Материалдар / Д.Досжан «Жібек жолы» (үзінді) 6 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Д.Досжан «Жібек жолы» (үзінді) 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ 6 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Сәуір 2018
3942
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9-бөлім. Қазақстан және «Ұлы Жібек жолы»

Досжан «Жібек жолы» (үзінді)

Мұғалімнің аты-жөні: Азимбаева Гульнара Магауяновна

Мектеп: № 23 ЖББОМ

Күні:

Сынып: 6 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Д.Досжан «Жібек жолы» (үзінді)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.О.3. Орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау.

6.Ж.4. Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер, сызба-кестелер жасау.

Сабақ мақсаты

  1. «Жібек жолы» романының үзіндісін оқу, шығармада көтерген мәселені анықтау, постерге түсіру.

  1. Тірек сөздер негізінде тақырыпқа сай сөйлем құрастыру.

  1. Бейнелі суреттерге сүйеніп, «Тарих сыр шертеді» тақырыбында шағын әңгіме жазу.

Бағалау критерийі

  • көркем шығарманың үзіндісін оқып, тақырыпты анықтайды, негізгі ойды постерге түсіреді;

  • мәтіннің мазмұндағы қажетті сөздерді тіркестіріп, тақырыпқа сай сөйлем құрастырады;

  • бейнелі суреттер тізбегін пайдаланып, шағын әңгіме жазады, ой-тұжырым жасайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: «Жібек жолы» романың үзіндісін оқиды, мазмұнын түсінеді, постер қорғайды, шағын әңгіме жазады

Пәнге қатысты сөздік қор мен сөз тіркестері: құдірет, ежелгі, таусылмас, көріпкел, сәуегей, салтанатқа бөлеу, байлыққа бөлшеден бату, дамылдау, қорған,соқпақ

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • «Ұлы Жібек жолы» қай ғасырда пайда болған?

Не себепті... деп ойлайсыз?

Не себепті Ұлы Жібек жолы деп аталады?

Ишара: қолпаштау ишарасы, қолдау

Құндылықтарға баулу

  • ұлтаралық ынтымақтастыққа шақыру, салт-дәстүрді сақтау

  • өз еліңнің тарихын білу, құрметтеу

  • өз мәдениеті мен тіліне, өнеріне деген сүйіспеншілігін ояту

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, дүниежүзілік тарихы, география, информатика, дінтану

Алдыңғы білім

Түркістан – тарихи қала

Оқушыларда Түркістан қаласының тарихи орны туралы мәлімет- түсініктері бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы – 7 минут


1.Ширату. «Ыстық алақан» әдісі

Мақсаты: бір-біріне жақсы тілектер айту арқылы көңіл күйді көтеру.

2. Кері байланыс. «Сұрақ жауап» әдісі арқылы алдыңғы білімге шолу жасайды.

1. Ахмет Ясауи қандай адам болған?

2. Қай қала Қазақ хандығының орталығы болған?

3. Қалалардың гүлденуіне не әсер етті? Неліктен?

ҚБ. «Бас бармақ» әдісі

Мақсаты: оқушылар бір-бірін бас бармақ көрсету арқылы өзара бағалайды.


«Пазл» әдісі

Мақсаты: Бір-біріне қолдау көрсету, жұптық, топтық жұмыстар жасау үшін сынып оқушыларын топқа бөлу

Күтілетін нәтиже:

1. Кесілген суреттерді пазл ретінде сәйкестендіріп топ құрады

2. Пазл артына жазылатын 5 ұстанымға топппен жұмыс барысында бағынады.

Топ ережесі.




Сабақтың ортасы – 25 минут


Оқылым алды тапсырмасы

Ж. Тапсырма - «Ұлы Жібек жолы» бейнежазбаны көріп экранда ұсынылған мәтіндерді оқыңыздар.

  • Қалай ойлайсындар, фильм барысында нені байқадыңыздар?

  • Фильмнен кейін қандай әсер алдыңдар?

  • Демек, бүгінгі сабақтың тақырыбы не туралы болады?

Дескриптор:

  • бейнебаянда берілген материалдың не туралы екенін түсінеді.

ҚБ. Ауызша мадақтау – «Жарайсың! Тамаша!»


Оқылым кезі тапсырмасы

Т.Ж. «Жиксо» әдісі

Мақсаты: шығарманы оқу және тақырыптық талдау жасай білу.

Тапсырма: абзац бойынша тізбектей оқы, сұрақтарға сүйеніп негізгі ойды анықта, «5 сөйлем, бір сурет» арқылы оқылған ақпаратты талдай отырып, кестеге түсір.

А) Мәтінді шағын топта оқу.


Ә) Талқылауға арналған сұрақтар бойынша негізгі ойды анықта.

Сұрақтар:

1. Қазақстан және «Ұлы Жібек жолы» ұғымдары туралы не айтуға болады? Естігендерің бар ма?

2. Отырар тарихы дегенде ойымызға не оралады?

3. Әуелде араб жиһанкездері Отырарды қалай атады? Неліктен?

4. ШаҺарды салудағы қолөнершілердің рөлі туралы не айтар едіңіздер...


Б) «Бір сурет, 5 сөйлем» әдісі бойынша оқыған мәтінді талда, постерге түсір.

Дескриптор:

  • шығарманы оқып, тақырыпты және оның негізгі ойын сұрақ қою арқылы анықтайды;

  • мәтіннің мазмұндағы керекті сөздер мен сөз тіркестерін тіркестірі тақырыпқа сай «Бір сурет, бес сөйлем» постерін құрастырады...


КБ. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы шағын топ мүшелері өзара бағалау әрекетін жүргізеді.

Оқылым соңы тапсырмасы


Ж.Ж. «Сәйкестігін тап!» әдісі

(оқулықтағы №4 тапсырма, 29 бет бойынша)

Мақсаты: Тақырыпқа қатысты жауаптарын сәйкестендіру арқылы сабаққа тапсырмалар қолдану.

Тапсырма: Мәтіннің мазмұнын бойынша керекті сөздерді тіркестіріп жаз. Берілген ұғымдарды анықтамаларымен сәйкестендіріп сөйлем құрастыр.


Ә) Тапсырма: Сөздерді пайдалынып, сөйлем құра.

Үлгі: Ұлы Жібек жолы ежелгі Қазақстан жерімен де өткен. Ұлы Жібек жолы – Қытай мен Еуропаны байланыстырған сауда жолы.Тасболат тамдар төрт бұрышты етіп салынған.


Дескриптор:

  • мәтін мазмұны бойынша керекті сөздерді тіркестіріп жаза алады;

  • сөз тіркестерінен сөйлемдер құра алады


КБ. «Стикердегі хат» әдісі арқылы өзара бағалау жүргізіледі.


ЖЖ. «Көзбен көретін айғақтар» әдісі

Мақсаты: тірек суреттер негізінді ой қоғау, ойды жинақтау, шығармашылық әрекетке түсу.

Тапсырма: Бейнелі суреттерге сүйеніп, «Тарих сыр шертеді» тақырыбында шағын әңгіме жазыңдар.



Дескриптор:

  • бейнелі суреттерге сүйеніп, сөз тіркестері мен сөйлем құрастырады;

  • құрастырған сөздер мен сөйлемдірді қатыстырып, «Тарих сыр шертеді» тақырыбында шағын әңгіме жазады;


ҚБ. Екі серіктес, жұптар «Бағдаршам» әдісі бойынша өзара бағалау әрекетін жүргізеді.

Бағдаршам түстері бойынша өзара бағалайды:

«Қызыл» – толық түсіне алмады;

«Сары» – әлі де ойлануға мүмкіндік беру керек;

«Жасыл» – толықтай түсінді.

Интербелсенді тақта, видиоролик

«Ұлы Жібек жолы» деректі фильм

https://www.youtube.com/watch?v=zmQwGW4J_jU




















9 тақырып,

28 – бет, 3 – тапсырма.





ватман, маркер

































Екі жұлдыз, бір тілек»



9 тақырып,

29-бет, 4 тапсырма

үлестірме матер




Сабақтың соңы – 7 минут


Рефлекция «Бес саусақ» әдісі

Мақсаты: сабақ барысында игерген білімге кері байланыс жасау, оқушының бір-бірімен бес саусақтай бірігуіне ықпал ету.

Қағазға алақандарын қойып қолдарының суретін саллады. Әр саусаққа берілген нұсқа бойынша жауап жазады.

Үй жұмысы: Мәтін бойынша диалог құрастыру.

«Бес саусақ» әдісі



Қосымша ақпарат

Саралау: Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау: Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланаңыз. Төменде өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!