Дене шынықтыру пәнінен эстафеталық ойындар 4-сынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дене шынықтыру пәнінен эстафеталық ойындар 4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың денсаулығын, ой өрісін, икемділігін, шапшаңдылығын арттыра отырып, салауатты өмірге тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Автор: Әбілдаев Серікбай Арғынбайұлы

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы №5 И.В.Панфилов атындағы мектеп-лицейдің

дене шынықтыру пәнінің мұғалімі


Дене шынықтыру пәнінен эстафеталық ойындар

4-сынып


Оқушылардың денсаулығын, ой өрісін, икемділігін, шапшаңдылығын арттыра отырып, салауатты өмірге тәрбиелеу мақсатында дене шынықтыру сабақтарында эстафеталық ойындар өткізуге болады. Ойын ысқырық, уақыт өлшегіш, әр түрлі таяқшалар,  баскетбол доптары мен  кедергілерді қолдана отырып, сыныпты топтарға бөліп жүргізіледі.

Кіріспе дайындық бөлімінде оқушыларды сапқа тұрғызып, сәлемдесіп болған соң саптағы жаттығулар (қыздырыну жаттығулары) орындалдады:

Оңға! Солға! Айнал! (Нұсқау: Оқушылардың дайындығына спорт киіміне көңіл бөлінеді және қауіпсіздік ережелерімен таныстырылады.)

1. Жүріспен орындалатын жаттығулар:

- қарқынды өзгерте отырып, кең адымдап жүру;

- қолмен және кеудемен қарапайым қимыл жасап жүру;

- қолмен аяқтың ұшынан ұстап отырып, төмен еңкейіп, аяқты тура ұстап жүру;

- қолды сермеп, алға қарай және бір жақ бүйірге қарай, кең адымдап жүру;

(Нұсқау: Басты, денені, қолды түзу ұстап жүрулерін қадағалау).

2. Жүгіруде орындалатын жаттығулар:

- Бір қалыпты баяу жүгіру;

- әр адымда секіре жүгіру (бір аяқпен секіру);

- артпен шегіншектей жүгіру;

- торға екі адым жасай жүгіру (ара қашықтық сақтау);

- қолды желкеге қойып, оң және сол бүйірмен жүгіру;

- қолды алдыға созып, тізені алақанға тигізіп жүгіру;

- алақанды артқа ұстап, өкшені артқа лақтыра жүгіру;

- жүріс пен демалысты қалпына келтіру.

(Нұсқау: Денені тік, қолдарын дұрыс қойып ұстауларын, дұрыс демалуын қадағалау).

Қыздырыну жаттығуларынан соң негізгі бөлімде сыныпты сапқа тұрғызып, саналу арқылы екі топқа бөлінеді. Ары қарай топ аралық эстафеталық ойындар жүргізіледі.

Қызықты эстафета

Әр топтан бір-бір оқушы ортаға шығады. Олар сол аяғын артына бүгіп, аяғының буынынан ұстап алады да, межелі жерге дейін сыңар аяқтап секіріп барады да, қайтарда жүгіріп жарысып келіп, саптың соңына тұрады, келесі бала ойынды жалғастырады.

«Сыңар аяқ» ойыны

Екі команда ойыншылары бір-бірден шығып, сыңар аяқпен шеңберден бірін-бірі итеріп шығару

Доппен жарыс

Бірінші бала екі баскетбол добын қолтығына қысып алып, межеге жүгіріп барады да, бір допты қалдырып, екінші допты келесі ойыншыға әкеліп береді. Келесі ойыншы бір доппен барып, екінші допты ала келеді. Ойын осылай жалғаса береді.

«Бір-бірінің үстінен секіру» ойыны

Сапта тұрған балалардың барлығы еңкейіп отырады да, соңғы бала олардың үстінен аттап секіріп, алдына келіп отыра қалады. Қалған ойыншылар да осылай жалғастырады. Қай топ межеге бірінші жетеді, сол топ жеңеді.

«Таяқща және секіртпемен секіру» ойыны

Бірінші ойыншы қолына таяқша алып, залдың ортасында жатқан секіртпеге дейін жүгіріп барып, таяқшаны қойп, секіртпемен секіріп, межені айналып сол жерге дейін келіп, секіртпені тастап, таяқшаны алып келесі балаға береді. Ойын осылай жалғаса береді.

«Кім жылдам» ойыны

Ойыншылар допты ұстап кедергілер арасымен жүгіріп, белгіленген межеге допты апарып қойып жүгіріп келеді, келесі ойыншы допты алып келеді т.с.с. ойын бастаушы допты алып келіп допты жоғары көтереді. (Нұсқау: Кедергілер арасымен жүгіру.)

Негізгі эстафеталық ойын

Бұл ойынға әр командадан үш ойыншыдан шығады. Залдың екі жағында тұрып, бір-бірден залды айналып жүгіріп, келесі ойыншыға таяқшаны береді. Қай команда этафетаны бұрын аяқтайды, сол команда жеңіске жетеді.

Қорытындыда эстафеталық ойындарға жақсы қатысқан оқушылар мадақталады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.11.2021
1033
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі