Материалдар / Дастархан мәзірі туралы түсінік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дастархан мәзірі туралы түсінік

Материал туралы қысқаша түсінік
Дастарқанның жалпы көрінісі, оның әсем жасалуы, тағамдарды бір-бірімен үйлестіріп, рет-ретімен беру тәбеттің ашылуына жақсы әсер етеді, тәбет жақсы ашылса тағам да жақсы сіңеді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2020
310
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дастарқанның жалпы көрінісі, оның әсем жасалуы, тағамдарды бір-бірімен үйлестіріп, рет-ретімен беру тәбеттің ашылуына жақсы әсер етеді, тәбет жақсы ашылса тағам да жақсы сіңеді.Мерекелік дастарқанның сән-салтанаты бәрімізге белгілі болар. Иә, көздің жауын алатын, әсемделген дастарқан! Дәмді дайындалып, әсемдеп қойылған тағамдар. Ал мерекелік дастарқанның қандай талаптарға сай болуы керек екенін бәріміз бірдей білеміз бе?Мерекелік дастарқан. Ең күрделісінен – мерекелік тағамнан басталық. Мерекелік дастарқан үстінде қажеттінің бәрі де болғанымен, артық ешнәрсе тұрмауға тиіс. Оған қажетті ыдыс-аяқты қалай орналастыру, яғни сервиздеу керек? Дастарқан басында отыратын әр адамға екі нәлбек (тарелка) қояды: оның үлкеніне қою тағам, ал кішісіне салқын тағам салынады. Нәлбектің оң жағына пышақ (жүзін нәлбекке қаратып) пен қасықты, сол жағына айырды қояды. Қасық пен айырдың ойық бетін астына қаратып төңкереді. Десертке арналған қасықты, жеміске арналған пышақты нәлбектен әрірек, стол жиегіне параллель тастайды (бір кезде оларға да кезек келеді). Салқын тағамдар, ащы тұздықтар, тұзды тағамдар бүкіл дастарқан үстіне біркелкі етіп қойылады.Қолмен ауыз сүртетін орамалдарды (қағаз және мата) салқын тағам салынатын әр нәлбектің үстіне қояды (қонақтар отырғаннан кейін әрқайсысы мата орамалмен өздерінің тізесін жабады). Тұзды тағамдардың қасығы ерекше бөлек болуы тиіс. Егер арнаулы қасық болмаса, таза пышақтың ұшымен аладБірқатар салқын тағамдарға арнап ортақ құралдар – қалақша, қасық және айыр беріледі.Қазы-қарта, әртүрлі шұжықтарды жұқалап кеседі де қатарластырып жалпақ ыдысқа салады. Оларды дастарқанға қояр алдында өз ыдыстарынан нәлбектерге аударады. Майға қалбырланған балық салынған ыдыстың жиегін айналдыра лимон тілімдерін қоюға болады, балықты жер алдында оған лимон шырынын құйып дәмдейді. Дүкеннен сатып алынған ірімшіктің қабығын аршып, жұқалап турап қояды.Сары майды тоңазытқыштан тамақтанудан бірнеше минут бұрын шығарып, ыдысқа салады. Ақ нан мен қара нанды жұқалап турап, дастарқанның әр жеріне қояды. Нанды тістеп жемей аз-аздан үзіп жеген дұрыс.Дастарқан басында отыратын әр адамға арнап минералды су немесе жеміс шырынын ішетін фужер қойылады.Салқын тағам үшін әдетте тәбет ашатын ащы бұрышты тағамдар беріледі. Олар — әр түрлі тұздалған өнімдер, маринадтар, ысталған тағамдар. Бұл тағамдарды көктермен (петрушка, аскөк, пияз т.с.с) әсемдейді. Салқын асты аздап жеп, негізгі тағамның алда екенін естен шығармау керек.Мерекелік дастарқан жайған кезде үй бикесінің берілетін тағамдар мәзірін қонақтарға алдын ала білдіріп, ескерткені дұрыс. Сонда қонақтардың әрқайсысы қай тағамнан қанша жеу керек екенін өздері шешеді.

Мерекелік дастарқанға қойылатын сұйық тағам онша ауыр болмауы тиіс. Ол мөлдір сұйық сорпа немесе аздаған қоспасы бар жеңіл сорпа болуы керек. Осындай сорпамен бірге әдетте арасына ет, балық не көкөніс салып пісірілген бәліштер береді.Сорпаны арнаулы кеселерге немесе шұңғыл шағын нәлбектерге құйып берген дұрыс. Оны ас үйде алдын ала жеке кеселерге бөліп құюға болады. Сол сияқты сорпаға арналған үлкен форфор ыдыс болса, алдымен соған құйып, дастарқан басында-ақ жеке кеселерге бөліп құяды.Сорпа құйылған кесені немесе нәлбекті дастарқан басында қисайтып түбін тақырлап ішкен орынсыз. Оның үстіне төгіп дастарқанды былғап алуыңыз мүмкін. Егер сорпа ішінде кесек тауық еті немесе мал еті болса, оны сорпаны тауысқаннан кейін ғана жеген дұрыс. Кеседегі сорпа таусылмаса, етті одан аламын деп киіміңізге немесе көршіңізге сорпа шашыратып алуыңыз мүмкін.Қою тағамды берер алдында әдетте аздап үзіліс жасайды, үзіліс кезінде қонақтар тамақ жеуден «тынығып», бой жазады. Әр қонақтың сыбағасын оның оң жағынан, ортақ табақты сол жағынан береді. Кейде ортақ табақты дастарқанның ортасына қояды (егер қонақ көп болса, онда бірнеше жерден қоюға болады) да, оны салып жейтін бірнеше қасық әкелінеді.Тамақты пышақпен жеуге болмайды — жазатайым жүзі тиіп, кесіп кетуі мүмкін. Балықты, котлетті, піскен көкөністі пышақпен кесіп жемейді. Оларды бөліп-бөліп жеу үшін айырдың өзі-ақ жеткілікті. Бұл тағамдарды жеген кезде айырды оң қолмен ұстайды да, қажет болса, сол қолдағы нан тілімімен демеп отырады. Мал еті мен құс етін пышақпен кеседі, ол үшін пышақ оң қолда, айыр сол қолда болуы тиіс. Айырды нәлбек бетінде тік ұстамай, көлбеу ұстаған дұрыс. Тік ұстаса, ол нәлбек бетінен тайып кетуі мүмкін. Қою тағамның бәрін бірден ұсақтап тураудың қажеті жоқ. Ұсақталған тағам тез суып қалады. Оны біртіндеп шетінен кесіп жеген дұрыс, ол үшін айырды еттің ортасына шанышпай шетін ала, кесіп жейтін бөлікті ғана шаншып, пышақпен кесіп жеп отыру керек. Тағамды жеп болғаннан кейін айыр мен пышақты (егер пайдаланылған болса, қасықты да) дастарқан үстіне қоймай, өзінің нәлбегіне салады.



Тәтті тағамды берер алдында да біршама үзіліс жасайды. Компот, кисель, сілікпе, крем сияқты тағамдарды ортаға қояды. Бұл кезде алманың сағақ жағын төмен қаратып, алмұрттың сағақ жағын жоғары қаратып салады.Шай мен кофені қантсыз береді. Қантты әркім өзінің қалауы бойынша салып алады. Пирожный мен тортты шай қасықпен жейді, құрғақ пирожный болса, оны қолмен жеуге де болады. Одан кейін қолды қағаз орамалмен сүртіп, оны босаған нәлбекке тастайды. Қонақтарға шай берудің ыңғайлы бір жолы – дастарқан шетіне қайнап тұрган самаурынды немесе үлкен шәугімді қойып, шетінен кесеге құйып үлестіріп отыру.Осы арада тағы бір кеңес беруді жөн көріп отырмыз. Қазіргі қолдың қалт етуі қиын тіршілігімізде тамақ ішу — отбасы болып бас қосудың сылтауы ғана секілді.Хал-жағдайымызды осындай дастарқан басында ғана әңгіме етуге тура келеді. Сондықтан отбасы болып тамақ ішуді әлгіндей отырысқа айналдыруға тырысқан жөн. Мүмкіндігіне қарай дастарқанға отбасының барлық мүшесінің отырғаны дұрыс. Бұл кезде телефон шырылы секілді бөгде шаруаға көңіл бөлмеу керек. Барлық отбасы мүшесі бас қосатын осындай 15-30 минуттық отырыста тек отбасы-ошақ қасының ғана мәселелері әңгіме болады. Олай етпей телефонға жармасатын болсақ, тағам суып қалады. Отбасы мүшелері телефонмен айтылып жатқан әңгімеге көңіл аударады. Ол әңгімені тез доғарып тастау да қиын. Өйткені телефон шалған кісінің ренжіп қалуы мүмкін ғой. Егер отбасы мүшелері белгілі себептерге байланысты аптаның жұмыс күндері жиыла алмайтын болса, онда сенбі немесе жексенбі күндерінің бірінде бас қосатындай болып, отбасылық тағамды дәстүрге айналдыру керек. Осындай дұрыс ұйымдастырылған отбасылық тағамның маңызы ерекше зор. Оның маңызы тағамды ішіп-жеу тиімділігінде ғана емес, әсіресе отбасының ішкі ахуалына, бірлігіне жақсы әсер етеді. Тәрбиелік маңызы да үлкен екендігінде сөз жоқ. Барлығы бас қосып, бірге ішкен тағам отбасы бірлігін шыңдап, оның мүшелерін жақындастыра түседі. Дәстүрлі жақсы әдет қалыптастырады, балаларға да пайдалы үлгі болады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!