Тақырыбы:Дәстүрлі және жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктері Қатысушының аты- жөні:Абдурашитова Дилбану
Мекеме атауы: ТҮРКІСТАН ЖОҒАРЫ
МЕДИЦИНАКОЛЛЕДЖІ,
ҚАЗАҚСТАН,ТҮРКІСТАН қ.
Ғылыми жетекшісі: Хайдарова Д.Ш.
АННАТОЦИЯ. Бұл мақалада дәстүрлі және жаңартылған оқу бағдарламасының ұқсастықтары мен ерекшеліктері зерттеліп, екі оқу бағдарламасының айырмашылықтары салыстырмалы түрде берілді. Кіріспе бөлімде білім мазмұнын жаңартудың маңыздылығына шолу жасалып, зерттеу әдістері нақты ақпаратқа негізделді. Мұнда бірінші қазақ халқының кең-байтақ жерінде білім ісінің пайда болып, дамуына көз жүгіртіліп өтті. Дәстүрлі оқыту бағдарламасы бойынша сабақтағы ең басты рөл ұстаз, яғни мұғалімде болатындығы айтылып, осылай оқыту әдісі білім алушылардың белгілі бір көлемдегі біліммен қамтамасыз етілетіндігін және олар игерген білімін кең ауқымда қолдануға қабілетсіз болатындығына да тоқталды. Мақалада зерттеу әдістеріне тоқтала келе, оқыту әдістерінің дидақтикалық мақсаттары мен міндеттері көрсетіліп, кесте берілді. Талқылауда интербелсенді әдістер және осы әдістерді сабақта қолдану барысында жететін жетістіктерге тоқталып, сабақ өту барысында қолданылатын тиімді әдістер жазылды.
Кілт сөздер: білім, дағды, іскерлік, дәстүрлі, жаңартылған.
Мақала Қазіргі уақытта республикамыздың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – оқушының білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге көтеру болып табылады. Ол үшін мектепке заман талабына сай мемлекеттік білім беру стандартын енгізу, соған сәйкес кәсіби шеберлігі дамыған мамандармен қамтамасыз ету, жаңа оқу жоспары мен жаңа буын оқулықтарына көшу, орта білімді ақпараттандыру сияқты білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Себебі қазіргі уақытта орын алып отырған еліміздегі ғылыми техникалық даму мен жаңару процестері барлық салалардағы өзгерістер үлкен шығармашылық ізденісті, терең біліктілікті, еңбекті, кәсіби даярлықты, белсенділікті, жанжақты дамыған тұлға болуды талап етеді. Жаңа технологиямен оқытудағы негізгі мақсат – баланың ашылмаған қабілетін ашу, дамыта оқыту, белсенділігін, ақпараттық танымын дамыту, өзіне деген сенімін күшейту, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Ал кез-келген технология мұғалімнен терең теориялық білім, үлкен педагогикалық шеберлікті, сонымен қатар баланың жан дүниесін түсінетін психолог болуды талап етеді. Осы мақсатта елімізде жаңартылған білім беру бағдарламасы қолға алынып, жүйеге енгізілді. Білім беру мазмұнын жаңарту бұл білім беру бағдарламасының мазмұны мен құрылымын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады . Білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізудің негізінде өзінің бойына ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды сіңірген, кез келген өмірде кездесетін жағдаятта функционалдық сауаттылық пен бәсекеге қабілетті бола алатын адамның үйлесімді қалыптасуы мен зияткерлік дамуы үшін қолайлы білім беру ортасын құру болып табылады. Заман талабына сай ұсынылған талаптарға сәйкес заманауи жоғары оқу орны «білімді тұлғаны», яғни білімі, іскерлігі мен дағдысы қалыптасқан жеке тұлғаны дайындаумен ғана шектеліп қалмай, белсенді және шығармашылықпен ойлана алатын, ақыл-ойлы және жан-жақты дамыған жеке тұлғаны өмірдің өзгерістеріне дайын болуға бағыттауға тиіс. Яғни, білім ордасындағы білім берудегі жаңа моделінің құрылымы әдеттегі дәстүрлі «Білім ордасында нені оқу керек?» емес, «Білім ордасында не үшін оқу керек?» деген мән мәтін аясында өрістелуі тиіс. Зерттеу әдістері Біздің еліміздің кең кеңістігінде білім берудің пайда болуы мен даму тарихы алыс уақыттардан бастау алады. Тарихтан белгілі болғандай, Қазақстан аумағында, әсіресе оның отырықшы аудандарында, ерте орта ғасырларда (б.з. д. VII-VII ғғ.) көптеген мектептер (мұсылмандық бастауыш оқу орны) мен медреселер, діни білім беретін жоғары оқу орындары жұмыс істей бастаған. Тараз, Сайрам, Түркістан, Отырар және т.б. ерте қалаларда медреселер көп болды, олардың жалпы саны 84-ке жетті. Медреселер тек оқу орны, мұсылман дәстүрлерін таратушы ғана емес, сонымен қатар ірі мәдени орталық ретінде қызмет етті. Бұл оқу орындарында заң, тарих, логика, философия, математика, астрономия, медицина және т.б. пәндер енгізілді. Сабақ барысында басым уақыт ұстаздың сабақ түсіндіруіне жұмсалатын. Сонымен қатар, дәстүрлі оқыту бағдарламасы бойынша сабақтағы ең басты рөл мұғалім, яғни ұстазда болатын . Осылай оқыту әдісі білім алушыларды белгілі бір көлемдегі біліммен қамтамассыз етеді, дегенмен олар игерген білімін кең көлемде пайдалануға қабілетсіз болады. Мұндай оқыту әдістерінің оқу мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігін өз еңбегінде Р.Қ.Қоянбаев төмендегі кестеде көрсеткен. Талқылау Балаларға жүйелі білім беру және сондағы алған білімі негізінде іскерлігі мен дағдысын дамытып, қалыптастыру сияқты оқу процесінің негізгі проблемалары сабақ беру арқылы іске асады. Сондықтан да сабақ беру әдістеріне әрқашан да ерекше назар аударылып, оны жетілдіру күн тәртібінен түспей келеді. Ал, қазіргі жаңартылған білім беру бағдарламасының артықшылығы сабақта көптеген интербелсенді әдістер қолданылады. Себебі, техниканың дамыған заманында, әсіресе ұялы телефонның белең алған кезеңінде, білім алушылардың дәстүрлі сабақ беру әдісімен пәнге деген қызығушылығын арттыру былай тұрсын, жай ғана сабаққа деген назарын аударту қазіргі таңда мүмкін болмай отыр. Сондықтан да дәстүрлі әдістің орнына интербелсенді әдістерді қолдану тиімдірек болып келеді. Мысалы, сабақта жиі қолданылатын бір интербелсенді әдісті алсақ, сабақты проблема тастаумен бастасақ, проблемалық оқыту мұғалімге оқу материалы мен оқыту әдістерін түрлендіріп отыруға мүмкіндік берсе, бұл оқыту түрі оқушының ізденіс әрекетін ғана қамтып қоймайды, сонымен бірге бүкіл ара қашықтықты – орындаушылық қызметтен шығармашылық қызметке дейін тұтас қамтиды, оның үстіне зерттеу әдісі проблемалылық үдерісін жүзеге асыру жолдарының бірі ғана. Проблемалық оқытудың негізгі айырмашылығы білім алушының дайын ақпараттарды қолданудан сол мәселелерді керек қылатын, ізденуші адамға айналуында.
Осыған ұқсас интербелсенді әдістерді сабақта қолдансаңыз төмендегідей жетістіктерге жетесіз :
- оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырады;
- сабақ қызықты, әрі мағыналы болады;
- оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласын арттырады;
- оқушылардың ой-өрісін дамытады;
- оқушылардың сабаққа назарын аударады.
Бұл да бір жаңартылған білім беру бағдарламасының дәстүрлі оқытудан айырмашылығы болып табылады. Осы интерактивті әдісті пайдаланып отырған жаңартылған білім беру бағдарламасының тағы бір артықшылығы уақыттың көп бөлігі білім алушылардың өздеріне беріледі. Яғни, сабақ оқушыларға мұғалімнің проблема беру арқылы балалардың сабақтың тақырыбын ашуымен басталса, оқушылармен - Мен не білемін? - Не білдім? - Мен нені білгім келеді? деген сұрақтардың төңірегінде ой бөлісіп, кері байланыс жасау арқылы ұстаз сабақты аяқтайды. Осы әдістемелерге сәйкес оқытушының басты міндеті білім алушылардың белгілі бір білім жиынтығын игеруі ғана емес, сонымен қатар олардың оқуға деген қызығушылығын дамыту, оқуға үйрету болып табылады. Жақсы ұйымдастырылған оқыту әдістерінің көмегінсіз оқу материалын игеруді ұйымдастыру қиын. М. К. Жайлауова оқу орнында қолданылатын тиімді әдістерді өз еңбегінде былайша көрсетті .
1. Дәстүрлі сабақтың дәстүрлі емес бастауы - сабаққа эмоционалды бұрылыс (видео, ребус, жұмбақ), мақсаттарды, күтілетін нәтижелерді, күдіктерді анықтау.
2. Проблемалық мәселелерді қою және шешу, проблемалық жағдай жасау. Сабақта қолданылатын проблемалық жағдайлардың түрлері: күтпеген жағдай; жанжал жағдайы; белгісіздік; болжамды жағдай; таңдау жағдайы.
3. Рефлексия мен қорытындылауды ұйымдастыру.
4. Оқу материалын таныстыру-ақпараттық технологияларды, электронды құралдарды, интерактивті тақтаны және т. б. қолдану.
5. Индуктивті және дедуктивті логикалық тізбектерді қолдану.
6. Оқытудың интерактивті формаларын немесе олардың элементтерін қолдану: «дизайн әдісі», «кейс әдісі» , «рөлдік ойындар» , «пікірталас» , «ми шабуылы» .
