Материалдар / Дәстүрлі емес сабақтар. Дидактакалық талаптарға сай орындалатын дәстүрлі емес сабақтардың түрлері.

Дәстүрлі емес сабақтар. Дидактакалық талаптарға сай орындалатын дәстүрлі емес сабақтардың түрлері.

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Қазіргі сабақ қандай болуы керек? 2. Дәстүрлі емес сабақтар түрлері. Дидактикалық талаптарға сай ұйымдастырылған оқыту формасы оқушының оқуға деген қызығушылығын арттырып, білім игеруде ерекше ықылас тудырып ұстазға да шәкіртке де шексіз шығармашылық мүмкіндік береді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Ақпан 2022
637
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

5. Дәстүрлі емес сабақтар. Дидактакалық талаптарға сай орындалатын дәстүрлі емес сабақтардың түрлері.

 

1. Қазіргі сабақ қандай болуы керек?

2. Дәстүрлі емес сабақтар түрлері.

 

Дидактикалық  талаптарға сай ұйымдастырылған оқыту формасы оқушының оқуға  деген қызығушылығын арттырып, білім игеруде ерекше ықылас тудырып  ұстазға да шәкіртке де  шексіз  шығармашылық мүмкіндік береді.

Қазіргі таңдағы мұғалімдерге кездесіп  жүрген оқушының таным белсенділігінің, қызығушылығының,  тіпті оқуға құлқының төмендеу проблемалары себептерінің негізі-  сабақтардың  бірсарындылығы. Ұстаз еңбегіндегі күнделікті ізденістің болмауынан оқытудағы бірізділік  пайда болады, ол-бірте-бірте балалардың сабаққа деген  қызығушылығын жояды. Ендеше, қазіргі сабақ қандай болуы керек?- десек, ол- тек қана шығармашыл болуы керек.

Оқытудағы классикалық әдістеме ғылым мен техника  дамуы деңгейіндегі «жеңіл» мен «қиын» ұғымдарды ғана  меңгеруге болады. Ал осы күндері оқушылар алатын ақпарат жан- жақты көп (теледидар, электронды почта, интернет .б.) сондықтан, олар көп нәрсені ерте біледі. Осындай әлемде өмір сүріп отырған бала бір пәнге қызықса, одан өте көп көлемде  хабарлар, деректер шығаруға  қабілетті. Ендеше, ол сол өзін қызықтырған  мәселе жөнінде жоғары көрсеткіш көрсете алады.

Қазіргі кезеңдегі түпкілікті өзгеріп отырған экологиялық   жағдайларға  байланысты,  биологиалық   білім  берудің  басты   мақсаты    мен  міндеттерінің   бірі    оқушыларда  биологиалық  ойлауды,  қарапайым  болса  да   ғылыми  болжамдар  құру мен  оны  тексеруге   дәлелдер   іздеуді және  жоспарлай   білуді   дамыту.

Мектептегі  оқытуда  соңғы   кездегі  ғылыми-әдістемелік  басылымдар  беттерінде  көптеп  беріліп жүрген  сабақ  түрлері заман талабының  көріністері. Толық мәнді  жаңаша білім беру –бала мүмкіндіктерін барынша пайдалануға жағдай жасау. Оның басты әдіснамалық білім беру міндеті- бала қабілетін дамыту және тәрбиелеу .

Дидактика классигі И.Г.Песталлоций еңбектерінде тәрбиелеу өзінің индивидуалдық ерекшеліктерін сезіне отырып, өзін-өзі тудырушы балаға көмек көрсету деген пікір-түсінік айқын байқалған.

Мұғалімнің оқушымен бірлесіп шығармашылық еңбек етуі  ғалым В.И.Андреевтің пікірінше мынадай ережелер сақтау негізінде іске асады:

Педагог мүмкіндігінше, өзінің ұстаздық шеберлігін және шығармашылық қабілеттерін үнемі дамытып, отыруы қажет .

Замана  талабына сай билогиядан оқу –тәрбие үрдісін жетілдіруде негізгі нысана  етіп мына принциптерді  ұстаған дұрыс: білім беруді оқушыларда ақпараттар қорын толтырумен шектемей бала белсенділігі дамуының тәсілі, ретінде қарастыру. Себебі белсенділікті дамыту шығармашылық   жеткізеді, ендеше ол межеге жетуді белсенді оқыту арқылы жүзеге асыруға болады.Осы тұрғысында негіздейтін болсақ, шығармашылықты қалыптастыруда және дамытуда белсенді оқытудың жүйесі қажет. Зертеушілік әдіс , эвристикалық  әдіс және басқа белсенді оқыту жолдары өз қызметтерін толық орындау үшін қалай ұйымдастырылу, қандай  сабақтар жүйесі керектігін биология пәні ұстаздары мен әдістемешілер анықталуы қажет .

Ұстаздар  тәжірбиелерінде  өткізіліп жүрген, осы талаптарды орындай алатын дәстүрлі емес сабақтар түрлерін: іскерлік ойындар,  танымдық ойындар, конфереция сабақ, пресс- конференция, саяхат сабақ,  интеграциялық сабақ  ертегі, аукцион, жарыс сабақтары, КВН, спектакль,  сот виктарина, және брейнсторминг сабақтары деп топтауға болады . 

Дәстүрлі  емес сабақтар дегеніміз- сабақ құрылымын оқу –тәрбие  үрдісінің  мақсаттарына сай  өзгертіп оқушының шығармашылықпен  білім игеруінің  субьектілік үлесін жоғарлататын формасы .

Осындай сабақтар кезінде оқушы субьект ретінде  болып өз әрекетін өзі толығынан басқарып,  ұйымдастыру, іздену тұрғысында өтеді. Осы кезде  таным  қызығушылығының  механизмі  әржақты күрделі,  оқушының тұлға ретінде  қалыптасуына негіз  болады, өйткені  ойлау үрдісі күрделі  тізбектен  құралып, жорамалдау,  қажетті әдісті таңдау, білім – біліктің  түрлерінің сыналуы және әртүрлі шешімдердің  саралануынан  ең қажеттісі таңдап алынады.  Бұл жағдайда оқушының  барлық іс- әрекеті  өзі үшін аса маңызды  болып,  шығармашылығы зор  қуаныш әкеледі, «ашқан жаңалығына»  таңдау, өзбетімен  қиындықты жеңгеніне,  басқаға көмектескеніне,  тапқырлығына,  білім игеруде алға  жылжығандығына рахаттанады,  эмоциялы қуаттанады.  

Мысалы: Баяндама – сабақтың бір көрінісі.  Бұл бұрын да  қолданылып жүрген әдіс,  бірақ баяндамашының  оқытылатын  жануар кейіпінде  болуы жаңалық ,  өйткені әңгіме кейіпкерден  айтылады.  Осы кезде тыңдаушылар  көңілі бірден ауып, берілген  жануар ерекшеліктерін, мекен ету ортасын анық, тереңірек түсінуге жол ашады.  Кейде  оқушы киімі де  жануардың  түр- түсін,  ерекшеліктерін  айқындайды.  Монолог   пәнінің ғылымилылығы  тұрғысынан дұрыс  құрылуы тиіс, ол үшін баяндамашы  жан – жақты  дайындалып, ақпараттар  іздеуде белсенділік тануы керек. 

Сүліктің монологы.  Мен – сүлікпін!  Неге сіздердің  бет әлпеттеріңіз  өзгеріп кетті? Қайдағы  бір балық, құс емес, медициналық  сүлікпін. Латынша  өте әдемі: Гирудо  медициналис.  Әрине, мен паразитпін,  олай болмағанда ше,  тіршілік ету керек? Бірақ мен пайдалымын.  Адам баласы маған көп қарыздар, сондықтан  маған ескерткіш қоятын шығар.  Ит пен  бақаға да  қойды ғой, сол сияқты «Ризашылығын  білдірген  адамзаттан» - деп жазып  қояр. Бірнеше  ғасырлар бойы  қан қысымы көтерілгенде, тромбалар пайда болуынан кім құтқарды? Әрине мен!

Әдетте  жылына екі рет  тамақтанамын, себебі қолайлы жемтік кездезтіру оңай емес.  Кейде ұзақ мерзімге ашығуға тура келеді

Екі жылға дейін аузыңа бір тамшы кан тамбайды. Есесіне кездескенде бір дегенде  50 г.-ға дейін  қан іше аламын, бұл денемнің небары 10-15 см үлкендігіне қарамастан ішетін тамағым.Қан менің қарнымда арнаулы бактериялардың көмегімен сол  күйінде ұзақ мерзімге сақталады. Менің сөлімнің құрамындағы ((Гирудин)) деген затты қанды ұйтпайтын қасиетіне байланысты адамның тромбоз ауруын емдеуге пайдаланы. Ол қанды ұйытпай, қан тамырларын бітеліп қалудан  сақтайды.

Біздерді дәріханаларда, сақтайды, 3-4 ай тамақсыз аш қойғаннан сон ауруларға салады. Қазір біздер су қоймаларында аз кездесеміз, арнаулы зертханаларда өсіреді. Бұл- біз қажетпіз деген сөз, ендеше, біздерді қорғау керек, біз әлі қажетпіз.

Сабақтың тиімділігін арттырудың маңызды бір жолы – сабақтағы атқарылатын жұмыс түрлерінің сан алуандығы.К. Д. Ушинский бала қажымай-талмай жұмыс істеу үшін оның қызығушылығын жоймай,  шаршатпай, бір сарынды немесе бір жақты емес әртүрлі іс-әрекет қажет екендігін айтқан. Егер сабақтарда  жұмыстың алуан түрлілігін қамтамасыз етілсе балалар білім игеруде жетістікке жетеді.

Оқытудың ойын формасы –соңғы жылдардағы педагогикалық жаңалықтың  ішіндегі бір қолайлысы. Себебі оқушы ғана емес, жалпы адам үшін  ойын –белсенділікпен ,өзін көрсетуге ,сөйте отырып үйренуге  әсер етеді.  Ойын –өз алдына оқыту үрдісі, жеткіншектерді еңбекке дайындаудың белсенді құралы. Ғалымдар тірі табиғаттағы жұмбақтың бірі –ойын екенін оның құбылыстары мен үрдістер әлі адамзатпен толық  зерттеліп ашылмаған, сөйтіп дәл анықтамасы  берілмеген қортындыға келген.                            

Ойын   өзінің тек мазмұнымен де балаларды бірден жаңа бір өлшемге шығарып жаңа психологиялық жағдайға  әкеледі.     Тәжірибе көрсеткендей әдеттегі бірсарынды сынып сабақтарындағы үндемес оқушылар ойын кезінде өте белсенді  болатын кездері жиі кездеседі. Өйткені ойын кезінде ол тең құқықтыққа ғана қолы жетіп қоймай, алдыңғы қатарлы, әрекетшіл болып ,басқаларды өзіне  тартатын мүмкіндікке ие болады.

Ойын әрекеті сабақтарда  игерілген  білім, білік,  дағдыға сүйене отырып  оқушылардың өзіне  және басқаларға  сыншыл қарап,  орынды да тиімді шешім   қабылдауына мүмкіндік туғызады. Тағы басты бір әлеуметтік –психологиялық талап -  шынайы қатынас  практикасы мен  ойынның логикалық  үйлесімінің болуы.  Практика көрсеткендей  барлық оқушыға, топқа,  сыныпқа  бірдей жарамды  жан- жақты  ойын түрі болмайды.  Сондықтан  ойын сабақтары  түрлерін таңдап алу,  оны жүргізу мұғалімнен  үлкен шығармашылық,  ізденгіштік  талап етеді. Оқу ойындарының түрлерінің  сан алуандылығы оларды  сабақтың әр кезеңдерінде, әр түрлі тақырыптарда  жүргізуге болатындығын  көрсетеді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