ДӘСТҮРЛІ ӘН ӨНЕРІ

Тақырып бойынша 13 материал табылды

ДӘСТҮРЛІ ӘН ӨНЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Дәстүрлі ән өнері туралы мағлұмат
Материалдың қысқаша нұсқасы


Атырау қаласы, Дамбы өнер мектебі КМҚК

Халық әні-терме сыныбының мұғалімі

Идирова Жадыра Саматовна





Тақырыбы: «Дәстүрлі ән өнері » әдістемелік баяндама

І. Кіріспе.

Ұлтымыздың ерекше ән өнері – көне заманнан бері қалыптасқан бай қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағын құрайды. Фольклор деген сөз «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары» деген мағынаны білдіреді. Халқымыздың мерей тұтып, мақтаныш етер асыл мұрасы, рухани жәдігерлері ішінде замана сүзгісінен өтіп, бүгінгі күнге дейін жеткен «ән қазынасы» қашаннан дәстүрлі өнердің қаймағы саналады. Дәстүрлі ән үлгілері ғұрыптық әндер, халық әндері, кәсіби халық шығармалары болып, ғасырлар бойы әсем әуезбен әрдайым әспеттеліп, әуелей шырқалып келеді. Халқымыздың тарихында небір бұлбұл әншілер өмір сүріп, өз аспаптарының сүйемелдеуімен туған елінің өткені мен бүгінгі тұрмысын жырлайтын, оның арман қиялын көрсететін тамаша эпопеялар, көрнекті туындылар жасады. Қазақ халқының дәстүрлі әні де озық ойлы, өнерпаз өкілдерінің қалдырған үлгі-өнегесінің арқасында сақталып келді.

Дәстүрлі әннің біртұтас қалыптасқан жүйесін арқадағы Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Мәди, Естай сынды әрқайсысы өз алдына ән өнерінің ғажайып үлгілері Шығыста Ақылбайдан бастап, Жәнібек Кәрменовке дейінгі аралықта бір-бірімен тұсымды тұтасқан сан мақамды ән мектебі, Батыста Мұхиттан өрбіп, бүгінгі Қатимолла Бердіғалиев пен Айгүл Қосанова секілді дүлдүлдер легіне келіп жалғасатын дауылпаздар құрайды. Рухани мұраны халыққа инновациялық технология арқылы ұсынып – ел ішінде сақталған кәусар дүниелерді жоғалтпай, ел-жұрттың мұратты игілігіне айналдыру басты мақсатымыз.

Бүгінгі күні қазақтың қанына сіңген, өмірімен біте қайнасып, бірге жасасып келе жатқан халық әндерінің жаңа технологиялары пайда болуда, бұл үлкен қуаныш келешек ұрпаққа әндерді үйретуге үлкен септігін тигізеді. Өскелең ұрпаққа үйретілген әндер атадан балаға мұра болып, ұрпақтан – ұрпаққа жалғасу арқылы дәстүріміз еш уақытта өшпейді деген ниеттеміз. «Музыка» пәні адам өмірінің бөлігі ретінде оқушыларда музыкаға деген құндылықтық қарым-қатынастың қалыптасуына, музыкалық, шығармашылық дағдыларды дамытуға, әлемдік музыкалық бейнелерді меңгеруге бағытталған.

«Музыка» пәнімен пәнаралық байланыс әннің идеялық-көркемдік және эстетикалық маңызын, ұлттық әуеннің қазіргі әндермен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, көркемдік ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді. Бұрын сабақ дәстүрлі түрде тек белгіленген  жоспарға сай өткізіліп отырса, бүгінгі таңда мұғалімдерден оқыту процесін ұйымдастыруда жан-жақты біліктілікті, оқытудың педагогикалық жаңа әдіс-тәсілдері мен дәстүрлі емес нысандарын пайдалану талап етіледі.

Музыкадан арнаулы мамандық сыныбы бойынша оқу-тәрбие жұмысының басты мақсаты мен міндеті – өзінің оқушыларына музыкалық білім беріп, олардың эстетикалық талғамын тәрбиелеу, сонымен қатар дүние жүзінің музыка мәдениетімен таныстыра отырып, болашақта кәсіби өнер жолына баулу болып табылады. Сондықтан қазіргі заманымыздың  талабына байланысты дәстүрлі әндер бұған дейін қолданыста болған Жүсіпбек Елебеков бастаған әдістемені жетілдіру үстінде. Бұрындары  ауызша түрде нотаға жүгінбей, әуенді тыңдау арқылы жүзеге асырылса, қазір  жаңа технологиялармен үйлестіріліп, жаңа әдістермен толығуда.

Қазақтың дәстүрлі ән өнері ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа, атадан балаға мирас болып, бүгінгі күнге дейін өзінің сабақтастығын тауып келе жатыр. Ауызекі түрде сақталып келген әншілік дәстүр халық өнері мен музыкасын, ауыз әдебиетін насихаттауға зор үлес қосқан Ілияс Омаровтың тікелей қолдауымен Алматыдағы екі жылдық эстрада-цирк өнер студиясы жанынан майталман әншілер Жүсіпбек Елебеков пен Ғарифолла Құрманғалиевтің ән сыныптары ашылып, осы кезден бастап арнайы оқу орнында оқыту қолға алына бастады.

1987 жылдан Алматы мемлекеттік консерваториясы қабырғасынан «Халық әні» бөлімі ретінде ашылып, кейіннен өз алдына кафедра болды. Сонымен қатар қазіргі таңда елордасындағы Қазақ Өнер университетінде «Халық әні» мамандығы бойынша арнайы оқытылуда. Бір жағымдысы халық әні музыкалық мектептерде де енгізіліп балаларға оқытылып жатыр. Бұл біздер үшін үлкен қуаныш, ән өнері шарықтап,  ұрпақтарға сабақтастықпен жалғасын тауып, өнеріміз өрлей берсін.


ІІ. Негізгі бөлім.


Халқымыздың мұң-зары, қуанышы мен қайғысы ұлтымыздың бекзат болмысы көрініс тапқан дәстүрлі ән өнері – біздің асыл қазынамыз. Оларды сақтау, насихаттау тіліміз бен өнеріміздің болашағына бейжай қарай алмайтын әр қазақтың міндеті.


Әншілік өнер жайлы сөз қозғағанда халқымыздың музыка мәдениетінің көрнекті өкілдері Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ сынды тұлғалардың еңбектерін айналып өте алмаймыз. Замана бұлбұлдарының сара жолын жалғаған Қосымжан Бабақов, Қали Байжанов, Жүсіпбек Елебеков, Жәнібек Кәрменов, Ғарифолла Құрманғалиев, Қайрат Байбосынов сияқты дарынды тұлғаларды қалайша мақтан етпеске?! Талай ғасырдың сүзгісінен өтіп, қаймағы бұзылмай бүгінге жеткен дәстүрлі ән-күйдің тарихы тереңнен тамыр тартады.
Дәстүрлі ән айту өнерінің басқа жанрлармен салыстырғанда құрылымы өзгеше. Домбыраның, қобыздың сүйемелдеуімен айтылатын әндер кең диапазонды, күрделі ырғақ-иірімді қажет етеді. Сондықтан да болар өнердің бұл түріне екінің бірі бара бермейді.
“Құлақтан кіріп, бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй”, – деп дана Абай атамыз өлеңіне арқау еткен әсем ән мен тәтті күйдің құдіреті мені де өзіне баурап алды. Менің өнерге, соның ішінде дәстүрлі ән мен домбыраға деген құштарлығым бала күнімде оянды. Мектепті тамамдаған соң арман құсы қиялыма қанат бітіріп, Қызылжардағы өнер колледжіне оқуға түстім. Дәстүрлі ән сыныбында есімі өңірімізге белгілі әнші Жанат Айтбаевтан тәлім алдым. Кейін Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында оқуымды жалғастырдым. Дәстүрлі әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Еркін Шүкімановтың шәкірті болғаныма мақтанамын. Бүгінде дәстүрлі ән айту өнерін дамытуға, халқымыздың баға жетпес құндылығын дәріптеуге шама-шарқымша үлесімді қосып келемін.Қолыма диплом алып, өзімнің білім-білігімді көрсететін сәт туғанда мен туған жеріме келіп, еңбек етуді жөн көрдім. Жас өнерпаздарды дәстүрлі ән өнеріне баулуды басты мақсат еттім. Бүгінде Қызылжар ауданындағы “Мерей” өнер мектебінде өрендерді тәрбиелеудемін. Мәдениет үйінде ардагерлердің хорына жетекшілік етемін. Сондай-ақ, жеке орындаушы ретінде облыстық филармонияда жұмыс істеймін.
“Мерей” өнер мектебінде дәстүрлі ән сыныбы 2018 жылы ашылды. Құдайға шүкір, қазір дәстүрлі ән-күйге жақын талапты, дарынды балалар аз емес. Олардың өнерін шыңдап, білім көкжиегін кеңейту үшін облыс, аудан орталықтарында түрлі үйірмелер жұмыс істеуде. Ауылдарда, шалғай елді мекендерде мұндай мүмкіндіктер жоқтың қасы. Мені осы жағдай алаңдатады. Ән-күйден сабақ беретін ұстаздар тапшы. Мұның бір себебін мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысының төмендігімен де байланыстыруға болатындай. Ол үшін мектептерде домбыра пәні оқытылып, ұстаздар үшін қосымша сағат бөлінсе жақсы болар еді. “Бұлақ көрсең – көзін аш” демекші, сол балалардың арасынан мықты күйші, әнші шығуы мүмкін ғой. Біз қос ішекті аспап пен дәстүрлі әншілік өнердің құдіретін түсінетін өнегелі ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Сондықтан ауылдың алты ауызын шырқайтын өнерпаздарды елдің ішінен іздеген жөн. Өйткені, барлық талант иесі алтын бесік – ауылдан шығады. Ал өнерлі балалардың жұлдызын жағу – біздің міндет.Менің өнерге келуіме себепкер болған марқұм Ағыбай Әбілмәжінов сияқты ел ішінде өнер десе ішер асын жерге қоятын ұстаздар табылып жатса, қазақ әншілік өнері қанатын бұдан да кең жаяр еді. Сол себепті, дәстүрлі ән-күйге өрендердің қызығушылығын арттыру қажет.
Жастардың эстрадаға қарағанда, дәстүрлі әнге деген қызығушылығы төмен. Олай болуы заңды. Өйткені, дәстүрлі ән шынайы талантты талап етеді. Осы бағытта көптеген байқаулар ұйымдастырылып, аудан, ауыл тұрғындарын дәстүрлі әнмен сусындатып, бұл өнерді кеңінен насихаттау қажет. Облыстық филармонияның өнерпаздары жер-жерді аралап, концерт қоюда, жеке орындаушы ретінде мен де елді мекендерде ән кешін өткізуді жоспарлап отырмын. Мұндай бастаманы өткен жылы дәстүрлі әнші Біржан Есжанов қолға алған болатын.Өзім ұстаз болған соң қазақ әншілік өнерінің тәжірибесімен бөлісіп, теориясын да балалардың бойына сіңіру керек екенін жақсы түсінемін. Сондықтан ән өнерінің көрнекті өкілдерін жастарға үлгі етсек, болашақта мықты өнерпаздар мәдениетіміздің дамуына сүбелі үлес қосатынына сенім артуға болады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі