400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Дельфин» ойыншығын тігу, астарлау

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Дельфин» ойыншығын тігу, астарлау Сабақтың мақсаты: оқушыларға жұмсақ ойыншықтарды тігіп үйрету. а) білімділік: оқушыларды жұмсақ ойыншықтар жасау реттілігімен таныстыру, ойыншықтарға мата таңдауға үйрету. ә) тәрбиелік: ұжымдық жұмысты жұмыс ұйымдастыруға, жоспарлай білуге, бір - біріне көмектесуге, қауіпсіздік ережесін сақтауға, бастаған жұмысын аяғына жеткізе білуге тәрбиелеу. б) дамытушылық: оқушылардың ойлау, есте сақтау, саусақ қимылдарын жетілдіру, алған білімін өз бетінше қолдана білуін қадағалау. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: көрсету, түсіндіру, сарамандық жұмыс. Сабақтың пәнаралық байланысы: бейнелеу өнері, геометрия, сызу география.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Дельфин» ойыншығын тігу, астарлау
Сабақтың мақсаты: оқушыларға жұмсақ ойыншықтарды тігіп үйрету.
а) білімділік: оқушыларды жұмсақ ойыншықтар жасау реттілігімен таныстыру, ойыншықтарға мата таңдауға үйрету.
ә) тәрбиелік: ұжымдық жұмысты жұмыс ұйымдастыруға, жоспарлай білуге, бір - біріне көмектесуге, қауіпсіздік ережесін сақтауға, бастаған жұмысын аяғына жеткізе білуге тәрбиелеу.
б) дамытушылық: оқушылардың ойлау, есте сақтау, саусақ қимылдарын жетілдіру, алған білімін өз бетінше қолдана білуін қадағалау.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: көрсету, түсіндіру, сарамандық жұмыс.
Сабақтың пәнаралық байланысы: бейнелеу өнері, геометрия, сызу география.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  1. Ақ қонжық жұмсақ ойыншығын қалай жасаймыз?

  2. Оны жасауға қандай материалдар қажет?

  3. Негізгі әшекейлік бөлшектерді қалай дайындаймыз?

  4. Ақ қонжық аюы туралы айтып беріңдер

ІІІ. Жаңа білім беру кезеңі.

Дельфин – сүтқоректілер класының киттәрізділер отрядына жататын тісті киттер тобының бір тұқымдасы. Дельфиндер тропиктік және қоңыржай белдеулердің теңіздерінде таралған. Кейбір түрі полюстік  белдеу теңіздерінде де кездеседі. Көбіне топ құрып тіршілік етеді. Дельфиндердің жиырма туысының елудей түрі бар. Бұлардың дене пішіні жұмыр, ұзындығы бір – он метр. Көпшілік түрлерінің басы жұмыр және тұмсығы алға қарай шығыңқы келеді. Кей түрлерінің арқасында орақ тәрізді арқа қанаты бар. Жалпақ құйрық қанаты денесімен горизонталь бағытта орналасқан. Алдыңғы аяғының сүйектері қысқарып, саусақ сүйектері тұтасып ескекке айналған. Артқы аяғы мүлдем жойылған. Дельфиндер ескек аяқтарымен суда өте жеңіл әрі жылдам (сағатына елу километрге дейін) жүзеді. Жалғыз танау тесігі төбесінен ашылады, сол арқылы дельфиндер оқтын-оқтын субетіне көтеріліп, ауамен тыныс алады. Етті еріндері жақсы жетілген. Тістері көп. Терісінде түктері  болмайды, терісі өте серпімді келеді. Тері астындағы май қабаты жақсы дамыған. Дельфиннің қанының құрамында гемоглобиннің, бұлшық еттеріндегі ерекше ақуызды зат – миоглобиннің көп болуы денесіндегі  газ алмасуға қолайлы жағдай жасап, су астында ұзақ уақыт тыныс алмай тіршілік етуіне септігін тигізеді. Олардың жүйке жүйесі өте жақсы дамыған. Миы үлкен, алдыңғы ми сыңарларының сырты көптеген сайшалар мен иірімдерге бөлінген. Дельфиндерде әр түрлі дыбыс толқындарын шығаратын және қабылдайтын өте күрделі есту жүйесі (эхолокация) жақсы дамыған. Олар өздерінен өте нәзік ультрадыбыс толқындарын шығарып, оның кері қайтқан жаңғырығын қабылдай алады. Сол арқылы қорегін ұстайды, өз үйірін табады, судағы әр түрлі кедергілерді алдын ала сезеді. Дельфиндер екі жылда бір-ақ рет ұрпақ береді. Ірі түрлері елу, ұсақтары отыз жылға жуық тіршілік етеді. Қолға тез үйренеді, адам үйреткен жаттығуларды шебер қайталайды. Дельфин туралы жазылған аңыздар, деректер (адамды судан құтқарған, кемелермен қатар жүзіп серуендеген, т.б.) көп. Ертедегі грек, италия теңгелерінде дельфиннің бейнесі соғылған.Аспандағы жұлдыздардың бірі дельфин аталады. Мұның бәрі дельфин мен адам арасындағы жақын қарым-қатынасты аңғартады.

Өзен дельфиндері – жеке бір тұқымдас, оның бес – алты түрі бар. Олар Амазона, Ориноко, Ганг өзендері мен Қытайдағы Дунтинху көлінде кездеседі. Қазір дельфиндерді мұхитариумдарда, дельфинариумдарда қолдан өсіріп, түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Дельфиннің кейбір түрінің Жапонияда, АҚШ-та, Соломон аралында кәсіптік маңызы бар. Олардың табиғатта санының азаюына байланысты 1966 жылдан аулауға тыйым салынған. Мысалы, Калифорния теңіз доңызы деген түрі Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген
- Оқушылар, біздер сендермен «дельфин» жұмсақ ойыншығын тігіп үйренеміз.
Жұмыс барысында қандай қауіпсіздік ережелерін естен шығармауымыз керек?
Қауіпсіздік ережелері:
1. Қайшы өткір болуы шарт.
2. Қайшының жүзін жабық түрге келтіріп, партаның оң жағына қоямыз.
3. Қайшыны ұзарта құлағын жоғары қаратып, ұшын өзіне қаратып бер.
4. Инені арнайы жастықшаға шаншы, өйткені ол инені жоғалудан, төтенше жағдайдан сақтайды.
5. Иненің ұшын өзіңе қаратып, алушы кісіге жіппен сабақтап бер.
6. Инемен тіккен де инені айзына салма.
7. Сынған инені тастама, ешкімді зақымдамайтын жерге таста.
IV. Сарамандық жұмыстың тақырыбы: «дельфин» жұмсақ ойыншығын тігу.
Мақсаты: матадан
«дельфин» жұмсақ ойыншығын тігіп үйрену.
Қажетті құрал - жабдықтар мен материалдар: сантиметрлік таспа, қалам, қағаз, ине жіп, түкті мата, синтипоне,
дельфин суреті.
V .Жаңа сабақты бекіту.
1. Дельфиннің
қандай түрлерін білісіңдер?
2.
Дельфин туралы не білесіңдер?
3. Жұмсақ ойыншықтар неден тігіледі?
4. Жұмсақ ойыншық не үшін қажет?
5. Қандай жұмсақ ойыншықтарды білесіңдер

VІ. Сабақты қорытындылау.
а) оқушылардың білімін, істеген жұмыстарын бағалау;
ә) үйге тапсырма беру;
б) жұмыс орнын жинастыру

VІІ. Үйге тапсырма: «дельфин» ойыншығын аяқтап келу



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 наурыз
676
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі