Материалдар / "Дауылпаз ақын". Қ.Аманжоловтың шығармашылығы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Дауылпаз ақын". Қ.Аманжоловтың шығармашылығы.

Материал туралы қысқаша түсінік
"Дауылпаз ақын". Қ.Аманжоловтың шығармашылығына байланысты әдеби кеш.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қазан 2018
715
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бір сынып, бір кітап» акциясы аясында

Қасым Аманжоловтың «НҰРЛЫ ДҮНИЕ» таңдамалы өлеңдер жинағын насихаттауға бағытталған «Дауылпаз ақын»әдеби сазды кешінің бағдарламасы

Мақсаты:

  • қазақ поэзиясының, ақынның өз сөзімен айтқанда, «Найзағайлы қара бұлттан от алған» жауынгері Қасым Аманжоловтың әдеби мұрасына өскелең ұрпақты ықтиярлықпен қарауға баулу;

  • ақын шығармашылығының, өмірінің маңызды шағы өз Оралымызда бастама алғандығымен байланыстыра отырып, отаншылдық сезімдерін ояту;

  • өзге оқырман қауымды Қасымның шығармашылығына өз сыныбыма қатты ұнаған шумақтарын жатқа айта отырып таныстыру.

Көрнекіліктер: активстудио, бейнеролик, аудио тыңдалым(әндері), тақырып символдары (мысалы, махаббат – жүрек т.б.)

Барысы:

Құрметті оқушылар бүгін біз ай жарым уақыт ішінде «Бір сынып, бір кітап» акциясы аясында танысып, мағыналы ой, тағылымды жырларымен сусындаған «Дауылпаз ақын» атанған Қасым Аманжоловтың шығармашылығымен, яғни «Нұрлы дүние» таңдамалы өлеңдер жинағын қорытындылағалы отырмыз. Олай болса ақын туралы мына «Қасым Аманжолов туралы» сюжетке назар аударсақ

Ақын шығармашылығын тақырып бойынша бөліп меңгеру үшін топқа бөлуге шақырамын (мозайка әдісі бойынша төрт топқа жіктеледі)

І Отан, туған жер туралы

ІІ Махаббат туралы

ІІІ Соғыс туралы

ІҮ Өмір туралы

Олай болса осы уақытқа дейін жаттаған өлең шумақтарын осы төрт бағытқа негіздеп, қорғауға дайындалуға екі минут беріледі. («Дариға, сол қыз» Қасымның сөзіне жазылған әні тыңдалады)

Әр топ өз тақырыпшаларына сай, өздері бағамдап, сыни ойлай отырып шығармашылығын ұсынады, яғни жатқа айтады.

Қорыта айтқанда, дауылпаз жырымен күллі әлемге әйгілі болған ақын, әртіс, әншілігімен танымал, Ұлы отан соғысы жылдарында қаруыменде, қаламыменде жауға қарсы күресе білген дара, дарын қазаққа біткен бақ емей немене?

Өкінбен менде бір күн өлемін деп,

Өкінем ұқсата алмай келемін деп,

Күніне жүз ойланып, мың толғанам

Өзіммен бірге өлмесін өлеңім - деген қорқынышы сіздер сияқты жырынан інжу маржан өрген ұрпағы барда сейілері анық. Қасым шығармашылығы өмірлеріңді дұрыс арнаға бұрар темірқазық болуына тілектеспін. Келесі кездескенше сау саламатта болайық!

































«Бір сынып, бір кітап» акциясы аясында

Қасым Аманжоловтың «НҰРЛЫ ДҮНИЕ» таңдамалы өлеңдер жинағын насихаттауға бағытталған «Дауылпаз ақын» атты әдеби сазды кештің өтілуі барысының анықтамасы

Түрі: әдеби сазды кеш

Мақсаты:

  • қазақ поэзиясының, ақынның өз сөзімен айтқанда, «Найзағайлы қара бұлттан от алған» жауынгері Қасым Аманжоловтың әдеби мұрасына өскелең ұрпақты ықтиярлықпен қарауға баулу;

  • ақын шығармашылығының, өмірінің маңызды шағы өз Оралымызда бастама алғандығымен байланыстыра отырып насихаттау;

  • отаншылдық сезімдерін ояту;

  • өзге оқырман қауымды Қасымның шығармашылығына өз сыныбыма қатты ұнаған шумақтарын жатқа айта отырып таныстыру.

Көрнекіліктер: активстудио, бейнеролик, аудио тыңдалым(әндері), тақырып символдары (мысалы, махаббат – жүрек, т.б.)

«Бір сынып, бір кітап» акциясы аясында оқып, танысқан ақын Қасым Аманжоловтың өмірі, шығармашылығы туралы бейнероликтен басталды. Бұдан оқушылар мол мағлұмат алды. Содан соң сынып оқушыларын ортаға шақырып, тақтада ілулі тұрған суреттен өздеріне ұнағандарын алуды ұсындым.

Өзге емес өзім айтам өз жайымда



Оқушылар өздеріне ұнаған суреттерді таңдай отырып, төмендегідей топқа бөлінді.

І Отан, туған жер туралытопқа – Ақжүніс, Жалғас, Жанболат

ІІ Махаббат туралы - Гүлфия, Өмірбек, Альбина

ІІІ Соғыс туралы –Бекарыс, Гүлрайхан, Ерке, Мағжан

ІҮ Өмір туралы-Абылай, Мариям, Есболат.

Оқушыларға жаттаған өлеңдерін тақырыпбойынша саралап, дайындау үшін екі минут уақыт берілді. Ал көрермен қауымға осы уақытта «Дариға сол қыз» өлеңін тыңдаттым.

Межелі уақыт аяқталғаннан кейін топтарға сөз берілді.

І Отан, туған жер туралытоптан Ақжүніс сөз алды: « Жалпы Қасым Аманжолов туған жертақырыбына көптеген өлең шығарған. Соның ішінде Қасымның азамат, ақын болып қалыптасуына өзіміздің Орал қаласының орны бөлек. Оның осы тақырыптағы Сарыарқа, Жетісу, Жайық, Ертіс, Көкшетау сынды өлеңдері бар. Соның ішінен жанымызға жақындарын оқып беруді ұйғардық» - деді.

Ақжүніс –«Орал»,

Жалғас –«Ертіс»,

Жанболат –«Жайық» атты өлеңдерін жатқа айтты.

ІІ Махаббат туралытоптанГүлфия сөз алды: « Махаббат тақырыбында жырламаған ақын жоқ болар сірә. Қасымның да көптеген өлеңдері махаббат, адалдық, сүйіспеншілікке арналған. Оның Колхазшы қызға, Испан қызына, Мен табиғат бөбегі, Дариға сол қыз, Айтшы жаным т.б. өлеңдері бар. Соның ішінен өзіміз сүйіп оқығандарын назарларыңызға ұсынамыз» - деді.

Гүлфия–«Қарай қарай көзімнің нұры бітпес»,

Өмірбек –« Күндей шалқып күлгенің»,

Альбина –«Мен табиғат бөбегі» өлеңдерін жеке жатқа айтып болған соң топ мүшесі Өмірбек сөз алды: Қасым Аманжоловтың «Сөзімді кұп ал, құрбым күлімсіреп» өлеңіне эксперимент жасап, сыныптасымыз Гүлфия екеуміз диалог ретінде оқып бергіміз келеді» деп өз тілектерін білдіріп, тамаша әсерлі туындыны ұсынды.



ІІІ Соғыс туралытоптан Бекарыс сөз алып, былай деді: «Ақын шығармашылығымен сусындай отырып, оның Ұлы Отан соғысы кезінде жауға қаламыменде, қаруымен де қарсы тұрған ақын жазушы екендігін ұғындық. Оның осы тақырыпта жазған өлеңдерінің шоқтығы биік деп тапқан өлеңдерімізді жатқа айтуға рұқсат етіңіздер» - деді.

Мағжан - «Дүние сыймас бомбаға»,

Ерке –«Үстімде сұр шинелім»,

Бекарыс –«Сен – фашистсің, мен – қазақпын» өлеңдерін асқан тебіреніспен орындап шықты. Ал топ мүшесі Гүлрайхан соғыс тақырыбында сурет салып, өз жанынан «Қасым, аға!» деген өлеңімен бөлісті.

Қасым аға!

Мен саған бас иемін

Баршамызды таң қалдырған қасиетің.

Әрі ақын, әрі батыр, әрі әнші

Барша ару өзіңе ғашық еді

Көрермен қауым Гүлрайханның бұл өнерін зор ілтипатпен қабыл алды.

ІҮ Өмір туралытоптан Мариям сөз алды: «Жалпы ақын шығармашылығының ажырағысыз бөлшегі ол өмір, өзі туралы болатын. Біздің де осы «Нұрлы дүние» таңдамалы жинағынан келесі өлең шумақтарын ұсынамыз» - деді.

Мариям – «Ерлік қандай, ел қандай!»

Есболат –«Шықтым өмір шыңына»

Абылай –«Өзім туралы» өлеңінен үзінді оқыды.

Көрермен қауымға «Өзім туралы» әнін тыңдаттым. Ондағы мақсатым, тек қана ақын емес, әртіс, әншіні басқа қырларында насихаттай отырып, тағылымды өлең жолдарының мағынасының тереңдігін ұғындыру болатын.

«Нұрлы дүние» таңдамалы жинағының осы ай жарым уақыт аралығында тек осы кітапқа кіріктірілген 297 өлеңімен танысып, сусындадық. Ал жинаққа енген төрт поэмасы «Құпия қыз», «Абдолла», « Жамбыл тойында», «Біздің дастан» кіріктірілгендігін тілге тиек еттім. Келесі кезекте сынып оқушыларымен ақынның «Құпия қыз» поэмасымен танысуды мақсат етіп отырғандығымызды айттым. Және көрермен қауымды дауылпаз жырымен күллі әлемге әйгілі болған ақын, әртіс, әншілігімен танымал, Ұлы отан соғысы жылдарында қаруыменде, қаламыменде жауға қарсы күресе білген дара, дарын Қасым Аманжолов шығармашылығымен танысуға шақырдық. Жалпы әдеби сазды кеш алар тағылымы мол, өз мақсатына жеткен деп бағаланды.

9 «а» сыныбының жетекшісі Диляра Қадырғалиқызы Уразбаева

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!