Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дене мүшелері

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сыныпқа арналған сабақ жоспары Тақырыбы: Дене мүшелері.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ тақырыбы:


Дене мүшелері.( 1 – сағат )

2 сынып

Айы, күні:

Білімділік:

Сөйлесім барысында қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы дене мүшелерінің атауларын дұрыс айта білуге машықтандыру.

Дамытушылық:

Тақырыптың аясында тілдік коммуникация арқылы дене мүшелері туралы түсініктерін дамыту.

Тәрбиелік:

Дене мүшелерінің атауларын меңгерту арқылы тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде дене туралы ақпарат береді, жаңа сөздерді сөйлем ішінде қолдана алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): сабақ барысында жазбаша, ауызша тапсырмаларды белсенді орындайды, тыңдау-көру материалдары негізінде ойын айта алады.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): оқыған/тыңдаған материалдарын мазмұндайды, тақырып аясында шағын мәтін құрайды.

Жаңа сөздер:

Көз, мұрын, құлақ, ауыз, тіс.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, түрлі заттардың суреттері, А4 парағы, түрлі-түсті қарындаштар мен фломастерлер, маркерлер, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, смайликтер.

Оқыту әдістері:

Ә) Түсіндіру, сұрақ-жауап, диалог, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Кім тапқыр?» дидактикалық ойыны, постер, «Баспалдақ» тәсілі, «Кері байланыс» әдісі, сергіту жаттығуы.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.


5-тақырып. Тәні саудың — жаны сау!

Тапсырмалар: Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу


Мұғалім сыныппен сәлемдеседі, жоқ оқушыларды түгендейді. Балаларды сабаққа дайындау үшін сұрақтар қояды:



Мұғаліммен амандасады. Қойылған сұрақтарға смайликтерді көрсету арқылы жауап береді.

Өткен сабақты тексеру

Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктер ді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген мүшелерін атап беріңіздерші.

Слайдтарды көреді, сипаттайды, дене мүшелері

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.

Ә) «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталатады.

Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды.

2. Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқулықтағы тыңдалымға арналған мәтінді тыңдатады, сөздердің мағынасын түсіндіреді.

Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдайды, жаңа сөздерді қайталайды.

3. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Жазы- лым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Суреттерге қарайды, сөйлемдерді толықтырып жазады.

Ә) Айтылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады.

«Кім тапқыр?» дидактикалық ойынын ұйымдастырады.

Айтылым. Ойынның шарты бойынша суретке қарап, бірінші оқушы қай мүшені атаса, екіншісі сол мүшенің нөмірін айтуы тиіс.

4. Мәнерлеп оқу. машықтандырады.

Тыңдалым. Айтылым.

5. Сергіту сәті. Мұғалім оқушыларға А4 парағы мен түрлі-түсті қарындаштар мен фломастерлер таратады.

«Дене мүшелері тақырыбына постер жасатқызады.

А4 парағына тақырыпқа қатысты постер дайындайды.

ІІІ. Ой толғаныс

Жұптық жұмыс. Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Диалог құрады.

IV. Бекіту

Оқулықтағы 5-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Суреттерді сәйкестендіреді.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Баспалдақтың суреті салынған парақ таратады. Мұғалім оқушылардың өзін бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

«Баспалдақ» үлгісі бойынша өзін бағалайды.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 3-тапсырманы орындау.



VII. Рефлексия


Мұғалім кері байланыс әдісімен кесте таратады.


Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кестеге толтырады.





Сабақ тақырыбы:


Әлібек, тісіңді тазала!

2 сынып

Айы, күні:

Білімділік:

Сөйлесу әрекетіне жетелейтін қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану негізінде оқушыларға тақырып туралы ақпарат беру.

Дамытушылық:

Қазақ тілінен түрлі тілдік тапсырмаларды орындату арқылы іскерлікке, шеберлікке машықтандыру.

Тәрбиелік:

Тілдік коммуникация барысында тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тыңдау-көру материалында баяндалатын оқиғаларды түсінеді, қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы айтады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): сабақ барысында жазбаша, ауызша жұмыстарды орындайды, мәтін ішінде берілген ақпаратты түсінеді, қолдана алады.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында жаңа сөздерді сөйлем ішінде қолдана алады.

Жаңа сөздер:

Тара, бет.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, карточкалар, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, парақшалар, желімқағаздар.

Оқыту әдістері:

Ә) Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Сиқырлы қоржын» ойыны, диа- лог, «Шағын шолу» тәсілі.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.


Тапсырмалар: Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын, бәріміз қол ұстасып, дөңгелене тұрайық.

Күндей жарық, айдай арайлы, Судай мөлдір таза көңілмен Бүгінгі сабақты бастайық!

Оқушылар мұғалімдерімен бірге қайталап, бір-біріне жақсы тілектер айтады: «Бүгін мен саған сәттілік тілеймін, бес ал, жақсы жауап бер».

Өткен сабақты тексеру

Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.





1

5-тақырып. Тәні саудың — жаны сау!



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Қызығушылықты ояту

Балаларға түрлі заттардың суреті (тарақ, сүлгі, тіс щеткасы, сабын, коньки, қалпақ, жейде, т.б.) жапсырылған А4 парағын таратады.

Оқушылар берілген суреттерден тазалыққа қатысты заттарды қоршап сызады.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аударма- сын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауыз- ша жаттығу жүргізеді.

Ә) «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталатады.

Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды.

2. Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқулықтағы тыңдалымға арналған мәтінді тыңдатады, сөздердің мағынасын түсіндіреді.

Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдайды, жаңа сөздерді қайталайды.

3. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Суреттерге қарайды, сөйлемдерді толықтырып айтады.

Ә) Оқылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Суреттердің орнына қажетті сөздерді қояды, толықтырып оқиды.

4. Сергіту сәті. «Сиқырлы қоржын» ойынын ұйымдастырады.

Әр оқушы қоржынның ішінен сөз жазылған бір карточканы алады, сол сөзді қатыстырып, 2 не 3 сөйлем құрайды.

ІІІ. Ой толғаныс

Жұптық жұмыс. Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сұрақтарды пайдаланып, диалог құрады.

IV. Бекіту

Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Сөйлемді толықтырып жазады.

V. Бағалау

Формативті бағалау. «Шағын шолу» тәсілімен парақшалар таратады.

Тақырып аясында өзінің есінде қалған сөздерін, сөйлемдерін параққа жазады.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 5-тапсырманы орындау.


VII. Рефлексия

Мұғалім оқушыларға желімқағаздар таратып береді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін желімқағаздарға жазып, тақтаға іледі.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2019
463
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12