Материалдар / Дене шынықтыру ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дене шынықтыру ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ересек «Көбелек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі. Қос аяқтап обручтардан қырымен секіруді, заттар арасынан ирелеңдеп жүруді дамыту. Қапшықты мойынына қойып, жүгіруге үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Желтоқсан 2021
955
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің» Құсмұрын «Қарлығаш» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Ересек «Көбелек» тобындағы ұйымдастырылған

оқу қызметінің конспектісі.

Тәрбиеші: Асанова К.Р.

Білім беру саласы: «Денсаулық» «Дене шынықтыру»

Өтпелі тақырып: «Көліктер»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Балаларды шапшаңдаыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Қос аяқтап обручтардан қырымен секіруді, заттар арасынан ирелеңдеп жүруді дамыту.

Оқыту: Қапшықты мойынына қойып, жүгіруге үйрету.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Обручтар, қапшықтар, рульдер, машина маскалары.

Билингвалдық компонент: қапшықтар-мешки, руль-руль, обручь-шеңбер.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы: 1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Балалар бізге бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу қызметіне қонақтар келіпті, қонақтармен амандасып алайық.

Шаттық шеңбер:

Ақылды біз баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Жаттығу жасап шынығып,

Өсіп үлкен боламыз.

2.Негізгі бөлім:

Балалар, осы аптада біз топта көлік туралы көп айтқан болатынбыз.

Айтыңдаршы, көліктер не үшін керек?

Дұрыс балалар, адамдардың жұмысын жеңілдету үшін, адамдарды алыс қашықтыққа тасымалдау, саяхаттау және т. б. үшін.

Ендеше балалар барлығымыз түрлі-түсті көліктер еліне саяхат жасайық.

Саяхатқа біз көптеген көлік түрлерімен баратын боламыз.

Балалар әр-түрлі көліктердің дыбысын тыңдап, сол дыбысқа байланысты қимылдар жасап жүреді, жүгіреді.

1.Ұшақпен ұшамыз. (Аяқ ұшымен жүру, қолды жан –жаққа созу).

2. Біз машинамен жүреміз! (Қарапайым жүру, қолдарын өзінің алдына қойып жүру)

3. Велосипедке отырамыз! (Тізені жоғары көтеріп жүру, белдегі қолдар)

4.. Поезбен жүреміз. (қолдың шынтағы бүгілген, жұдырықтар кеудеде, дөңгелек қозғалыстарды алға-артқа, пойыз дөңгелектерінің қозғалысына еліктеп орындайды).

Мінекей көліктер әлеміне де келіп жеттік.

Балалар қараңдаршы, мында түрлі-түсті машиналар бар екен.

Бұл машиналармен ойнау үшін біріншіден біз көптеген жаттығулар жасауымыз керек екен.

Жалпы жаттығу:

1Б.қ. құрсауды жоғары, төмен түсіру арқылы, оңға, солға бұрылу. Құрсауды желпіту арқылы оңға, солға бұрылу. Б.қ. келу. (5-6 рет).

2 Б.қ. Құрсауды жаурынға қойып оңға, солға бұрылу.

Б.қ. келу. (5-6 рет).

3Б.қ. құрсаудан аттап өтіп, өзінен айналдыру Б.қ. келу. (5-6 рет).

4. Б.қ. құрсауды оң жаққа қойып, жоғары көтеріп, төмен түсіру арқылы оңға, солға бұру.Б.қ. келу. (5-6 рет).

5. Құрсаумен аяқты жоғары көтеріп түсіру. Құрсаудың ортасына аяқты салу. Б.қ. келу. (5-6 рет).

Негізгі қимыл жаттығулары: 2-3 рет қайталап жасау.

Балалар жаттығуларды жасағанда қауіпсіздікті сақтай отырып жасаймыз.

Бір-бірімізді итермейміз.

1.Қос аяқтап обручтардан қырымен секіру.

2. Заттар арасынан ирелеңдеп жүру. (ойын түрінде).

3.Қапшықты мойынына қойып, жүгіру.

Мінекей балалар біз барлық жаттығуларды орындадық. Енді мына түрлі-түсті машиналармен ойнауға да болады .

Қимылды ойын: «Түрлі-түсті автомобильдер»

Балалар бөлменің шетінде орналасады. Олар автомобильдер. Ойыншылардың әрқайсысына қандай да бір түсті түрлі-түсті шеңбер, сақина беріледі. Тәрбиеші бөлменің ортасында ойыншыларға қарама-қарсы тұрады.. Қолында үш түсті белгілер бар. Тәрбиеші қандай да бір түсті белгіні көтереді. Осы түсті жалаушасы бар барлық балалар алаңға (кез-келген бағытта) жүгіреді, жолда олар көлікке еліктейді. Тәрбиеші белгіні түсіргенде, балалар тоқтап, әрқайсы өз гаражына барады. Содан кейін тәрбиеші басқа түсті жалаушаны көтеріп, ойын қайта басталады.

«Жүргізушілер мен бағдаршам»

Мақсаты: Балалардың жолда жүру ережелерін білуін дамыту.

Ойын шарты: Жетекші бала немесе тәрбиеші бағдаршам сигналдарының түстерінің шеңберлерін көтереді. Жүргізушілер сигнал бойынша әрекет етеді.

Қызыл -жол жоқ (балалар отырады), сары-жолға дайын болыңыз,(балалар тұрады) ал жасыл жарық – жүреміз!(балалар жүгіреді).

Дем алу жаттығуы: «Кемелер»

Мақсаты: Балалардың дұрыс тыныс алуын дамыту.

3. Қорытыңды:

Балалар бізде қандай ұйымдастырылған оқу қызметі болды?

Біз қайда саяхатқа бардық?

Қандай жаттығулар жасадық?

Жаттығулар қиын болды ма?

Жаттығуларды орындай алдық па?

Жарайсыңдар балалар! Келген қонақтарға сау болыңыз дейік.

Қолданылған заттарды жинастыруға көмектесу.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!