Тақырып бойынша 11 материал табылды

ДЕБАТ Ұрланған құндылық - ұялы телефон

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңдағы ең өзекті тақырыптардың бірі - "Ұрланған құндылық - ұялы телефон". Ұялы телефонның пайдасы мен зиянын екшеп, өзіндік тұжырыммен салмақтытойлар айтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дебат тақырыбы: "Ұрланған құндылық және ұялы телефон"

Күні:

Өткізілетін орны:

Жүргізуші:
Мақсаты: Жаһандану дәуірінде ұялы телефонды тиімді қолдана отырып, ұлттық құндылықтарымызды жас ұрпақ бойына сіңіру, ұлттық құндылықтарымызды мемлекеттік дейдейде жаңғыртуға үлес қосу.  
Дебаттың өту барысы:
Жүргізуші:
І. Дебат тақырыбы төңірегінде қысқаша мәлімет беру.

ІІ. Көрмендерді дебат шартымен, тәртібімен таныстыру.

ІІІ. Ортаға дебат қатысушыларын шақырып, «даттаушы» және «жақтаушы» тарапты жеребе арқылы анықтау.

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі "Ұрланған құндылық және ұялы телефон" атты дебатымызға қош келдіңіздер!!!

Бұл тақырып қазіргі таңда мемлекет жастары үшін өте өзекті тақырыптардың біріне айналып отыр. Себебі, ХХІ ғасыр – жаһандану, ғаламдану заманы. Әлем елдерінің барлығы кез-келген оқиғаны немесе ситуацияны дәл болған уақытында бақылай алады. Жаһандану дәуірінде болған оқиғаны өзге елдерден жасырып қалу мүмкін емес. Сондай-ақ, ешбір маманның көмегінсіз-ақ кез-келген тілді немесе ғылым саласын өз бетімізбен қалтамыздағы ұялы телефонымыздың көмегімен-ақ үйренуімізге зор мүмкіндік бар. Себебі, ғаламтор беттерінен кез келген тілде өзімізге қажетті ақпараттарды жүктеу әрбір Қазақстан азаматы үшін қолжетімді. Бүгінгі таңда әрбір Қазақстан азаматының қолында ұялы телефон бар десек, артық айтпаймыз. Адамзат баласы үшін қалта телефонының пайдалы тұстары қандай өте көп болса, зияны да соншалықты жетерлік деңгейде. Бірақ, мұны көпшілігіміз байқамай да жатамыз. Бұл туралы БАҚ беттерінде көптеген азаматтар айтып та, жазып та жатыр. БАҚ беттерінде жазылған мәліметтерді саралай келе, екі жақты пікірлер өте көп. Кейбір зерттеушілер ұялы телефон – қазіргі заман талабы десе, кейбірі бұл пікірді құп көре бермейді. Бүгінгі тақырыбымыздың жүргізілу формасын дебат түрінде алған себебіміз де осы!!! Дебат барысында ойыншылардың дәлелді ойлары мен құнды пікірлерін тыңдап, саралайық!!!

Дебаттың шарты:

Құрметті дебатқа қатысушылар! Дебат – интелектуалдық пікір-сайыс, өз ойыңызды анық, әсерлі, нақты түрде дәлелдеуге баулитын сайыс түрі. Сондықтан, өз ойыңызды жеткізу барысында нақты дәлелдер мен дәйектерді қолдана отырып жеткізгеніңіз абзал.

Дебаттың негізгі мақсаты – өзіңіз ұстанып отырған бағыттың дұрыс екенін дәлелдеп шығу болып табылады. Бір-біріне қарсы жақтаушы және даттаушы екі топ берілген қатар бойынша төрешілерді өз бағыттарының дұрыс екеніне көз жеткіздіруі тиіс. Әр топ үш ойыншыдан құралған. Әрбір ойыншының дебатта өз орны бар және міндеттері нақты белгіленген.

Пікір-сайыс тәртібі: Дебатты жақтау тобының бірінші спикері бастайды. Бірінші спикерге 1,5 минут уақыт беріледі. Спикер өз сөзін алдымен амандасудан бастап, сосын өз кейсіне көшеді. Тақырыпқа қатысты аргументіне нақты факт келтіруі тиіс. Негізгі ұғымдарға анықтама берудің маңызы өте зор. Сол арқылы ойыншылар осы пікір-сайыста қозғауға болатын немесе қозғауға болмайтын мәселелер шеңберін анықтап алады. Анықтама берген кезде, яғни факт келтірген кезде ойыншылар анықтаманың қайнар көзін, деректі нақты қайдан алғанын ашып көрсетуі керек. Пікір-сайыс басталмай тұрып, төреші топтарға жеребе тасталады, сол арқылы топтарыңыздың бағытын анықтаймыз (жақтау / даттау). Осыдан кейін топ ойыншыларына дайындалып, ойын жинақтауына 2 минут уақыт беріледі. Сондай-ақ, бұдан бөлек әр топтың ойын барысындағы сөздеріне, қарсы сұрақ-жауаптарға дайындалу үшін 8 минут уақыттары бар, бұл уақытты пайдалану, бөлу мәселелері топтың өз еншісінде.

Дебатқа қатысушылар: 10 «В» сынып оқушылары: Ерболат Амина, Абуталип Зарина, Омарова Зарина. 10 «Д» сынып оқушылары: Доктырбек Зарина, Қуанышева Дильназ, Кусаинова Адия.

Дебаттың жүргізілу формуласы:

Жақтаушы І /негіздеуші/ (5 минут). Командаңыздың негізгі идеясымен және өз кейстеріңізбен таныстырасыз. Сөйлеу барысында қолданатын негізгі терминдеріңізге, сондай-ақ олардың анықтамасын беріңіз, өз дәлелдеріңізді келтіріңіз.

Даттаушы І /негіздеуші/ (5 минут) Командаңыздың негізгі идеясымен және өз кейстеріңізбен таныстырасыз. Сөйлеу барысында қолданатын негізгі терминдеріңізге, сондай-ақ олардың анықтамасын беріңіз. Сонымен қатар, Жақтаушы І тастаған ұсынысқа қарсылық білдіру үшін өз дәлелдеріңізді айтыңыз.

3. Жақтаушы ІІ /бекітуші/ (3 минут) Ұсыныс пен топтың пікірін қолдайтын қосымша дәлелдер айтасыз. Теріс сөйлеушінің сұрақтарына жауап беріңіз (бар болса).

4. Даттаушы ІІ (3 минут) Ұсынысқа қарсы қосымша аргументтерді орналастырыңыз және топтың пікірін күшейтесіз.
Жақтаушы топтың сұрақтарына жауап бересіз (бар болса)

5. Жақтаушы ІІІ (5 минут) Даттаушы топтың идеясын дәлелдер арқылы екінші рет теріске шығарасыз және қорытынды мәлімдемелер жасайсыз.

6. Даттаушы ІІІ(5 минут) Жақтаушы топтың идеясын дәлелдер арқылы екінші рет теріске шығарасыз және қорытынды мәлімдемелер жасайсыз.

Ең алдымен сіздерді дебаттың құрамымен таныстырып өтейін. осы пікір-сайыста әділ бағасын берер әділқазылармен таныстырып өтейін. Төреші-судья:Шахризада апай, Гүлзат апай, Джулия апай.

Төреші-судьяның қызметі – пікірсайысшылардың дәлелдері мен орындауындағы дәлелдердің сапасын бағалау.

Уақыт сақшысы:10 «В» сынып оқушысы Қуат Азиза

Уақыт сақшысының қызметі – ойыншыларға берілген уақытты қадағалау, берілген регламент уақыты аяқталғанда ойыншыларды тоқтату.

Бақылаушылар: дебатқа қатысушы барлық көрермендер.

Олай болса, құрметті көрермендер "Ұрланған құндылық және ұялы телефон" атты пікір-сайысымызды ашық деп жариялаймыз.

Бүгінгі қатысушыларымызбен таныс болыңыздар:
1
. «Болашақ» командасының мүшелері:
2.
«Келешек» командасының мүшелері:
Ортаға жеребемізді тастайық. Сол арқылы ойынымызды бастайық.

 Қорытынды сөз: Ұяны бұзарлық «қабілеті» бар ұялы телефонды бүгінгі балалар неге жанынан тастамайтын болды? Тіпті ұйқыға жатарда да не себепті қасына алып жатады? Не себепті ұялы телефоны үйде қалып қойса, қимасынан айрылғандай әсерде болады? Рас, бұл тақырып турасында айтылып жатқан әңгіменің шет-шегін табу өте қиын. Ұялы телефонның пайдасын әркім-ақ біледі. Ал, адам баласына келтірер зияны тіптен көп екенін біле бермейміз. Саналы түрде білген күннің өзінде мән бере бермейміз.

  Құрметті көрермендер біздің бүгінгі "Ұрланған құндылық және ұялы телефон" атты сайысымыз аяқталуға жақын. Ұялы телефонның кесірінен ұлттық құндылығымызды байқамай ұрлатып жатырмыз. Құрметті көрермендер, өздеріңіз ойларыңыз бойынша «Даттаушы» жақ спикерлерінің идеясын дұрыс деп тапсаңыз даттаушы жаққа, «Жақтаушы» жақ спикерлерінің идеясын дұрыс деп тапсаңыз жаттаушы жаққа өтулеріңізді өтінемін.
Сөз
төреші-судья мүшелеріне берілді. Төреші-судья мүшелерінің шешімі бойынша даттаушы топ жеңіске жетті.
























Төреші-судьяның бақылау парағы


Жаттаушы топ


Даттаушы топ

Тақырыптық кейсті дұрыс қолдануы

Жақтаушы І

Жақтаушы ІІ

Жақтаушы ІІІ

Даттаушы І

Даттаушы ІІ

Даттаушы ІІІ

Өз ойын дұрыс жеткізе білуі

Жақтаушы І

Жақтаушы ІІ

Жақтаушы ІІІ

Даттаушы І

Даттаушы ІІ

Даттаушы ІІІ

Өз ойына нақты мысал, факт келтіре білуі

Жақтаушы І

Жақтаушы ІІ

Жақтаушы ІІІ

Даттаушы І

Даттаушы ІІ

Даттаушы ІІІ

Сөйлеу мәнері

Жақтаушы І

Жақтаушы ІІ

Жақтаушы ІІІ

Даттаушы І

Даттаушы ІІ

Даттаушы ІІІ

Ойын барысында өзін-өзі ұстауы

Жақтаушы І

Жақтаушы ІІ

Жақтаушы ІІІ

Даттаушы І

Даттаушы ІІ

Даттаушы ІІІ

Қарсы топтың ұсынысын мұқият тыңдап, жазып алуы

Жақтаушы І

Жақтаушы ІІ

Жақтаушы ІІІ

Даттаушы І

Даттаушы ІІ

Даттаушы ІІІ

Барлық ұпай саны
























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.00.2024
418
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12