"Дәуір үні" радиосы. 10 минуттық ақпарат

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Дәуір үні" радиосы. 10 минуттық ақпарат

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақмола облысының білім басқармасы

«№5 Агротехникалық колледжі» КММ


10 минуттық ақпарат


«Дәуір үні» радиосы

Тақырыбы:

2019 жылғы тағылымды тұлғалардың мерейлі жылдары.

Қазақ әдебиеті



Өткізетін: екінші санатты қазақ тілі және

әдебиет пәнінің оқытушысы А.С.Байзақ













Бозайғыр ауылы.

«Дәуір үні» радиосы.

Барысы: «Дәуір үні» радиосы, Музыка фонын қою. (00.18)

Жүргізіші: Танымы терең, талғамы таудай барша тыңдаушылар! Сәлеметсіздер ме? Қадірменді радио тыңдаушылар тікелей әуе толқынында «Дәуір үні» радиосынан сөйлеп тұрмыз. Микрофон алдында 2 курс студенті Сымбат Сұлтанова. Бүгін назарларыңызға қазақ әдебиетінің 2019 жылғы мерейтой иелері жазушы Әбіш Кекілбаев пен ақын Фариза Оңғарсынова туралы ақпараттарды ұсынамыз. (1 мин)

Заманымыздың заңғар тұлғасы, Кемеңгер тұлға, ірі қоғам қайраткері, аса дарынды жазушы Әбіш Кекілбаевтың туғанына 80 жыл.
Әбіш Кекілбаев 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған.
* Шығармашылығы:*Алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1962 жылы, «Бір шөкім бұлт» 1965 жылы жарық көрді. Ауыл өмірінен жазылған повесть, әңгімелер жинағы «Дала балладалары» - Әбіш Кекілбайұлының кең тынысты эпик, суреткерлік болашағын танытады. 

* Шандоз» «Аңыздың ақыры», «Үркер», «Елең-Алаң» романдары, «Бір шөкім бұлт», «Күй», «Бәйгеторы», «Шыңырау», «Бәсеке», «Ханша дария хикаясы», «Құс қанаты», «Бір шоқ жиде», «Шеткері үй» повестері жарық көрді. «Үркер», «Елең-алаң» романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ КСРО Мемлекеттік сыйлығын алды. * Марапаттары: Қазақстанның Еңбек Ері, Отан ордені, Назарбаев ордені, ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл медалі, ҚР Парламентіне 10 жыл медалі, Астана қаласына 10 жыл медалі, Құрмет белгісі ордені, Достастық ордені, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері, Елбасының бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының иегері , Қазақстанның халық жазушысы, Маңғыстау облысының құрметті азаматы.


2.

Фариза!

Фаризажан, Фариза – қыз,

Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.

Шыдай – шыдай ақыры жалығармыз,

Бірімізден біріміз арылармыз.

Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,

Шаң басқан архивтерден табылармыз- деп Мұқағали Мақатаев жырлаған ПОЭЗИЯ ПАДИШАСЫ, ақын, Қазақстанның халық жазушысы, журналист, аудармашы Фариза Оңғарсынованың туғанына 80 жыл. Фариза Оңғарсынова 1939 жылы желтоқсанның 25-де Нарын құмында Иманғалиұлы Оңғарсынның отбасында дүниеге келген. Ақын қаламынан туған жер, Махаббат, әйелдер, достық туралы жалынды өлеңдері жарық көрді.

* Танымал шығармалары

  1. «Маңғыстау маржандары», «Жүрек күнделігі», «Сұхбат»,«Жүректің төрт мезгілі», «О, туған жер», «Поэзия», «Махаббатсыз, сезімсіз көңіл жетім» тб.

*МАРАПАТТАРЫ

*Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, "Құрмет Белгісі", "Парасат" ордендерімен марапатталған.

*Республика мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер.

*Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болған.

*ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1979). (4 мин)


Көркем сөз: Фариза ақынның бірнеше өлеңдеріне арқау болған тақырып- асқар тау әке мен аяулы ана тақырыбы.

1. «Әке-ана» өлеңі.- (компьютерден қою) (00:55)

2. Фариза әйел тағдырына ерекше көңіл аударып, әйелге тән төзімділікті, өткірлікті, сезім күйлерін, кейде сол сезімге малтығып қалатын әлсіздікті, адал махаббаты, көңіл нәзіктігін терең жырлайды.


«Анама»
Кеудеңде мені тербеттің,
Жас шыбық енді көктеді.
Мінеки, мен де ержеттім,
Еңбегің бекер кетпеді.
Өмірде мынау ең жақын
Аяулым сенсің, анашым!
Болмаса мейлі зор даңқың,
мен үшін бірақ данасың.

Мейірім төккен нұр жүзің
тұрғандай сезем жанымда.
«Адал бол, - деуші ең – жұлдызым».
сақталды сөзің жадымда.
«Игі еңбек түбі осы - ау», - дер
көргендер жеміс ағашын.
Қартаймай, мәңгі жасай бер,
Мәңгілік Күндей анашым!

(00:40)

3. «Анаңның бетінен сүй» өлеңі.- (компьютерден қою) (1 мин)

Қазақтың қайсар қызы, өлеңді өмірге айналдырған, шындықты сүйген сұлу жырдың иесі Фариза Оңғарсынова қазақ әдебиетінде өшпес мұра қалдырған тұлға.


Ән: Тыңдарман қауым, Қуандық Рахымның орындауындағы «Мен қазақпын» атты рухты әнді қабыл алыңыздар! (03:43)

Жүргізуші: Құрметті радио тындаушы қауым! Сіздер қазақ әдебиетінің 2019 жылғы мерейтой иелері Әбіш Кекілбаев пен Фариза Оңғарсынова туралы ақпарат тыңдаңыздар. Жастар, әсіресе өзімнің қатарластарыма қазақ әдебиетін оқуға,көркем сөзді тыңдаңыздар деген Ұран тастағымыз келеді. Фариза ақын өз жазбасында кітап оқу туралы былай деп үн қатқан еді: «Кітап оқымаған адам – тамырсыз қаңбақ. Өркениетті мемлекет болу үшін жеке пенделерді ғана байытып отырған материалдық байлық емес, ол мемлекетке адамдардың рухани байлығы керек. Кітап – сол рухани байлықтың негізгі бөлімі»-деген екен.

Әрдайым «Дәуір үні» радиосымен бірге болыңыздар! Сіздер үшін бүгінгі бағдарламаны жүргізген 2 курс студенті Сымбат Сұлтанова. Мен сіздермен ертең сағат 11:40-та «Дәуір үні» радиосының тікелей әуе толқынында қайта қауышатын боламын. Сондықтан «Дәуір үні» радиосының тікелей әуе толқынынан алыстамаңыздар!

Музыка фонын қою. (00.18)





























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
29.01.2019
352
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі