2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Дене шынықтыру сабақтарында қазақ ұлттық ойындарын енгізу

Дене шынықтыру сабақтарында қазақ ұлттық ойындарын енгізу

Материал туралы қысқаша түсінік
Халқымыздың тарихи-мәдени игілігінің бірі-ұлттық ойындар. Олар халық педағогикасының құрамдас бөлігі ретінде танылып отыр. Ұлттық ойындарды сөпіп қала жаздаған салтымыз бен дәстүріміз сияқты халқымыздың санасында сақталмай ,күнделікті өмірде қолданылмай өшіп бара жатқандығы айдан анық еді. Бірақ Қазақстан Республикасы дербес мемлекет болып жарияланғалы жағдай мүлде өзгерді. Тілімізді рухани байлығымызды, ұлттық спорт түрлерін дамытуда үлкен бетбұрыс басталды. Ұлттық ойындарымыз ата-бабамыздың ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп артына қалдырған мәдени мұрасы. «Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әр алуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек» – деп ел Президентіміз атап өткендей, атадан балаға мирас боп, бүгінге жеткен мәдени құндылығымыздың бір бөлшегі, ұлттық ойындарды бүгінгі тарих бетінен өшірмей, келер өскелең ұрпаққа жеткізу біздің басты – парызымыз. Олай болса ұлттық ойынды тек қана ұлықтап, болашақ
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы

"Д.Қонаев атындағы орта мектеп" КММ

Дене шынықтыру пәні мұғалімі

Йулдошев Малик Бахтиерович

Мақсетулы Жарас

Калыков Мурат Турсынбекович















Дене шынықтыру сабақтарында қазақ ұлттық ойындарын енгізу

Әдістемелік құрал
























Алматы 2025 жыл


МАЗМҰНЫ



АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР


КІРІСПЕ

1

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛІНУ ДЕҢГЕЙІ

1

. . 1 Қазақ халқының ұлттық ойындарының зерттелуі, тәрбиелік сипаты

1

.. 2 Дене шынықтыру сабақтарында қолдануға болаты ұлттық ойын түрлері

2

ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

2.1 Зерттеу әдістері

2.2 Зерттеудің ұйымдастырылуы


3

ЖББ МЕКТЕПТІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛІНУІ ...................................................................

3

3.1 ЖББ мектептің оқу бағдарламасындағы ойындар деңгейі

3.2 Қазақтың ұлттық ойындарын дене тәрбиесі сабағында қолданудың жаңа әдістері

.3

3.2Ұлттық ойындарды оқу және тәрбие үрдісінде пайдаланудың өзектілігі

3

4Қазақтың ұлттық ойындарын дене шынықтыру сабағында қолданудың маңызы


ҚОРЫТЫНДЫ


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР


Мәдениет – адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибе жинақтау барысында түзілген материалдық және рухани құндылықтарының жиынтығы.

Даму – табиғатта, қоғамда және адамның түйсінуінде төменгіден жоғары сатыларға өтудегі қимыл-қозғалыстардың, құбылыстардың, өзгерістердің жалпылама үдерісі .

Дене дайындығы – таңдап алынған спорт түрінің әдістемелік ерекшеліктерінің талаптарына сай жүзеге асырылатын арнайы мамандандырылған үдеріс .

Үйрету – ең алдымен тәрбие берудің білім беру элементтерін меңгеруге арналған педагогикалық үдеріс .

Әдіс – оқыту-тәрбиелеу үдерісінің маңызды міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған педагогикалық іс-шаралардың ауқымды жүйесінің ұйымдастырулығы мен мақсаттылығын қамтамасыз етудің жолы, амалы.

Әдістемелік амал – педагогикалық үдерістің жекелей мәселелеріне таңдаулы ықпал етуге мүмкіндік беретін әдісті қолданудың жекелей жолы .

Күш – адамның сыртқы кедергілерді жеңе алу қабілеті немесе оған бұлшық ет ширығуы есебінен қарсы тұра алу қабілеті.

Ұлттық мәдениет – халықтың басқа халықтармен өзара байланысы нәтижесінде алынған және өзіндік дамып-жетілуінде (соның ішінде этностық) тіршіліктің барлық салаларында белсенді қолданылатын рухани-өнегелі, материалдық, қоғамдық-саяси, технологиялық, ғылыми, философиялық, этикалық, әсемдік және басқа құндылықтарының барлық тарихи жиынтығы.





















КІРІСПЕ


Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Халқымыздың тарихи-мәдени игілігінің бірі-ұлттық ойындар. Олар халық педағогикасының құрамдас бөлігі ретінде танылып отыр. Ұлттық ойындарды сөпіп қала жаздаған салтымыз бен дәстүріміз сияқты халқымыздың санасында сақталмай ,күнделікті өмірде қолданылмай өшіп бара жатқандығы айдан анық еді. Бірақ Қазақстан Республикасы дербес мемлекет болып жарияланғалы жағдай мүлде өзгерді. Тілімізді рухани байлығымызды, ұлттық спорт түрлерін дамытуда үлкен бетбұрыс басталды. Ұлттық ойындарымыз ата-бабамыздың ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп артына қалдырған мәдени мұрасы. «Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әр алуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек» – деп ел Президентіміз атап өткендей, атадан балаға мирас боп, бүгінге жеткен мәдени құндылығымыздың бір бөлшегі, ұлттық ойындарды бүгінгі тарих бетінен өшірмей, келер өскелең ұрпаққа жеткізу біздің басты – парызымыз. Олай болса ұлттық ойынды тек қана ұлықтап, болашақ та олимпиада ойындарының қатарынан көрейік.Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі өнегелі тәрбие беру-қазіргі міндеттердің бірі .

Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады.Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған.

Зерттеу нысаны –ұлттық ойындардың қазақ дене шынықтыруының этностық педагогикасы ретінде.

Зерттеу мақсаты – қазақ халқының ұлттық ойындарының дене шынықтыру сабақтарындағы қолданылуы

Зерттеу әдістері: ғылыми және ғылыми-әдістемелік әдебиет сараптамасы мен жинақталуы; сауалнама жүргізу; педагогикалық бақылау.

Зерттеу міндеттері: дәстүрлі халық ойындарының ел арасындағы беделі, тарихи қоғамдағы алатын орны және болашақ ұрпақтың денсаулығын нығайтудағы қажеттілігі

Зерттеудің әдістемелік негізін тарихи-педагогикалық құбылыстар мен фактілерді зерттеудің жүйелі тәсілі құрайды.

Ғылыми жаңалығы:

  • ұлттық ойындардың дене шынықтыру сабағында қолдану деңгейі

педагогикалық мазмұны ашылды;

  • Қозғалыс ойындары негізінде қазақ халқының дәстүрлі дене шынықтыру құралдарына бүтін әлеуметтік-педагогикалық сараптама жүргізілді.

Зерттеу жұмыстың теориялық маңыздылығы:

- ойындар негізінде қазақ халқының дәстүрлі дене мәдениетінің педагогикалық мазмұнын бүтіндей ұғыну;

- ұлттық ойындарды этностық-мәдени, педагогикалық құбылыс ретінде тарихи салада және ары қарай даму мүмкіндіктерін ескере отырып, заманауи мәнге енгізу.

Қазақ халқының дәстүрлі дене шынықтыру құралдарының теориялық сараптамасы олардың өскелең ұрпақтың дене тәрбиесінің заманауи жүйесін жетілдіруде қолданылуының үлкен болмысты педагогикалық мүмкіндіктерін көрсетеді.

Тәжірибелік маңыздылығы – алынған нәтижелер дене шынықтырудың заманауи теориясы мен тәжірибесін ары қарай жетілдіруге мүмкіндік береді.




































1 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛІНУІ


    1. Қазақ халқының ұлттық ойындарының зерттелуі, тәрбиелік

сипаты


Қай халықтың болмасын, оның ұлттық ойындарының белгілі бір мақсаты мен әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан ерекше қасиеттері болады. Сондықтан халық арасында қалыптасқан ойындар туралы сипаттамалық жинақтар, деректер және құжаттар дұрыс зерттеу мен талдауды қажет етеді.

Ұлттық дәстүрлі халық ойындарының ел арасындағы беделі, тарихи қоғамдағы алатын орны және болашақ ұрпақты өсірудегі қажеттілігі, оның шығу тарихы туралы ғылыми тұрғыдан бізге дейінгі ғалымдар да көп ізденді. Осы мәселеге байланысты зертелеген ғылыми еңбектерді біз хронологиялық шектігіне қарай бірнеше топқа бөліп қарастырамыз.

1. Орыстың отарлау саясаты кезеңіндегі алғашқы орыс әскери шенеуніктері мен миссионерлерінің көшпенділер хақындағы зерттеу жұмыстары;

2. Кеңес заманы кезеңіндегі Орта Азия және Қазақстан халықтарының ұлттық ойындары туралы жазылған ғылыми еңбектер;

3. Мектеп жасына дейінгі балаларды дене шынықтыруға баулу әдістерін педагогикалық сипаттағы бағыт-бағдарлама тұрғысынан зерттелген жинақтар.

4. Тәуелсіз егеменді елдер кезеңіндегі (1992 жылдан бүгінге дейін) аталған тақырыпқа қатысты ізденістер [1].

Алғашқы топтама еңбектің тарихнамалық тізгінін Ә.Диваевтың еңбегін талдаудан бастайық. Ол өзінің «Игры киргизских детей» атты еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады [2].

Ә. Диваев алғашқы топтағы ойын түріне рулық-қауымдық құрылыс кезеңінде өмірге келген ойындарды, екінші топтамадағы дәстүрлі ойындарға қозғалыс ойындарын, үшінші топқа – спорттық ойын түрлерін жатқызады. Ізденуші этнографтың дәлелдеуінше, халық ойындары балалардың іс-әрекетін, қимыл-қозғалысын дамытумен қатар денсаулығын шыңдауда тездетуші үрдіс әрекетін атқарады. Ә.Диваев: «Как киргизы развлекают детей» деген мақаласында: «бала бас бармағын көтеріп оған пайғамбарымыз не дейді деп көк аспанға қарап, құдай тәңірінен рұқсат сұраған», - дей келіп, «Бес саусақ» ойыны мен саусақ атауларын алға тартады және аталған мақалада саусақ пен қимыл-қозғалыс жасау әрекеті негізінде баланы тәрбиелеп, шынықтырудың үлкен даналық философиялық мағынасы жатқандығы сөз етіледі [3,4].

Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі – орыс ғалымы А.Алекторов. Мәселен, оның «О рождении и воспитании детей киргизов, правилах и власти родителей» (Орынбор, 1891) атты еңбегін атауға болады [5].

Автор бұл еңбегінде көшпенді қазақ халқының өмір сүру салтындағы баланың дүниеге келген сәтінен бастап өсу динамикасына дейін ұлттық ойын мен қимыл-қозғалыс әрекетінің алатын орны және балғындардың денсаулығы мен дене мүшесінің қалыптасып дамуындағы жеке халық ойындарының қажетті жақтарын ашып көрсетеді. Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, өткен ұрпақтың дәстүрі мен алтын құрметтеп, адамдардың ойы мен іс-әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық, адамгершілік ой талабының өсуіне оның атқаратын қызметін жоғары бағаласа, М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. Ұлттық ойындар халық тәрбиесінің дәстүрлі табиғатының жалғасы. Ежелден дәстүрлі ойындарда халықтың өмір сүру әдісі, тұрмыс-тіршілік еңбегі, ұлттық дәстүрлері, батырлық-батылдық туралы түсінігі, адалдыққа, күштілікке ұмтылуы, шыдамдылық, т.б. құндылықтарға мән берілуі – халық данышпандығының белгісі [6, 7, 8].

Кеңес дәуірі жылдарында қазақтың ұлттық дәстүрлі халық ойындары күн тәртібіндегі өзекті мәселе болғанына қарамастан, сол тоталитаризм кезінде дәстүрлі ұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарында М.Тәнекеев, Б.Төтенаев, М.Балғымбаев, Ә.Бүркітбаев, т.б. есімдерін атауға болады. Әсіресе М.Тәнекеевтің қазақтың ұлттық және дәстүрлі ойындарын зерттеген деректерінің өзі жеке мәселе. Оның негізгі еңбектері Қазақстандағы спорт пен дене тәрбиесі саласына арналған. Ең бастысы, ол дене тәрбиесінің халықтық педагогикасы сияқты көкейтесті мәселесінің негізін қалаған М.Тәнекеевтің авторлығымен шыққан алғашқы туынды «Казахские национальные виды спорта и игры» (Алматы, 1957). Бұл зерттеуінде ізденуші қазақтың «Тоғызқұмалақ» ойынының ереже тәтіптерін таразылап, халық ойынының қажетті жақтарын ашып, сонымен қатар басқа да ұлттық қозғалмалы, спорттық ойын түрлеріне тоқталып, анықтама беріп жіктеп, құнды мұрағат деркетеріне сүйене отырып, ғылыми сараланған пікірлер айтады. Ғалым негізінен Қазақстандағы Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде дене тәрбиесі мәдениетінің дамуын талдай отырып, тарихта тұңғыш рет, дене мәдениеті мен спорттың екі даму бағытын қара халқтық және ақсүйектік деп көрсетіп, оны формациялық әдістемеге сүйеніп, яғни таптық тұрғыдан қарастырады. Сонымен бірге ғалым зерттеуіне әскери қолданбалы маңызы бар кейбір спорт және ойын түрлерінің өрлеуіне отаршыл Ресей патшалық өкіметінің саяси көзқарасын көрсетеді. М.Тәнекеевтің аталған еңбегінде таптық-формациялық идеологиялық көзқарас тұрғысынан сол заманға сай зерттелгеніне қарамастан, бүгінгі күні өз құндылығын жоймаған, ғылыми тұрғыдан аса жоғары еңбек болып табылады. М.Тәнекеевтің басшылығымен бұдан басқа да бірнеше ғылыми монографиялық еңбектер жазылды. Кеңестік кезеңдегі ұлттық ойындардың маңызы мен қажеттілдігін көрегендікпен қарастырған ғалым Б.Төтенаев «Қазақтың ұлттық ойындары» (Алматы, 1994) атты еңбегінде дәстүрлі қазақ ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін дәлелдеп, ойын зерделеген [9, 10].

Аталған автор қаламынан халықтың этнопедагогика мен ұлттық ойындар арасындағы байланыс және ойындардың ертеңгі болашаққа керекті қасиеттілігін зерттеген басқа да қомақты ізденістер дүниеге келеді. Е.Сағындықовтың авторлығымен жазылған ғылыми монография «Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие ісінде пайдалану» (Алматы, 1993) деп аталады. Ғылыми еңбекте қазақ мектептерінде І-ҮІ сыныптарда қазақ халық ойындарын жекелеген классификацияларға топтап, оны сабақта және сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында қолдану әдістері анықталып, қазақ халық ойындарына педагогикалық талдау жасалып, оқу үрдісінде пайдалану қажеттілігі негізделеді. Ә.Бүркітбаевтың авторлығымен 1985 жылы жазылған «Спорттық ұлттық ойын түрлері және оның тәрбиелік мәні» жинағында ұлт спорты түрлері мен ұлттық спорт ойындарының балалардың күнделікті өміріндегі алатын орны, тәрбиелік маңызы және ат спорты мен ұлттық ойындардың ережесі қарастырылса, М.Балғымбаевтың «Қазақтың ұлттық спорт ойыны түрлері» (Алматы, 1985) атты еңбегіндегі ат спортына қатысты бәйгені бастап жорға жарыс, аударыспақ, жамбы ату, аламан бәйге, т.б. жарыс түрлеріне салыстырмалы талдау жасалады [11, 12, 13].

