15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Дәстүрден тыс қондырғыларды пайдалана отырып, балалардың физикалық дамуын қалыптастыру"
Баяндама
«Дәстүрден тыс қондырғыларды пайдалана отырып, балалардың физикалық дамуын қалыптастыру»
Өткізген: Дене шынықтыру нұсқаушысы
Аруова.А.С
Атырау 2018ж
Ерте кезеңнен балалық шақтан баланың миы денесі бір бірінен бөлек дамиды.
Баланың ақыл-ойы,дене дамуы мен тығыз байланыста.
Баланы кішкене кезден бастап қимылына бостандық беру,бірге көп жаттығулар жасап, қозғалу әрекетіне,белсенділігіне себепші болу керек.
Ерте кезден бастап баланың денесін дамытсақ келешекте оның интеллектуалдық нәтижелерін қамтамасыз ете аламыз.
Психологтың ғылыми зерттеуі бойынша қаншалықты ата-ана баланың маторикасын дамыту үшін көңіл бөлсе, соншалықты ойлау потенциялы жоғары болады.
Зерттеу бойынша:бала тез заттық әрекеттерді меңгереді.
Егер онымен жеке қатынаста болсаңыз ол қызығушылықпен, белесенділікпен қатысады.
Мектепке дейінгі дене тәрбиесі-халық ағарту ісінің алғашқы сатысы. Ол мектеп жасына дейігі балалардың денсаулығын нығайтуға және өз беттерімен қимылдар жасай білуге бағытталған.
Мектеп жасына дейінгі дене тәрбиесінің негізгі мақсаттары мынадай.
Балалардың негізгі қимыл-әрекеттерін жетілдіріп,спорттық жыттығулар мен ойындарды үйрету және ол үйренгендерін өз бетімен еріктерімен топ болып орындауға әрекеттендіру.
Қимыл-қозғалыс түрлерін меңгеруге көмектесе отырып, шамалары келетін қимыл-әрекеттерге қызықтыра түсу арқылы батыл,белсенді,ұстамды болуға тәрбиелеу.
Жаттығу жасау отыру,тұру.жүру кезеңдерінде денені дұрыс ұстауға әдеттендіру.
Жаттығу мен басқа да қимыл-әрекеттер жасау кезінде ықшам,икемді, тез және төзімді болуға, жасалатын жаттығулардың пайдасы жөнінде қысқаша түсінік беріп тазалық сақтауға, тәртіпті болуға үйрету.
- Осы аталған мақсаттрады жүзеге асыру үшін балабақшада арнаулы қимыл режимі пайдаланылады.
Балабақшамызда қимылдық режимді пайдалана отырып, бала денсаулығын дәстүрлі емес жолдармен жақсарту жылдық жоспарымыздың негізгі бірден- бір міндеті болғандықтан. Бала денсаулығын нығайту жолында дәстүрлі емес тәсілді қолдану, арқылы 2012жылы он үшінші қарашада ашық оқу іс-әрекетін өтккіздім. Ашық оқу іс-әрекетімнің тақырыбы «Мульфильмдер еліне» саяхат. Дәстүрлі емес құрал жабдықты негізгі қимыл қозғалысына пайдаланып бірінші педкенесте көрсеттім.
Мына жерде менің әріптестерімде екі ой туындауы мүмкін. Баланың ағзасына дәстүрлі емес құрал жабдықтар пайдалы әсерін тигіземе, керісінше зиянын тигіземе деген. Осы туындаған ой пікірге, дәстүрлі емес құрал жабдықтарды дәлелдей сипаттама бере кетсем димін.
« Көңілді жылан »
Балаларымыз денелерін, қолдарын екі жанға тік ұстап араларына ара қашықтық салып тепе-теңдік сақтау жаттығуларына бағытталған . Бұл асқақ әдемі жүрістің қалыптасуына арнаулы жол.
« Кірпіш тас»
Кірпіш тастан, кірпіш тасқа жақсы секіру, алға қарай ұмтылу үшінде жақсы күш керек. Секіру кезінде ең алдымен қолдары белдерінде, тізені бүгіп, жерге қос аяқтап жеңіл заттың үстіне серпіліп түсуі, Сондықтан аяқ бұлшық етін жетілуіне жақсы көмегін тигізеді.
« Сиқырлы іздер »
Балаларымызға алдын алу жалпақ табан болдырмауына байланысты, арнайы әр- түрлі бағытта із қимылдарымен жүру,массаждың нәтижесінде қан тамырлары кеңейіп, қан айналымы мен зат алмасу үрдісі жақсарып жалпақ табанға көмегін тигізеді.
« Сиқырлы алақан »
Балабақшада дене тәрбиесі оқу іс-әрекетінде
Жалпақ алақандарға көмегін тигізетін массажын өткізу тиімді.Жалпақ алақанға өздігінен массаж жасау организімнің ішкі құрылыс иммунитетін жақсартумен қатар,алақанда орналасқан жүйке тамырларының жұмысын жоғарлатады, мектепке дейінгі жастағы баланың қолын жазуға жаттықтыруға, сезімдік ( сенсорлық) және ұсақ маториканы дамытуға көмектеседі.
« Көлденеңінен тұрған үңгір.»
Балалардың даму қозғалысының үйлесімділігін, ептілігін батылдылығын,төрт аяқтап өрмелуді істей білу және алақан мен тізеге күш түсіріп үңгірден бір бағытта өтуіне көп көмегін тигізеді.
Дәстүрден тыс құрал жабдықтарды дәлелдей қорыта сипаттама бере кетсек, бұл қай уақыттада қосымша ынта сауықтыруын арттырады денешынықтыруда, баланың ағзасына пайдалы әсерін тигізіп, түрлі түсті түстер баланың ой өрісін дамытуға және түстерді ажыратуға да көмегін тигізеді, сондықтанда дәстүрден тыс құралдар артық болмайды. Ешқандай шығынсыз ескі құралдарды жаңартуға болады әрине фантазиясы мен қалауы болса.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген