жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Д.Бабатайұлы "О Ақтан жас, Ақтан жас" өлеңі
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
4-сабақ
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: |
Д. Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас» |
Мектеп: Берікқара орта мектебі |
|
||
|
Күні: 16.11.2017жыл |
|
Мұғалімнің аты-жөні: Қалиева Ж.Б |
|
||
|
Сынып: 5 «а» сынып |
5 Т1 |
Қатысқандар саны: 15 оқушы |
Қатыспағандар саны:1 |
||
|
Сабақтың тақырыбы |
|||||
|
Сабақта іске асатын оқу мақсаты (оқу бағдараламасынан сілтеме) |
А/И4. Шығармашылық жұмыс Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу. Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы Шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау |
||||
|
Жетістік критерийі |
Көркем шығармадан алған әсерін сипаттайды; Хат жазудың талаптарын сақтап жазады; Грамматикалық тұрғыдан сауатты жазады; Мәтінді түсінеді; Шығарманың тарихи құндылығын бағалайды. |
||||
|
Тілдік мақсаттар |
Сүйіспеншілік, әсер, тарихи кезең, ішкі сезім |
||||
|
Құндылықтар |
Ақынның ішкі сезімі, кейіпкердің ішкі сезім |
||||
|
Жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу |
|
||||
|
АКТ дағдысын қолдану |
Слайд, АКТ дан « Ақтан жас» өлеңін тыңдау |
||||
|
Өмірмен байланысы |
Хат жазу, ой бөлісу |
||||
|
Пәнаралық байланыс |
Тарих |
||||
|
Алдыңғы білім |
Тілдік құралдар |
||||
|
Сабақ барысы |
|||||
|
Жоспарланған кезеңдері |
Жоспарланған іс-әрекеттер
|
Дереккөздер |
|||
|
Сабақтың басы: Ой шақыру Мағынаны тану кезеңі Сабақтың ортасы Бағалау Кері байланыс Бағалау Рефлексия |
Үй тапсырмасын сұрау: Оқушылар үш топқа бөлінеді. Олар бір-біріне жақсы тілектер айту арқылы сабақты бастаймыз. 1 тапсырма: 3-топтан Оқушылар Д.Бабатайұлы өмірі, шығармашылығы туралы үйден дайындап келген деректерін оқиды. Мәтінмендермен танысып шығып, ақын тарихтың қай кезеңдерінде өмір сүрді? деген сауалға дәйек келтіре отырып, жауап беріңіздер. Ойларыңызды «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңіндегі негізгі идеямен ұштастырыңыздар. Берілген сұрақтарға жауап беріңіздер. Аталған тұлғаның өмірі; Ол өмір сүрген кезең; Ол Қазақ Еліне деген сүйіспеншілігін қалай көрсетті? 1-топқа: Дулат Бабатайұлы (1802, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы — 1874, сонда) — көрнекті ақын. 1880 жылы Қазанда жарық керген «Өсиетнама» деген жинағына ақынның замана туралы толғаулары енген. Орта жүз құрамындағы найман тайпасынан шыққан. Өмірі туралы деректер толық зерттелмеген. Өлеңдері ел ішіне ауызша және қолжазба түрінде таралған. Ақынның кейбір өлеңдері кеңес дәуірінде әр түрлі хрестоматияларда “XVІІІ — XІX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары” деген жинақта, кейін “Үш ғасыр жырлайды” Дулаттың өлең-жырларының басты сарыны- 19 ғасырдың алғашқы жартысындағы отаршылдық әрекеттерге рухани қарсылық көрсету. Ақын “Тегімді менің сұрасаң”, “О, Сарыарқа, Сарыарқа”, “Асқар таудың сәні жоқ”, т.б. жырлары мен жеке кісілерге айтқан “Сүлейменге”, “Бараққа”, “Кеңесбайға”, т.б. арнау өлеңдерінде қазақ жерінің отарлануын, ел билеушілердің отаршыл саясаттың шылауында кетуін “Сауыр жерден айрылып, Қазақ елі жұқарды…, Орыстың көрсе ұлығын, Қыздан дағы қылықты…, Майырдың алса бұйрығын, Борбайға қысып құйрығын, Ел пысығы жортады”, — деп, кекті де отты жыр жолдарына айналдырған. 2-топқа: Дулаттың ақындық өнері, негізінен, 19 ғасырдың алғашқы жартысында қалыптасты. Осы кезеңнің өмір шындығы Дулат шығармаларына арқау боп өрілді. Қазақ даласындағы дәстүрлі хандық басқару жүйесін жою саясатын орнықтырған Ресей империясының 1822 - 24 жылдары шығарған Қазақ даласын басқару жөніндегі ережелеріне қарсылық Дулат шығармаларының тақырыптық, стильдік, жанрлық ерекшелігін айқындады. Дулаттың уытты, шыншыл сөздерінің кімдерге арналғанын оның: “Халыққа емес сыйымды, Парақор баспақ биіңді, Ел бүлдіргіш бегіңді, Улы тілмен улаттым”, — деген өлең жолдары көрсетіп тұр. Туған халқының екі жақты езгіге түсіп, көз жасының көл боп ағуы, қайғысы мен мұңы ақынның жан сыры ретінде жыр болып төгілді. Дулаттың образ жасау, өлең өрнегін жетілдіру, замана сазына қарай ақындық өнерде жанрлық, стильдік, сонылық таныту ерекшелігі кейін Абай шығармаларында дамытылып, жалғастық тапқан. 3-топқа: Дулат өзінің “елге қорған ер туса” деген идеясын халыққа жеткізу үшін, қазақ-қалмақ соғысы тұсындағы сюжетті алып, “Еспембет” поэмасын жазған. “Еспембет” жанрлық ерекшелігі жағынан батырлық эпосқа жақын. Елдік, елдің батыр ұлдары туралы идея “Еспембеттей ер қайда? Ер күтетін ел қайда”, — деп басталатын ірі туындыда айқын көрініс тапқан. М.Әуезов Дулатты ғылыми зерттеулерінде, “Абай” романында жоғары бағалайды. 1947 жылғы ҚКП ОК-нің әдебиет, өнер жөніндегі қаулысындағы Дулатты діншіл, хандық дәуірді, ескілікті аңсаушы кертартпа ақын деген теріс бағадан кейін, 1959 жылы өткен қазақ әдебиетінің негізгі проблемаларына арналған ғылыми конференцияның ұсыныстарында Дулат жөнінде “… творчествосын орта мектепте оқыту қажетсіз деп саналсын”, — деген саяси қорытынды берілді. Сол себепті “Абай” романында өз атымен берілген Дулат “Абай жолында” Барлас атанып кете берді. Әйтсе де, Дулат шығармалары хрестоматиялық оқулықтарда, кейбір жинақтарда жарияланып келді. Дулат мұрасы қазақ әдебиеті тарихында әр қилы таным тұрғысынан бағаланды. Жетістік критерийі: Мәтінді түсінеді; Шығарманың тарихи құндылығын бағалайды. 2-тапсырма: «Айналмалы бекет» әдісі: АКТ-дан Д.Бабатайұлының өлеңін тыңдап топ арасында талқылайды 3 топқа тапсырма беру Енді осы өлеңнен тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, гипербола) мағынасын анықтау 1-топқа тапсырма: «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңінен теңеуді табыңыздар. 2-топқа тапсырма: «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңінен эпитетті тауып көріңіздер. 3-топқа тапсырма: «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңінен әсірелеуді тауып көріңіздер.
«Керқұла атты Кендебай» ертегісінде хан балалары «.... мойындары ырғайдай, сирақтары шидей болып» деп суреттеледі. Ал «Қобыланды батыр» жырында: Жылқыда жатып Қобыланды, Екпіні оттай қаулайды... Қойға тиген қасқырдай, Сойып кетіп барады, Жолбарыс шапқан құландай, Жойып кетіп барады. Мұндағы оттай, қасқырдай, құландай-теңеу.
Жасыл байтақ жері бар, Айдынды шалқар көлі бар... Асанқайғы Жуалы жерін көргенде: «Жерің семіз, шөбің шүйгін, қарың мол, топырағың май екен, қадіріңді егін салған ел білер», - депті.
«Қобыланды батыр» жырында көп кездеседі. Сонда Бурыл гуледі, Табаны жерге тимеді, Көлденең жатқан көк тасты, Тіктеп тиген тұяғы, Саз балшықтай иледі,- деп суреттеледі. 3-тапсырма
Оқушыларға хат жазудың ережесі ұсынылады, хат жазудың жолдары түсіндіріледі. 1.Хат түсінікті, анық жазылуы керек; 2. Әрі сыпайы, қарапайым, мейірімге толы болуы қажет; 3.Хат қысқаша, мазмұнды болуы керек. 4.Кімге арнадың? Мысалы: Қымбатты менің сүйікті кейіпкерім! 5.Негізгі бөлім (сұрақтар, өтініштер, болған жағдайға өзіндік пікір, тілек) 6.Қоштасу, хат иесінің аты-жөні (уақыты) I-топқа 1) Авторға хат Құрметті, Дулат Бабатайұлы! Қазақ халқы жетімін жылатпаған халық. «Жетім көрсең, жебей жүр» деп те айтып жатады. Сіздің осы өлеңіңізді оқып,...... деп басталатын хат жазыңыз. II-топқа 2) Кейіпкерге хат Ақтан жас, Дулат атамыздың сізге артып отырған үмітін ақтайды деп сенемін, себебі................... деп басталатын хат жазыңыз. III-топқа Жерұйықты іздеген Асанқайғыға .....деп басталатын хат жазыңыз. Сөз көлемі- 50-60. Жетістік критерийі: Көркем шығармадан алған әсерін сипаттайды; Хат жазудың талаптарын сақтап жазады; Грамматикалық тұрғыдан сауатты жазады. Мұғалім әр оқушы жұмысын бір-біріне ұсынылған жетістік критерийі арқылы бағалатады, кері байланыс жасалады. Жақсы жазылған хатты «автор орындығына» отырып оқиды.
«Екі жұлдыз, бір тілек» |
https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D1%80%D0%B8%D0%BA%D0%BB%D1%8E%D1%87%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D1%8F_%D0%9E%D0%BB%D0%B8%D0%B2%D0%B5%D1%80%D0%B0_%D0%A2%D0%B2%D0%B8%D1%81%D1%82%D0%B0 http://kazorta.org/dulat-babataj-ly-aza-sha-referat/ |
|||
|
Сабақта саралау тапсырмалары болды ма? Қалайша қолдау көрсете аламын? Қабілетті оқушыларды оқытуда алдыма қандай міндеттер қоямын? |
Оқушылардың материалды қаншалықты игергенін қалай бағалаймын? |
Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын сақтау |
|||
|
|
|
|
|||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ/ оқыту мақсаттары шыншыл ма? Барлық оқушылар ОМ жетті ме? Егер жоқ болса, неге? Сабақтағы саралау дұрыс өтті ме? Сабақтағы кезеңдер сақталды ма? Жоспардан тыс не жасалды? Неге? |
|
||||
|
Жалпы бағалау Қандай екі аспект жақсы өтті? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз) 1: 2: Сабақты жақсартуға не себеп болатын еді? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз) 1: 2: Сабақ барысында сыныптың жетістігі туралы не ойладым/ жеке оқушылардың қиындығы, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?
|
|||||



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген