Материалдар / Дене шынықтыру оқытушыларына

Дене шынықтыру оқытушыларына

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене тәрбиесінің пайдасы
Авторы:
21 Тамыз 2023
256
11 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазіргі таңда қоғамда дене тәрбиесін дамытудың маңызы зор. Себебі, әлем кеңістігін жайлаған пандемия індеті адам десаулығын нығайтуда дене тәрбиесінің орны зор екендігін тағыда айқындап берді. Адам, денсаулықтың қаншалықты қымбат екендігін ұғына бастады. Денсаулықтың маңызын түсіну отбасында, мектептен бастау алмақ.

Білім мен тәрбие егіз ұғым ретінде отбасында бастау алса, кейін мектепте жалғасын табатыны белгілі. Себебі, денсаулықты сақтау дағдысы бала кезден қалыптаспақ. Өкінішке орай, қазіргі кезде бала денсаулығы нашарлауда. Оған әртүрлі факторлар әсер етуде. Баланың таза ауада серуендеуі азайып, керісінше, әлеуметтік желіде ұзақ уақыт отыруы көбеюде. Статистикалық мәліметке сүйенетін болсақ, 50% бала көз ауруына шалдығуда.

Денсаулықтың кепілі-дене тәрбиесі болып табылады. Дене тәрбиесінің қағидаттарын сақтау арқылы біз болашақ ұрпағымызды дені сау азамат етіп өсіруге мүмкіндік аламыз.

Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді.


Жалпы білім беруді реформалаудың негізгі бағыттарында жас ұрпақты отанымыздың физикалық дамыған, шыңдалған, жұмыс істеуге және қорғануға дайын етіп тәрбиелеу өте маңызды екендігі атап өтілді. Дене тәрбиесінің көптеген құралдарының ішінде сауықтыру мәселелерін шешуге көмектесетін және спорттық дағдыларды қалыптастыруда жетекші болып табылатын қозғалыс ойындар кеңінен қолданылады.


Баланың дұрыс қозғалуы мен шапшаңдығы осы ойын процесіндегі белсенділігіне байланысты болады.


Ойын, біріншіден, жеке тұлғаның белсенді іс-әрекетін қалыптастырса, екіншіден, өмірге деген көзқарасы мен сенімін дамытады. Ойын арқылы бала қимыл-қозғалыс жасайды. Мектепке дейінгі кезеңде баланың негізгі іс-әрекеті ойын болып табылады. Дене шынықтыру мұғалімі сабақ барысында балаларға гимнастиканы, жеңіл атлетиканы үйрету кезінде олардың дұрыс қимылына ерекше көңіл бөледі. Көп қайталанып істелетін қозғалыстар балалардың кабілетін дамытуға, шапшаң және орынды қолдануға үйретеді.


Дене тәрбиесінің негізгі мазмұны денені жаттықтыру болып табылады. Ол мынадай түрлерге бөлінеді.


Таңертеңгілік жаттығу;

Қимыл — қозғалыс ойындары;

Спорттық жаттығулары.

Бала дене шынықтыру сабағында жалпы дамыту жаттығулары арқылы күш – жігерін шындай түседі. Дене тәрбиесі, сауықтыру шаралары балалардың қозғалыстарын жетілдіреді, қимылдық дағдыларын және дененің икемділігін, шапшаңдығын, төзімділігін қалыптастырады. Сонымен қатар, балалардың еңбекке белсенді болуларына ықпал етеді. Осыған байланысты балалардың дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру қажет. Мектепте дене тәрбиесін ұйымдастырудың түрлеріне тоқталатын болсақ. Ең бірінші балалардың күн тәртібін ұйымдастыру барысында сауықтыру шаралары жүргізіледі. Олар: таңертеңгі жаттығу, қимыл-қозғалыс ойындары, серуен кезіндегі жаттығулар мен спорттық ойындар, сергіту сәттері, спорттық ойын сауықтар.


Балалардың белсенді тынығуына жұмыстың түрлерін таңдау арқылы жағдай жасалады. Мысалы, шынықтыру кезінде мұғалімдер балалармен эстафеталық жарыс ойындарын өткізгенде, олардың көңіл-күйлері көтеріңкі болатынын, бар ынталарымен бірігіп ойнауға тырысатынын байқауға болады.


Олардың дене шынықтыру жаттығуларын жоспарлаған кезде тақырып мазмұнына қарай ұлттық дәстүрлерді ендіру ескерілуге тиіс. Ермектерді жоспарлау кезінде үлкен ұйымдастырушылық дайындық және тақырыптың мазмұнына байланысты шығармашылық жұмыс істеуді қажет етеді.


Дене тәрбиесі тек дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс, мектептен де тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді.


Дене тәрбиесі баланың денсаулығын дамытудың маңызды шарты болып табылады. Денсаулықты дамытуға бірнеше факторлар да әсер етеді. Атап айтсақ, табиғатта серуендеу, қысқы мезгілде шаңғы тебу, футбол ойнау т.б.


Жаттығуларды әртүрлі үлгіде ұйымдастырып, жыл мезгілдеріне, спорттық қызықты жағдайларға («дене шынықтыру күні», «олимпиада» т.б.) қоғамдық мерекелерге байланысты өткізуге болады. Дене тәрбиесін ұйымдастыру барысында жаңа технологияларды қолдануға болады. Бұл технологияларды қолдану арқылы педагог озінің креативті ойлау дағдысын дамытады.


Олардың істейтін жұмыстарының мазмұнына кіретін негізгі мәселелер:


Шәкірттерге оқу, еңбек және демалысты ұтымды пайдалануды үйрету, балалардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жақсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау;

Спорт өткізілетін орындарға қойылатын санитарлық – гигиеналық талаптарды орындау, жеке және қоғамдық гигиенаға дағдыландыру;

Жыл бойында қозғалыс жасау, дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстарын тиімді өткізу.

Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады. Дене жаттығулары – бұл саналы түрде орындалатын қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады, буын сүйектерін қозғалмалы етеді, жалпы жұмыс қабілетін жақсартады. Дене жаттығулары бүкіл организмнің дамуына, жетілуіне қолайлы ықпал жасайды.


Гимнастика. Мұның бірнеше түрлері бар: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттық гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік және емдік гимнастика.


Ойын- балалар өмірінде үлкен орын алады. Дене тәрбиесінде қозғалыс ойындары пайдаланылады. Қозғалыс ойындары оқушылардың ептілігін, тапқырлығын, қозғалтқыш дағдыларын жетілдіреді.


Мұндай ойындар оқушыларды жылдамдыққа, төзімділікке тәрбиелейді. Дене тәрбиесінде оқу бағдарламасына сәйкес спорттық ойындар: футбол, баскетбол, волейбол, қол добы, теннис пайдаланылады. Оқушылар әрбір ойынның тәсілдерін зерттеп үйренеді.


Туризм дене тәрбиесінде серуен, саяхат, туристік жорық түрінде пайдаланылады. Туризмге оқушылардың барлығын қатыстыруға болады. Туризм оқушыларды төзімділікке, ұжымшылдыққа, еңбек сүйгіштікке және қолайсыз сыртқы жағдайларда кездесетін қиыншылықтарды жеңуге тәрбиелейді.


Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдардың бірі — табиғат факторлары. Күннің көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау сауықтыру ретінде пайдаланылады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Іс-шаралар кестесі
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