Дене шынықтыру көрсеткіштерін тапсыру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дене шынықтыру көрсеткіштерін тапсыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Спорт!...Сен өміріміздің сенімді серігісің.Біздің жанымыз бен тәнімізге өлшеусіз қуаныш сыйлайсың. О,спорт!Сен арманда, қол жеткіз,биікке қол соз деп айтасың! Сен адамдарды бірі-бірімен күш сынасуға ,өзін-өзі жеңе білуге шақырасың! Мәңгілік қозғалыс - ол спорт !-деп спортқа арнау айтқан Пьер де Кубертеннің сөздері осы күндері де өз маңызын жойған жоқ.Президенттік сынамалар –бұл бақылаулы нормативтер арқылы халықтың оқуға ,еңбек қызметіне дене тәрбиесі даярлығының,және жастардың әскери қызметіне даярлығының жалпы деңгейін айқындайтын жаттығылуардың (сынақтардың) жиынтығы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Спорт-денсаулық кепілі (мақал)

Спорт!...Сен өміріміздің сенімді серігісің.Біздің жанымыз бен тәнімізге өлшеусіз қуаныш сыйлайсың.

О,спорт!Сен арманда, қол жеткіз,биікке қол соз деп айтасың!

Сен адамдарды бірі-бірімен күш сынасуға ,өзін-өзі жеңе білуге шақырасың!

Мәңгілік қозғалыс - ол спорт !-деп спортқа арнау айтқан Пьер де Кубертеннің сөздері осы күндері де өз маңызын жойған жоқ.Президенттік сынамалар –бұл бақылаулы нормативтер арқылы халықтың оқуға ,еңбек қызметіне дене тәрбиесі даярлығының,және жастардың әскери қызметіне даярлығының жалпы деңгейін айқындайтын жаттығылуардың (сынақтардың) жиынтығы.

Президенттік сынамалар Қазақстан Республикасы балаларының , жастарының және ересек халқының дене тәрбиесі даярлығына қойылар нормативтік талаптардың негізі болып табылады.

Президенттік сынамалардың мақсаты –салауатты өмір салтын насихаттау,халықты дене мәдениеті және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту,өз денсаулығын және өмірдің әртүрлі кезеңіндегі дене тәрбиесі даярлығының деңгейін айқындауда оның қажетін қанағаттандыру.

Президенттік сынамалардың негізгі міндеттері дене тәрбиесінің жай-күйі мен дене шынықтыру жаттығулары әдістерімен халықтың сауығуын, жастардың оқуға ,еңбек қызметі мен әскери қызметіне даярлығын бағалау болып табылады.

Халықтың дене тәрбиесі даярлығының ,Президенттік сынамалары күштілікті ,шыдамдылықты ,шапшаңдық пен ептілікті көрсететін сынақтың жеті түрін қамтиды.

12-ден 23-ке дейінгі жас шамасындағы жастар үшін сынамалар дене тәрбиесі даярлығының екі деңгейінен тұрады.

  1. Президенттік деңгейі жан-жақты дене тәрбиесі даярлығы бар дені сау адамдар үшін арналған.

  2. Ұлттық даярлық деңгейі оқу немесе жұмыс орны бойынша да, тұрғы- лықты жері бойынша да спорттық секцияларда, топтарда, командаларда дене мәдениеті жіне спортпен жүйелі түрде айналысатын адамдар үшін арналған

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған 1,5 милге (2400 м)жүгіру нәтижелері бойынша сынамалар енгізіледі.

Президенттік сынамалар сынақтарының түрлері бойынша жарыстар жалпы білім беретін мектептердің 5,9,11 сыныптарында кәсіби-техникалық мектептердің ,колледждер мен жоғары оқу орындарының соңғы курсының алдыңғысында өткізіледі.

Президенттік сынамалар нормативтерін тапсыруға дәрігердің рұқсаты бар,спортпен ұйымдасқан түрде немесе өз бетінше айналысатын барлық тілек білдірушілер жіберіледі.

Президенттік сынамалар бойынша жұмысты ұйымдастырудың жауапкершілігі жалпы білім беретін мектептерде ,колледждерде,кәсіби –техникалық мектептерде ,жоғары оқу орындары мен ұйымдарда әкімшілікке жүктеледі.

Президенттік сынамалар бойынша практикалық жұмыстардың тікелей жауапкершілігі оқу орындарында-дене тәрбиесі оқытушысына(жетекшісіне) мед қызметкерлерге,ұйымдарда мамандар мен спорт жөніндегі нұсқаушы-әдістемешілерге жаттықтырушы-оқытушылар мен мед қызметкерлерге жүктеледі.

Президенттік тестілердің құрылымы.

Халытың шынығу дайындығының Президенттік сынағына күштілікті,жылдамдықты және ептілікті білдіретін сынақтардың сегіз түрі жатады.

Президенттік сынақ екі деңгейден тұрады.

Президенттік деңгей ,ұлттық дайындық деңгейі және бес стыға бөлінеді.

1-саты –«батырлар мен ептілер» (7-10,11-13 жастағылар) -4,7 –сыныптар

2-саты-«спортттық буын»- (14-15 жастағылар) -9-сынып

3-саты-«күштілік пен батылдық» -(16-17 жастағылар)-11-сынып

4-саты –«шынығуды жетілдіру»-жоғарғы оқу орындарының соңғы курстары. (18-23 жастағылар) тұрғындар (24-39 жастағылар)

5-саты –«сергектік және денсаулық» (40-49,50-59,60 және одан жоғары жастағылар)

Президенттік сынақтарының түрлері бойынша жарыстар жалпы білім беру мектептерінде ,кәсіби техникалық мектептерде,колледждерде,лицейлерде,жоғары оқу орындарында оқудан тыс уақытта өткізіледі.

Президенттік тестілер бойынша сынақ түрлерін орындау шарттары

1.30,60,100,1000,1500,2000,3000 м қашықтыққа жүгіру стадионның жүгіру жолында немесе кез-келген тегіс жерде өткізіледі.

2,Орнында тұрып ұзындыққа секіру ашық және жабық жайларда,кез-келген тегіс жерлерде жүргізіледі.

4.Денені көтеру арқаға жату арқылы,аяқтар тізіден 90 градусқа иіле отырып ,қолдар бастың сыртында «құлып»жағдайында орындалады,өкшелер әріптеспен ұсталып тұрады.

5.Допты лақтыру 10 м дәлізде ,кез-келген тегіс алаңшада жүргізіледі.

6.нормативтердің жазғы түрлері бойынша қабылдау сәуір – мамыр айларында жүргізіледі.

Президенттік тестілеу нормативтері мен талаптарын орындаған қатысушылар жалпы білім беру мекемелерінің соңғы сыныптарының оқушыларыың және колледждердің соңғы курстары студенттерінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім беру гранттарын алуға басым құқы бар.

Президенттік тестілеу нормативтері мен талаптарын орындаған жарысқа қатысушылар тестілер мен жас ерекшіліктерінің деңгейіне сай келетін дипломдармен және белгішелермен марапатталады.

1-саты «Шымырлық пен ептілік» Жалпы білім беру мектептерінің 4 сынып оқушылары үшін сынақтар меннормативтердің түрлері (7-10 жастағылар) Қыздар үшін

р/б №

Бақылау жаттығулары

Өлшем бірлігі

Президенттік деңгей

Ұлттық дайындық деңгейі

1

Жүгіру 30 м

Сек

5,2

5,4

2

Жүгіру 1000 м

Мин.сек

6/в

б/в

3

Орнынан ұзындыққа секіру

См

168

160

4

Доп лақтыру (150 гр)

м

20

18


1-саты «Шымырлық пен ептілік» Жалпы білім беру мектептерінің 7-сынып оқушылары үшін сынақтар меннормативтердің түрлері (11-13 жастағылар) Қыздар үшін

р/б №

Бақылау жаттығулары

Өлшем бірлігі

Президенттік деңгей

Ұлттық дайындық деңгейі

1

Жүгіру 60 м

Сек

9,3

9,7

2

Жүгіру 1500 м

Мин.сек

7.00.0

7:25,0

3

Орнынан ұзындыққа секіру

См

195

175

4

Арқаға жатып денесін көтеру

Рет саны, мин

40

35

5

Доп лақтыру (150 гр)

м

36

28


2-саты «Спорт ізбасарлары» Жалпы білім беру мектептерінің 9-сынып оқушылары үшін сынақтар меннормативтердің түрлері (14-15 жастағылар) Қыздар үшін

р/б №

Бақылау жаттығулары

Өлшем бірлігі

Президенттік деңгей

Ұлттық дайындық деңгейі

1

Жүгіру 60 м

Сек

9,0

9,7

2

Жүгіру 2000 м

Мин.сек

9.30.0

7:25,0

3

Орнынан ұзындыққа секіру

См

210

190

4

Арқаға жатып денесін көтеру

Рет саны, мин

45

40

5

Доп лақтыру (150 гр)

м

35

30


3-саты «Күш және батылдық» Жалпы білім беру мектептерінің 11-сынып оқушылары үшін сынақтар меннормативтердің түрлері (16-17 жастағылар) Қыздар үшін

р/б №

Бақылау жаттығулары

Өлшем бірлігі

Президенттік деңгей

Ұлттық дайындық деңгейі

1

Жүгіру 100 м

Сек

15,4

15,8

2

Жүгіру 2000 м

Мин.сек

9:00.0

9:50,0

3

Орнынан ұзындыққа секіру

См

210

200

4

Арқаға жатып денесін көтеру

Рет саны, мин

55

50

5

Граната лақтыру (500 гр)

м

32

26


Қорыта келе айтар болсақ Президенттік тестілердің мақсаты –балаларды,оқушыларды және ересек тұрғындарды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту,олардың өзінің денсау -лығын және өмірдің әртүрлі сатыларында шынығуға дайындық деңгейіін анықтауға деген сұранысын қанағаттандыру,салауатты өмір салтын насихаттау.Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет! Сауболыңыздар,дендерің сау болсын!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.04.2025
196
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі