Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

дене шынықтыру сабағынан инклюзивті білім беру туралы

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Инклюзивті оқыту – өзара әрекеттестікті ұлғайтудың тиімді әдісі

Рахимжонова Г.Д.

Шымкент қаласы, №80 мектеп-лицей, тел: +77077390094,

почта bio_081@mail.ru


«Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлукерек.

Олар бізде аз емес. Ондай адамдарғақамқорлық көрсетілуі тиіс.

Бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз»

Н.Ә. Назарбаев


Мемлекет қазіргі таңда даму мүмкіндігі шектеулі жандарға айрықша назарын аударып, қамқорлық көрсетіп отыр. Бұл қамқорлықтың бәрі Елбасының халыққа жолдауында, ҚР Білім туралы заңында:«Кемтар балаларды әлеуметтік-медициналық –педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» жолдауында басты назарда болып, айтылды. Психологиялық тексеру – кемтар балалардың психикалық жағдайының ерекшеліктері мен психикалық дамуындағы әлеуметтік мүмкіндіктерінің тиімді жүйесі, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке баулу және кәсіби даярлығын шешуде бала мүгедектігінің алдын-алуға бағытталған көптеген көкейтесті мәселелері жан-жақты қарастырылған. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Балалардың сапалы тәрбие және оқытумен толық қамтылуын, олардың мектепке дейінгі тәрбие оқыту бағдарламаларына теңдей қол жеткізуін және «инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруін» қамтамасыз ету көзделген.

Даму мүмкіндігіне қарай мұғалім тапсырма бере отырып, балаға дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп, ата-аналарымен бірлесе отырып тәрбиелеу, оларды келешек қоғамдық орында өзін-өзі басқаруға ықпал жасайды. Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеу өте қиын, қиын болса да мұғалім үздіксіз еңбек етуден жалықпайды.


Танымдық қабілеттердің көлемін анықтау

Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен түзете-дамыту сабақтарын түрлендіріп өткізу.

Ойлау қабілеті, есту қабілеті, эмоцианалдық сезімдер, зейіннің тұрақтылығы,елестету қабілеті, қабылдау, ой-өрісінің дамуы, сөйлеу қабілетін бағдарлау.

Сөйлеу тілінің қол саусақтарының қозғалысы арасында өзара байланыстылық бар зерттеуші М.М.Кольцова балалардың сөйлеу тілі қол саусақтарының импульсімен байланысты дамитындығын көрсетеді.

Түзету тапсырмалары балалардың игеру қиындығына қарай 3 кезеңге деңгейлеп бөлініп топтастырылды.

1. Деңгейлік жеңіл ойындарда басты назар мүгедек балалардың қол мен саусақ моторикасының қызметін жетілдіруге арналады.

2. Орта деңгейлік ойындар. Ойын мазмұны күрделеніп, қазақтың спорттық ойын түрлері (асық, бөшкедегі басқадыргы т.б) мен әдеп тәрбиелерімен балалардың ақыл-ойы мен сөйлеу тіліне, есте сақтауына арналады.

3. Жоғары деңгейлік ойындар. Қазақтың ұлттық ойындарымен қоса, спорттық тренажерлермен ойындар ұйымдастырылады.

Мыс: Орта деңгейлік ойындар арқылы, балалардың сөйлеу тілін жетілдіру, ақыл-ойын, есте сақтау қабілетін арттыруға болады.

1) Түр-түсті ажырата білуін, заттарды танып ажырата білуін, зейіннің қажетті объектіге тұрақтата алуын анықтау. Алма түсі қандай? Қызыл, қатты, тәтті, домалақ.

Лимон - қышқыл, сары, жұмсақ, сопақ Суретпен жұмыс жасау.

2) Он саусақ Неше қол бар? 1 қолда 5 саусақ, 2 қолда болады 10 саусақ.

5+5 =10 екі қолда 10 саусақ 10-5=5 бір қолда 5 саусақ. Саусақ жаттығуын жасаймыз.

Саусақтарға сипаттама бер. Бас бармақ, балалы үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек.

Саусақ ойыны — бұл ұрпақтан - ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық.Саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналауға болады.

Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан - жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс-қимылына қарап, бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді.

Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде саусақ бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.

Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік, қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, тузету — тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.

3)Есте сақта. Бас бармақтан ортан терек ұзын болады, балан үйректен шылдыр шүмек қысқа

Көрнекілікпен жұмыс,суретте не жетіспейді? Ұқсастығын тап?









Мысық қалай дауыстайды? Мысықтың атқаратын жұмысы? Мысық туралы қандай ертегі білеміз?

Үйрек қалай дауыстайды? Үйрек қайда мекендейді, немен қоректенеді?

Үйрек туралы қандай ертегі білеміз?

Ешкі қалай дауыстайды? Ешкі қандай жануарға жатады? Ешкі туралы қандай ертегі білеміз? Қоян не жақсы көреді, қайда мекендейді, қоян туралы қандай ертегі білеміз?

Әтештің дауысын салайық, әтеш қандай құс, немен қоректенеді, қандай ертегі білеміз?

Сергіту сәті. Суреттегі кейіпкелердің даусын салу.

Ойын терапиясы арқылы ақыл-ойы кем балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. (Мысық пен тышқан, ұсқынсыз үйрек, ешкі мен түлкі, мақтаншақ қоян, әтеш пен түлкі) үзінді ертегі терапиясын айту.

Ойын терапиясы - күрделі жұмыс. Ойын терапиясы ақыл-ойы кем балалар үшін пәрменді тәсілдердің бірі деп айтуға болады. Ойын терапиясы арқылы «мен» бейнесі ашылады, байланыстырып сөйлеу дағдысы қалыптастырылады. Ақыл-ойы кем баланы сөйлеу тілін қалыптастыру әдісі біріктіру болып табылады. Жеке және топ арқылы олармен түзету дамыту сабақтары жүргізіледі. Ақыл-ойы кем балалардың сөйлеу тілін дамыту мақсатында төмендегі ойындарды сабақта пайдалануға болады.

«Сиқырлы таяқша» ойыны.

Сиқырлы таяқша көмегімен, балалар шеңбер жасап тұрады. «Сәлеметсіз бе? Менің атым..» деген сөзден бастайды. Осылайша барлық бала өзін таныстырып болғанша ойын жалғаса береді. Балалардың көңіл - күйлерін сұрап, бір-біріне жылы сөздерін тілеп, жақын танысады. Балалар осы сұрақтарға байланысты өз ойларын айтып болған соң, жанындағы көршілеріне жылы сөз сыйлайды.

Ишара, қимыл-қозғалыс келе, ақыл-ойдың дамуы өзінің құрылымына элементтер қатарын қосатын күрделі психикалық түсінік болғандықтан, оның дамуына жағдай туғызу үшін таным үрдістерінің қалыпты дамуына баса зер салу қажет. Сөзімді қорыта келе

«Ұстаз» деген Ұлағаттың шайыры,

Қадірінің тиетұғын қайыры.

«Ұстаз» деген шуағы мол шапағат,

Шаршамайтын, шалдықпайтын тәйірі,- деп, жүрегі мейірім-шапағатқа, жан жылулығына толы барша Ұстаздар қауымын аянбай еңбек етіп, бала бойындағы шығармашылық шоқты үрлеп жандырып, «Әр бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет», деген қағиданы естен шығармауға шақырамын.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.05.2020
4162
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12