Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дауысты, дауыссыз дыбыстар Сауат ашу

Материал туралы қысқаша түсінік
• Дыбыс түрлері туралы білімдерін пысықтау, қайталау; • Ойланып, қорытынды жасай білуге үйрету; • Достыққа, жолдастыққа тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

« » ересек тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің констпектісі

Күні:

Білім беру саласы:Қатынас

Бөлімі:Сауат ашу

Тақырыбы: Дауысты, дауыссыз дыбыстар

Мақсаты:

  • Дыбыс түрлері туралы білімдерін пысықтау, қайталау;

  • Ойланып, қорытынды жасай білуге үйрету;

  • Достыққа, жолдастыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал – жабдықтар, көрнекіліктер: дыбыстар елі сызбасы, У әрпі жазылған доп, әріптер

Іс-әрекет

Тәрбиеші әрекеті

Бала әрекеті

1.Мотивациялық қозғаушылық

Жылулық шеңбері

Кел, достарым келіңдер,

Қолдарыңды беріңдер.

Шаттық толы шеңберге,

Қуанышпен еніңдер

Қайталау

Дыбыс пен оның таңбасы болып табылатын әріпті қайталатады


Шеңберге тұрып айтады.

- Дыбысты айтамыз, естиміз. Әріпті жазамыз, көреміз.

2. Ұйымдастыру - іздестіру

Жаңа тақырыпқа кіріспе

- Бүгін біз дыбыстар еліне саяхатқа барамыз. Егер дыбыстар мен әріптер туралы жақсы білмесек ол жақта адасып кетуіміз мүмкін. Ал жақсы білсек, сыйлықтар аламыз. Қалай ойлайсыңдар, адасып кетеміз бе, әлде сыйлық алып қайтамыз ба? Ендеше көздеріңді жұмып, үшке дейін санаңдар.

Балалар көздерін жұмғанда тақтадағы суретті ашады.

Жаңа тақырып

Балалардың назарын тақтада ілінген «Дыбыстар елінің» сызбасына аударады

Әр белгі конверттің ішіне әріптер салынған.

- Міне, біз дыбыстар еліне келдік. Тыңдайықшы, қандай дыбыс естіледі екен? Неге ешқандай дыбыс естілмейді?

Балалардың айтқан әртүрлі болжамдарын тыңдайды.

- Қарап көріңдерші, мүмкін бір жерлерден әріптер көрінетін шығар? Неге ешқандай әріп көрінбейді?

Балаларға өз болжамдарын айтқызады.

- Мен түсіндім, дыбыстар біздің келе жатқанымызды естіп, өз әріптерімен бірге мына белгілердің ішіне жасырынып қалыпты. Енді біз қай белгінің ішінде қай дыбыстардың әріптері жасырынғанын табуымыз керек.

Дыбыстарды анықтау барысында тәрбиеші балаларды жетелеп көмектеседі.

Бірінші белгіні көрсетеді:

-Қызыл түспен белгіленіпті, яғни, мұнда жасырынғандар қандай дыбыстар болғаны? Ал бұл белгі неге жалпақ, жуан? Жуан айтылатын қандай дыбыстарды білеміз? Жарайсыңдар, дұрыс таптыңдар, бұлар – [а], [о] дыбыстары

Белгі конверттің ішінен А, О әріптерін шығарады, есімдері осы дыбыстардан басталатын балаларға әріптерді сыйға береді. Барлығы осы ретімен жалғасады.

-Екінші белгі де қызыл түсті екен, бірақ жіңішке екен, яғни қандай дыбыс болғаны? Мен де солай ойлаймын. Қане, тексеріп көрейік. Дұрыс айтыпсыңдар, бұлар – [е], [ө], [ә] дыбыстары екен

- Үшінші белгі көк түсті екен, әрі бұл дыбыстар тастай қатты дегенді білдіріп, сыртына тастың суретін салып қойыпты. Көк түсті, яғни, дауыссыз дыбыстар. Неге қатты? Дұрыс, бұлар – [т], [с], [ш] дыбыстары

-Мына дыбыстарды көк түсті қоңыраумен белгілепті. Яғни, дауыссыз болса да қоңырау сияқты үні бар, оларды айтқанда тамағымызды діріл пайда болады. Дұрыс, бұлар – [м], [н], [р], [л]дыбыстары

-Ең соңғы белгіге келдік. Мұнде неге көк түсті бұлтты салды екен? Көк түсті, яғни, дауыссыз. Неге бұлт? Дұрыс, бұл дыбыстарды айтқанда тіліміз тісімізге, ерніміз бір-біріне ақырын тиеді. Бұлар – [б], [ж] дыбыстары

- «Дыбыстар еліне» саяхатымыз аяқталды. Жарайсыңдар, адасып кетпей, сыйлық алып қайттыңдар.

Мүмкіншігігінше әріптерді барлық балаларға беру керек.

«Дыбыспен достасамыз» дид ойыны

- Балалар, [у] дыбысы бұл жолда да жалғыз қалыпты. Естеріңде ме, ол барлық дыбыспен дос болып еді ғой. Дауысты дыбыстың жанына барса – дауыссыз дыбыс, дауыссыз дыбыстың жанына барса – дауысты дыбыс болушы еді ғой.

Сыртына У әрпі жазылған допты әр балаға береді, ол бала өзіндегі әріпдыбысына [у] дыбысын қосып айтып, допты қайтарып береді: СУ; ТУ, АУ, ОУ, ШУ, ҚУ т.б

Дәптермен жұмыс

Дәптердегі тапсырманы орындау

Кел жазайық

Түзу отырғызып, жазу жұмыстарын орындатады

Тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдайды




Көздерін жұмып, үшке дейін санайды



«Дыбыстар елін» тамашалайды



Ешқандай дыбыстың естілмегенін айтады.

Әр бала өз ойын айтадыү

Ешқандай әріптің көрінбегенін айтады.










Әр белгіні суреттейді:

- түсі қызыл, яғни, дауысты дыбыс.

-Жуан естілетін дыбыс.

[а], [о] дыбыстары



Аттарында осы дыбыстар кездесктін балалар аталған әріптерді сыйға алады



бұлар – [е], [ө], [ә] дыбыстары



көк түсті – дауыссыз дыбыстыр

- себебі, оларды айтқанда тіліміз тісімізге, тамағымыз бір-біріне қатты тиеді

бұлар – [м], [н], [р], [л]дыбыстары.




- бұл дыбыстарды айтқанда тіліміз тісімізге, ерніміз бір-біріне ақырын тиеді

Бұлар – [б], [ж] дыбыстары






Допты алған бала өзіндегі әріптің дыбысына [у] дыбысын қосып айтып, допты тәрбиешіге қайтарып береді






Дәптермен жұмыс істейді



Жазу жұмысын орындайды

3. Рефлексивті - түзетушілік

- Қайда саяхат жасадық?

«Дыбыстар елінде» не істедік? Қандай сыйлықтар алдық?

Сұрақтарға жауап береді


Нені білу керек: артикуляциялық ерекшелігі бойынша дыбыстар түрін ажырата білуді.

Нені игерді: [у] дыбысының кейде дауысты, кейде дауыссыз дыбыс болатынын

Нені біледі: дыбыстарды айтқандағы сөйлеу мүшелерінің қалпын дұрыс айта білуді







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.11.2019
2763
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12