Материалдар / «Дәстүрден тыс әдістер арқылы балалардың қиялы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту» баяндама.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Дәстүрден тыс әдістер арқылы балалардың қиялы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту» баяндама.

Материал туралы қысқаша түсінік
«Дәстүрден тыс әдістер арқылы балалардың қиялы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту». баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Наурыз 2019
2836
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Дәстүрден тыс әдістер арқылы балалардың

қиялы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту».


            Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да. Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана балабақшадан өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады. Баланы балабақшадан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек.

         Шығармашылық - бүкіл тірішіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі.

          Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болғандығын «шығармашылық теориясын» жасауға деген көптеген ізденістердің болғандығынан байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан шығармашылық педагогикасының негізгі мақсаты — бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып табылады. Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекеті орындауға жағдай жасайтын жеке еркешеліктері дей келе, олар қоғамдық —тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен.

Егеменді еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық бетбұрыстарына қарай болашақ ұрпақты тәрбиелеуде басты шығармашыл тұлғаны дайындау мектепке дейінгі ұйымнан басталады. Шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуде бейнелеу өнерінің орны ерекше. Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы Заңында" жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі деп көрсетілген.
        Олай болса, мектепке дейінгі кезеңнен шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға дамытуға бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс түрлері өз ықпалын тигізеді. Ол көркемдік шығармашыл әрекетінің негізі және оның дамуы болып табылады.

            Бала кез келген әрекет барысында ғана емес, тек дамытушы әрекет барысында дамиды.Егер бала үлкендердің көрсеткенін қайталап қана отырса, мұндай әрекет репродуктивті қалыпта болғандықтан нәтижиесі төмен болады.Керісінше, егер бала әр түрлі,ылғый өзгеріп отыратын жағдайларға белсенділікпен, шығармашылықпен, қызығушылықпен қатысса,ол үнемі дамиды.

      Балалар сурет салғанды өте ұнатады. Бірақ  қарындашпен, фломастермен, бормен, қылқаламмен ғана емес өзінің сүйікті ісіне олар  өзгеде заттарды пайдаланады. Мысалы: алақан, саусақ, табандарымен, әр түрлі таяқшалар, жіптер, мәуесек, далаппен сурет салуды  қызық көреді.Қарапайым нәрсенің жаңаша қызметін ойлап шығарып, оларды бейнелеу өнеріне жаратып, таңқаларық сурет салуға қолдану бұл тамаша!

     Бейнелеу өнерінің  дәстүрден тыс түрлерінің ішінде көкеніс бастырмасы,  жіп графикасы, бір басылымда сурет (монотипия) , гратаж сияқты сиқырлы әдіспен сурет салу балаларға ұнайды. Мұндай сабақтарда балалар әрекет етеді, жаңа нәрсені туындатады, өз әрекетінің нәтижесін көреді.

       Бейнелеу өнері сабақтарында жұмыс екі негізгі бағытпен  жүргізіледі.

Бірінші бағыт балаларды бейнелеу өнерінің жадығаттарымен  жұмыс істеудің жаңа әдістерін үйретуге байланысты.

Екінші бағыт балалардың қиялын, елестетуін, тілін дамытуға байланысты.

      Бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдістеріне байланысты әрекет екі бағыттың мазмұнын біріктіріп  қамтиды және  көркем- шығармашылық іс-әрекеттің бірнеше  ерекшелігі бар.

  1. Мұндай сабақтар балалар мен ересектер арасында мазмұнды, құнды қарым – қатынастың негізін қалайды.

2.Көркем шығармашылық іс әрекет қуанышты, көтеріңкі көңіл – күй тудырады, жағымды эмоциялық жағдайды қамтамасыз етеді.

3.Дәстүрден тыс сурет салу әдістері балалардың ұсақ қол қимылын дамытады, сондықтан оқу жылының басынан бастап – ақ оларды әр сабақта қолдану өте пайдалы. Баланың саусақтары бірден икемге көніп кетпейді, қылқаламмен дәл, нақты сызықты бірден түсіре алмайды. Ұсақ және дәл қимылды дамыту балаға тек өз ағзасын сенімді басқару үшін ғана керек емес. Қолдың ұсақ қимылы миды және оның бақылағыштық, талдаушылық, бұйырғыштық қабілетін дамытады.

        Мен өз тобымда дәтүрден тыс  жіппен, тамшуырмен, мауесекпен, гратаж, балауызбен, сүтпен және сулау тәсілдерін қолдандым. Осының ішінде сулау тәсілімен сурет салар алдында, қағазды таза сумен жалпақ қылқаламның көмегімен жуып алып, қағаз кеппей тұрып түстерді кезек –кезек қағаз бетіне тамызу немесе сүйкеу керек, бояу қағаз бетіне сумен бірге жайылады. Түстерді салатын  суретіміздің тақырыбына  сай алуымыз керек. Балалар  «Алтын күз»  тақырыбына сулау  тәсіліп пайдаланып сурет салған кезде, сары, қызғылт сары, көк, қоңыр түстерді пайдаландық. Бояу сулы қағазға жайылып, ағаштың бейнесі, бұлттың бейнесі сумен бірге қағаз бетіне түсті де ағаштың жапырақтары өте әдемі болып шықты. Бұл тәсілді қолданған кезде балалар өздерінің салған суреттеріне таңдана қарап, сурет салуға деген қызығушылықтары артты.

    Сонымен қоса тырнау әдісі арқылы еркін тақырыпта сурет алдырттым, мұнда балалардың ой қиялы дамып, сурет салуға деген қызығушылықтары артып, суреттеріне баға беріп керемет көңіл күйде болды.

   Қорыта айтқанда, көркемдік – шығармашылық әрекеті, бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс түрлері баланың шығармашылық қабілеттілігін, қиялдауы мен ойлауын, жауапкершілігін, өз пікірін ашық айтуын, дербестігін – барлық қасиеттерінің ашылуы мен дамуына септігін тигізеді. Дәл осы қасиеттер бүлдіршіннің болашақ өмірдегі жетістік формуласының негізі болып табылады.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!