Бала өміріндегі ұлттық және спорттық қимыл-қозғалыстың және ойынның алатын орны, формасы және мазмұны үлкен адамның тұрмыстық күйімен, еңбек түрімен және мазмұнымен салыстырылса, қаладағы қажеттіліктің бір тұсы адамды дағдыға үйрету екендігін байқаймыз. Ғалым А.Усова өз еңбегінде ойынның мәнін баланың дербес іс-әрекеті, айналасындағы өзгерістерді танып-білуге, белсенді әрекет етуге жол ашуы ретінде түсіндіреді. Автордың айтуынша шынайы өмірде баланың аты – бала. Өз бетінше әлі ештеңе тындырып жарытпайтын жан. Қам-қарекетсіз өмір ағысына ілесіп кете барады. Ол ойын үстінде ол бейнебір ересек адам тәрізді өз күшін сынап көреді». Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту барысндағы спорттық жаттығулар И.Давыдов, Л.Былеева, В.Яковлев, Н.Поддьякова, Н.Михайленко, Д.Куклова және тағы басқалар ерекше назар аударған. И.Давыдов ойын мен ойыншық және дидактикалық құралдарға ғана сүйеніп, мектепке дейінгі балалық кезді заттар жөнінде жекелеген нақты түсініктер, жинақтау кезеңі деп түсіну қателік деп дәлелдейді. Бұл кезде дене шынықтыру мен ақыл-ойын ақыл-ой дамуына, жалпы түсінік пен ұғымның қалыптасуында, маңызды ойлау операциялары: талдау, салыстыру, қорыту, қабілетіне қажетті организм деп аударған. И.Давыдов ойын-ойыншық және дидактикалық құралдарға ғана сүйеніп мектептке дейінгі барлық кездерге заттар жөнінде жекелеген нақты түсініктер жинақтау кезеңі деп түсіну қателік деп дәлелдейді. Бұл кезде дене шынықтыру мен ақыл-ой дамуына, жалпы түсінік пен ұғымның қалыптасуына, маңызды ойлау операциялары: талдау, салыстыру, қорыту қабілеттеріне қажетті организм деп тұжырымдайды [14].

Д. Хухлаеваның пікірінше, дене шынықтыру жаттығуларын ойынмен ұштастырған сәтте баланың тұрақты іс-әрекетке бейімділігінің қалыптасуы айқын сезіледі, сондықтан дене шынықтыру күнделікті қажеттілік болуымен қатар денсаулықтың, шыдамдылық пен тез қимыл-әрекеттің символы болып табылады [15].

М. Контарович, Л. Михайлованың авторлығымен жазылған еңбекте жыл мезгіліне сәйкес қыс айларында ойналатын ойындар, топ болып ойнайтын, жеке бір балаға арналған далада өткізілетін қимыл-қозғалыс ойындарының әдістемелік нұсқауы берілген. Ойын түрлері мен шарттарын бала жасына қарай бөліп классификация жасап, бірнеше халық ойындарын ұсынған. Олардың ішінде «Қояндар» (2-3 жасарларға), «Аңшы мен ит және қояндар» (4 жастағылар үшін), «Торғай мен мысық» (5-6 жастағыларға арналған) қозғалмалы ойындарын зерттеп, қолданысқа түсірген [16].

А.Быкованың басшылығымен баспадан шыққан «Физическое воспитание в детском саду» кітабында балабақшаның әр тобында жас ерекшелігіне қарай өткізетін қарым-қатынас ойындарын ұйымдастыру және оны өткізу әдістері, т.б. мәселелер қарастырылған. Мысалы, қозғалып ойнау барысында алғашқы күннен бастап балаларды өзін-өзі тежеуге үйрету, сонымен қатар барлық баланың қабылдау қабілеті бірдей емес екендігі, яғни белсенділер мен жайбасар әлсіз балалар арасындағы тепе-теңдікті сақтау қасиеті, оларды әр түрлі ойынға тарту арқылы шыңдау, ұмтылдыру, бірнеше рет бір ойынды ойнату барысындағы баланың физиологиялық өзгерісімен қатар психологиялық тұрғыдан сенімділігінің артуы ғылыми еңбектің құндылығын жоғарылатады [17].

Еліміздің егемендік алуы Қазақстандағы дене шынықтыру, ұлттық ойындар мәселесіне басқаша сын көзбен қарауды талап етеді. Осы орайда соңғы жылдары біздің қарастырып отырған ізденіс тьақырыбымызға орай бірнеше ғылыми еңбектер жарық көрді. Е.Мұхиддинов қазақтың ұлттық ойындарын дамыған қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құрылыммен байланысты қарастырады. Дене шынықтыру пәнінің теориялық дәлелдемесін қазақтың ұлттық ойындарының тәжірибелік жағымен біртұтас алып қарайды [18].

А.Құралбекұлы мен С.Әкімбайұлы жалпы білім беретін қазақ мектептерінің дене шынықтыру жүйесінде қазақ этнопедагогикасы материалдарына, оның ішінде халық шығармашылығы мен ұлттық ойындарды тиімді пайдаланудың ғылыми теориялық-әдістемелік негіздеріне сүйене отырып талдау жасаса, А.Айтпаеваның ғылыми еңбегінде орыс тілінде оқытатын мектептердің бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу құралы ретінде қазақ халқының ойындарын пайдаланудың теориялық-әдістемелік негіздері жасалып, олардың тәрбиелік мүмкіндіктері айқындалған [19].

Сонымен түйіндеп айтарымыз, қазақтың ұлттық ойындарының басқа халықтардың ұлттық ойындарынан айырмашылығы - оның шығу, пайда болу тегінің ерекшелігіне байланысты белгілі бір тәрбиелік мақсат бірлігін көздейтінінде.


1.2 Дене шынықтыру сабақтарында қолдануға болатын

ұлттық ойын түрлері


«Қазақтың ұлттық ойындарын дене тәрбиесі сабағында қолдану»- деген тақырыпты дипломдық жұмыс ретінде алғаныма өте қуандым .Мені бұл тақырып өте қызықтырды.

Арнайы спорт жабдықтары мен құрал –саймандарды көп қажет етпейтін қазақтың ұлттық ойындарының дене тәрбие сабағын жоғары әдістемелік деңгейде сапалы өткізудегі пайдасы мол [20].

Осы тақырыппен айналысып жүргенде білгенім, біздің қазақтың ұлттық ойыны деп есептелетін көптеген ойындары бар екен. Соның көпшілігін дене тәрбиесі сабағында қолданып, әр сабақ сайын 2-3-еуін үйретсек, оқушылар өзіміздің ұлттық ойындарды білетін болмай ма?

Солардың ішіндегі 400 жыл тарихы бар тоғызқұмалақ ойыны. Бұл ойынның кітаптары,ереже кітапшалары, электрондық түрі де бар. Қазыргі кезде тоғызқұмалақ оқу бағдарламасына енгізілген. Әсіресе, дене тәрбиесі сабағынан босатылған оқушылар отырып осы тоғызқұмалақ ойынын ойнайды. Үйірмелер көптеп жасауда. Бұл ойынның бір қасиеті оқушыларды төзімділікке, шыдамдылыққа,ойлау қабілетінің артуына үйретеді [21].

Қазақтың ұлттық ойындарын көптеген спорттың түріне байланыстырып қолдануға болады.

Мысалы, мектеп бағдарламасында жеңіл атлетика, спорттық ойындар,гимнастика түрлері ғана ғой.

Соның бәріне қатысты жүгіруге, секіруге, дәлдікке, ұйымшылдыққа арнап ойындар табуға болады. Бастауыш сыныптарда көптеген ойындар күнделікті сабақта қолданылып жүр. Мысалы, «Қуып жет», «Айгөлек», «Қуаласпақ» «Бірізд і эстафета» деген ойындар денесін шынықтырып жүгіру қабілетін арттырады. Күштілікті арттыратын ойын түрлері арқан тарту, батпан көтеру сияқты ойындарды күнделікті сабақ барысында қолдануға болатын ойындар [22].

Жаңа техникалар, интернет, интерактивті тақтаны пайдаланып та көптеген ойындарға баланы қызықтыруға болады.

Қазақтың ұлттық ойындарын көптеп насихаттау керек деп ойлаймын.

Мысалы, компьютерде шахмат, дойбы ойнап отыратын адамдар көп кездеседі ғой, сол сияқты қазақтың ұлттық ойындарын да, мысалы тоғызқұмалақты да дәл солай ойнап отыруға болады ғой.

Қазір мемлекетіміз қазақ тілін насихаттап заңдар шығарып қойды, қазақ тілін қолға алды десе болады. Сол сияқты ұлттық ойындарға да бетбұрыс жасау керек деп ойлаймын. Қазір көп дамығаны – қазақшакүрес, жарыстар өтеді, спорт мектебі бар. Мереке күндерінде ат шабыс, қыз қуу болып тұрады. Көкпардан республика біріншілігі өтуде, ол да көп дамыған түрі. Бары-жоғы 3-4 облыс қана бар. Ал, біздің облыста ат спорты, спорт мектебі, көкпар ойнаушылар мүлдем жоқ, облыста жүзу, шаңғы, коньки деген атымен жоқ [23].

Ат шабыс.

Қыз қуу.

Басқа облыстарда дене тәрбиесі пәні бағдарламасында жүзу,шаңғы тебу, коньки деген сабақтар қыста үшінші тоқсанда,ұзақ тоқсанда өтеді.Солардың орнына біздің облыста программаға ұлттық ойындарды неге кіргізбеске.Дене тәрбиесі пәні программасын біздің облыс үшін былай өзгертсек, екі сағаттық үшін,

Р.с Спорт түрлері І тоқсан ІІ тоқсан ІІІ тоқсан IV тоқсан

1. жеңіл атлетика 15 сағ

2. гимнастика 14 сағ

3. спорт ойындары 20 сағ

4. қазақтың ұлттық

ойындары 8сағ

5. президенттік тесті 8 сағ

6. дала жарысы 3 сағ

Барлығы: 68 сағ 18 сағ 14 сағ 20 сағ 16 сағ

Спорт ойындарына ІІІ тоқсанды беру себебі , қазір қол добы дамымай қалып отыр, тіпті де оқушылардың танымай қалатын түрі бар. Сондықтан да ең болмаса 5-6 сағатты осы қол добын үйретуге, оны насихаттап ,ойнай білуге үйретіп шығарсақ.

Бұрын ұзақ тоқсанға гимнастика сабағын қоятын еді , оқушыларға әр түрлі құралды пайдаланып сабақ өтеді . Қауіпсіздік жағдайын қадағалап,ережені сақтап жүрсе ешқандай да жарақат алу болмайды.Ал гимнастика сабағында қолданатын құрал саны көп,әрі олар темір болған соң,жарақат көп алатын сабақ болған соң, арнайы оқуы жоқ мамандар оны өткізе де алмайды, өткізбейді де.

Қазақтың ұлттық ойындарының дамымаған түрлерін тауып, дене тәрбиесі сабағына көптеп қолдануға шақырамын. Қазақтың ұлттық ойындарын дене тәрбиесінің көп салалы құралы ретінде де пайдалануға болады.Бұл ойындар адамның ой-өрісінің,өмірге көзқарасының дамуына,сана-сезімнің өсуіне мол мүмкіндіктер туғызуымен қатар адамның дене дамуына және рухын көтеруіне көмектеседі.Ұлттық ойындарда адамгершіліктің,мінез-құлықтың нормасына бағыт беру – басты міндет.Ойынға қатысушылардың ойын ережесін қалай түсінетіне байланысты, олар ойынның адамгершілік нормасының қоғамға, ал керісінше қоғамның ойынға бағытталуында.Бұл ойындардың құндылығы – ойын кезінде адамгершілік мінез-құлық, өзара сыйласу, татулық, ұжымда бір-бірімен тіл табысу сияқты мінездер қалыптасады.Қазақтың ұлттық ойындарында белгілі дәрежеде ойнаушылардың бір-бірімен адамгершілік қарым-қатынаста болуында.Ойын кезінде жеке бастың ар-намысына тимеу қатаң сақталады.Ойын аяқталғанда бір-бірін балағаттау ия болмаса жығылып жатқан қарсыласының үстінен аттау – өрескел әдіс болып табылады.Ұлттық әдет-ғұрып,салт-дәстүр қатаң сақталатын ойын түрлерінде алдын ала дайындалған өлеңдерін,сөздерін айтуға рұқсат етіледі.Сондай ойын түрлеріне «алтыбақан», «тоғыз аяқ», «мүше алып қашу», «қыз-қашар» жатады.Ойын кездерінде әсіресе ән,күй ерекше орын алады.Сазды ойындарда ойынға қатысушылардың шығармашылық мүмкіндігі қалыптасады.Ондай ойын түрлеріне «айгөлек», «алтыбақан», «қыз бен жігіт» жатады [24].

Ұлттық ойындар дене тәрбиесі сабақтарын дамытудағы негізгі құралы болып табылады.Бұл ойындарда көптеген тәсілдер жүйесі,үйрету мен тәрбиелеу әдістері жинақталған.Олар ұрпақтан-ұрпаққа таралып,әдет-ғұрып,салт-сана білімдерінің жиынтығы ретінде халық өмірін жан-жақтытүрлендіруде. Арнайы спорт жабдықтары мен құрал-саймандарды көп қажет етпейтін қазақтың ұлттық ойындарының дене тәрбиесі сабағын жоғары әдістемелік деңгейде сапалы өткізудегі пайдасы мол.

Дене шынықтыру сабақтарында оқушыларға үйретуге

болатын ұлттық ойындар

1. Аламан бәйге

2. Бәйге

3. Жорға жарыс

4. Жамбы ату

5. Күміс алу

6. Көкпар

7. Қыз қуу

8. Аударыспақ

9. Түйе жарыс

10. Қазақша күрес

11. Арқан тарту

12. Тоғызқұмалақ

13. Ақсүйек

14. Бес тас

15. Асық ойыны

16. Көрші-көрші

17. Айгөлек

18. Орамал тастау

19. Ұшты-ұшты

20. Алтыбақан

21. Сақина салу

22. Соқыр теке

23. Жасырынбақ

24. Ордағы қасқыр

Аңшылар

Осы ойындарды пайдаланып сабақ өткізсе, оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелей алады деп ойлаймын.Әрбір бала өзін қазақпын деп есептесе өзінің ұлтының дәстүрін,ойындарын жатқа біліп,соны пайдаланып өсуге тиіс. Сонда ғана біз оларды патриот ете аламыз.

Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары Абай Құнанбаев, Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин халық ойындарын балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, өткен ұрпақтын дәстүрі мен салтын құрметтеп, адамдардың ойы мен іс-әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық адамгершілік ой талабының өсуінде оның атқаратын қызметін жоғары бағалады [25].

Қазақтың ұлттық дене шынықтыру мәдениеті жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің құрамдас бір бөлігі ретінде мектептегі кезеңнен қалыптаса бастайды. Сондықтан оны пайдалану тек қозғалғалмалы біліктілік, дағдыларды дамытып қана қоймайды, сонымен қатар мектеп оқушыларынан қазақтың ұлттық спорт түрлеріне деген көзқарасын қалыптастырып, дене жаттығулары мен ойындарын өз беттерінше дамытуға тәрбиелеп, оқу-ойын материалдарын бір жүйе ретінде олардың руханилығын, адамгершілігін, дене тәрбиесін тәрбиелеуге баулуды қарастырады. Бұндай жағдай Қазақстан Республикасының оқушыларының көпшілігінде ұлттық спортпен, ұлттық ойындармен, дене жаттығуларымен жүйелі түрде айналысуға деген мұқтаждықтың, осы саладағы өз бетінше жүргізілетін сабақтардың ғылыми негізделген әдістемесінің жоқтығын, сонымен қатар көптеген жалпыға міндетті білім беру мекемелерінде, мектептерде (әсіресе, ауыл мектептерінде) оқудың материалдық базасының нашарлығынан, оқушылардың оқитын орындары да қашықта болғандықтан, мектептен тыс сабақтар мүлдем жүргізілмейді. Осы жоғарыда айтқан мәселелердің бәрі аталған тақырыптың әлі де болса жан-жақты толық зерттеуді қажет ететіндігін көрсетеді [26].

Ұлттық ойындарды мазмұны мен күрделілігіне байланысты және балалардың жас ерекшіліктерін ескере отырып, төменгі, орта және жоғарғы сынып оқушылары ойнайтын ойындар деп бөлуге болады. Қажетті ойындарды өтілетін сабақ не жаттығудың алдында тұрған педагогикалық міндеттеріне байланысты таңдап алу қажет. Дене тәрбиесі сабағында және жаттықтыру кезінде қозғалыс ойындарын, оның ішінде ұлттық ойындарын қолдану арнайы үйрену міндеттерін шешуге көмектеседі. Ұлттық және эстафеталық қозғалыс ойындарын ұйымдастыра отырып оқушылардың қызығушылығын арттыру, ұйымшылдыққа, батылдыққа және салауатты өмірге тәрбиелеу. Ұлттық ойындарды спорттық ойын сабақтарында, жеңіл атлетика, гимнастика сабақтарында, жалпы дене қуаты дайындығы және жаттықтыру сабақтарында кеңінен қолдануға болады. Ұлттық ойындардың дене тәрбиесі сабағын жоғары әдістемелік деңгейде сапалы өткізудегі пайдасы мол. Жалпы ойындарды жүйелі түрде пайдалану, қиыншылықтарды жеңуге, еңбексүйгіш субъект ретінде тәрбиелеуге ықпал етеді [27].

Ұлттық ойындар жаттығулар көмегімен оқушыларды жаттығуға керек психикалық күйге түсіреді. Көңіл күйді көтеру, көңілдену, тактикалық ойлауды дамыту, сыртқы қоршаған ортаны тез сезіну,келешек істелетін жұмыстарға дайындалу, жинақталу қасиеттерін қамтамасыз етеді [28].

Ойын жаттығуларын ойша қайталау арқылы барлық ықылас зейінді аударуға негізделеді. Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», — дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы баии түседі. Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ» Ақ серек,көк серек», «Соқыр теке», «Асық ойыны», «Ине, жіп және түйіншек», «Әтештер қақтығысы», «Қызыл ту», «Мысық пен Тышқан»,«Теңге алу», т.б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады. Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Оқушыларды әсіресе, «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық» секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар. Оқушы ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды. Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше еңбекке баулу сабағын ұлттық ойындар арқылы сабақтасытырып түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді. Оқушының сөздік қорын байыта түседі [29].

Ойын баланың барлық қабілетінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңейуіне көмектеседі. Халқымыз ойындарғы тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, олардың мінез-құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған. Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға реттінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Ал кей балалар ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей балалар ішкі сезімін білдіреді. Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін қызықты ойынның түрлері өте көп. Халық арасында «Денсаулық -зор байлық» деп тегін айтылмаған. Демек, кезінде ұлттық ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру –жас организмнің дұрыс та сергек өсуінің көзі болған және де балалар ойын ойнаған кезде көпшіл, Отанның болашақ азаматы болуға, халқына адал қызмет етуге бағытталған. Сондықтан білім берудің жаңа технологиясын пайдаланып, дене тәрбиесі пәнін жаңа технологиялық әдіспен оқушылардың жас ерекшеліктеріне, денсаулықтарына байланысты, ұлттық ойындарды спорттық ойын түрлеріне, сабақтың мазмұнына қарай іріктеп алып пайдалануға кез келген дене тәрбиесі мұғалімінің мүмкіндігі бар [30].

Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру — қазіргі міндеттердің бірі. Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты бағдарлама халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік, т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер. Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білуқұралы. Бірақ оны жүргізуге арналған нақты әдістемелік құралдар жоқтың қасы .

Зерттеу жұмысында орыс тілінде жазылған әдебиеттер қолданылды. Соның нәтижесінде қазіргі таңда тақырыптың өзектілігі туындапотыр. Халық педагогикасының адам, отбасы, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу туралы арман-мақсаттарын, орныққан пікірлерін, ұсыныстарын қамтып көрсететін педагогикалық идеялар мен салт-дәстүрлері өткен мен қазіргінің арасындағы байланысты көрсетеді. Ол тарихи даму барысындағы әлеуметтік мәні бар ақпаратта (білім, білік) т.б. жиналып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Ең алдымен, халық педагогикасы өскелең ұрпақтың еңбек пен өмір сүру бейнесінің негізі болып, оларды келешектегі қызметіне дайындайды. Біздің халықтық педлагогикада еңбек тәрбиесі өте ертеден бастау алады. Ертеден келе жатқан еңбек тәрбиесінің әдіс-тәсілдер құралы, сөз жоқ, еңбек болып табылады. Еңбек адамның қалыптасуы мен тәрбиеленуінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа өмірлік тәжірибе береді және халықтың даму барысында шешуші роль атқарады. Еңбек ету кезінде адамның дене, ақыл-ой, эстетикалық дамуы мен еңбек тәрбиесі қатар жүреді.

Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді.

Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ» т.б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады [31].

Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», — дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы баии түседі. Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оқушыларды әсіресе, «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық» секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар. Оқушы ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды.Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше еңбекке баулу сабағын ұлттық ойындар арқылы сабақтасытырып түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді. Оқушының сөздік қорын байыта түседі.

Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М.Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», — деп тегіннен тегін айтпаса керек. Одан кейінгі кезеңде қазақ халқының бай этнографиялық материалдарын жинақтаған және оның ішінде ұлт ойынының тәрбиелік маңызы туралы пікір айтқандар К.А.Покровский, А.И.Ивановский, Н.И.Гродеков, Е.А.Алекторов, Ә.Диваев, А.Левшин, Н.Пантусов, Ф.Лазаревский, П.П.Пашин, Г.С.Запряжский, А.Шиле, А.Харунзин, А.Горячкин, П.Ходыров, Е.Букин, О.Әлжанов, т.б. болды делінген. Е.Сағындықов өз еңбегінде: «Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және әр алуан болады», — дей келіп, ұлт ойындарын негізінен үш салаға бөліп топтастырған. Ә.Диваев «Игры киргизских детей» атты еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады. Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі – орыс ғалымы А.Алекторов. Мәселен, оның «О рождении и воспитании детей киргизов, правилах и власти родителей» (Орынбор, 1891) атты еңбегіңн атауға болады. М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінен бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. Кезінде ұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарында М.Тәнекеев, Б.Төтенаев, М.Балғымбаев, Ә.Бүркітбаев, т.б. есімдерін атауға болады [32].

Кеңес Одағы кезіндегі ұлттық ойындардың маңызы мен қажеттілігін көрегендікпен қарастырған ғалым Б.Төтенаев «Қазақтың ұлттық ойындары» (Алматы, 1994) атты еңбегінде қазақ ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін зерделеп, ойын білдірген. Сабақта және тәрбиеде, яғни балабақшалар мен бастауыш мектептерде ұлттық ойынды ұтымды пайдаланса, алдымен еңбекке баулу және дене шынықтыру пәндерінде оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру шарттары теориялық тұрғыдан негізделсе, онда оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыруға және халықтың асыл мұрасын бойына сіңіріп, ұлттық сананы қалыптастыруға болады.

Қай халықтың болмасын, оның ұлттық ойындарының белгілі бір мақсаты мен споттық, дене тәрбиеге байланысты тұрғыдан ерекше қасиеттері болады. Сондықтан халық арасында қалыптасқан ойындар туралы сипаттамалық жинақтар, деректер және құжаттар дұрыс зерттеу мен талдауды қажет етеді. Ұлттық дәстүрлі халық ойындарының ел арасындағы беделі, тарихи қоғамдағы алатын орны және болашақ ұрпақты өсірудегі қажеттілігі, оның шығу тарихы туралы ғылыми тұрғыдан бізге дейінгі ғалымдар да көп ізденді [31, б. 12].

Еліміздің егемендік алуы Қазақстандағы дене шынықтыру, ұлттық ойындар мәселесіне басқаша сын көзбен қарауды талап етеді. Осы орайда соңғы жылдары біздің қарастырып отырған ізденіс тьақырыбымызға орай бірнеше ғылыми еңбектер жарық көрді. Е.Мұхиддинов қазақтың ұлттық ойындарын дамыған қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құрылыммен байланысты қарастырады. Дене шынықтыру пәнінің теориялық дәлелдемесін қазақтың ұлттық ойындарының тәжірибелік жағымен біртұтас алып қарайды.

А.Құралбекұлы мен С.Әкімбайұлы жалпы білім беретін қазақ мектептерінің дене шынықтыру жүйесінде қазақ этнопедагогикасы материалдарына, оның ішінде халық шығармашылығы мен ұлттық ойындарды тиімді пайдаланудың ғылыми теориялық-әдістемелік негіздеріне сүйене отырып талдау жасаса, А.Айтпаеваның ғылыми еңбегінде орыс тілінде оқытатын мектептердің бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу құралы ретінде қазақ халқының ойындарын пайдаланудың теориялық-әдістемелік негіздері жасалып, олардың тәрбиелік мүмкіндіктері айқындалған [33].

Сонымен түйіндеп айтарымыз, қазақтың ұлттық ойындарының басқа халықтардың ұлттық ойындарынан айырмашылығы — оның шығу, пайда болу тегінің ерекшелігіне байланысты белгілі бір тәрбиелік мақсат бірлігін көздейтінінде.


2 ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

2.1 Зерттеу әдістері


Қазақтардың ұлттық ойындары мазмұнының ғылыми-әдістемелік және педагогикалық негіздемесін зерттеу қағидалы-ғылыми және нақты-әдістемлік мәнді бірқатар ережелерді түзуге мүмкіндік берді.

Біздің пікірімізше, таңдап алынған тақырып мәселелерінің шешімі қағидалы, орнықты, мазмұнды және қажетті, яғни біршама толық болып табылады.

Зерттеу барысында ғылыми әдебиеттер сараптамасы, сауалнама жүргізу, сарапашылармен сұхбаттасу сияқты бірқатар әдістер қолданылды.


2.2 Зерттеуді ұйымдастыру

Ғылыми және ғылыми-әдістемлік әдебиеттер сараптамасы


Қазақ халқының ұлттық ойындары мәселелері бойынша әдеби мәліметтер сараптамасы бірқатар жайттарды анықтауға мүмкіндік берді:

- ұлттық дене мәдениеті салаларыі;

- ұлттық спорт түрлерін, соның ішінде саятшылықты болашақ ұрпақты денелік тәрбиелеуде қолдану мәселелері;

- бағдарламалық материалды және т.б. жүзеге асыруда оқу-шынықтыру қызметін ұйымдастыру.

Сауалнамалық сұрақ-жауап алу

Сауалнама мақсатты-бағытты болды, сырттай, жеке басылы жүргізілді. Осы жағдайды ескере отырып, сауалнамалар әрбір респондентке жекелей жүргізілді, олар оны өз бетімен толтырды. Сұрақтың ішінде ашықтары да, жабықтары да болды. Олар біршама тиімді нұсқаларын (дене тәрбиесінің құралдарының, түрлерінің және ұйымдастырылуының) келтіру қарастырылды. Сұрақтардың бір бөлігі бақылаулы бағытты болды.

Ақсақалдармен сұрақ-жауап жүргізу дене тәрбиесі күйіне тікелей бағалама беру, оның құралдарының, жаңа түрлерінің деңгейін анықтау арқылы жүргізілді. Оның көмегімен тұрғындардың қазақтың ұлттық спорт түрлеріне, ұлттық қимыл-қозғалысты спорт түрлеріне және дене жаттығуларына, оларға қойылатын талаптарға деген көзқарасы анықталды.

Сұхбат алу, егер қандай да бір себептермен сұрақ-жауап жүргізу қиындық туғызып, тиімсіз болса жүргізілді. Оның барысында әңгімелесушілердің қазақтың ұлттық спорт түрлерімен, ұлттық қимыл-қозғалысты ойындар мен дене жаттығуларымен шұғылдану мәні мен түрлері туралы көзқарастары мен пікірлері қарастырылды.


3 ЖББ МЕКТЕПТІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛІНУІ

3.1 ЖББ мектептің оқу бағдарламасындағы ойындар деңгейі


«Дене шынықтыру» пәні бойынша білім беру бағдарламасы орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпы білім беру стандарт талабына сәйкес құрылған. Оқу бағдарламасы «Дене шынықтыру» пәнін бастауыш сыныптарда төрт жыл оқуға есептеп даярланған және білім беру мазмұны мен оқу үдерісін ұйымдастыруды қарастырады.

Дене шынықтырудың білім беру саласындағы мақсаты: дене шынықтыру сабағында қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру, өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қараудың қажеттілігін қалыптастыру, физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын, салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен қолдану.

Бастауыш сыныптарда осы мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі міндеттер шешілуі керек:

- оқушылардың денсаулықтарын нығайту, дене бітімдерін жақсарту, жалпақтабандылықтың алдын-алу; дененің қимыл-қозғалыс әрекеттерін белсенді және өзбетінше жасауға тәрбиелеу;

- денсаулықты сақтау мен нығайтуға қатысы бар дене тәрбиесі саласының білім жүйесін қалыптастыру;

- дене шынықтыру сапаларын: күштілік, жылдамдық, төзімділік, ептілік, иілгіштік және қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамыту;

- акробатикалық, гимнастикалық, жеңіл атлетикалық және басқа да жалпы дамыту бағытындағы алуан-түрлі дене жаттығулар кешенін үйрету;

- жеке тұлғаның әлеуметтік маңызы бар қасиеттерін тәрбиелеу, адамгершілік және жігер сапаларын дамыту, эстетикалық талғамын және мәдениеттілік дағдыларын қалыптастыру;

  • жеке гигиена, күн тәртібі, дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері, жұмыс істеу қабілеті мен қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту секілді қарапайым білім деңгейін қалыптастыру.

Оқу бағдарламасының құрылымы және мазмұны. Бағдарлама екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім (ақпараттық компонент)» және «Әрекет етудің жан-жақты және пәндік әдістерін қалыптастыру (әрекеттік компонент)».

«Дене шынықтыру туралы білім» бөлімінің мазмұны адамның танымдық белсенділігінің дамуы туралы негізгі түсініктерге сәйкес келеді және келесі тақырыптарды қамтыған: «Дене жаттығуларының адам денесаулығына тигізетін әсері», «Оқу бағдарламасының белгілі бір дене жаттығуларын орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелері», «Қимыл-қозғалыс тәртібі мен жеке гигиенасы, олардың денсаулық және оқушылардың жұмыс істеу қабілеттерін көтеру үшін маңызы», «Шынығу тәртібі», «Қазақстан халқының дене шынықтыру мәдениеті, оның еңбек іс-әрекеттерімен байланысы».

«Әрекет етудің жан-жақты және пәндік әдістерін қалыптастыру» бөлімі негізгі қимыл-қозғалыс дағдыларын игеруге және оқушылардың дайындық деңгейлерін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар жалпы дене дайындығының құралдары туралы ақпараттар берілген. Бағдарламада ондай құралдар ретінде қолданбалы маңызға ие болатын дене жаттығулары және базалық спорт түрлерінен (гимнастика, жеңіл атлетика, қозғалмалы ойындар, спорт ойындары, шаңғы, жүзу) қимыл-қозғалыс әрекеттері ұсынылған.

Бағдарлама дене шынықтыру сабағы үшін базалық компоненттен тұратын материалды ұсынады. Базалық (инварианттық) компонент дене шынықтыру саласындағы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы) айқындайды.

Вариативті компонент мұғалімнің оқу процесі бойынша сан-алуан түрлерін қолдануға және оқытудың заманауи әдістері мен педагогикалық технологияларын енгізуге бағыттайды. Вариативті компонент мектептің материалдық базасы мен орналасқан жерін, оқытушының мүмкіндіктері мен оқушының қызығушылықтарын ескеру қажеттілігіне негізделген. Бұл компоненттің оқу материалын білім беру ұйымдары ұсынады, жергілікті орындарда дене шынықтыру пәні мұғалімі әзірлейді.

Бағдарлама «Оқушылардың дене шынықтыру дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» деген бөліммен аяқталады. Аталған талаптар төрт негізгі түсінікке сүйенеді: «білу/түсіну», «меңгере білу», «көрсете білу».

Бағдарламалық талаптар екі түрлі қызмет атқарады. Бір жағынан, олар бағдарламалық материалды оқушының табысты меңгеруін бағалаудың өлшемі (критерий) болса, екінші жағынан бастауыш сыныпты аяқтайтын әр оқушының міндетті түрде меңгеруі тиіс білім мазмұнын көрсетеді.

Дене шынықтыру мұғалімі бағдарлама талаптарына сүйенеді және әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, талаптардың (қорытынды тапсырмалар) өзіндік шкаласын құруына және сол бойынша оқушылардың жылдық үлгерімдерін бағалауына болады. Осындай өзіндік жол дене шынықтыру мұғаліміне оқыту-үйретудің барлық кезеңдерінде оқушылардың даму деңгейлерінің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ үлгерімдерін шынайы объективті бағалауға мүмкіндік береді.

Оқу үдеріін ұйымдастыру және жоспарлау түрлері. Бастауыш мектептегі дене шынықтырудың педагогикалық жүйесін ұйымдастырудың негізгі түрі мыналар: дене шынықтыру сабақтары, оқу күндерінде ұйымдастырылатын және сауықтыру іс-шаралары, спорттық жарыстар мен мерекелік шаралар, спорттық үйірмелерде шұғылдану, дене жаттығуларымен өздігімен шұғылдану (үй тапсырмалары). Сонымен қатар дене шынықтыру сабақтары оқушылардың дене шынықтыру пәнінің мазмұнын игеру процесіндегі іс-әрекеттерін ұйымдастырудың негізгі түрі болып табылады.

Типтік оқу жоспарына сәйкес «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі төмендегідей мөлшерді құрайды:

1-сынып – аптасына 3 сағат (барлығы 99 сағат);

2-сынып – аптасына 3 сағат (барлығы 102 сағат);

3-сынып – аптасына 3 сағат (барлығы 102 сағат);

4-сынып – аптасына 3 сағат (барлығы 102 сағат).

БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ 5-сынып

Барлығы – 102 сағат (аптасына 3 сағ.)

1 кесте - Бағдарлама бойынша жылдық сағаттар санын тоқсандарға бөлу

Бағдар-лама түрлері


Бағдарлама бөлімдері


Оқу тоқсандары

1

2

3

4

Σ

Базалық







1. Жеңіл атлетика

7

-

-

7

14

2. Спорт ойындары

14


11

9

34

3. Гимнастика

-

14

-

-

14

4. Шаңғы дайындығы

-

-

10

-

10

5. Ұлттық ойындар

-

5

5

-

10

6. Жүзу

-

-

-

8

8

Базалық компонент бойынша сағаттар саны:

21

19

26

24

90

Вариативті




1. Аймақтың климаттық жағдайына байланысты

6



2



4



-



12



2. Мұғалімнің таңдауы бойынша (ұлттық спорт түрлерін қолдану)

Вариативті компонент бойынша сағаттар саны:

6

2

4

-

12

Оқу жылы бойынша сағаттар саны (Σ)

27

21

30

24

102

Ескерту:

* Қарсыз аудандарда (оңтүстік өңірлер) шаңғы дайындығының орнына таза ауада қозғалмалы ойындарды өткізу ұсынылады.

** Жүзу сабағын өткізу мүмкін болмаған жағдайда, оның орнына гимнастика сабағын өткізу ұсынылады.

БІЛІМ НЕГІЗДЕРІ

Ежелгі Олимпиада ойындары туралы тарихи мәліметтер. Дене тәрбиесі және адамды дене шынықтыру тұрғыдан мақсатты жетілдіру. Жарақаттанудың алдын алу. Денсаулықты нығайту. Денсаулықты нығайтуға бағытталған түзету гимнастикасы. Мектептегі дене шынықтыру сабақтарының гигиеналық маңызы және ұйымдастыру негіздері.

Жеңіл атлетика

Жоғары және төмен сөрелер. Үдете жүгіру. 30 м және 60 м жылдам жүгіру. 10-12 мин бір қалыппен жүгіру. 1000 м (қыздар) және 2000 м (ұлдар) қашықтыққа жүгіру, уақыт есептеледі. 7-9 адыммен жүгіріп келіп «тізені бүгу» тәсілімен ұзындыққа секіру. 7-9 адымен жүгіріп келіп «аттап өту» тәсілімен биіктікке секіру. Шағын допты 10-15 м қашықтықтан нысанаға лақтыру. Шағын допты алысқа лақтыру. Жүгіру, ұзындыққа және биіктікке секіру, допты нысанаға лақтырудан құрылған қозғалмалы ойындар мен эстафеталар.

Спорт ойындары

Баскетбол. Ойыншының тұру қалпы. Баскетболшының тұру қалпында аяқты аяққа тіркестіре оң (сол) қапталмен, арқамен және алға қозғалу. Доппен және допсыз орындалатын бұрылулар. Секіріп тоқтау. Допты кеудеден екі қолмен беру және қабылдау. Допты бір орында еденнен серпіп тұрып бағыт пен жылдамдықты өзгерте доппен қозғалу. Бір орында тұрып допты лақтыру. Баскетбол ойынының элементтерінен құрылған қозғалмалы ойындар. Қорытындылау ойыны.

Волейбол. Ойыншының тұру қалпы. Адымды тіркестіре, алдымен және арқасымен алға қозғалу. Бір орында тұрып екі қолмен допты жоғарыдан беру. Бір орында тұрып допты төменнен екі қолмен қабылдау. Тордан 3-6 м қашықтыққа орналасып, допты төменнен ойынға қосу. Қорытындылау ойыны.

Футбол. Ойыншының тұру қалпы. Адымды тіркестіре, алға және артқа, оң жақ және сол жақ бүйірмен қозғалу. Бағытты және жылдамдықты өзгертіп жүгіру. Бір орында тұрған және домалап бара жатқан допты аяқтың ішкі жағымен және үстердің орта бөлігімен соғу. Допты аяқтың ішкі жағымен және табанмен тоқтату. Тік бағытпен, бағытты және жылдамдықты өзгерте отырып доппен қозғалу. Қақпашының ойыны. Футбол ойынының элементтерінен құрылған қозғалмалы ойындар.

Қол добы (Гандбол). Ойыншының тұру қалпы. Адымды тіркестіре, алға және артқа, оң жақ және сол жақ қапталмен қозғалу. Допты екі қолмен қағып алу. Жүгіріп келе жатып допты беру. Секіріп, допты бір қолмен сермей лақтыру. Допты еденнен екі қолмен кезектестіре серпіп қозғалу. Қақпашының ойыны. Гандбол ойынының элементтерінен құрылған қозғалмалы ойындар.

Гимнастика

Саптық жаттығулар. Қозғалыс кезінде орындалатын саптық жаттығулар. Жүру түрлері: саптық, аяқтың ұшымен, өкшемен, тізені биік көтеріп, жартылай, толық отырып. Ажырау және қосылу арқылы бір колоннадан екі колоннаға сап құру. Қиғаштап, қарама-қарсы бағытпен және жыланша жүру.

Жалпы дамыту жаттығулары. Саппен жүріп келе жатып орындалатын жалпы дамыту жаттығулары. Дұрыс мүсінді (дене бітімін) қалыптастыруға, тепе-теңдік пен назар салу сезімін дамытуға ықпал ететін жаттығулар. Спорт құралдарымен және спорт құралдарынсыз орындалатын жалпы дамыту жаттығулары. Түзету гимнастикасының жаттығулар кешені.

Акробатика. Жүрелей отырған қалыптан алға және артқа аунау. Жауырынға тұру. Статикалық элементтерден құрылған жаттығулар («көпір», «шпагат», «қарлығаш»). Акробатикалық элементтерден құрылған қозғалмалы ойындар мен эстафеталар. Гимнастикалық кедергілерден өту.

Кермеде орындалатын жаттығулар (ұлдар). Асылып тұрып бір аяқты сермеп, екінші аяқпен итеріле аударылып түсу – таяну қалпын қабылдау; таяну қалпынан аяқты артқа сермеп, оңға бұрыла секіріп түсу (керме сол жақта). Кермеде тартылу.

Түрлі биіктіктегі сырық (қыздар). Төменгі сырықта орындалатын жаттығулар. Асылып тұрған қалыптан бір аяқты сермеп, екінші аяқпен итеріліп аударылып түсу – таяну қалпын қабылдау; таяну қалпынан сол аяқты артқа сермеп, оң аяқпен солға бұрыла секіріп түсу. Төменгі сырықта тартылу.

Арқанға өрмелеу. Үш тәсілмен арқанға өрмелеу (арқанның биіктігі – 2,5-3 м).

Тепе-теңдік жаттығулары. Бөренемен жүру түрлері: аяқтың ұшымен (қол жанында). Тізені биік көтеріп (қол белде), аяқты аяққа тіркестіре қозғалу (қол белде). Аяқты айқастыра тоқтап, бір орында бұрылу. Жылдам жүріп келіп ырғу және жұмсақ төсенішке түсу.

Гимнастикалық кіші аттан таянып секіру. Жүгіріп келіп тізені бүгіп секіру (серіппе мен кіші аттың арақашықтығы 30-35 см; биіктігі қыздар үшін 100 см, ұлдар – 110 см).

Ырғақты гимнастика. Жалпы дамыту жаттығуларын әуенмен орындау (8-10 кешенді жаттығу).

Шаңғы дайындығы

Алма-кезек екі адымды жүріс. Бір мезгілді бір адымды жүріс. Дөңге «шырша» тәсілімен көтерілу. Шаңғышының төмен тұру қалпынан еңіске түсу. «Соқа» тәсілімен тежелу. Аяқты көтере адымдап бұрылу. Шаңғымен 2000 м қашықтықты жүріп өту.

Дала жарысы. Қар жоқ аудандарда (оңтүстік өңірлер) шаңғы дайындығының орнына жүргізіледі. Жазық далада жүру және жүгіру. Тауға қарай және таудан жүгіріп түсу. 1000 м жүгіру.

Ұлттық ойындар

Тарту және итеріп шығару секілді әрекеттерден тұратын жекесайыс түрлері. «Кім жүйрік», «Балапандар», «Қаршығалар мен қарлығаштар».

Жүзу

Етпеттеп және шалқалап кроль тәсілімен жүзуді үйренуге арналған арнайы жаттығулар. Шалқалап кроль тәсілімен жүзу кезіндегі аяқ пен қолдың қимылдарын үйлестіру. Етпеттеп және шалқалап кроль жүзу тәсілімен қысқа қашықтықтарды жүзіп өту. Тұғырдан (түмбеден) және суда орындалатын сөрелер (старт). Суда өткізілетін ойындар және ойын түріндегі жаттығулар. Осыған орай арнайы қимыл дағдыларын игеру бойынша оқу нормативтері белгіленген (2. 3, 4, 5 кестелер).

2 кесте - 5-сынып оқушыларының қимыл-қозғалыс сапаларын игеру дағдыларын анықтауға арналған оқу нормативтері


Қорытынды жаттығулар

Ұлдар

қыздар

«5»

«4»

«3»

«5»

«4»

«3»

1

60 м жүгіру (с)

10,0

10,6

11,2

10,4

10,8

11,4

2

2000 м жүгіру

уақыт есептелмейді

3

Ұзындыққа секіру (см)

340

300

260

300

260

220

4

Биіктікке секіру, см

110

100

85

105

95

80

5

Доп лақтыру (150г), м

34

27

20

21

17

14

6

Биік кермеде тартылу (рет)

6

4

3

-

-

-

7

Асылып жатып аласа кермеде тартылу (рет)

-

-

-

15

10

8

8

Арқанға өрмелеу (м)

5

4

3

4

3

2

9

Шаңғымен 1 шқ жүгіру, (мин, с)

6,30

7,00

7,40

7,00

7,30

8,10

10

Шаңғымен 2 шқ жүгіру

уақыт есептелмейді

11

Жүзу (м)

25

12

12

25

12

10

12

Қарсыз аудандарда 1500м жүгіру ( мин, с)

8,50

9,30

10,00

9,00

9,40

10,30

3 кесте - 5 сынып оқушыларының дене дайындықтарын бағалау кестесі

ұлдар

Сынақ түрлері

Дене дайындығының деңгейі

Х

тө-мен

орта-шадан төмен

орташа

орташа-дан жоғары

жоғары

30 м жүгіру

5,6

6,5

6,4 – 5,9

6,0 – 5,3

5,2 -4,9

4,8

Бір орыннан ұзындыққа секіру

153

132

133 -142

143–163

164– 173

174

Нығыздалған допты екі қолмен бастан асыра лақтыру

366

259

260- 312

313–419

420 – 472

473,0

3×10 м қайталап жүгіру

9,3

10,0

9,9 – 9,7

9,6 – 9,0

8,9 – 8,7

8,6

Қолдың білезік буынының динамометриясы

(оң қолмен)

17,6

13,0

14,0–15,0

16,0-20,0

21,0 – 22,0

23,0

4 кесте - 5 сынып оқушыларының дене дайындықтарын бағалау кестесі

қыздар

Сынақ түрлері

Дене дайындығының деңгейі

Х

төмен

орта-шадан төмен

орташа

орташа-дан жоғары

жоға-ры

30 м жүгіру

5,8

6,5

6,4 – 6,2

5,9 – 5,3

5,2 -5,0

4,9

Бір орыннан ұзындыққа секіру

146,0

124

125 -135

136 – 156

157 – 167

168

Нығыздалған допты екі қолмен бастан асыра лақтыру

325,0

212,0

213 - 271

272–386


387 – 440

441,0

3×10 м қайталап жүгіру

9,7

10,6

10,5–10,2

10,1 – 9,3

9,2 – 9,0

8,9

Қолдың білезік буынының динамометриясы

(оң қолмен)

16,0

11,5

12,0 –13,5

14,0 -18,0

18,5 – 20,0

23,5

6-сынып

Барлығы - 102 сағат (аптасына 3 сағ.)

5 кесте - Бағдарлама бойынша жылдық сағаттар санын тоқсандарға бөлу

Бағдар-лама түрлері

Бағдарлама бөлімдері

Оқу тоқсандары

1

2

3

4

Σ

Базалық







1. Жеңіл атлетика

7

-

-

7

14

2. Спорт ойындары

16

-

12

9

37

3. Гимнастика

-

14

-

-

14

4. Шаңғы

-

-

10

-

10

5. Ұлттық ойындар

-

4

4

-

8

6. Жүзу

-

-

-

8

8

Базалық компонент бойынша сағаттар саны:

23

18

26

24

91

Вариативті




1. Аймақтың климаттық жағдайына байланысты

4



3



4



-



11



2. Мұғалімнің таңдауы бойынша (ұлттық спорт түрлерін қолдану)

Вариативті компонент бойынша сағаттар саны:

4

3

4

-

11

Оқу жылы бойынша сағаттар саны (Σ):

27

21

30

24

102

Ескерту:

* Қарсыз аудандарда (оңтүстік өңірлер) шаңғы дайындығының орнына таза ауада қозғалмалы ойындарды өткізу ұсынылады.

* Жүзу сабағын өткізу мүмкін болмаған жағдайда, оның орнына гимнастика сабағын өткізу ұсынылады.

БІЛІМ НЕГІЗДЕРІ

Қазақстандағы олимпиадалық қозғалыс. Өмірлік маңызы бар қимыл-қозғалыс біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастырудағы дене жаттығуларының маңызы. Дене шынықтыру сабақтарында жарақаттанудың алдын алу шаралары. Оқушылардың денсаулықтарын нығайту және оларды спорттық үйірмелерге тартудағы жалпы дамыту жаттығуларының маңызы. Түрлі дене жүктемелеріне ағзаның реакциясы

Жеңіл атлетика

30-60 м қашықтыққа жылдам жүгіру. 10-12 мин. орташа қарқынмен жүгіру. 1500 м қашықтыққа жүгіру (уақытқа). Далалық жазықтықта 2000 м қашықтыққа жүгіру (уақыт есептелмейді). Жүгіріп келіп «тізені бүгу» тәсілімен ұзындыққа секіру. Жүгіріп келіп «аттап өту» тәсілімен биіктікке секіру. 5-10 м ұзындыққа және биіктікке секіруді толық үйлесіммен орындау, нәтиже есептелінеді. Шағын допты алысқа және нысанаға лақтыру, нәтиже есептелінеді. Секіру, жылдамдыққа жүгіру және допты нысанаға лақтырудан құрылған қозғалмалы ойындар мен эстафеталар.