Нәтижелер Дәстүрлі сабақтың дәстүрлі емес бастауы - сабаққа эмоционалды бұрылыс (видео, ребус, жұмбақ), мақсаттарды, күтілетін нәтижелерді, күдіктерді анықтау . Мен төмендегі кестеде дәстүрлі және жаңартылған оқу бағдарламаларының арасындағы айырмашылықтарды көрсеттім. Қорытынды Мектеп білім алушыға жаңа әлемнің есігін ашып, рухани дүниесінің қалыптасуының алғашқы баспалдығы болады. Мектептің баланы оқытудағы негізгі басты міндеті – білім алушының жеке басының жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз ету, баланың қабілетін анықтай отырып, оны дамыту, оқу ордасына жылдам бейімделуге қажет жағымды мінез-құлық қалыптастыру. Білім алушы бойындағы қиындықтарды жеңе білу мақсатындағы оқыту әдісінің мазмұнын жаңаша оқыту болып табылады. Жаңартылған оқу бағдарламасымен оқытудың ерекшелігі-мұғалім балаларға ғылымның тұжырымдарын айтып қана қоймай, мүмкін болса оларды ашуға жетелейді, проблемалық жағдайларды жасау арқылы ғылыми ізденіСалыстыру критерийі Әрекеттер Дәстүрлі Жаңартылған Оқыту ақпараттарын беру және оларды игеру жолдары Мұғалім – білім мен дағдылар үлгісін беруші Мұғалім – оқушының серіктесі және оған өзін-өзі тәрбиелеуге бағыттай отырып «интеллектуалды» жағдай жасайды Тапсырмаларды дайын түрде енгізу Тапсырмаларды еркін іздеу жағдайы түрінде енгізу. Мысалы, болжамдар, жорамалдар Тапсырмаларды тек мұғалімнің тікелей нұсқауы бойынша орындау Тапсырмаларды мұғалімдердің тікелей нұсқауынсыз орындау Жаңа білім - әртүрлі жаттығуларды шешу кезінде, өткен материалды есте сақтау арқылы игеріледі Жаңа білім – іздеу және зерттеу түріндегі оқу іс-әрекеті кезінде игеріледі Оқу мақсаты Белгілі бір көлемдегі білім, білік және дағдыларды беру Оқушының өзін-өзі өзгертуіне түрткі бола алатын өзін-өзі дамыту және өзін-өзі тану дағдыларын қалыптастыру Сабақтың мақсатын анықтау Педагог анықтайды Мұғалім оқушының сабақтың мақсатын анықтау үшін қабілет тапшылығы жағдайын болжайды Оқыту міндеттері Білім, білік және дағдылардың белгілі бір жиынтығын игеру Ұғымдардың білгілі бір жүйесін игеру- дамыта оқыту мазмұнының негізгі компоненті Мұғалімнің рөлі Дайын білімді аудармашы, тәртіпті қадағалайтын бақылаушы, бағалаушы, білімді насихаттаушы Оқу іс-әрекетінің субъектісі, оқушының серіктесі, танымдық іс-әрекетті ұйымдастырушы, ұжымдық істерді сақтаушы, кеңесші ( өзін-өзі дамытуға бағыттайды, оқушының қоршаған орта жағдайында өзін-өзі бақылау жағдайларын қалыптастырады, оқушының сабақтың мақсатын анықтауына жағдай жасайды) Оқушының рөлі Оқу нысаны Оқу пәні: мұғалімнің басшылығымен өзін-өзі оқыту процесін түсінеді, сабақтың мақсатын тұжырымдау бойынша өзіне міндет алады; өзін-өзі бақылау тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді Пән Мұғалімнің толық бақылауы Ең көп бөлігінде оқушылардың өзінөзі бақылауы қамтамасыз етіледі Мұғалімнің негізгі талабы Маған қарап жаса Ойланып әрекет жаса Мұғалімнің қызметі Білім беру Тұлғаны өсіруші Оқытудың басым әдісі Мәліметтілік Ізденуші- зерттеушілік Оқу әрекетінің бірлігі Сабақ немесе іс-шара оқу материалының алдын-ала таңдалған бірлігі Оқу тапсырмасы анықталғаннан кейін педагогикалық материал нақтыланады Модельдеу Мұғалім сабақта жүргізеді (бірақ міндетті емес) Мұғалім сабақта жүргізеді, оқу іс-әрекетін қалыптастырудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады Оқушының өзіндік жұмыс уақыты мұғалімнің материалды түсіндіруге жұмсаған уақытымен салыстырғанда
Пайдаланған әдебиеттер
1. Ауезова А. Жаңартылған білім берудің тиімділігі мен ерекшелігі // Педагогикалық журнал. – 2015.
2. Закиева Р.Р. Подготовка квалифицированных рабочих в учреждениях профессионального образования // Санк-Петербургский образовательный вестник. – 2017.
3. Хот Д. Профессиональные компетенции учителей для развития творческих способностей и поддержки успешных учеников // ZDM Международный журнал математического образования. – 2016.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Дәстүрлі және жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктері

шағым қалдыра аласыз