Дене шынықтыру Ұ.О.Қ тақырыбы: Мултьфильмдер әлемі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дене шынықтыру Ұ.О.Қ тақырыбы: Мултьфильмдер әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене шынықтыру Ұ.О.Қ тақырыбы: Мултьфильмдер әлемі Ұ.О.Қ мақсаты: Негізгі қимылдарды орындау дағдыларын біледі.Спорттық ойындар элементтерін орындай алады,нысанаға допты тигізе алады,допты басынан асыра екі қолымен лақтыра,жалғастыра алады.Жіп астымен еңбектеғп,еңкейіп өте алады. Түрлі ойындар ойнатылдыОкушылар қызығушылығы артты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе облысы,Мұғалжар ауданы,Қандыағаш қаласы №3 мектеп-гимназиясы,КММ. Мектепалды даярлық тәрбиешісі: Толекова Лайла Мукатаевна

Білім саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене шынықтыру

Ұ.О.Қ тақырыбы: Мултьфильмдер әлемі

Ұ.О.Қ мақсаты: Негізгі қимылдарды орындау дағдыларын біледі.Спорттық ойындар элементтерін орындай алады,нысанаға допты тигізе алады,допты басынан асыра екі қолымен лақтыра,жалғастыра алады.Жіп астымен еңбектеғп,еңкейіп өте алады.

Ресурстар: Доп,жіп,гимнастикалық кілемше

Саралау: Жұптық,топтық,командалық

Ұ.О.Қ барысы: (Сап түзел! Ысқырықпен юелгі беру)

Ынталандырушы сәт: Добым,добым домалақ,

Зуылдайды домалап.

Секіреді,тұрмайды,

Домалайды,зырлайды. (Доп) Қимылмен көрсетеді.

(Ысқырықпен белгі бойынша)

-Ретімен саналамыз, I- ші, II-ші

-Енді балалар, дамытушы жаттығулардан бастаймыз,қолымызды алдыға,жоғары,жанымызға,төмен түсіреміз. (қайталап жасайды)

-Өте жақсы,келесі жаттығу қолымызды белімізге қоямыз,белімізді алға қарай,артқа қарай айналдырамыз.

-Жарайсыңдар балалар,енді 10 рет отырып-тұрамыз.

-Жарайсыңдар,өте тамаша,енді денемізді қыздырамыз.Яғни алдымен бастапқы негізгі қалыпқа сапқа тұрамыз,оңға бұрыламыз. Алдымен менің соңымнан жәй жүреміз,адымдап жүреміз,жәй жүгіреміз,енді қатты жүгіреміз.Бір-бірімізді итермейміз,сапты бұзбаймыз.

-Өте жақсы балалар!

Миға шабуыл: (сыни тұрғыдан ойлау) Жұмбақ

-Балалар,мен қазір сендерге жұмбақ жасырамын

Тебесің сен бір,

Тебемін мен бір.

Өзі теңбіл

Ол не? (Доп)

-Дұрыс,жарайсыңдар балалар! Ендеше біз қазір осы допты қағып алу,лақтыру,нысанаға тигізу,жіп астынан еңбектеп өтуді үйренетін боламыз.

-Алдымен допты қағып алудан бастайық. Кеттік!

-Жарайсыңдар!Енді 2 топқа бөлінеміз,нысанаға доп тигізіп көрейік.Менің белгім бойынша бастаймыз.

-Өте тамаша,келесі тапсырма допты басымыздан асыра келесі балаға жалғастыру,яғни артымызға бұрылмай,қолымызды жоғары көтеріп допты жалғастыру.Кеттік!

-Жарайсыңдар,өте тамаша балалар!

-Енді жіп астынан еңбектеп,еңкейіп өтіп көрейік,менің берген белгіммен бастайсыңдар.

Қорытынды бөлім: Қимылдық ойын – «Үлкен-кіші»

-Қолымда бір үлкен,бір кішкентай доп бар,үлкен допты көтерсем тұрасыңдар,кішкентай допты көтерсем отырасыңдар.Кім шатасады,сол ойыннан шығады,түсінікті ме балалар? Кім жеңімпаз болады екен?

-Балалар,бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар,мен сендерге алғыс айтамын.Және сендерге бір сұрақ қойсам деймін,шешсеңдер сендерге сыйлығым бар.

-Өзі домалақ,түсі ақ,қолдан жасалатын қазақтың ұлттық тағамы.Ол не? (Құрт)

-Өте дұрыс,жарайсыңдар балалар!Сендерге құрт берейін,бүгінгі күніміз жақсы өтті деп ойлаймын.Рахмет!!!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.12.2021
846
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі