жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Дене мүшелері ,Ашық сабақ 1 сынып,
Ағылшын тілінен ашық сабақ. 1 сынып .
Сабақтың тақырыбы: Дене
мүшелері (Parts of the body)
Сабақтың мақсаты: Балалардың өткен сабақтарда
алған білімдерін тиянақтау; балалардың адамның дене мүшелерін білу
үшін танымдық ой - өрісін кеңейту; балалардың пәнге деген
қызығушылығын арттыру.
Көрнекіліктер:
Дене мүшелері бейнеленген
карточкалар, суреттер, бейнетаспа, өлең, саяхатшы Дара қуыршағы.
Жан жануарлар муляждары
Әдіс -
тәсілдері: Сурет бойынша сұрақ - жауап,
ойын, түсіндіру, жаттату.
Билингвизм: қол-a hand,аяқ-f foot,бас-a head,көз-an eye,мұрын-a nouse,ауыз-a mouse,құлақ-an ear,
Сабақтың
барысы:
Мұғалім: Good morning, children!
Балалар: Good morning, good morning
Good morning to you
Good morning, good morning
We are glad to see you!!!!
Мұғалім: Thank you very much!
Балалар бүгінгі өтетін
тақырыбымыз – дене мүшелері. Бүгінгі сабағымызда дене мүшелерінің
ағылшын тіліндегі атауларын айтып үйренеміз.
Балалар мына жерде жатқан қызыл, сары, жасыл, көк түсті іздер
кімнің іздері сендер білесіңдерме?
Балалар: Жоқ білмейміз.
Мұғалім: Менде білмеймін (Еденде тұрған хатты көріп). Міне қызық
хатты мында кім қойды екен! Хатты бірге оқиық, балалар. Хатта: «Мен
Саяхатшы Дарамын. Осы жолдан өту шартын дұрыс орындап шықсаңдар
менімен кездесесіңдер» делінген.
Ойын шарты: Балалар қызыл түсті іздермен жүргенде секіреді, сары
түсті іздермен билейді, көк түсті іздермен жүгіреді, жасыл түсті
іздермен адымдап жүреді.
Ал қанекей балалар жолдан өту шартын дұрыс орындап саяхатшы Дарамен
кездесейік.
(Балалар түрлі - түсті іздермен жүріп, саяхатшы Дараны тауып
алады).
Саяхатшы Дара: Hello! My name is Dora.
Мұғалім: Балалар қараңдаршы саяхатшы Дара бізге сонау Англиядан
қонаққа келіпті. Сендердің ағылшын тілін қаншалықты
меңгергендеріңді білгісі келеді. Балалар Дарамен жақынырақ
танысайық.
Мұғалім: Қане балалар біздің Дараға «What is your name?» деген
өлеңімізді айтып берейікші.
Балалар: Hello, hello
What is your name?
What is your name?
What is your name?
Hello, hello
What is your name?
My name is ______(әр бала өз атын айтады)
Саяхатшы Дара: Thank you very
much! Балалар неткен көп ойыншықтар,
бұның барлығы сендердікі ме?
Балалар:
Иә,
біздің ойыншықтарымыз.
Саяхатшы Дара:
Ал сендер осы ойыншықтардың аттарын ағылшын тілінде білесіңдерме?
Қане айтып беріңдерші.
What is it?
Балалар:
It is a cow
It is a bear
It is a horse
It is a camel
Саяхатшы Дара:
Рахмет сендерге балалар ағылшын тілін жақсы біледі екенсіңдер.
Ал менің Англияға қайтуым керек.
Сендермен танысқаныма өте қуаныштымын.
Мұғалім:
Ал енді балалар барлығымыз көзімізді жұмып ағылшын тілінде 10-ға дейін санап,
саяхатшы Дараны шығарып салайық.
балалар: one, two, three, four, five,
six, seven, eight, nine, ten
Балалар біздің алдыңғы ұйымдастырылған іс әрекетімізді еске тусіру үшін екі топқа бөлінейік. /балалар алма және мандаринді бөліседі/ Енді алма тандағандар орманға,ал мандарин тандагандар кора жаққа жиналайық. Балалар осылай орман жануарлары мен үй жануарларын атап оз орындарына жайғастырады.
Балалар жарайсындар жабайы жануарлар мен үй жануарларын калай атайды екенбіз?
Балалар: а wild animal , a
domestic animals деп балалар хормен жауап береді. Thank you very
much my dears. Now lets begin our lesson
Балалар бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз «дене мүшелері» деп
аталады. Дене мүшелеріне нелер жатады кім айтады?
Балалар: Қол, аяқ, бас, көз, ауыз, құлақ, мұрын жатады.
Мұғалім: Иә, балалар дұрыс айтасыңдар. Құлақты балалар ағылшын
тілінде ear, ал басты head, көзді eyes, ауызды mouth, қолды arm,
аяқты foot, мұрынды nose дейміз. Балалар барлығымыз тақтада ілініп
тұрған баланың суретіне қарайық та, баланың дене мүшелерін ағылшын
тілінде айтайық.
Д/о: «Қай дене мүшесі жоқ?».
Ойын шарты: Педагог балаларға қонжықтың суретін көрсетеді. Балалар
қонжықтың қай дене мүшесі жоқ екенін анықтап, олардың ағылшын
тіліндегі атауын айтады.
Д/о: «Түрлі - түсті құбыжықтар».
Ойын шарты: Педагог балаларға түрлі - түсті құбыжықтардың
суреттерін көрсетеді. Балалар құбыжықтардың дене мүшелерінің санын
анықтап, олардың түстерін ағылшын тілінде айтады.
Мұғалім:
Ал енді балалар жаттығу жасап бір серігіп алайық:
Clap your hands, clap them just like me
Tap your knees, tap them just like me
Touch your shoulders, touch them just like me
Shake your head, shake it just like me
Д/о:
«Кім жылдам?».
Ойын шарты:
Тақтаға сабақта өтілген дене мүшелерінің барлық суреттері ілінеді.
Мұғалім тақтаға 2
баланы шақырып,
дене мүшесін ағылшын тілінде айтады.
Тақтаға шыққан 2
бала мұғалім айтқан дене мүшесін дұрыс тауып көрсетеді.
Мұғалім:
Балалар бүгінгі сабағымызда біз қандай тақырыпта өттік?
Балалардың жауабы:
«Дене мүшелерімен танысу»
Ағылшын тілінде қандай жаңа сөздерді үйрендік?
Балалардың жауабы: ear, head, leg, eye, mouth,
hand, nose.
. Ата-аналардың қатысуымен «Шалқан»
ертегісін сахналау.
Балалар жарты шеңбер құрып
отырады.
Шалқан ертегісін рөлдерін сомдайтындар:
Grandpa:
Акимжан
Grandma: Нұрай Daughter: Айару
dog: Дінмұхаммет cat : Алихан mouse:
Еркеназ
Мұғалім: Ал енді балалар осымен сабағымыз аяқталды good bye everybody!
Дене мүшелерін есте сақтап ,жаттап алыңдар.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген