Дебат: "Қазақстан жастары қаншалықты патриот?" 6 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дебат: "Қазақстан жастары қаншалықты патриот?" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Дебат: "Қазақстан жастары қаншалықты патриот?" тақырыбында 6- сынып оқушыларына арналған сыныптан тыс сабақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Қазақстан жастары қаншалықты патриот?»

Мақсаты:

  • Оқушылардың еліміздегі патриоттық бағытта жүзеге асырылып жатқан игі істер мен айтулы шаралар, бағыттар туралы түсініктерін кеңейту;

  • Екі жақты позицияда оқушылардың сөз жарасымдарына қатыстыру барысында оларды обьективтілік, пікір алуындағы елжандылық, принципшілдік қасиеттерге тәрбиелеу;

  • Тақырыпқа байланысты әртүрлі деректер, материалдар, фактілер, статистикалық мәліметтерді саралау арқылы оқушылардың танымдық-эвристикалық қабілеттерін арттыру.

Сабақ әдісі: Пікір таластыру

Жаңа технология: Проблемалық полемика

Пәнаралық байланыс: Тарих, саясат, экономика, әлеуметтану


БАРЫСЫ:

Жүргізуші:

Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және бүгінгі дебатқа қатысушылар! «Қазақстанның жастары қаншалықты патриот?» атты дебатымызға қош келдіңіздер! Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман – саулығының қоғамдық – мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз - жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанды, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткені мен бүгіні және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді.

Олай болса, бүгінгі дебаттың мақсаты оқушыларға патриотизм туралы түсінік бере отырып отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.


Қатысушылар

DrawObject1

«Парасат» тобы «Ақиқат» тобы

DrawObject2 DrawObject3

Жақтаушы Даттаушы


Мақсаты: барлық фактілік дәлелдерді ұсыну арқылы өз позициясына сәйкес реебатл (конфликтілік) жағдайын тудыру.


Міндеті: Әрбір спикердің сөйлеу уақытының шеңберден шықпауын, әдептілік этикасын сақтауын бақылауға алады.


«Парасат» тобы жақтаушы позицияны иеленді.

Бұл бағыт бойынша Қазақстан жастарына елжандылық, отансүйгіштік қасиеттер тән деген пікірді ұстанды.


«Ақиқат» тобы даттаушы позицияны иеленді.

Дәл осы көзқарасқа сәйкес қазіргі заманғы жастарға патриотизм тән емес деген оппозициялық бағытты ұстаушылар.

DrawObject4


Қысқаша топтық резюме:

Екі топ та өздерінің ұстанған позицияларын айқын қорғап шығуға тиісті.

Жақтаушы топ өздерінің фактілерін ұсына отырып, нақты бір проблеманы көтеру арқылы оның:

  1. Шығу себептерін

  2. Шешу жолдарын

  3. Туындау нәтижелерін айқын көрсетуге міндетті.


Даттаушы топ әрбір спикерлері өздерінің алдында қорғап сөйлеп кеткен әр жақтаушы спикері сөзінен кейін, ең әуелі оның кейсіне тойтарыс беріп, содан кейін өз дәйектемелерін ұсынуға міндетті.


Әрбір спикер 5 минут шегінде ой тарқатады.

Сөздерін түйіндейді.

Көрермендердің дауыстары саналады.


Бәрі түсінікті болса, спикерлеріміз ойларын жинақтап алғанша

оқушылардың үйден дайындап келген Қазақстан, туған жер туралы тақпақтарына кезек берейік.

Сегізбаева Аружан, Нажибова Гулмира, Шарханұлы Бекболат


Көп рахмет. Енді спикерлеріміз дайын болса, ең бірінші жақтаушы позициясын ұстанушы топтың спикеріне сөз береміз.

Сұрақтар қойып отырамыз.

(спикерлер өз ойларын ортаға салып, сөз таластырады)


«Тәуелсіз Қазақстан», «Қазақстан Республикасы» Неткен керемет, киелі ұғымдар! Бұл ұғымдардан, Отанымыздың тәуелсіз, еркін мемлекет екенін бірден аңғаруға болады. Бұл тәуелсіздікке біз қалай жеттік және кімдердің арқасында? Әрине, аға, әпкелеріміздің Отанымыздың патриоттарының арқасында жеттік. Ендеше сол тәуелсіздік үшін құрбан болған аға, апаларымызды еске түсірсек.

(Слайд қойылады)

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Алдымызда асу-асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқи соққан желдер бар. Бел де талар, жел де беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну керек жас ұрпақ!» - деп айтқандай, сіздер, жас ұрпақ, тәуелсіздігімнің баянды болуы үшін жауапты екенімізді аға ұрпақ зор сеніп артып отырғанын түсінулеріңіз керек. Бүгінгі партада отырған оқушылар ертеңгі азаматтар, ел патриоты өздеріңсіңдер.


Ал, құрметті көрермен егер Қазақстанның жастары патриот деп санасаңыздар көк түсті, ал Қазақстанның жастарына патриотизм тән емес дегендеріңіз қызыл түсті көтерсеңіздер.

Рахмет!

Ал, «Ақиқат» тобы өздеріңіз көріп тұрғандай көпшілік Қазақстан жастары патриот деген ойда. Осыдан кейін сіздердің ойларыңыз өзгерді ме?

Біз, Отанымызды, елімізді сүюіміз керек. Біз, Қазақстанның патриоты болуымыз керек!

Дебатымызды патриоттық әсем әнмен аяқтаймыз!


Марапаттау:

«Үздік топ» және «Үздік спикер» номинациялары бойынша марапатталады..

Қорытындылау.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
16.10.2021
4378
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі