кәсіпке аса қызығушылық таныту, бір іспен шұғылдану;
- өз бетімен белгілі бір мақсатқа жетуге табандылық көрсете білу;
- тапсырмаларды өз бетімен ойлай және шеше білуге ұмтылу.
Дарындылыққа барар жолдың басты міндеті:
- оқушының жеке ерекшелігімен қабілетін зерттеп- зерделеу;
- шығармашылық ғылыми ізденіске өзіндік зердесінің дамуын назарда ұстау;
- оқушының өз бетінше әрекет етуіне мүмкіндік беру.
Осы міндеттерді жүзеге асырудағы оқу – тәрбие үрдісін ғылыми зерттеу негізінде жүргізіп, оқушылардың дарындылығын дамытатын арнайы жоспармен жұмыс атқару керек. Осындай қабілетті, дарынды оқушыларды таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін арттырып, ата –ана, мектеп, оқушы, ұстаз байланысын жоғары ұстап, шығармашылықпен жұмыс істеп оқушының білімге ынтасын арттыру керек.
Табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйын одан әрі дамытып, ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыра білейік!
Дарынды
балалармен жұмыс істеудің жолдары
Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» заңында
мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш
рет «Әр баланың қабілетіне қарай
интеллектуалдық дамуы жеке адамның
дарындылығын таныту» сияқты өзекті
мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі.
Дарынды балаларға білім беруді әр
ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес
жүргізу бір жағынан қоғамға талантты
мамандар даярлауда тиімді болса, екінші
жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың
тек өзінің интеллектуалдық дамуын
қамтамасыз етеді.
Жас
жеткіншектің бойындағы табиғат берген
ерекше қабілетті, дарындылықты тани
білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар
бере білу ерекше қиын іс.
Алайда
әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны
сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы. Баланы
заманына қарай икемдеп, өз заманының
озық өнегесін оның санасына сіңіре
білу, оларды шығармашылық бағытта
жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты
талабы.
Дарындылық
мәселесін зерттеушілердің еңбектері
көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы
жөнінде олар ортақ бір пікірге келе
қоймады. Сондықтан да, біз баланың
дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен
салыстырғанда бірдей жағдайда білім
игеру деңгейінің шоғырлығымен аса
ерекше байқалатын шығармашылық
қабілетінің байқалуы деп
түсінеміз.
Дарындылыққа
педагогикалық энциклопедияда төмендегідей
анықтама берілген: «Дарындылық-белгілі
бір әрекет саласында ерекше жетістікке
жеткізетін адам қабілеті дамуының
жоғары деңгейі». Дарындылық дегеніміз
– адамдардың қабілеттерін жете жақсы
дамуының жоғары сатысы. Осы қабілеттілік
арқылы адамдар көптеген жақсы жетістіктерге
жете алады. Дарындылық – сапалы
қабілеттердің өзіндік бірлесуі: оның
арқасында іс-әрекет жақсарады. Көптеген
ғылымдардың ойынша дарындылық,
қабілеттілік және талант бір ұғымды
білдіреді. Оларды бірдей негізде сәтті
іс-әрекетте топтастыруға әрекет
жасады.
Нышандардың
іс-әрекеттік негізінде қабілеттілік
қалыптасады;
Әдейленген
дарындылық-сапалы өзіндік қабілеттердің
бірлесуінде іс-әрекет сәттілігі
құрылады;
Жалпы
дарындылық – қабілеттілік кең шеңберіндегі
іс-әрекеттер;
Іс-әрекет
сәттілігін белгілейтін жеке адамның
басқа адамдарынан айыратын
ерекшеліктер
Ерекше
қабілетті балаларға қамқорлық жасау –
ежелден келек жатқан дәстүр. Республикамызда
ашылған көптеген колледждер мен лицейлер
– негізінен дарынды балалар үшін ашылған
оқу орны. Мұндай оқушылар ел болашағына,
оның интеллектік қуатына баға жетпес
резерві. Сондықтан да жер-жерден бұларды
іздеп табу - аса мәнді мейірбанды,
гуманистік іс. Оларды мәпелеп, қамқорлық
алу – баршамызға ортақ, бүкіл халықтық
шара, өйткені таланттар қай кезде де
қандай да іздесе таптырмайтын ұлттың
рухани байлығы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген