400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ƏДЕБИЕТ САБАҒЫНДАҒЫ СӨЗДІК ЖҰМЫС

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептегі сөздік жұмысы – көркем əдебиеттің, сөз өнерінің бастауы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ƏДЕБИЕТ САБАҒЫНДАҒЫ СӨЗДІК ЖҰМЫС

Мектептегі сөздік жұмысы – көркем əдебиеттің, сөз өнерінің бастауы. Оқушының сана сезімінің,қабілетінің дамуына,сөйлеу мəдениетінің қалыптасуына,көңіл-күйінің өзгеруіне эмоциялық əсер беретін сөздің терең де сырлы мағынасы. Сондықтан əдебиет сабағындағы маңызды жұмыс түрі– сөздік жұмысы. Мұғалім сөздік жұмысына үнемі оқушы зейінін аударып,түсініктемені қажет ететін сөздерге ерекше көңіл бөліп отыруға міндетті. Сөздік жұмысы сабақтың əр бөлімінде жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Сөздік жұмысы – тіл дамытудың іргетасы,оқушыны жаңа сөздер үйренуде, бұрын білетін немесе түсінбейтін сөздердің мағынасын анықтауда мыңызы зор. Сондай-ақ сөздік жұмысы сөйлем құрауға материал береді, сөздерді байланыстырып сөйлеуге, əңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі. Əдіскер ғалымдар М.Т.Баранов, А.Р.Прудникова жаттығу əдісінің маңыздылығына тоқтала келіп,«Сөздік жəне лексикалық жаттығуларды бір-бірімен айыру қиыншылық тудырады, олар тығыз байланысты. Өйткені екеуінің де негізі – сөзбен жұмыс жасау» – дей келіп, сөздік жұмыстарға тілді сезіну мен сөзді дұрыс түсінуі, орынды қолдана білуі, сөз тіркестерін жасау, сөйлем құрау, мазмұндама, шығарма жазуды жатқызады. Сөздік жұмысының ерекшелігі : тіл дамытудың басқа түрлері сияқты оқу-тəрбие жұмысының барлық салаларында жүргізіледі. Өлең, əңгіме, мысал, мақал-мəтелдер т.б. білу арқылы баланың тілі дамиды. Балалар сөзді ұғу арқылы сөйлеу үстінде тілін дамытады. Ал, сөздік жұмысы оқушының ойын дамытумен тығыз байланысты. Тілді, оның грамматикалық құрылысын меңгеру оқушыларға өз пікірлерін айтуға, сұрауға, қорытынды жасауға, заттар мен құбылыстар арасындағы алуан түрлі байланыстарды аңғара білуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге сөздік жұмысы сөз арқылы оқушыны дəл ойлауға үйретеді, оның творчествалық қабілетін арттыруға, сөйлеудің мазмұны мен формасының бірлігін қамтамасыз етуге бағытталады. «Сөз байлығы – қоғамның байлығы жəне сол сияқты əр адамның байлығы.Сондықтан мектепте оқушыларға сөздік жұмысын жүргізудің маңызы зор.

Тіл дамыту – ой дамыту. Оқушылардың тілін дамытуға сөздік жұмысының маңызы өте зор. Себебі, сөздік жұмысы – тіл дамыту жұмысының бастапқы негізі болып саналады. Егер оқушының сөздік қоры кедей болса, ол өзінің айтатын деген ойын нақты жеткізе алмайды. Сондықтан да сөздік жұмыс оқушылардың сөздерді, сөйлемдерді дұрыс жазуына, сөйлеу дағдыларын дұрыс қалыптастыруына зор ықпал етеді. Сөздік жұмысын əр сабақты өткізілетін тапсырмаларға байланысты жүргізіп отыру керек. Тіл дамыту қазіргі мектептің оқу – тəрбие ісіндегі басты проблема – оқушының дұрыс сөйлей білуіне көңіл бөлу, сөз байлығын арттыру, ойлауын дамыту т.б. қамтиды. Баланың ойлауын жетілдіріп, тілін байыту жолдарының бірі – сөздік жұмысын жүргізу. Сөздік жұмысы мəтінде кездесетін түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндірумен ғана бітпейді. Ол жаңа ұғымдар жасау, заттың жаңа қасиеттерін табу т.с.с жұмыстармен тығыз байланысты. Мұндай жұмыстар оқушының ойын, тілін дамытады, эстетикалық талғамын арттырады.

Тіл дамыту жұмыстары мынадай принциптерге негізделе жүргізіледі:

1. Сөйлеумен ойлаудың бірлігі принципі.

2. Ауызекі сөйлеу мен жазба тілінің бір – бірімен байланыстылық принципі.

3. Грамматика, орфография, пунктуация жəне əдебиетпен байланыстыра жүргізу принципі.

Сөздік жұмысын үнемі бір қалыпта жүргізуден оқушы жалығады. Сол себепті оны мүмкін болғанынша, түрлендіріп отырған жөн. Осы мақсат тұрғысынан жүргізілген жаттығу жұмысының бірінде көркем мəтінде кездескен мағынасы түсініксіз сөздерді оқушыларға бірде олардың синонимдері арқылы түсіндірсек, енді бірде қарсы мəнді сөздерді ойластырамыз. Мұндай жұмыстар оқушының ойлауын дамытып, орынды сөйлей білуге үйретеді, сөздігін жаңа ұғымдармен молайтып, логикалық ойлауын жетілдіре түседі. Оқу сабағында мəтінді дұрыс қабылдау үшін сөздік жұмысын жүргізбейінше, мақсатқа жету мүмкін емес. Сондықтан сөздік жұмысы сабақтың өн бойынан орын алу керек.

Пайдаланылған əдебиеттер:

1. Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту əдістемесі – Алматы 2005.

2. Бектуров Ш.Қ. Қазақ тілі. Лексика. Фонетика. Морфология. Синтаксис.

Алматы: Атамұра. 2006.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
657
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі