400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дене шынықтыру сабақтарында қозғалмалы ойындар арқылы инклюзивті білім беру

Материал туралы қысқаша түсінік
Мүмкіндігі шектеулі балалар басқа балалармен тең мүмкіндікте білім алуы тиіс. Қазірдің өзінде инклюзивті білім беруді енгізу қажеттілігі туындап отыр. Бүгінгі таңда инклюзивті білім беру мәселесі әлемдегі өзекті проблемаға айналып отыр. Қазақстанда бұл құбылыс, назардан тыс қалдырылмады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дене шынықтыру сабақтарында қозғалмалы ойындар арқылы инклюзивті білім беру


Б.С. Сарсембаев

М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің оқытушысы,

Семей қ.


Мүмкіндігі шектеулі балалар басқа балалармен тең мүмкіндікте білім алуы тиіс. Қазірдің өзінде инклюзивті білім беруді енгізу қажеттілігі туындап отыр. Бүгінгі таңда инклюзивті білім беру мәселесі әлемдегі өзекті проблемаға айналып отыр. Қазақстанда бұл құбылыс, назардан тыс қалдырылмады. Бұл проблема өзіне қатты назар талап етеді, өйткені туа біткен және жүре пайда болған ақаулары бар балалардың саны жыл сайын артып келеді. Мемлекет дамуындағы ауытқулар бар балаларды ерте диагностикалау мен ерте түзету міндеттерін қояды. Білім беру жүйесі, өз кезегінде осы санаттағы балаларды мүмкіндігінше бұқаралық балабақшаларда, жалпы білім беретін мектептерде, кәсіптік лицейлерде және жоғары оқу орындарында оқыту процесіне қосуы тиіс.

Дене шынықтыру сабақтарында қозғалмалы ойындар арқылы балаларға инклюзивті білім беріліп, сол бағытта жаттығулар жасалса, онда оқушылардың салауатты өмір салтына яғни күн тәртібін ұстануға, адамгершілік, ұқыптылыққа баулып тәрбиеленеді және дене тәрбиесі сабағына қызығушылықтары артады.

Елбасы Н.Назарбаевтың 2014 жылғы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында даму мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау мен көмек көрсету мәселесіне арнайы тоқталғаны белгілі. Атап көрсетсек, «...мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес, ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз. [1]

Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарына баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі; әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі жатады («Білім туралы» ҚР Заңының, 3-бабының, 1, 2-тармақтары). Инклюзивті білім беру баршаның сапалы білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату процестерінің бірі болып табылады. Ол балалардың дене, психикалық, зияткерлік, мәдениэтникалық, тілдік және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беру ортасына айрықша білім алу қажеттіліктері бар балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, олардың сапалы білім алуы үшін және олардың әлеуметтік бейімделуін, социумге кірігуін көздейді.

Өткен жүзжылдықтың аяғынан бастап инклюзивті білім беруді дамыту әлемнің көптеген: АҚШ, Ұлыбритания, Дания, Испания, Финляндия, Германия, Италия, Австралия және т.б. елдерінде білім беру саясатының жетекші бағдарына айналды. Осы елдерде балалардың дамуы мен әлеуметтік бейімделуі үшін тиісті психологиялық-педагогикалық жағдай жасалған жалпы білім беру ұйымдарында психикалық және дене бұзылыстары бар, дамуында артта қалушылығы бар балалар қалыпты дамыған құрдастарымен бірге табысты білім алуда. Бүгінгі бала – ертеңгі азамат. Сол азаматты балабақшадан бастап болашақ өмірге бейімдеу, дені сау адамдардың арасында өздерін жәйлі сезіну үшін қолайлы атмосфера қалыптастыру – білім беру ұйымдарының міндеті болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуында қазіргі заманға сай моделін құрудың басты бағыты − бұл білім беру қызметтерінің сапасын арттыру және қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін жағдайларды жасау. Жоғарыда көрсетілген мәселелер мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивтік білім беруде әдістемелік ұсынымды әзірлеуге түрткі болды. Әдістемелік ұсынымның мақсаты: инклюзивтік білім беру кезінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасының қолжетімділігін қамтамасыз ету. Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері адам құқығы саласындағы негіз болатын халықаралық құжаттарға сәйкес әзірленген және әлемдік үрдістерді, білім беру саласындағы әлемдік практиканың жетістіктерін және қазақстандық білім беру жүйесін дамытудың басым міндеттерін ескеріп әзірленген.

Инклюзив сөзі − латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда», ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді. Инклюзивті білім берудің мақсаты: даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы. Инклюзивті оқыту негізінде балалар құқығын кемсітпеу, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге ерекше оқыту қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. [2]

Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу ұйымдарында, ұйым өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту – балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс- әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту – адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.[2]

Қазіргі кезеңдегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында орын алып отырған қиындықтарға қарамастан салауатты өмір сүрудің мемлекеттік жүйесі түпкілікті, жалпы азаматтық-рухани байлықтарға негізделуі тиіс. Ол жеке бастың үйлесіміді дамуына, денсаулықты нығайтуға адамдардың тіршілік үшін белсенділігін арттыруға ықпал жасауды өзінің басты мақсаты етіп алуы тиіс.

Мектептегі денешынықтыру пәні бойынша негізгі оқу формасы-сабақ болып саналады. Бағдарлама бойынша қарастырылған сабақтың міндеті мен мазмұнының ерекшелігі мектеп сабағында шұғылданатындардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктері ескерледі.[3]

Мектеп жасына дейінгі балалар жүреді, ойнайды әйтеуір қозғалыстан қол үзбейді. Ұйқысы қанып орнынан тұрғаннан кейін кешке төсегіне жатқанға дейін бала жиынтығы 6 сағаттан артық уақыт бойында қозғалыста болады екен. Ал мектеп табалдырығын аттаған сағаттан бастап осы балалардың жүрісі-тұрысы, қозғалысы таза ауада болатын уақыта шамамен 50 % қысқарады екен. Баршамызға белгілі республика көлемінде бүгінгі мектеп оқушыларының 60%-ның организімінде дімкесі бар.

Әрине өтілетін 3 сабақ дене тәрбиесі сабағы оқушылар үшін организмінің дамуына жаңбыр тамшысындай ғана әсер етеді. Ендіше балалардың белсенді қозғалысының орнын толтырғанда ғана біздер болашаққа дені сау қоғамның мүшесін оқытып тәрбиелей алады екенбіз.

Денсаулық жағдайына байланысты арнайы дәрігерлік топқа іріктелген оқушылармен өткізілетін сабақтарын ескерту арқылы ұйымдастырылады.

Сабақ беретін сыныптарда мүмкіндігі шектеулі оқушылар кездеседі. Осы бағытта жұмыс жасау үшін мынадай мақсаттар қойылды.

1. Жеке тұлға ретінде қалыптастыру.

2. Салауатты өмір салтын қалыптастыру .

3. Дене тәрбиесі сабағына қатыстыру .

4. Дене бітімін жетілдіру, дамыту, тәрбиелеу.

Әрбір ұстаз ең бірінші бала жүрегіне жол табуы, әр баланың бойындағы қабілетін тану, оны әрі қарай дамыту үшін еңбек етеді. Әр оқушының жетістігі мұғалімнің сол оқушыға деген сенім артуында, оның табандылығы мен шыдамдылығына дер кезінде көмекке келуімен тікелей байланысты. Егеменді еліміздің туын көкке көтеретін әрине келешек ұрпақ десек онда білім беру жүйесінде еліміздің өсіп өркендеуіне, заман талабына сай жауапкершілгі жоғары, рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптасырған, салауатты өмір салтын саналы түрде таңдаған өркенеттегі ұрпақ таңдау кезек күттірмейтін мәселелердің бірі.

Сол себептен мектептегі дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері үш бағытта жүргізіледі.

1.Сауықтыру

2.Тәрбиелеу.

3.Білім беру .

Сауықтыру міндеті денсаулықтың артуына, денені жетілдіруге, адам ағзасын бір қалыпты дамыту. Бұл міндеттің негізгі көрсеткіші адам денсаулығын жақсарту, қалыптастыру,денені дамыту.

Дененің дамуы дегеніміз –адам организімінің қызмет мен формалары өзгеріп, жетіліп отыруы. Адам денесінің дамуына биологиялық, әлеуметтік-экономикалық, географиялық жағдайлар әсер етеді. Мысалы: балалар ата-анасының дене бітімінің ұқсап (тұқым қуалаушылық ) өседі деген түсінік қалыптасқан. Ауа-райының жағдайы дененің дамуын тікелей әсер береді. Әлеуметтік жағдайда тұрмыстық жағдай, еңбек ету, дене тәрбиесі және жалпы тәрбие мазмұны жатады. Дененің дамуына әлеуметтік жағдай жоғары мөлшерде орынды иеленеді. Мысалы: тұрмыстық жағдайдың жақсы болуы бойдың, кеуде өсуі, салмақтың артуына әсерін тигізеді. Ауа–райының қолайсыздығына қарамастан, арнайы іріктеліп алынған дене жаттығуларының көмегімен денені жалпы жетілдіріп, жекелеген дене мүшелерінің қызметін жақсартуға болады. Қазіргі таңда көптеген ауруларды емдеуге емдік дене шынықтыруды қолданатынын ұмытпағанымыз жөн. Өмірде қаншама ауру адамдар, балалар өздерінің табандылығының, еңбекқорлығының арқасында дәрігердің болмайды деген медицина сараптамасының қорытындысына қарамай, өздігінен жаттығуға арналған кітаптарды тауып, ауруларынан арылып, салауатты өмір сүріп жүр.[4]

Оқушылардың денсаулық жағдайы мен дене дайындығына қарай үш медициналық топқа бөлінеді.

1. Негізгі

2. Дайындық

3. Арнайы

Медициналық дайындық топтарындағы оқушылар денсаулығының қалыпты жағдайдан ауыстыруына және жеткіліксіз дене дайындығына байланысты сабақта негізгі топтармен бірге шұғылданады және бірегей бағдарламаны игереді. Жоғары жүктемеге байланысты қозғалыс әрекетін үйрену кезінде олардан бағдарлама бойынша жаттығуларды орындауы талап ету төменірек болады. Жаттығудың мөлшер өлшемін көрсету немесе бір жаттығуларды екіншісімен ауыстру тікелей сабақ барысында да, мұғалім алдын-ала дайындаған тапсырма түрінде де беріледі.

Арнайы медициналық топқа денсаулықтары қалыпты жағдайдан едәуір ауытқыған оқушылар кіреді, яғни оларды дене тәрбиесі сабағының жалпы бағдарламансына босатуды талап етеді. Олар үшін бағдарлама жалпы бағдарлама негізінде, бірақ кейбір шегіністермен және қосымшалармен жасалынады. Мұнда ерекше назар денсаулықты нығайтуға, шынығуға, дене және ақыл-ой жұмыс қабілетінің артуына, денсаулығына байланысты әлсіреген ағзаның физилогиялық белсенділігіне аударылады. Бағдарламаға ілімдік мәліметтер, гимнастикалық жаттығулар, қозғалыс-қимылдар, спорт ойындары, жеңіл атлетика элементтері кіреді. Ілімдік мәліметтерде гигена, жаттығудың ағзаға әсері, дәрігерлік бақылау, денсаулықты жақсартуға арналған дене дайындығы құралдарын оқушылардың саналы түрде қолдануына күшейтілген назар аударылуын қамтамасыз етеді.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды ұйымдастыру мақсатында баланың психофизиологиялық және танымдық мүмкіндіктерінің деңгейін ескеретін, оқытудың нұсқауларын қарастыратын білім берудің арнайы типтік оқу бағдарламалары құрастырылып, бекітілген. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларды кіріктіре (инклюзивті) оқытуды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар мен нұсқаулар дайындалды. Жалпы білім беру мекемелерінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді табысты ұйымдастырудың жағдайы ретінде баланы білім беру мекемелеріне толыққанды кіріктіруді қамтамасыз ететін бейімделу ортасын құру болып табылады. Инклюзивті білім беру жүйесі кездесіп отырған күрделі мәселе − бұл қоғам тарапынан туып отырған теріс көзқарас проблемасын жою. Ақпараттың аздығы, қорқыныш, бала құқын аяқасты ету осының бәрі даму мүмкіндігі шектеулі балаларға теріс көзқарасты дамытады. Бір жағынан, арнайы оқыту әдістемесінің жоқтығы инклюзивті білім беру үшін елеулі қиындықтар туғызады.

Қазіргі таңда мүгедек балалардың денсаулығы өзекті мәселеге айналып отыр. Мүгедек жандардың дене дамуын қалпына келтіру барысында дене шынықтыру және спорт дені сау жандардан көрі, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін маңызды орын алатындығы әлі де болса дұрыс жолға қойылмай отыр. Мәселе дене дамуы, жұмысқа қабілеттілігі мен өмір сүру мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған дене жаттығыуларымен әр түрлі топқа жататын мүгедек жандармен бір уақытта бір жерде сабақ жүргізу үрдісінде дене тәрбиесінің қандай формалары мен әдіс-тәсілдерін қолдану қажеттілігін негіздеуге тіреледі. Осылайша әлеуметтік қарама-қайшылық туындайды: сауықтыру топтарында бірге айналысатын мүмкіндігі шектеулі балаларды бейімдеу және сауықтыруға арналған дене шынықтырудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолдануға деген қажеттілік, ал екінші жағынан аталған топ өкілдерімен бейімдеу-сауықтыру сабақтарын жүргізудің ғылыми негізделген, тиімді әдістердің жоқтығы. Аталған жағдай зерттеу жұмысының өзектілігін айқындайды: 1. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін сауықтыру дене тәрбиесі әдістемесі жаттығушылардың бірдей мүмкіндіктерін ескеретін базалық және жекеленген қасиеттерін есепке алатын белгілі бір топқа байланысты бағытталған вариативтік құрылымды құрамына кіргізілді. 2. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін сауықтыру дене тәрбиесінің базалық құрылымына жүру, жай жүгіру, бір орында тұрып жасалатын жалпыдамытушылық жаттығулар, иілу, бұрылу, айналу, секіру, тыныс алу жүйесіне арналған жаттығулар, қайта қалыпқа келтіруге бағытталған жаттығулар икемділік, жүктемені біртіндеп арттыру негізінде ойын түрінде қайталау әдісі арқылы жасалатын жаттығулар. 3. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін сауықтыру дене тәрбиесінің вариативті құрылымына мүгедектердің денсаулығындағы өздеріне тән бұзылым белгілерін есепке алатын емдік дене шынықтыру: біртіндеп жүктемені арттыру негізінде секірпемен, доптармен, спорттық жаттығу құрылғыларында біркелкі, қайталанып орындалатын түзетуші гимнастика жаттығулары.

Балалардың дене жаттығуларын орындаулары үш баллдық межеде бағаланды: 1 балл – балаға үнемі мұғалімнің көмегі қажет. Қозғалыс үйлесімсіз, нақты, дәл емес. Бір қимылдан екіншісіне ауысуда қатты ауырсынады. Баланың белсенділігі төмен. 2 балл – балаға мұғалімнің көмегі тек кей жағдайларда ғана қажет. Қозғалыс-қимыл анағұрлым нақты, дәл, үйлесімді. Бірінші топтағымен салыстырғанда баланың қозғалысы белсендірек. 3 балл – бала мұғалімнің көмегін қажет етпейді. Қозғалыстары дәлме-дәл, нақты, өте үйлесімді. Бір қимылдан екіншісіне ауысу деңгейі жоғары. Бала белсенді.

Қорыта келе, арнайы медициналық топтағылармен шұғылдану сабағында әртүрлі диагнозы бар және жүктемелерге әртүрлі бейімделетін әрбір оқушыға ерекше сезімталдықпен, сақтық қарым-қатыныста болу керек, мектептен тыс іс-шараларға қатыстыру, әрбір оқушыға дәрігердің қойған диагнозын, кеңесін дене тәрбиесі мұғалімі жақсы білу керек.

Мүгедек жандардың дене дамуын қалпына келтіру барысында дене шынықтыру және спорт дені сау жандардан көрі, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін маңызды орын алатындығы әлі де болса дұрыс жолға қойылмай отыр. Мәселе дене дамуы, жұмысқа қабілеттілігі мен өмір сүру мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған дене жаттығыуларымен әр түрлі топқа жататын мүгедек жандармен бір уақытта бір жерде сабақ жүргізу үрдісінде дене тәрбиесінің қандай формалары мен әдіс-тәсілдерін қолдану қажеттілігін негіздеуге тіреледі. Осылайша әлеуметтік қарама-қайшылық туындайды: сауықтыру топтарында бірге айналысатын мүмкіндігі шектеулі балаларды бейімдеу және сауықтыруға арналған дене шынықтырудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолдануға деген қажеттілік, ал екінші жағынан аталған топ өкілдерімен бейімдеу-сауықтыру сабақтарын жүргізудің ғылыми негізделген, тиімді әдістердің жоқтығы.

Мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін сауықтыру дене тәрбиесі әдістемесі жаттығушылардың бірдей мүмкіндіктерін ескеретін базалық және жекеленген қасиеттерін есепке алатын белгілі бір топқа байланысты бағытталған вариативтік құрылымды құрамына кіргізуі қажет. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін сауықтыру дене тәрбиесінің базалық құрылымына жүру, жай жүгіру, бір орында тұрып жасалатын жалпыдамытушылық жаттығулар, иілу, бұрылу, айналу, секіру, тыныс алу жүйесіне арналған жаттығулар, қайта қалыпқа келтіруге бағытталған жаттығулар икемділік, жүктемені біртіндеп арттыру негізінде ойын түрінде қайталау әдісі арқылы жасалатын жаттығулар. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін сауықтыру дене тәрбиесінің вариативті құрылымына мүгедектердің денсаулығындағы өздеріне тән бұзылым белгілерін есепке алатын емдік дене шынықтыру: біртіндеп жүктемені арттыру негізінде секірпемен, доптармен, спорттық жаттығу құрылғыларында біркелкі, қайталанып орындалатын түзетуші гимнастика жаттығулары. Сабақ барысында үйретіліп жатқан қозғалыс қимылдарын қайталауды қалай кірістіру қажет екендігіне көңіл бөлу керек. Функционалдық компенсаторлық механизмдерді қалыптастыруда және қимыл қозғалысқа үйретудің түрлі кезеңдерінде оны қандай жиілікте қайталау қажеттілігіне мән беру керек. Дене шынықтыру және сауықтыру сабақтарында қолданылатын әдіс-тәсілдерімен физикалық сапасын көтеру. Дене шынықтыру және сауықтыру сабақтарын өткізу үрдісінде әр мерзім сайын мүгедектердің жалпы күйін бақылап отыру қажет деген шешімдерге тоқталу қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ (Елбасы Жолдауы), 2014ж.

  2. Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жолдары / А.К.Рсалдинова, А.М.Кемешова – Алматы: «Өрлеу» 2019 - 64 бет.

  3. «Дене тәрбиесі» Төтенай Б. Астана: Фолиант, 2013ж.

  4. «Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі» Мұхамеджанов Ұ.: Астана, Фолиант, 2011ж.

  5. «Қазіргі сабақты ұйымдастыру ерекшеліктері» Н.Ж. Арғыматаева Семей, Зияткер, 2014ж

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
15 ұстаз жүктеп алған
24 қараша
2917
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі