Материалдар / Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері. Қазақ қоғамының жікке бөлінуі туралы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2022
844
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қосымша 1

Қазақ хандығының әлеуметтік құрылымы

Қазақ хандығының әлеуметтік құрылымы: а) хан мен сұлтандардың әлеуметтік-құқықтық мәртебесі; б) діни адамдардың әлеуметтік-құқықтық мәртебесі; в) ру беделдерінің би батыр бай әлеуметтік-құқықтық мәртебесі; г) шаруа, төлеңгіт, құлдрдың құқықтық мәртебесі

Хан. Қазақ қоғамының жоғарғы мемлекет басшысы хан болды. Қазақ хандары Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарады. Ханның қолында әскери және азаматтық билік шоғырланды. Хан әскердің бас қолбасшысы болып есептелді.

Сұлтандар. Ханнан кейін жоғарғы мемлекеттік билік сұлтандардың қолында болды. Сұлтандар ханның тірегі болып саналды. Сұлтандардың ортасынан хан сайланады. Сұлтан деген құрметті атақ тек Шыңғыс ханнан тарағандарға берілді. Сұлтандар ханның тапсыруымен белгілі ру-тайпалардың және олар көшіп-қонған жайылымдардың егесі болды. Сұлтандар жергілікті әкімшілік билікті жүзеге асырды. Сондай-ақ олар әскери биліктің де, сот билігінің де тізгінін ұстады.</h4> Сұлтанның билігінің осылай саяси да территориялық та маңызы болды. Қазақ қоғамы ақсүйек және қарасүйек деп екіге бөлінді. Ақсүйектерге Шыңғыс ханнан тараған ұрпақтар төрелер жатты. Төрелерден сұлтандар мен хандар шықты. Мұндай бөлу Шыңғыс ұрпақтарының билігін мәңгілендіру және олардың артықшылығын рәсімдеу арқылы жүзеге асырылды. Ақсүйектердің екінші тобын қожалар құрады. Қожалар қоғамдағы рухани сала-ислам дінін алғашқы таратушылардың ұрпақтары. Қожалар ислам дінін насихаттаумен, молдалықпен, діни оқу-ағарту ісімен айналысты.

Билер. Қазақ қоғамында ерекше рөль атқарған топ билер. Би қоғамдағы аса маңызды лауазым иесі, беделді адам болды. Би бұрынғы бек атауының өзгерген түрі деген пікір бар. Билердің билігі жан-жақты болған. Біріншіден, ол атына сай билік құрушы, әкімшілік құқығы бар лауазым иесі. Бұл тұрғыда билер рулар мен тайпаларды немесе белгілі бір өңірді билеуші адам. Екіншіден, билер даладағы сот процессуалдық істерді жүргізіп, үкім, шешім шығарушы немесе тергеу ісі мен сот ісін жүргізуші. Олар қазақтардың әдет-ғұрып құқығының ғана емес, шариғаттың да білгірі. Үшіншден, билер соғыс жағдайында әскер басы, дипломатиялық, елшілік қызметтер де атқарды. Билердің бәрі де сқан зерек, шешен, ақылдығымен ерекшеленетін.

Көшпелілер арасында ежелден соғыстар көп болды. Қоғамдық өмірдің өзі де жартылай әскериленген сипат алған еді. Қазақ қоғамы кез келген жағдайда сыртқы жауға тойтарыс беруге даяр тұрды. Осындай жағдайда халықты отан қорғауға бастайтын ерекше әлеуметтік топ батырлар қалыптасты.

Қазақ қоғамында үстем тап өкілдерінің негізгі көпшілігі байлар болды. Қазақ байлары ірі мал иелері. Байлар сондай-ақ байлығының арқасында үлкен жайылымдар мен тоғандарға иелік еткен.

Шаруалар. Қазақ қоғамының көпшілік бөлігін шаруалар құрды. Шаруа жеке басы тәуелсіз ерікті қоғам мүшесі. Шаруашының жеке шаруашылығы өзіне қажетті малы болды. Шаруалардың кейбір бөлігі егіншілікпен айналысты. Қолөнермен кәсіп қылған шаруалар да болды. Шаруалардың кейбір өкілдері аңшылықпен және балық аулаумен күн көрді.

Қоңсы шаруалар ауқатты ауылдарға қоңсы қонып, байлардың, би, сұлтандардың малын бағып, солардың көмегімен көшіп-қонып жүрген кедей шаруалар тобы болды.

Қазақ қоғамының ең қорғансыз және мал-мүлкі, үй-жайы, тіпті отбасы да жоқ тобы байғұстар деп атады. Ерекше әлеулеметтік топ төлеңгеттер деп атады. Олар жаугершілік жағдайда хан, сұлтандар, билер мен батырлардың төңірегіне олардың нөкерлері ретінде топталды. Бейбіт кезде олардың шаруашылығын қамтамасыз етті, салық жинау мен хабаршылардың жұмысын атқарды.
Қазақ қоғамында патриархалдық (үй шаруашылығындағы) құлдық та болды. Құлдың ешқандай құқығы да еркі де болмады. Қожайыны құлды қандай жазаға тартса да, сатса да ерікті болды. Құлдың құны бір аңшы ит немесе аңшы құсқа теңеліп те кете берді. Құлдың әйелін немесе құлдыққа түскен әйелдерді кұң деп атады. Құлға тұтқынға түскендер, борышқа батқандар түсті. Құлдардың саны көп болмаған және олар материалдық игіліктерді молайтуға ерекше үлес қоспаған.

Құлдың өмірі ауыр болғанымен уақыт өте құлдықтан босату жиі кездескен. Мұның өзі қазақ қоғамының адамгершілік жақтарын көрсететін құбылыстар



































Қосымша 3

  1. Кестені толтырыңыз:

Міндеттері:

1.

2.



Қызметі:



Хан

Қызметі:



Қазақ ханы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!