Спорттық ойындар.

Баскетбол. Төменгі сыныптарда үйретілген әдіс-тәсілдерді қайталау. Бір орында тұрып және қозғалыста допты кеуде тұсында екі қолмен қабылдау; иықтан және бастан асыра беру. Қозғалу бағыты мен жылдамдықты өзгертіп доппен қозғалу. Бір орыннан және екі адым жасап допты себетке лақтыру. Баскетбол ойынының элементтерінен құрылған қозғалмалы ойындар. Жеңілдетілген ережелер бойынша ойын.

Волейбол. Төменгі сыныптарда үйретілген әдіс-тәсілдерді қайталау. Ойыншының тұру қалпы. Бір орында және орын ауыстырған соң допты екі қолмен жоғарыдан көтеру. Бір орында және орын ауыстырудан кейін допты төменнен көтеру. Тордан 3-6 м қашықтыққа орналасып, допты төменнен тік қолмен ойынға қосу. Ойын және ойын тапсырмалары. Жеңілдетілген ережелер бойынша ойын.

Футбол. Төменгі сыныптарда үйретілген әдіс-тәсілдерді қайталау. Игерілген қозғалу техникаларынан құрылған әдіс-тәсілдер. Допты аяқтың ішкі жағымен және табанмен тоқтату. Домалап келе жатқан допты аяқтың ішкі жағымен және үстердің ортаңғы бөлігімен соғу. 2-3 адымнан жүгіріп келіп серігіне аяқпен доп беру. Серігі берген допты қабылдау және оны тоқтату (ара-қашықтық 5-6 м). Орташа қарқында тік бағытпен және доға бойынша доппен қозғалу. Қақпашының ойыны. Ойын және ойын тапсырмалары. Жеңілдетілген ережелер бойынша ойын.

Гандбол. Төменгі сыныптарда үйретілген әдіс-тәсілдерді қайталау. Бір орында тұрып және қозғалыста допты қабылдау және беру. Орташа қарқында қозғалып келе жатып, серігіне допты бір қолмен иықтан асыра беру. Допты екі қолмен кезектестіре еденнен серпе отырып қозғалу және тоқтау түрлері. Қақпашының ойыны. Ойын және ойын тапсырмалары. Жеңілдетілген ережелер бойынша ойын.

Гимнастика

Саптық жаттығулар. Сапта жүргенде орындалатын жаттығулар. Жүру түрлері: саптық, аяқтың ұшымен, өкшемен, тізені биік көтеріп, жартылай отырып. Жартылай оңға және солға бұрылу. Бір орында тұрып ажырау және қосылу. Қозғалыста келе жатып ажырау және қосылу арқылы екі колоннадан төрт колоннаға сап құру.

Жалпы дамыту жаттығулары. Саппен қозғалып келе жатып орындалатын жалпы дамыту жаттығулары. Дұрыс мүсін (дене бітімін) қалыптастыруға, тепе-теңдік пен назар салу сезімін дамытуға ықпал ететін жаттығулар. Спорттық құралдармен және құралдарсыз орындалатын жалпы дамыту жаттығулары. Түзету гимнастикасының жаттығулар кешені.

Акробатика. Жинақталып отырған қалыптан алға және артқа аунау. Бірізділікпен 2-3 аунап домалау. Жауырынға тұру. Алға ұмтыла аунау. Жүрелей отырған қалыптан артқа аунау. Артқа шалқайып, серігінің көмегімен «көпірге» тұру. Қолдың көмегімен «шпагатқа» отыру. Акробатикалық элементтерден құрылған қозғалмалы ойындар мен эстафеталар.

Аласа кермеде орындалатын жаттығулар (ұлдар). Бір аяқты сермеп, екінші аяқпен итеріле аударылып түсіп таяну; таянып тұрған қалыптан аяқты артқа сермеп 90° бұрылып секіріп түсу. Кермеде тартылу.

Түрлі биіктіктегі сырық (қыздар). Сырықта асылып тұрып шайқала-тербелу, екінші аяқпен итеріле көтеріліп айналу; таянып тұрған қалыптан сол аяқты сермеп, оң аяқпен айналып, қолды артқа жібермей серпіліп секіру.

Арқанға өрмелеу. Арқанға екі және үш тәсілмен өрмелеу (биіктігі 3-4 м).

Тепе-теңдік жатығулары. Бір аяқпен тепе-теңдік ұстау («қарлығаш»). Бөренеде жүру түрлері: аяқтың ұшымен (қол жанында); тізені биік көтеріп (қол белде). Айналулар. Аяқты кезектестіре секіру. Бөрененің үстімен жүгіріп келіп алысқа секіріп түсу.

Таянып секіру. Жүгіріп келіп аяқты бүгіп таянып секіру. Гимнастикалық ағаш аттың үстінен аяқты ашып секіріп өту, серіппе мен ағаш аттың ара-қашықтығы 35-45 см, биіктігі 100 см (қыздар) және 110 см (ұлдар).

Ырғақты гимнастика. Жалпы дамыту жаттығуларын әуенмен орындау (8-10 кешенді жаттығу).

Шаңғы

Алма-кезек екі адымды жүріс және бір мезгілді бір адымды жүрісті толық үйлесіммен орындау. «Конький» тәсілімен қозғалу (таяқтың көмегінсіз).

Жылдам екпінде «шырша» тәсілімен дөңге көтерілу. Шаңғышының төмен тұру қалпында еңіске түсу және «соқа» тәсілімен тежелу. Жазық далада 3000 м қашықтықты шаңғымен жүгіріп өту.

Дала жарысы (қар жоқ аудандарда (оңтүстік өңірлер) шаңғы дайындығының орнына жүргізіледі). Жазық далада 1500 м жүгіру. Табиғи кедергілерді айналып өту.

Ұлттық ойындар

Төменгі сыныптарда үйретілген ұлттық ойындарды қайталау. «Балапандар», «Қаршығалар мен қарлығаштар», «Тау теке», «Теңге алу» және т.б.

Жүзу

Етпеттеп және шалқалап кроль тәсілімен жүзуді үйретуге арналған арнайы жаттығулар. Етпеттеп кроль тәсілімен жүзу кезіндегі қол мен аяқтың қимылдарын тыныс алумен үйлестіру. Шалқалап кроль тәсілімен жүзу кезіндегі қол мен аяқтың қимылдарын үйлестіру. Етпеттеп және шалқалап кроль тәсілімен жүзу кезіндегі бұрылу тәсілдері. Судан сөре (старт). Тұғырдан (түмбеден) орындалатын сөре (старт). Суда өткізілетін ойын түрлері және ойын түріндегі жаттығулар.

Оқу бағдарламасын зерделей келе ЖББ мектептің дене тәрбиесі сабақтарында ұлттық ойындарға арнайы сағаттар бөлінгенімен ,сағат сандары аздық етеді деген қорытынды жасауға болады.


3.2 Қазақтың ұлттық ойындарын дене тәрбиесі сабағында қолданудың жаңа әдістері


Қазақтың ұлттық ойындарын дене тәрбиесі сабағында жоспарға енгізу арқылы өткізу жас буынды тәрбиелеуде теңдесі жоқ құрал. Әр сабақ сайын ұлттық ойынның үш-төрт түрін алып, солардың ойнау тәсілін үйретіп отырса, жетілдіре, қайталау арқылы пысықтап отырса, әрбір бала жадында сақтайды да, оны ойнай біледі.

Ұлттық ойындарды мектептегі дене тәрбиесі сабағында қолданудың заманға сай әдістерін ойлап табу әрине қиын. Қазіргі компьютер заманында оқушыларды қызықтырып асық, бес тас ойнаңдар деп айту өте қиын іс. Әрбір баланың санасына ойынды сіңістіріп енгізу үшін біз қызықты да дұрыс әдістерді қолдануымыз керек. Ұлттық ойындар өзінің табиғатында, жаратылысында ұлттық өнегені бойына сіңіріп, бүкіл ұлтқа тән қасиеттерді өз бойына дарытып, толығып, жетілу арқылы, өзінің жан жақты тәрбиелік қасиетін шыңдай түседі. Ұлт ойындары өте күрделі дүние, ол адам баласының табиғи әрекеті. Сабақтың барысында сол табиғилығын сақтай отырып, оның элементтерін ретті пайдалану сабақтың әр кезеңінде оқушылардың көңіл-күйіне психологиялық жағынан барлау жасай отырып, білгірлікке әрекет жасауды талап етеді.

Бала ойын арқылы ойлап, ойын арқылы қиялдайды. Көңіл аударарлық ойынның бір түрі – асық ойыны. Бұл ойынды тек асығы бар балалар ғана ойнайды. Асық ойнаушылардың саны 4-8 балаға дейін жетеді. Бұл ойынның түпкі мақсаты – асық ұтып алу.

Асық ойынының түрлері өте көп.Олар –алшы, омпы, хан, құмар, көтеріспек.

«Алшы» ойыны.

Асық ойыны өте қарапайым болып көрінгенмен, мұнда адам денесін шыңдап, сомдайтын қасиеттер, баланың «бұзылып» кетпеуі үшін, оны өзара әркетке жетелейтін қимыл қаншама. Ең бастысы, ол баланы жастайынан салауатты өмір салтына жетелейді. Адамның ойлау жүйелерінің жетілуінен бастап, бұлшықеттерінің жетілуіне, тынысалу мүшелерінің реттелуіне, өз дене мүшелерін меңгеруге, соның нәтижесінде қырағылық пен мергендікке буаулиды. Асық ойынын мектептегі дене тәрбиесі сабағында үйретіп алып, сыныптар арасында жарыс түрінде өткізуге болады. Асық ойыны білмейтін бала қазір ауыл түгіл, қалада да жоқ. Каникул кезінде аула ішінде асық ойынын балалар көп ойнайды, ішінара қыздар да кездеседі. Ұлттық ойындар арқылы біз баланы көпшілдікке, ұйымшылдыққа тәрбиелейміз, оларды жеке-дара тұлға ретінде қалыптастырамыз.

Қазақтың ұлттық ойындарының біразы ойлауды қажет ететін ойындарға жатады. Олар негізінен логикалық ойлау мен математикалық, философиялық ойлануды дамытуға негізделген. Мысалы, тоғыз құмалақ ойыны.

«Тоғыз құмалақ» ойынының тақтасы.

Тоғызқұмалақ ойынының стратегиялық және тактикалық әдістерін қазіргі заман талабына сай қолданылып отырған компьютер арқылы жүзеге асыру да жаңа әдістердің бірі ретінде қарастырылады. Оқушылар күнделікті жаттығу кезінде пайдаланған әдістерін компьютерге енгізіп, бағдарлама жасап, кейін оны тәжірибе жүзінде пайдаланып отырады.

Тоғыз құмалақ ойыны жас жеткіншектерге спорт әліппесін үйретумен қатар, олардың ой-өрісін, сана-сезімін, дамытуға оқу үлгерімін жақсартуға және саналы тәрбие өзіндік септігін тигізеді.

Бұл ойынды арнайы ағаштан жасалған төрт бұрышты тақтада ойнайды. тақтаның екі қатарға тоғыз-тоғыздан ойылған сопақша келген ұясы (кіші отау), әр қатар үшін бір-бірден жасалған екі қазан (үлкен отау) болады. Олар ақ және қара түске боялған. Әр оқушыға 81-ден, екі ойыншыға 162 құмалақтан беріледі. Олар әр ұяға 9-дан орналастырылады. Әр ұяның 1-ден 9-ға дейін реттік саны болады, олар солдан оңға қарай есептеледі.

Ойын ережесі: тоғыз құмалақтың партиясы ақ пен қараның кезектесіп отыратын жүрісінен тұрады. Ойынды бастаушы өзінің кез келген отауына бір құмалақты ғана қалдырып, өзгесін қолына алып, оларды сағат тіліне қарсы жақтан бастап, бояу түсіне қарамастан, бір-бірден ұяларға салады. Егер ең соңғы құмалақ түскен бәсекелестің ұзындығы тас саны (2, 4, 6, 8, 10, ...) жұп болса, онда ойыншы сол ұядағы құмалақты алып, өз қазанына аударады. Ойын барысында біреудің ұясында 2 құмалақ қалса, серіктесі ең соңғы тасын түсіріп үлгерсе, ол үшін тасты түгел алады, ұя ойын аяғына дейін «тұздыққа» айналады. Әр ойыншы өз қарсыласының жағында тек бір ғана «тұздыққа» ие болады. Қазанына 82 құмалақ жинаған ойыншы ұтады.

Алтын қабақ (жамбы ату) ойыны. Бұл ойын негізінен нысананы дәл көздеп атпен шауып келе жатып ату. Біз сабақта бұл ойынды басқаша түрде пайдаланып қолданамыз. Бүкіл спортзалдың басынан 50-60м жүгіріп келіп, 5 метр жер қалғанда оқушы нысанада тұрған жамбыға кіші допты дәл тигізуі керек. Немесе (дротик) деген ойынның құралын пайдаланып, нысананы көздеп дәл тигізіп үйретуге болады. Бір дөңгелек картон ілулі тұрады, соны ұшы үшкір құралмен атады. Бұл ойын түрі оқушыларды мергендікке, ептілікке, жылдамдыққа үйретеді.

«Соқыр теке» – ойыны да біздің қазақтың көптен келе жатқан ойын түрі. Бұл ойын кез-келген жерде ойнала беретін болғандықтан, көп пайдалануға болады. Оқушылар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады да, ортада көзі байланған бір адамды қалдырады. Соқыр теке – сол. Қалғандары оны қолымен түртіп қойып, одан айнала қашады. Соқыр теке түрткен адамды ұстап алуы керек. Ойын солай жалғаса береді, қашан мұғалім тоқтатқанша. Бұл ойын сезімталдыққа, жылдамдыққа баулиды. Ойынға 10-12 адамға шейін қатысуға болады.

Қазан – ойыны. Ойынға 5-10 адам қатысады. Ойынға қажетті заттар, адам санына қарай ағаш таяқ, ағаштан ойылған шар, ия болмаса шағын доп. Қазіргі кезде крокет заттарын да пайдаланады. Ойыншылар дөңгелене ара қашықтығын бірдей қылып, бір-бір ағаштан ұстап тұрады, ағаштары ұяда тұруы керек. Дәл сондай ұя ортада да болады. Ойынды бастаушы дөңгелене тұрған адамдардың арасынан, ортада тұрған ұяға өзінің ағаштан жасалған шарын, ия болмаса шағын допты салуы керек. Өзге ойыншылар ол шарды ағаштарымен қағып, жолатпаулары керек. Егер бастаушы ойыншыға кедергі жасай алмай, ол шағын ортаға салып үлгерсе, екеуі орын ауыстырады. Шарды ортадағы ұяға салған уақытта, дөңгелене тұрғандары орындарын ауыстырады. Бұл ойын баланы жылдамдыққа, ойлауға, ептілікке баулиды.

Жүзік тастау – ойыны. Бұл ойында кез келген жерде ойнала береді. Ойыншылар дөңгелене отырады да бір жүргізуші алақандарына өзінің қолын жүгіртіп өтеді, біреуіне жүзікті тастап кетеді. Ойын жүргізуші жүзігімді бер»деп дауыстаған кезде, алақанында жүзік бар бала, екі жағындағы көршілеріне ұстатпай, тұрып кетуі керек. Ұсталып қалса, айыбын өтейді, ия болмаса ән салады, би билейді. Бұл ойын баланы сабырлыққа, жылдамдыққа, ептілікке баулиды. Осындай ойындарды ойнату арқылы біз баланың бойына әр түрлі қасиеттерді баулимыз. Осы ойынды дене тәрбиесі сабағының қорытынды бөлімінде тынысты қалпына келтіруге пайдалануға болады.

Күміс алу-ойыны. Бүл ойын әсіресе Қазақстан, Азия халықтарының арасында көп кездесетін ұлттық спорттың бір түрі. Ойын шабандоздардың ат құлағында ойнай білетін үлкен шеберлікті, асқан жылдамдықты, ерекше ептілікті қажет етеді. Ойынның мәні-атпен шауып келе жатқан жігіт айтулы мәреге дейін белгілі межелерге көміліп қойылған күміс теңгені іліп алуға тиіс. Бұл ойынды біздер жарыс түрінде ойнауға болатынын дәлелдейміз. Оқушылар қатты жүгіріп келіп әр жерде жатқан, ия болмаса арнайы қойылған тиындарды іліп ала жүгірулері керек. Ойынды эстафеталық жарыста командамен ойнауға пайдалануға болады. Бұл ойын баланы ептілікке, жылдамдыққа баулиды. Ойлау қабілетін арттырады.

Білектесу-ойыны. Ойынға қатысушылар тек оң қолдарымен білектеседі. Білектесу 3 рет орындалады,ойыншының біреуі 2 рет жеңіске жеткенше. Білектесу кезінде шынтақты орнынан қозғауға болмайды. Орнынан ойыншыға көтерілуге, тұтқаны босатуға болмайды.

Батпан көтеру – ойыны. Бұл ойынды көбінесе 9, 10, 11 сынып оқушыларымен өткізеді. Оны жарыс түрінде де, сабақ барысында тест ретінде де пайдалануға болады. Неше адам қатысамын десе де бола береді. Жеке-дара да, команда болып та өткізуге болады. Бұл ойын баланы күштілікке баулиды.

Арқан тартыс-ойыны. Ұзындығы 8-10 метрдей жуан кендір арқан керек. Арқанның тең ортасынан орамал немесе шүберек байланып белгі жасалынады. Осы орталық белгінің екі жағынан бір жарым-екі метрдей жерден тағы да жоғарыдығы тәртіппен белгі жасалынады. Ойнаушылар (ойынға 10-15 адамнан) екі топқа бөлініп қатысады, екіге бөлінудің тәртібі: ойнаушылар бойларының биіктігіне қарай бір қатарға тізіліп тұрады. Ойын жүргізушінің берген командасы бойынша тізбекте тұрған ойнаушылар оң жақ шетінен қатар санды: бір, екі, үш... деп бастап, сол жақ шетіне дейін санап шығады. Сөйтіп, бұл топ тақ, жұп болып екіге бөлінеді. Қатысушылардың саны он адамнан кем болмауы керек.

«Бес тас» ойыны. Ойнаушылардың саны екіден бес-алтыға дейін барады. Ойын тақыр жерде өтеді. Бауырсақтай доп-домалақ бес тас керек. Өйткені сүйірленген тастар ойнағанда, иірген кезде өз еріктерімен домалап түспей біріне бірі бөгет жасайды және қолға ұстауға да ыңғайсыз. Ойын ережесі. Балалар ең алдымен кім кімнен кейін ойнайтындығын бес тасты жоғары лақтырып, алақанның сыртына түсіріп, содан қаршып қағу арқылы кезек алысады. Ең көп қаршығаны бірінші, одан азы екінші, тағысын тағы солай кете береді. Бірінші кезек алған ойыншы бес тасты ойынның шартын бұзғанға дейін қаға береді, одан кейін екінші кезектегі ойыншы ойнайды, одан үшінші кезектегі ойнайды, тағысы тағы, кезектесіп ойын жаслғаса береді. Ойын бірліктен басталады. Бес тасты иіргеннен соң біреуін қақпа тас етіп алып, қалған төрт тасты жеке-жеке бір-бірлеп қағып алады. Екінші рет иіріп екілікті ойнайды, онда жердегі төрт тасты екі-екіден қағып алады. Үшінші рет иіріп үш тасты бірге, бір тасты бөлек қағып алады. Төрттікте қақпа тасты лақтырып төрт тасты жерге қойып, тағы лақтырып төртеуін жерден қайта алуы керек. Бесінші ойын – «жалақ». Жалақты үш жалау, немесе бес жалау болады. Қақпа тасты лақтырып жіберіп сұқ қолымен жерді үш ре жалауы керек, немесе ойынның шарты бойынша бес рет жалауы керек. Ұш жалау немесе бес жалау ойыншылардың өзара келісімдері бойынша тағайындалады. Алтыншы ойын – «алақан». Мұнда қақпа тасты лақтыра отырып қалған төрт тасты бір-бірлеп екінші қолдың алақанына жинаулары керек. Жетінші ойын – «төртбұрыш». Төртбұрышты төрт тасты төрт жерге қойып, яғни төртбұрыш шығарып, қақапа тасты биіктете лақтырып төртеуін де жинап алып қағулары керек. Төртбұрыштың үлкендігі ойыншылардың өзара келісімдері бойынша қойылады. Сегізінші ойын – «арттан тастау». Бұл ойында жерден бірінші тасты қағып алып, енді екінші тасты алғанда бірінші тасты қолдың артынан жерге тастау керек, одан үшінші тасты алғанда екінші тасты арттан тастау керек. Содан кейін жерден тастардың бәрін жинап қағып алу керек. Тоғызыншы ойын – «үндемес». Бұл ойында қақапа тасты қағып алғанда қолдағы жерден алған тасқа соғыстырмау керек. Ойынның шарты бойынша үндеместі ойнаған кезде тастардың даусы тұрмақ, ойыншының өзі де үндемей отырғаны абзал. Басқа балалар ойынның осындай сәтін пайдаланып қалғысы кеп үндеместі, яғни ойнап отырған баланы күлдіруге тырысады. Бұған ойыншының берілмеуі керек, себебі дыбысы шығып қалса, онда ойын шарты бұзылды деп есептелінеді де, бес тасты келесі кезектегі ойыншы алады. Оныншы ойын – «сарт-сұрт». Бұл ойын да бірлік сияқты, әр тас жеке-жеке қағылып алынады. Бірақ қақпа тас пен жерден алынған тастың сартылдаған дауысы естілуі керек. Он бірінші ойын – «қаршу». Ойыншы бес тасты иіріп жерге тастайды. Содан кейін қақпа тасын алады. Оны алып болғаннан соң қалған төрт тасты бір-бірлеп қаршып алуға тиіс. Он екінші ойын – «нәби». Бұл ойында сол қолдың бас бармағы мен сұқ қолын жерге тұрып, оң қолымен сол қолдың сыртынан тастарды алдыға иіріп тастайды. Ал қақапа тасты алғаннан кейін нәби сайланады. Нәбиді басқа ойыншылар сайлайды. Нәби ойыншылардың келісімі бойынша не алдыдан, не артынан, не бір тастың екіншісіне тиіп тұрғаны, әйтеуір қиын жердегісі сайланады. Ойыншы нәбиді басқа тастарды өткізіп болғаннан кейін ең артында өткізеді. Ең ақырында бәрін ойнап біткеннен кейін ойыншылар біріне бірі ұпай салады. Ұпай салудың бірнеше түрлері бар. Біріншіден, бес тасты қолын айналдырып лақтырып қағып алу керек. Екіншіден, бес тасты тұгел лақтырып, алақанның сыртына түсіріп, одан қайта лақтырып қаршып алуы керек. Содан қанша тас қағып алса, сонша ұпай салады. Әр тас – он ұпай. Егер бес тасты тұгел қақса, онда 50 ұпай алады. Осылай ойын жалғаса береді. Ұпай салушылар ұпайды тек өзінен кейінгі кезектегі ойыншыға ғана салады. Ойынның шарты бойынша тастарды қаққан кезде басқа тастарды қозғалтпаулары керек.

Қазақ халқының өте ертеден қалыптасқан спорт ойындарының бірі – қазақша күрес. Қазақша күрес көшпелі халықтың тіршілігімен бірге жасасып келе жатқан спорт түрлерінің бірі. Қазақша күрестің басқа халықтардың ұлттық куресімен салыстырғанда өзіндік ерекшелігі бар. Қазақша күрестің аталары болып табылатын – Қажымұқан, Балуан Шолақ секілді алыптардың жолын жалғайтын талай-талай саңлақтарымыз өсіп келеді. Тек соларға дұрыс жөн сілтей білуіміз керек. Ұлттық өнердің шынайы қамқоршылары болса онда ол міндетті түрде өмірден өз орнын табар еді. Әлемдік аренаға шықпайтын спорт түрінің бәрін іске жарамайды деп, ешкім біле бермейді деп жылы жауып қоюға болмайды. Қазақша күреске мектептегі дене тәрбиесі сабағында көп көңіл бөлу керек. Ұлттық спорт түріне кішкентайынан баулыған жөн. Өзіндік аса бір ерекшелігі бар, қашанда көпшіліктің көңілінен шығатын ұлттық өнердің бірі-қазақша күресте халықтың бойындағы қасиетін көрсететін үлгісі бар десек, онда неге осының белгілі бір жүйеге келтірілген киімін жасамаймыз. Үстіне киетін киманоға ұлттық оюларымызды, аяқтарына мәсіні пайдалануға әбден болады. Қазақша күрестің кейбір ерекшеліктерін айта кетсек, балуанның аяқтары ғана еркімен қозғалып жұмыс істейді. Аяқтарына қандай айла-тәсіл қолданса да еркі өзінде. Тебуге болмайды, жеңіске жету үшін астыңғы балуанның жауырыны жерге тигізіптұрғанда, үстінен аттап кету міндеттелген. Қазақша күресте қолданатын айла-тәсілдердің негізгі түрлері:

- иықтан асыра лақтыру әдісі. Лақтырған палуан құламай орнында қалады;

- әдіс қолданған палуан өзі құлап барып қарсыласын астына түсіру;

- қарсыласын жамбасқа салып жығу;

- іштен шалып жығу;

-сырттан шалып жығу;

Күресте қолдануға болмайтын айла-тәсілдер қолды белбеуден босатып жіберуге болмайды, қарсыласын ұрып не болмаса итеруге, тамақтан, саусақтан, құлақтан ұстауға болмайды. Белбеуден басқа киімнен ұстауға, уақыт белгіленбейді. Белдесу барысында тең түсу, ия болмаса ұпай санымен ұту деген болмаған. Белдесудің уақыты шектелмегендіктен міндетті түрде қарсыластың біреуі жеңіске жетеді.

Қазақтың ұлттық ойындарының кез-келгенін қазіргі заманға сай етіп, жаңаша үйретуге болады. Қазақтың ұлттық ойындарын балаға жеткізудің бірі – сабақта қолданылатын көрнекі құралдар. Әдемі көркемделген, ұлттық нақышта өрнектелген, ұлттық ою-өрнегімізді пайдаланып салынған плакаттар болса балаға тез жетеді деп ойлаймын. Көзге түсетін жерлерге ойын ережелерін іліп қойса ол да пайдасын тигізері сөзсіз. Ұлттық ойындарды бейнелеген кітапшалар көптеп шығарылса нұр үстіне нұр болары еді. Бізде насихаттау жағы нашар болып жатады, соны жабыла қолға алсақ. Қазақтың ұлттық ойындары пайдаланылған ашық сабақтарды бейнетаспа арқылы көрсетсек, балалар қызыға қарап танысар еді. Әрбір мектеп өздерінің сабақ жоспарларына ұлттық ойынды кіргізіп, 3-4 ойын түрін әр сабақта үйреніп отырса біздің балаларға жасаған азғантай пайдамыз сол болар еді.

Аударыспақ ойыны басқаша болып та ойнала береді. Бөрене /бревно/ үстінде ішіне тығыздалып мақта салынған қаппен оқушылар бір-бірін жерге түсіру керек. Бұл ойынды командамен де, жеке де ойнауға болады. Мектепте жарыс түрінде өткізуге болатын қазақтың ұлттық ойын түрлері-қазақша күрес, тоғыз құмалақ, дойбы, асық ойыны, оның да әр түрлері, арқан тарту, бестас, аударыспақ, гир көтеру тағы да сол сияқты көптеген ойын түрлерін табуға болады. Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие жұмыстарына пайдалану педагогикалық жүйенің жалпы заңдылықтарына бағынады. Ұлттық ойындарды мектептегі оқу-тәрбие жұмысында пайдалану – мұғалімнен шеберлікті, сабырлылықты, білімділікті, нәтижесін көруге деген құштарлықты қажет етеді.


3.3 Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану өзектілігі


«Қазақтың ұлттық ойындарын дене тәрбиесі сабағында қолдану»- деген тақырыпты дипломдық жұмыс ретінде алғаныма өте қуандым .Мені бұл тақырып өте қызықтырды.

Осы тақырыппен айналысып жүргенде білгенім, біздің қазақтың ұлттық ойыны деп есептелетін көптеген ойындары бар екен. Соның көпшілігін дене тәрбиесі сабағында қолданып, әр сабақ сайын 2-3-еуін үйретсек, оқушылар өзіміздің ұлттық ойындарды білетін болмай ма?

Солардың ішіндегі 400 жыл тарихы бар тоғызқұмалақ ойыны. Бұл ойынның кітаптары,ереже кітапшалары, электрондық түрі де бар. Қазыргі кезде тоғызқұмалақ оқу бағдарламасына енгізілген. Әсіресе, дене тәрбиесі сабағынан босатылған оқушылар отырып осы тоғызқұмалақ ойынын ойнайды. Үйірмелер көптеп жасауда. Бұл ойынның бір қасиеті оқушыларды төзімділікке, шыдамдылыққа,ойлау қабілетінің артуына үйретеді.

Қазақтың ұлттық ойындарын көптеген спорттың түріне байланыстырып қолдануға болады.

Мысалы, мектеп бағдарламасында жеңіл атлетика, спорттық ойындар,гимнастика түрлері ғана ғой.

Соның бәріне қатысты жүгіруге, секіруге, дәлдікке, ұйымшылдыққа арнап ойындар табуға болады. Бастауыш сыныптарда көптеген ойындар күнделікті сабақта қолданылып жүр. Мысалы, «Қуып жет», «Айгөлек», «Қуаласпақ» деген ойындар денесін шынықтырып жүгіру қабілетін арттырады. Күштілікті арттыратын ойын түрлері арқан тарту, батпан көтеру сияқты ойындарды күнделікті сабақ барысында қолдануға болатын ойындар.

Жаңа техникалар, интернет, интерактивті тақтаны пайдаланып та көптеген ойындарға баланы қызықтыруға болады.

Қазақтың ұлттық ойындарын көптеп насихаттау керек деп ойлаймын.

Мысалы, компьютерде шахмат, дойбы ойнап отыратын адамдар көп кездеседі ғой, сол сияқты қазақтың ұлттық ойындарын да, мысалы тоғызқұмалақты да дәл солай ойнап отыруға болады ғой.

Қазақтың ұлттық ойындарының дамымаған түрлерін тауып, дене тәрбиесі сабағына көптеп қолдануға шақырамын. Қазақтың ұлттық ойындарын дене тәрбиесінің көп салалы құралы ретінде де пайдалануға болады.Бұл ойындар адамның ой-өрісінің,өмірге көзқарасының дамуына,сана-сезімнің өсуіне мол мүмкіндіктер туғызуымен қатар адамның дене дамуына және рухын көтеруіне көмектеседі.Ұлттық ойындарда адамгершіліктің,мінез-құлықтың нормасына бағыт беру – басты міндет.Ойынға қатысушылардың ойын ережесін қалай түсінетіне байланысты, олар ойынның адамгершілік нормасының қоғамға, ал керісінше қоғамның ойынға бағытталуында.Бұл ойындардың құндылығы – ойын кезінде адамгершілік мінез-құлық, өзара сыйласу, татулық, ұжымда бір-бірімен тіл табысу сияқты мінездер қалыптасады.Қазақтың ұлттық ойындарында белгілі дәрежеде ойнаушылардың бір-бірімен адамгершілік қарым-қатынаста болуында.Ойын кезінде жеке бастың ар-намысына тимеу қатаң сақталады.Ойын аяқталғанда бір-бірін балағаттау ия болмаса жығылып жатқан қарсыласының үстінен аттау – өрескел әдіс болып табылады.Ұлттық әдет-ғұрып,салт-дәстүр қатаң сақталатын ойын түрлерінде алдын ала дайындалған өлеңдерін,сөздерін айтуға рұқсат етіледі.Сондай ойын түрлеріне «алтыбақан», «тоғыз аяқ», «мүше алып қашу», «қыз-қашар» жатады.Ойын кездерінде әсіресе ән,күй ерекше орын алады.Сазды ойындарда ойынға қатысушылардың шығармашылық мүмкіндігі қалыптасады.Ондай ойын түрлеріне «айгөлек», «алтыбақан», «қыз бен жігіт» жатады

Ұлттық ойындар дене тәрбиесі сабақтарын дамытудағы негізгі құралы болып табылады.Бұл ойындарда көптеген тәсілдер жүйесі,үйрету мен тәрбиелеу әдістері жинақталған.Олар ұрпақтан-ұрпаққа таралып,әдет-ғұрып,салт-сана білімдерінің жиынтығы ретінде халық өмірін жан-жақтытүрлендіруде.Арнайы спорт жабдықтары мен құрал-саймандарды көп қажет етпейтін қазақтың ұлттық ойындарының дене тәрбиесі сабағын жоғары әдістемелік деңгейде сапалы өткізудегі пайдасы мол.

Осы жоғарыда айтқан мәселелердің бәрі аталған тақырыптың әлі де болса жан-жақты толық зерттеуді қажет ететіндігін көрсетеді. Ұлттық ойындарды мазмұны мен күрделілігіне байланысты және балалардың жас ерекшіліктерін ескере отырып, төменгі, орта және жоғарғы сынып оқушылары ойнайтын ойындар деп бөлуге болады. Қажетті ойындарды өтілетін сабақ не жаттығудың алдында тұрған педагогикалық міндеттеріне байланысты таңдап алу қажет. Дене тәрбиесі сабағында және жаттықтыру кезінде қозғалыс ойындарын, оның ішінде ұлттық ойындарын қолдану арнайы үйрену міндеттерін шешуге көмектеседі. Ұлттық және эстафеталық қозғалыс ойындарын ұйымдастыра отырып оқушылардың қызығушылығын арттыру, ұйымшылдыққа, батылдыққа және салауатты өмірге тәрбиелеу. Ұлттық ойындарды спорттық ойын сабақтарында, жеңіл атлетика, гимнастика сабақтарында, жалпы дене қуаты дайындығы және жаттықтыру сабақтарында кеңінен қолдануға болады. Ұлттық ойындардың дене тәрбиесі сабағын жоғары әдістемелік деңгейде сапалы өткізудегі пайдасы мол. Жалпы ойындарды жүйелі түрде пайдалану, қиыншылықтарды жеңуге, еңбексүйгіш субъект ретінде тәрбиелеуге ықпал етеді.

Ұлттық ойындар жаттығулар көмегімен оқушыларды жаттығуға керек психикалық күйге түсіреді. Көңіл күйді көтеру, көңілдену, тактикалық ойлауды дамыту, сыртқы қоршаған ортаны тез сезіну,келешек істелетін жұмыстарға дайындалу, жинақталу қасиеттерін қамтамасыз етеді.

Ойын жаттығуларын ойша қайталау арқылы барлық ықылас зейінді аударуға негізделеді. Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», — дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы баии түседі. Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ» Ақ серек,көк серек», «Соқыр теке», «Асық ойыны», «Ине, жіп және түйіншек», «Әтештер қақтығысы», «Қызыл ту», «Мысық пен Тышқан»,«Теңге алу», т.б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады. Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Оқушыларды әсіресе, «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық» секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар. Оқушы ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды. Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше еңбекке баулу сабағын ұлттық ойындар арқылы сабақтасытырып түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді. Оқушының сөздік қорын байыта түседі.

Ұлттық спорт түрлерi мен халық ойындары жеткiншек ұрпақты үйлесiмдi тәрбиелеудiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Қазiргi дене шынықтыру практикасында ғасырлар бойы сомдалған және сыннан өткен халық ойындары мен ұлттық спорт түрлерi құралдары арқылы жеткiншек ұрпақты тәрбиелеудiң бай тәжiрибесiн пайдалану қажет. Ойын баланың барлық қабілетінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңейуіне көмектеседі. Халқымыз ойындарғы тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, олардың мінез-құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған. Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға реттінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Ал кей балалар ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей балалар ішкі сезімін білдіреді. Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін қызықты ойынның түрлері өте көп. Халық арасында «Денсаулық -зор байлық» деп тегін айтылмаған. Демек, кезінде ұлттық ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру –жас организмнің дұрыс та сергек өсуінің көзі болған және де балалар ойын ойнаған кезде көпшіл, Отанның болашақ азаматы болуға, халқына адал қызмет етуге бағытталған. Сондықтан білім берудің жаңа технологиясын пайдаланып, дене тәрбиесі пәнін жаңа технологиялық әдіспен оқушылардың жас ерекшеліктеріне, денсаулықтарына байланысты, ұлттық ойындарды спорттық ойын түрлеріне, сабақтың мазмұнына қарай іріктеп алып пайдалануға кез келген дене тәрбиесі мұғалімінің мүмкіндігі бар.

Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру — қазіргі міндеттердің бірі. Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты бағдарлама халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік, т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер. Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білуқұралы.Бірақ оны жүргізуге арналған нақты әдістемелік құралдар жоқтың қасы. Зерттеу жұмысында орыс тілінде жазылған әдебиеттер қолданылды. Соның нәтижесінде қазіргі таңда тақырыптың өзектілігі туындапотыр. Халық педагогикасының адам, отбасы, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу туралы арман-мақсаттарын, орныққан пікірлерін, ұсыныстарын қамтып көрсететін педагогикалық идеялар мен салт-дәстүрлері өткен мен қазіргінің арасындағы байланысты көрсетеді. Ол тарихи даму барысындағы әлеуметтік мәні бар ақпаратта (білім, білік) т.б. жиналып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Ең алдымен, халық педагогикасы өскелең ұрпақтың еңбек пен өмір сүру бейнесінің негізі болып, оларды келешектегі қызметіне дайындайды. Біздің халықтық педлагогикада еңбек тәрбиесі өте ертеден бастау алады. Ертеден келе жатқан еңбек тәрбиесінің әдіс-тәсілдер құралы, сөз жоқ, еңбек болып табылады. Еңбек адамның қалыптасуы мен тәрбиеленуінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа өмірлік тәжірибе береді және халықтың даму барысында шешуші роль атқарады. Еңбек ету кезінде адамның дене, ақыл-ой, эстетикалық дамуы мен еңбек тәрбиесі қатар жүреді.

Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді.

Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ» т.б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады. Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», — дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы баии түседі. Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оқушыларды әсіресе, «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық» секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар. Оқушы ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды.Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше еңбекке баулу сабағын ұлттық ойындар арқылы сабақтасытырып түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді. Оқушының сөздік қорын байыта түседі.

Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М.Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», — деп тегіннен тегін айтпаса керек. Одан кейінгі кезеңде қазақ халқының бай этнографиялық материалдарын жинақтаған және оның ішінде ұлт ойынының тәрбиелік маңызы туралы пікір айтқандар К.А.Покровский, А.И.Ивановский, Н.И.Гродеков, Е.А.Алекторов, Ә.Диваев, А.Левшин, Н.Пантусов, Ф.Лазаревский, П.П.Пашин, Г.С.Запряжский, А.Шиле, А.Харунзин, А.Горячкин, П.Ходыров, Е.Букин, О.Әлжанов, т.б. болды делінген. Е.Сағындықов өз еңбегінде: «Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және әр алуан болады», — дей келіп, ұлт ойындарын негізінен үш салаға бөліп топтастырған. Ә.Диваев «Игры киргизских детей» атты еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады. Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі – орыс ғалымы А.Алекторов. Мәселен, оның «О рождении и воспитании детей киргизов, правилах и власти родителей» (Орынбор, 1891) атты еңбегіңн атауға болады. М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінен бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. Кезінде ұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарында М.Тәнекеев, Б.Төтенаев, М.Балғымбаев, Ә.Бүркітбаев, т.б. есімдерін атауға болады. Кеңес Одағы кезіндегі ұлттық ойындардың маңызы мен қажеттілігін көрегендікпен қарастырған ғалым Б.Төтенаев «Қазақтың ұлттық ойындары» (Алматы, 1994) атты еңбегінде қазақ ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін зерделеп, ойын білдірген. Сабақта және тәрбиеде, яғни балабақшалар мен бастауыш мектептерде ұлттық ойынды ұтымды пайдаланса, алдымен еңбекке баулу және дене шынықтыру пәндерінде оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру шарттары теориялық тұрғыдан негізделсе, онда оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыруға және халықтың асыл мұрасын бойына сіңіріп, ұлттық сананы қалыптастыруға болады.

Қай халықтың болмасын, оның ұлттық ойындарының белгілі бір мақсаты мен споттық, дене тәрбиеге байланысты тұрғыдан ерекше қасиеттері болады. Сондықтан халық арасында қалыптасқан ойындар туралы сипаттамалық жинақтар, деректер және құжаттар дұрыс зерттеу мен талдауды қажет етеді. Ұлттық дәстүрлі халық ойындарының ел арасындағы беделі, тарихи қоғамдағы алатын орны және болашақ ұрпақты өсірудегі қажеттілігі, оның шығу тарихы туралы ғылыми тұрғыдан бізге дейінгі ғалымдар да көп ізденді. Осы мәселеге байланысты зертелеген ғылыми еңбектерді біз хронологиялық шектігіне қарай бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады:

  • Ø Орыстың отарлау саясаты кезеңіндегі алғашқы орыс әскери шенеуніктері мен миссионерлерінің көшпенділер хақындағы зерттеу жұмыстары;

  • Ø Кеңес заманы кезеңіндегі Орта Азия және Қазақстан халықтарының ұлттық ойындары туралы жазылған ғылыми еңбектер;

  • Ø Мектеп жасына дейінгі балаларды дене шынықтыруға баулу әдістерін педагогикалық сипаттағы бағыт-бағдарлама тұрғысынан зерттелген жинақтар.

  • Ø Тәуелсіз егеменді елдер кезеңіндегі (1992 жылдан бүгінге дейін)аталған тақырыпқа қатысты ізденістер.

Алғашқы топтама еңбектің тарихнамалық тізгінін Ә.Диваевтың еңбегін талдаудан бастайық. Ол өзінің «Игры киргизских детей» атты еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады.
Ә.Диваев алғашқы топтағы ойын түріне рулық-қауымдық құрылыс кезеңінде өмірге келген ойындарды, екінші топтамадағы дәстүрлі ойындарға қозғалыс ойындарын, үшінші топқа – спорттық ойын түрлерін жатқызады. Ізденуші этнографтың дәлелдеуінше, халық ойындары балалардың іс-әрекетін, қимыл-қозғалысын дамытумен қатар денсаулығын шыңдауда тездетуші үрдіс әрекетін атқарады. Ә.Диваев: «Как киргизы развлекают детей» деген мақаласында: «бала бас бармағын көтеріп оған пайғамбарымыз не дейді деп көк аспанға қарап, құдай тәңірінен рұқсат сұраған», — дей келіп, «Бес саусақ» ойыны мен саусақ атауларын алға тартады және аталған мақалада саусақ пен қимыл-қозғалыс жасау әрекеті негізінде баланы тәрбиелеп, шынықтырудың үлкен даналық философиялық мағынасы жатқандығы сөз етіледі.

Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі – орыс ғалымы А.Алекторов. Мәселен, оның «О рождении и воспитании детей киргизов, правилах и власти родителей» (Орынбор, 1891) атты еңбегін атауға болады.

Автор бұл еңбегінде көшпенді қазақ халқының өмір сүру салтындағы баланың дүниеге келген сәтінен бастап өсу динамикасына дейін ұлттық ойын мен қимыл-қозғалыс әрекетінің алатын орны және балғындардың денсаулығы мен дене мүшесінің қалыптасып дамуындағы жеке халық ойындарының қажетті жақтарын ашып көрсетеді. Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, өткен ұрпақтың дәстүрі мен алтын құрметтеп, адамдардың ойы мен іс-әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық, адамгершілік ой талабының өсуіне оның атқаратын қызметін жоғары бағаласа, М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. Ұлттық ойындар халық тәрбиесінің дәстүрлі табиғатының жалғасы. Ежелден дәстүрлі ойындарда халықтың өмір сүру әдісі, тұрмыс-тіршілік еңбегі, ұлттық дәстүрлері, батырлық-батылдық туралы түсінігі, адалдыққа, күштілікке ұмтылуы, шыдамдылық, т.б. құндылықтарға мән берілуі – халық данышпандығының белгісі. ХХ ғасырдың басында өмір сүрген этнограф М.Гуннер қазақтың ұлттық ойындарын былайша жіктейді:

1. Жалпы ойындар;

2. Қарсыласу мен күресу сипатындағы ойындар;

3. Ашық алаңқайдағы ойындар;

4. Қыс мезгіліндегі ойындар;

5. Демалыс ойындары;

6. Ат үстіндегі ойындар;

7. Аттракциондық-көрініс ойындар.

Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындарын спорттық ойындардан ажыратып, алғаш рет бөліп қараған ғалым М.Гуннер қазақ ойындарына топтамалық жіктеу жасай отырып, ұлттық ойындарды оқу үрдісінде пайдалануға ұсыныс жасайды. Бұл жерде айта кететін бір жайт, Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1943 жылғы шешіміне сәйкес 1949 жылы жарық көрген «Краткий сборник казахских народно-национальных видов спорта» атты еңбегі М.Гуннердің толықтырып, өңделген кітабы. ХХ ғасырдың басында көшпенді халықтар: қазақ, өзбек, қырғыз, түркімен, қалмақ, т.б. отар елдері туралы этнографиялық деректер жинақтап, олардың ұлттық мәдениетінің тармағы – халық ойындары, оның ішіндегі құрамдас бөлшегі болар ойынын жинап зерттеуді Түркістан генерал-губернаторы арнайы шенеуніктер мен миссионер ғалымдарға жүктеген. Орыс ғалымы А.Васильев «Игры сартовских детей» атты мақаласында Ферғана және Сырдария аймақтарын мекендеген өзбек халқының ұлттық ойындарының бірнеше түрлерін ажыратып, топқа бөліп, нақты зерттеген.Ізденіс барысында автор Ферғана балаларының күнделікті ойнайтын ертеден келе жатқан дәстүрлі «Гимчук тушты бошимга» ойыны Ташкенттегі сарт балаларына таныс емес екендігін айтады. Ал М.Гавриловтың авторлығымен жазылған «Перепелиный спорт у Ташкентских сартов» атты мақаласына өзбек халқының ойын түрлерінің айрықша маңыздысы жыл мезгілдерінің белгілері уақытында «Құстар ойынын» (тауық, қаз, т.б.) ойнаудың ережесі, ойын түрлері, тәртібі зерттеледі. Кеңес дәуірі жылдарында қазақтың ұлттық дәстүрлі халық ойындары күн тәртібіндегі өзекті мәселе болғанына қарамастан, сол тоталитаризм кезінде дәстүрлі ұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарында М.Тәнекеев, Б.Төтенаев, М.Балғымбаев, Ә.Бүркітбаев, т.б. есімдерін атауға болады. Әсіресе М.Тәнекеевтің қазақтың ұлттық және дәстүрлі ойындарын зерттеген деректерінің өзі жеке мәселе. Оның негізгі еңбектері Қазақстандағы спорт пен дене тәрбиесі саласына арналған. Ең бастысы, ол дене тәрбиесінің халықтық педагогикасы сияқты көкейтесті мәселесінің негізін қалаған М.Тәнекеевтің авторлығымен шыққан алғашқы туынды «Казахские национальные виды спорта и игры» (Алматы, 1957). Бұл зерттеуінде ізденуші қазақтың «Тоғызқұмалақ» ойынының ереже тәтіптерін таразылап, халық ойынының қажетті жақтарын ашып, сонымен қатар басқа да ұлттық қозғалмалы, спорттық ойын түрлеріне тоқталып, анықтама беріп жіктеп, құнды мұрағат деркетеріне сүйене отырып, ғылыми сараланған пікірлер айтады. Ғалым негізінен Қазақстандағы Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде дене тәрбиесі мәдениетінің дамуын талдай отырып, тарихта тұңғыш рет, дене мәдениеті мен спорттың екі даму бағытын қара халқтық және ақсүйектік деп көрсетіп, оны формациялық әдістемеге сүйеніп, яғни таптық тұрғыдан қарастырады. Сонымен бірге ғалым зерттеуіне әскери қолданбалы маңызы бар кейбір спорт және ойын түрлерінің өрлеуіне отаршыл Ресей патшалық өкіметінің саяси көзқарасын көрсетеді. М.Тәнекеевтің аталған еңбегінде таптық-формациялық идеологиялық көзқарас тұрғысынан сол заманға сай зерттелгеніне қарамастан, бүгінгі күні өз құндылығын жоймаған, ғылыми тұрғыдан аса жоғары еңбек болып табылады. М.Тәнекеевтің басшылығымен бұдан басқа да бірнеше ғылыми монографиялық еңбектер жазылды. Кеңестік кезеңдегі ұлттық ойындардың маңызы мен қажеттілдігін көрегендікпен қарастырған ғалым Б.Төтенаев «Қазақтың ұлттық ойындары» (Алматы, 1994) атты еңбегінде дәстүрлі қазақ ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін дәлелдеп, ойын зерделеген.

Аталған автор қаламынан халықтың этнопедагогика мен ұлттық ойындар арасындағы байланыс және ойындардың ертеңгі болашаққа керекті қасиеттілігін зерттеген басқа да қомақты ізденістер дүниеге келеді. Е.Сағындықовтың авторлығымен жазылған ғылыми монография «Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие ісінде пайдалану» (Алматы, 1993) деп аталады. Ғылыми еңбекте қазақ мектептерінде І-ҮІ сыныптарда қазақ халық ойындарын жекелеген классификацияларға топтап, оны сабақта және сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында қолдану әдістері анықталып, қазақ халық ойындарына педагогикалық талдау жасалып, оқу үрдісінде пайдалану қажеттілігі негізделеді. Ә.Бүркітбаевтың авторлығымен 1985 жылы жазылған «Спорттық ұлттық ойын түрлері және оның тәрбиелік мәні» жинағында ұлт спорты түрлері мен ұлттық спорт ойындарының балалардың күнделікті өміріндегі алатын орны, тәрбиелік маңызы және ат спорты мен ұлттық ойындардың ережесі қарастырылса, М.Балғымбаевтың «Қазақтың ұлттық спорт ойыны түрлері» (Алматы, 1985) атты еңбегіндегі ат спортына қатысты бәйгені бастап жорға жарыс, аударыспақ, жамбы ату, аламан бәйге, т.б. жарыс түрлеріне салыстырмалы талдау жасалады. Бала өміріндегі ұлттық және спорттық қимыл-қозғалыстың және ойынның алатын орны, формасы және мазмұны үлкен адамның тұрмыстық күйімен, еңбек түрімен және мазмұнымен салыстырылса, қаладағы қажеттіліктің бір тұсы адамды дағдыға үйрету екендігін байқаймыз. Ғалым А.Усова өз еңбегінде ойынның мәнін баланың дербес іс-әрекеті, айналасындағы өзгерістерді танып-білуге, белсенді әрекет етуге жол ашуы ретінде түсіндіреді. Автордың айтуынша шынайы өмірде баланың аты – бала. Өз бетінше әлі ештеңе тындырып жарытпайтын жан. Қам-қарекетсіз өмір ағысына ілесіп кете барады. Ол ойын үстінде ол бейнебір ересек адам тәрізді өз күшін сынап көреді». Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту барысндағы спорттық жаттығулар И.Давыдов, Л.Былеева, В.Яковлев, Н.Поддьякова, Н.Михайленко, Д.Куклова және тағы басқалар ерекше назар аударған. И.Давыдов ойын мен ойыншық және дидактикалық құралдарға ғана сүйеніп, мектепке дейінгі балалық кезді заттар жөнінде жекелеген нақты түсініктер, жинақтау кезеңі деп түсіну қателік деп дәлелдейді. Бұл кезде дене шынықтыру мен ақыл-ойын ақыл-ой дамуына, жалпы түсінік пен ұғымның қалыптасуында, маңызды ойлау операциялары: талдау, салыстыру, қорыту, қабілетіне қажетті организм деп аударған. И.Давыдов ойын-ойыншық және дидактикалық құралдарға ғана сүйеніп мектептке дейінгі барлық кездерге заттар жөнінде жекелеген нақты түсініктер жинақтау кезеңі деп түсіну қателік деп дәлелдейді. Бұл кезде дене шынықтыру мен ақыл-ой дамуына, жалпы түсінік пен ұғымның қалыптасуына, маңызды ойлау операциялары: талдау, салыстыру, қорыту қабілеттеріне қажетті организм деп тұжырымдайды. Д.Хухлаеваның пікірінше, дене шынықтыру жаттығуларын ойынмен ұштастырған сәтте баланың тұрақты іс-әрекетке бейімділігінің қалыптасуы айқын сезіледі, сондықтан дене шынықтыру күнделікті қажеттілік болуымен қатар денсаулықтың, шыдамдылық пен тез қимыл-әрекеттің символы болып табылады.

М.Контарович, Л.Михайлованың авторлығымен жазылған еңбекте жыл мезгіліне сәйкес қыс айларында ойналатын ойындар, топ болып ойнайтын, жеке бір балаға арналған далада өткізілетін қимыл-қозғалыс ойындарының әдістемелік нұсқауы берілген. Ойын түрлері мен шарттарын бала жасына қарай бөліп классификация жасап, бірнеше халық ойындарын ұсынған. Олардың ішінде «Қояндар» (2-3 жасарларға), «Аңшы мен ит және қояндар» (4 жастағылар үшін), «Торғай мен мысық» (5-6 жастағыларға арналған) қозғалмалы ойындарын зерттеп, қолданысқа түсірген. А.Быкованың басшылығымен баспадан шыққан «Физическое воспитание в детском саду» кітабында балабақшаның әр тобында жас ерекшелігіне қарай өткізетін қарым-қатынас ойындарын ұйымдастыру және оны өткізу әдістері, т.б. мәселелер қарастырылған. Мысалы, қозғалып ойнау барысында алғашқы күннен бастап балаларды өзін-өзі тежеуге үйрету, сонымен қатар барлық баланың қабылдау қабілеті бірдей емес екендігі, яғни белсенділер мен жайбасар әлсіз балалар арасындағы тепе-теңдікті сақтау қасиеті, оларды әр түрлі ойынға тарту арқылы шыңдау, ұмтылдыру, бірнеше рет бір ойынды ойнату барысындағы баланың физиологиялық өзгерісімен қатар психологиялық тұрғыдан сенімділігінің артуы ғылыми еңбектің құндылығын жоғарылатады.

Еліміздің егемендік алуы Қазақстандағы дене шынықтыру, ұлттық ойындар мәселесіне басқаша сын көзбен қарауды талап етеді. Осы орайда соңғы жылдары біздің қарастырып отырған ізденіс тьақырыбымызға орай бірнеше ғылыми еңбектер жарық көрді. Е.Мұхиддинов қазақтың ұлттық ойындарын дамыған қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құрылыммен байланысты қарастырады. Дене шынықтыру пәнінің теориялық дәлелдемесін қазақтың ұлттық ойындарының тәжірибелік жағымен біртұтас алып қарайды.

А.Құралбекұлы мен С.Әкімбайұлы жалпы білім беретін қазақ мектептерінің дене шынықтыру жүйесінде қазақ этнопедагогикасы материалдарына, оның ішінде халық шығармашылығы мен ұлттық ойындарды тиімді пайдаланудың ғылыми теориялық-әдістемелік негіздеріне сүйене отырып талдау жасаса, А.Айтпаеваның ғылыми еңбегінде орыс тілінде оқытатын мектептердің бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу құралы ретінде қазақ халқының ойындарын пайдаланудың теориялық-әдістемелік негіздері жасалып, олардың тәрбиелік мүмкіндіктері айқындалған.

Сонымен түйіндеп айтарымыз, қазақтың ұлттық ойындарының басқа халықтардың ұлттық ойындарынан айырмашылығы — оның шығу, пайда болу тегінің ерекшелігіне байланысты белгілі бір тәрбиелік мақсат бірлігін көздейтінінде.


3.4 Қазақтың ұлттық ойындарын дене шынықтыру сабағында қолданудың маңызы


Қазақтың ұлттық ойында ры - атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып келе жатқан асыл қазына.Ұлттық ойындар қазақ халқының ежелгі мәдениеті мен өнерінің ешкімнен кем болмағанын байқатады. Қазақтың ұлттық ойындарының қоғамдық және әлеуметтік маңызы аса зор. Ата-бабаларымыз ұлттық ойындар арқылы ұрпақтың мықты әрі жігерлі болып өсуіне ықпал етіп, олардың береке-бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған. Қазақтың ұлттық ойындарының түрі өте көп. Ғалым-зерттеушілер мынадай бес түрге бөліп, ұлттық ойын түрлерін әр топқа жіктейді. Олар:аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Ал М.Гуннер жеті топқа бөлсе, ғалым Е.Сағындықов ұлттық ойындарды үш топқа бөліп көрсеткен. Ұлттық ойындар баланың еңбекке деген қарым-қатынасы мен ойлау қабілеттерін арттырады және баланы шымыр, епті, зерек, алғыр, тапқыр да парасатты болып өсуге тәрбиелейді. Бұл жөнінде Ахмет Жүнісов былай дейді: «Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан–балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен»(1). Ал енді «Қазақстан. Ұлттық энциклопедиясында» қазақтың ұлттық ойындарының мән-маңызы туралы былай деп жазылған: «Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрді бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған»(2). Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру ойнату әдісі деп қарамағаны анық. Жас ерекшеліктеріне сай, олардың көзқарастарын, мінез-құлықтарын қалыптастыру құралы деп те ерекше бағалаған. Қазақтың ұлттық ойындарын оқыту процесінде қолдану мұғалімнің әдіскерлігіне байланысты. Балаларды демалдыру, сергіту мақсатында ұлттық ойын түрлерін қолдануға да болады. Ойнау, ойнату арқылы баланың ақыл-ойы кеңейеді, тілі дамиды, сөздік қорды байиды, зерек болады және денсаулығы нығаяды. Ойынды сабақта қолдану - оқушының ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын оқушының бойына сіңіріп, ұлтжандылыққа тәрбиелеудің бірден-бір құралы. Қазақтың ұлттық ойындарын дене тәрбиесі сабағында жоспарға енгізу арқылы өткізу жас буынды тәрбиелеуде теңдесі жоқ әдіс десек болады. Әр сабақ сайын ұлттық ойынның үш-төрт түрін алып, солардың ойнау тәсілін үйретіп отырса, жетілдіре, қайталау арқылы пысықтап отырса, әрбір бала жадында сақтайды да, оны ойнай біледі.

Қазіргі жаңа технология заманында оқушыларды қызықтырып, асық, бес тас ойнаңдар деп айту өте қиын іс екені анық. Сондықтан білім берудің жаңа технологиясын пайдаланып, дене тәрбиесі пәнін жаңа технологиялық әдіспен оқушылардың жас ерекшеліктеріне, денсаулықтарына байланысты, ұлттық ойындарды, спорттық ойын түрлерін, сабақтың мазмұнына қарай іріктеп алып, пайдалануға болады. Әрбір баланың санасына ойынды сіңістіріп енгізу үшін біз қызықты да дұрыс әдістерді қолдануымыз керек.Алдымен ұлттық ойындарды мазмұны мен күрделілігіне байланысты және балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, төменгі, орта және жоғарғы сынып оқушылары ойнайтын ойындар деп бөліп алу керек. Мысалы, орта сынып оқушыларына эстафеталық қозғалыс ойындарын ұйымдастыруға болады. Көп қозғалыс пен күшті талап ететін де ұлттық ойын түрлері бар, соларды әр дене шынықтыру пәнінде қолдану балалардың шымыр да ширақ боп өсуіне әсер етеді.Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттық ойындары - баланың зерек те ақылды, шымыр да ширақ боп өсуінің басты құралы. Оны оқыту процесінде қолдану - тиімді əдіс.

ҚОРЫТЫНДЫ


1. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті ,өжеттілікті, батылдықты, шапшаңдылықты, ептілікті, тапқырлықты, табандылықты, байсалдылықты,т.б мінез құлықтың ерекшеліктерімен бірге күш-қуат молдығын, білек күшін, дененің сомданып шынығуын қажет етеді. Сонымен бірге бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принцптеріне негізделген.

2. Ұлттық ойындардың білімділік маңызы қозғалыс қасиеттердің дамуымен бір мезгілде қозғалыс дағдыларының баянды етіліп ,жетілдірілуінде жатыр. Ойындарды күнделікті іс жүзінде пайдалану ұлттық ойындарда түрліше қозғалыстар бар екендігін , өсіп келе жатқан жағымды әсер ететін барлық дене мүшелерінің жұмысқа қосылатындығын көрсетеді.

3. Баланың өсіп жетілуі үшін тұрмыс –тіршілікте қажетті дағдыларды меңгеруде қимыл –қозғалыс ойындары үлкен маңызға ие. Дене шынықтыру сабағында және дербес жаттыққанда қозғалыс ойындарын, оның ішінде халықтық ойындарды қолдану арнайы үйрену міндеттерін шешуге көмектеседі.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1 «Қазақтың ұлттық ойындары» . Б.Төтенаев «Дене тәрбиесі және спорт» журналы

2 «Дене тәрбиесі» оқулығы - С.Тайжанов

3 «Валеология» журналы

4 «Мектептегі тәрбие жұмысы» журналы

5 «Дене шынықтыру – мектепте» журналы

6 Фәниден бақиға дейін, — Ахмет Жүнісов. Алматы: «Қайнар», 1994

7 .Қазақстан. Ұлттық энциклопедия

8 «Мектептегі дене тәрбиесін бақылау, жоспарлау және есепке алу» .Е.Қ. Уанбаев, Ф.Ж.Уанбаева Өскемен 2006

9 «Тоғызқұмалақ ойынының негізгі қағидалары» М.Ноғайбаев Астана, 2008ж

10 «Қазақтың ұлттық спорт түрлері» М Болғамбаев Алматы, « Қайнар» 1983ж

11 «Қазақтың ұлттық ойындары» С.Тайжанов Алматы 2004 ж

12 «Қазақтың ұлттық ойындары» К.Абишев, Н.Теміров Алматы 2014 ж

13 «Тоғызқұмалақ» Ә.Ақшораев, Н. Жүнісбаев Алматы «Мектеп»1980 ж

14 «Қазақтың ұлттық спорт түрлері» Б. Әзімжанов, М. Танекеев 1991

15 «Қазақтың ұлттық ойындары» С.Сағындықов Алматы 1991 ж

16 «Қазақтың ұлттық ойындары» Б. Төтенаев Алматы 1994 ж

17 «Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие ісінде пайдалану» Е.Сағындықов Алматы 1993 ж

18 «Тоғызқұмалақ. » Аманжолов С. Алматы, 1936.

19 «Шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ » – Алматы: Қазақстан, 1967. Сұлтанбеков Т.

20 «Асық, бестас, дойбы, тоғыз құмалақ». Үрімші, 2005. Әбілқасымұлы Е. Исакова Н.В. Культура национальной общности. Методологические аспекты исследования. – Новосибирск, 1988.-48с.


22


Жариялаған:
Махсетұлы Жарас
26 Наурыз 2025
74
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі