Материалдар / декоративті -қолданбалы өнер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

декоративті -қолданбалы өнер

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ жоспары 8 сынып ер балаларға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қараша 2018
851
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Төребекова Римма Көпбергенқызы

Технология пәні мұғалімі

М.Төлегенов атындағы орта мектебі

Ырғыз ауданы Ақши ауылы




Сыныбы: 8 күні :20.10.2014 пәні: Технология


Сабақтың тақырыбы: Декоративті- қолданбалы өнер.Пиротопия және пирография.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік :Қолданбалы өнердің бір түрі-пиротопия жайында мағлұмат беру. Мектептік электр күйдіргішінің құрылысымен таныстырып, қолдану тәсілін үйрету.

Дамытушылық : қолданбалы қолөнер бұйымдарын ұлттық нақышта күйдіріп әшекейлеуде икемділігін арттырумен қатар жаңа технологиялық жетістік-терді оқыту барысында пайдалану.

Тәрбиелік : өнерде шеберлікке деген ынта-қабілетін арттырып, өздігінен сапалы бұйым жасауға , әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары: мозайка, семантикалық карта, сәйкесін тап, «Робин-Роунд» әдісі

Көрнекіліктер: оқулық , технологиялық карта, дайын бұйымдар, плакаттар, бүктеме,

Құрал-жабдықтар: мектептік күйдіргіш аппарат, дайын тақтайшалар(15-20) , ою үлгілері,сызғыш, карандаш

Пәнаралық байланыс: тарих, математика, химия, бейнелеу өнері , сызу


Сабақ кезеңдері

Стратегиялар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру


Сәлемдеседі, оқшылардың дайындығын байқайды, түгендейді

Амандасады, сабаққа қажетті жабдықтарын әзірлейді

Қызығушылықты ояту

Семантикалық карта

Семантикалық карта тартылады(өткен сабаққа шолу)

Оқушылар семантикалық картаны толтырып , мұғалімге береді

Мағынаны ажырату

Мозайка

Оқушыларға ою бөліктері таратылады ,артқы жағында сұрақтар берілген

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, оюды құрастырулары тиіс


Жаңа сабақты меңгерту

Жаңа сабақты меңгерту.Түсіндіре баяндау, плакттармен жұмыс, тарихи деректеркелтіре отырып, аппараттың құрылысын , қолдану әдістерін түсіндіру

Берілген құралдың жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесімен танысады


Сармандық жұмыс

Оқушыларға ою үлгілерін таратады

Оқушылар тақтайшаларына оюды түсіріп,күйдіргіш аппаратты пайдаланып өрнектейді

Ой толғаныс

Сәйкесін тап

«Құралдар қызметі» атты плакаттағы

Оқушылар әр құралдың қызметіне қарай сәйкес сөзді табады

Қорытындылау

«Робин-Роунд» әдісі

Оқушыларға таяқшаны береді

Оқушылар таяқшаны бір-біріне бере отырып, сабақта нені меңгер-гендерін айтады



Оқушылардың жұмыстарын қарап, кеткен қателіктер болса айтып, бағалайды, үйге тапсырма береді

Алған бағаларын күнделіктеріне қойдырады. Үйге тапсырманы жазып алып, жұмыс орнын жинайды.



Семантикалық карта

Аты-жөні -


Сұрақтар

Фасонды кескіш

күймеше

қылара

Қос қол ара

Металл қапсырма

ТСД-20 білдегінің негізгі бөлігі






Жонғыш құрал-сайман






Фанерді немен кесеміз






Қалың ағашты немен кесеміз






Фанерді немен бекітеміз






Технологиялық карта

Жұмыстың түрі

Құрал-саймандар

нобайы

Фанерді дайындау

ортаңғы нүктені табу

Карандаш,сызғыш, зімпара қағаз




Shape3 Shape4 Shape5 Shape2 Shape1

15см



20см

Сызбаны түсіру

Карандаш,сызғыш,

фанер



Shape6

Күйдіру аппарттымен жұмыс

Күйдіру аппартты

фанер



Shape9 Shape8 Shape7


Жұмысты аяқтау , лактеу



фанер

лак ,шетка

Shape10




«Құралдар қызметі»

сәйкесін тап



АРА

ЕГЕЙДІ

СҮРГІ

ТЕСЕДІ

БҰРҒЫ

ШАБАДЫ

ПЫШАҚ

ҚАҒАДЫ

БАЛТА

ҚИЯДЫ

ҚАЙШЫ

ТЕГІСТЕЙДІ

БАЛҒА

ОЯДЫ

ЕГЕУ

КЕСЕДІ



Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Ағашты күйдіріп әрлендіру пирография деп аталады. Күйдіріп өңдеу аппараты жетілмеген кезде ағаш шеберлері өте қарапайым әдіс қолданған . Бензинді қолдана отырып, соның көмегімен платина ине қыздырылатын. Иненің қызуын бәсеңдетпес үшін шебер бензинді ауық-ауық аяқ басқышпен шашып отырған.

Ағашты термикалық сәндеу тәсілін пиротопия дейміз. «пир» грек тілінен аударғанда «от» , ал «типия» -«таңба» дегенді білдіреді. Демек пиротопия дегеніміз – отмөрі немесе мөрқалып деген сөз. Пирография дегеніміз де осы ағашты күйдіріп сурет салу деген мағынаны білдіреді.

Қарапайым мөрқалып ағаш сап және оған қағып кіргізілген болат өзектен тұрады мөрқалптарды шебер өзі жасап алуына болады. Бүрлеуіш-бұл жұмыс істейтін бөлігіне айналатын тісті доңғалақтар бекітілген құрал.алынып-салынатын мөрқалыптарды түрлі пішінде жасауға болады.бүрлеуішпен көбіне қарапайым геометриялық элементтерден тұратын өрнектер жасайды: ромб, үшбұрыш, толқынды, үзік сызықты т.б

Мектептік электр күйдіргіш аппарат құрылысы

Мектептік электр күйдіргіш аппаратқа келер болсақ , күйдіргіш бөлшектеріне 127Вт -200Вт-қа дейін кернеу қуатын бәсеңдеткіш трансформатордан, тұтқа, электрод және реостадтан тұрады. Күйдіріп өрнек салуда әр түрлі таңба штифттер жасауға болады. Электр күйдіргіштен басқа кейбір көмекші аспаптарды қолданамыз. Оған нихрон сымын ұстап тұру үшін тістеуіктер , штифттерді майыстыруға арналған қысқыштар, балға ,төс қажет болады.

Күйдіріп өрнектеуге жұмсақ ағаштар пайдаланылады.олар- жөке, терек, балқарағай ағаштары.күйдіретін ағаш немесе үшқаттың беті таза болуы шарт , зімпара қағазымен ысқылап тазартып алған дұрыс. Тақтай бетіне ою немесе өрнекті түсіру үшін көшірме қағаз , трафарет, үлгі пайдалануға болады. Үлгіні тақтайға түсірмес бұрын тақтайдың дәл ортасын табуымыз керек , содан кейін ұқыптап үлгіні бастырып карандашпен сызып аламыз

Жұмыс үстінде еңбек қауіпсіздік ережелерін есте сақтау:

  • Күйдіріп сурет салатын ағаштың келесі шетін көтеріп ұстай отырып, көзден 25-30 см қашықтықта ұстау керек

  • Электр аппаратты мұғалімнің рұқсатымен ғана қосу керек

  • Жұмыс кезінде жарық мол түсіп тұруы тиіс

  • Ағашқа күйдіріп сурет салғанда көз талады ,сондықтан 15-20 минут сайын үзіліс жасап отыру керек

  • Штиф қатты қызса жана бастайды , оған жол бермеу керек

  • Қосылған аппаратты қараусыз қалдыруға болмайды

  • Жұмысты желдетілген орында істеу керек

  • Жұмыс арасында , жұмыс соңында күйдіргіш аппаратты тұғырға қою керек



Электр күйдіргіш аппаратпен күйдіру тәсілдері :

Күйдіру – жиектік , сызықшалы , нүктелік әдістер болып үшке бөлінеді.

Жиектік әдісте күйдіріліп жасалған өрнек бұйым шетін қуалай немесе таспа түрінде орындалады.

Сызықшалы әдісте сурет батіне электр күйдіргішті жылдам жылжыту арқылы сызықтар түсіре отырып жасаймыз. Сызықшалар қысқа болса қанық түседі, ұзындаулары солғын көрінеді.

Нүктелік әдісте суретті әр түрлі жиіліктегі нүктелер түсіру арқылы орындаймыз. Түс қанықтығы қойылу уақытына байланысты.









































М.Төлегенов атындағы орта мектебі





АШЫҚ САБАҚ



Сабақтың тақырыбы: Декоративті- қолданбалы өнер.

Пиротопия және пирография.

(технология әдісбірлестік жоспары бойынша өткізілген)

8 класс







Өткізген : Төребекова Римма

Технология пәні мұғалімі













2014-2015 оқу жылы

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!