400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

дене шынықтыру ойынө сауығы

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп жасына дейінгі балаларға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттау, қысқы спорт түрлерін насихаттау, балаларды дене шынықтырумен үнемі айналысуға тарту.

Міндеттер:

* Денсаулықты нығайту

*Дене шынықтыру сабағында алған білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын бекіту.

* Балалардың физикалық қасиеттерін дамыту.

* Балалардың назарын дамыту, ұжымда әрекет ету, өзара көмек көрсетуге ұмтылу.

* Балаларда оң эмоционалдық көңіл-күй қалыптастыру.

Өткізу орны: балабақша учаскесі.

Қатысушылар: мектепалды даярлық тобының балалары мен тәрбиешілері.

Жабдықтар мен керек – жарақтар: сигналдық конустар 4 дана, 2 "шыршалар" (жасыл скакалкалар, шариктер-доптар 20 дана, 2 тоннель, 2 клюшкалар, 2 шайбалар, шаналар 2 дана, шаңғы 1 жұп, 2 кеглдер.

Өткізу барысы:

Жүргізуші: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Бүгін бізде мереке.

Қане, көңіл көтеріп,

Қызықтан тыс қалмайық!

Сәлеметсіздер ме балалар!
Аппақ көше бар дала,
Аппақ ой мен қыраттар.
Ақ шатырлы қар дала,
Ақ жамылып тұр бақтар.
Жүргізуші:-мына өлең жолдары нені суреттейді?

Балалар: –қысты.

Жүргізуші: Бүгін біздің мереке қызықты қысқы ойындарға арналған. Қандай қысқы ойындарды білесіңдер? Қыста немен сырғанауға болады? (Балалар хормен атап өтеді: шанамен, шаңғымен, конькимен сырғанау, қармен ойнау, қар көбесін мүсіндеу.) Қыс - қандай керемет уақыт!

Бүгінгі көңілді, қызықты ойындар сендерге арнап дайындалды!

Қысқы мерекені бастаймыз!

Жүргізуші: Біздің мерекеге "Шырша"командасы және «Ұлпақар» командасы қатысады.

Мереке басталар алдында қар мен мұздағы қауіпсіздік ережесі туралы еске саламын: бір-бірін итермеуге,аяқтарын шалмауға,қарсыласты құрметтеуге.

Жеңімпаздың қай топ болатыны маңызды емес, ең бастысы бұл кездесуде нағыз достық болсын. Мен командаларды адал спорттық күреске шақырамын және барлығына табыс тілеймін!

Командаларды қол шапалақтап қарсы алайық!

"Ұлпақар" командасы (сәлемдесу) Ура!

"Шырша" командасы (сәлемдесу) Ура!

Сонымен, жүгіруге және ойнауға дайынбыз ба?

Жалқаулықты тастаймыз,

Шынығамыз жастай біз!

Эстафеталық ойынымызды бастамас бұрын денемізді қыздырып алайық!

"Біз аяздан қорықпаймыз" жаттығуы

- Балалар: Біз аяздан қорықпаймыз!

- Жүргізуші: бұл қалай?

- Балалар: міне осылай! (Балалар жұп қозғалыстарды имитациялайды)

- Жүргізуші: содан кейін?

- Балалар: содан кейін шаңғымен

- Таудан төмен сырғанаймыз.

- Жүргізуші: бұл қалай?

- Балалар: міне, былай! (Балалар қозғалыстарды имитациялайды)

- Жүргізуші: Жарайсыңдар! Және тағы?

- Балалар: коньки аламыз,

- Біз мұз айдынына жүгіреміз!

- Жүргізуші: бұл қалай?

- Балалар: міне, осылай! (Балалар қозғалыстарды имитациялайды)

- Жүргізуші: Ал, балалар, жарысуға қалайсыңдар?

- Балалар: Жарысайық!

- Жүргізуші: бір-екі-үш барлық команда жүгір!

- Бір қатарға сапқа тұру.

Сайысты ұйымдастыру сәті "Кімнің командасы тез жиналады"

Жүргізуші: Балалар, бүгін әркім түрлі қысқы ойындар мен сайыстарда өздерін сынап көреді.

1-ші сайыс "Шыршаны әшекейлеу"

Қарда секіргіштен шырша қойылады. Әр қатысушы шыршаға жүгіріп, туннель арқылы өтіп, шарикті алады, оны әшекейлейді, қайтып оралады.

2-ші сайыс «Қар жолымен "

Команданың барлық қатысушылары бір қолмен секіртпеден ұстайды. Сигнал бойынша барлық команда конусқа дейін жүгіріп, оны айналып, кері жүгіріп қайтады. Команданың бірде-бірі командадан артта қалмауы тиіс.

музыка "Светит Месяц." (Аққала) келеді

Жүргізуші: Ой,  балалар  бізге  қонаққа кім келген?
Сәлеметсіз  бе?
Аққала: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Мен  кіммін?
Аққаласыз.
Мен  неден  жасалғанмын?
Қардан  домалатып  жасалғансыз.
Менің   түсім  қандай?
Аппақсыз.
Сендер  қыс  туралы  тақпақ  білесіңдер ме?

1-бала
Біз  тебеміз  сырғанақ,
Таудан  төмен сырғанап.
Бір шанада  екеуміз
Құламайды  екенбіз.
2-бала
Ақ  шанамыз  зырлайды,
Ақ  қар  оны  шыңдайды.
Біреу  шаңғы тебеді,
Құйындатып  келеді.
Аққала: Балалар  қысқы ойын түрлері туралы жұмбақтар жасырамын  сендер жауабын тапсаңдар, ойынды жалғастырамыз.  

Аяғымда,
Басы қайқы қос сырық.
Таяғым да
Қуады оны састырып.
(Шаңғы)


3- сайыс   «Шаңғышылар» Балалар 2 командаға бөлініп, бір-бірінің артынан тұрады. Колоннада бірінші болып тұрған бала шаңғыны киеді, шаңғымен конустарға дейін сырғиды, әрбір конусты айналып өтіп, кері қайтады және шаңғыларды келесі балаға береді. Тәрбиешілер балаларға шаңғыларды шешіп, киюге көмектеседі.

Аққала: Мінсем,
Төменге зу етем,
Өрлесем,
Оны өзім сүйретем. (Шана).

4- сайыс   "Көңілді шаналар"эстафетасы.

Әр команда жұптарға бөлінеді. Бір бала екіншісін шанамен конусқа дейін апарады; кері бағытта орын ауыстырады; қайтып оралып, шананы келесі жұпта береді.

Аққала: Қыс айында, мұз айында
Жүгірсе зыр етеді.
Бір адамды екеу ара
Көтеріп ап кетеді. (Коньки)

5- сайыс  «Хоккейшілер»

Балалар хоккей таяқшасын алып, шайбаны қойылған кегльдердің арасымен конусқа дейін апаруға тырысады және кері жүгіріп, таяқшаны келесі балаға береді.

Жүргізуші: - Балалар, біз келесі ойынды ойнамас бұрын жұмбақ шешейік, сол жұмбақтың шешуі арқылы келесі ойынымыздың атауын анықтаймыз.
Мұрны сәбіз үп-үшкір
Көзі көмір қап-қара
Көне шелек басында
Сыпырғышы қолында    Аққала

6- сайыс  «Аққала»

Ойынның шарты: Балалар дайын тұрған қардан аққала құрастырады. Оның көзін, мұрнын, аузын жасайды. Басына шелек кигізіп, қолына сыпырғыш ұстатады. Қай топтың балалары бұрын болса, сол топ жеңеді.

Аққала: Балалар, жарысқа өте жақсы қатыстыңдар, рахмет сендерге, менің әкелген сыйлығым бар! (көрсетіп, апайға береді, топта сыйлығын таратып береді)

Жүргізуші: Ұрпақ  керек  ертеңгі алда,
Болашақты болжайтын.
Дені таза, тәні таза,
Елін, жерін  қорғайтын!
Денсаулық - басты байлық өмірдегі,
Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.
Салауатты өмір салтын насихаттап,
Атанайық жақсы азамат өңірдегі.

Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында.

Денсаулықтың кепілі – салауаттылық. Жарайсыңдар, балалар. Сендер епті, батыл, ең бастысы тату болдыңдар. Біздің балабақшада осындай дені сау және мықты балалар өсіп келе жатқанына қуаныштымыз.

 «Қыс қызығы» атты спорттық эстафеталық жарысымыз осымен аяқталды. 


















































Қарағанды қаласының білім бөлімі

«АКБОТА» бөбекжайы КМҚК











Денешынықтыру мерекесі: «Қыс қызықтары»

Мектепалды даярлық топ


















Дене шынықтыру нұсқаушысы: Жунусбекова Р.М.





2019-2020 оқу жылы






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 ақпан
780
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі