жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Дене тәрбиесі мамандығының негізгі міндеттері
Түркістан облысы Әдістемелік орталығының «Практикалық дене тәрбиесін дамыту» бөлімінің педагог-ұйымдастырушусы Тұрнияз Нұрдаулет Әбдімажітұлы
Мақала тақырыбы: Дене тәрбиесі мамандығының негізгі міндеттері.
Дене мәдениеті мен спорт бойынша оқу бағдарламасының мазмұнын таңдаудың әдістемелік негіздері оқытып, үйрету үдерісінің жалпы және арнайы міндеттерін шешумен байланысты. Бұл қандай да бір спорт түрінің ерекшелігіне байланысты оқу-тәрбие жүйесін ұйымдастыру және жүзеге асыруға дифференциалды жолмен шешу қажеттілігімен байланысты.
Дене мәдениеті мен спорттық білім жүйесінің мақсаты барлық жастағы азамаматтардың оқып, үйренуге, өндірістік еңбекке және шығармашылық қызметке дене даярлығын қамтамасыз етуге жағдай жасаудан тұрады.
Бұл мақсат дене мәдениеті мен спорттың қазіргі заманғы даму сатысында жетілдірудің жалпы және арнайы міндеттерін шешумен жүзеге асады.
Білім беру мекемелеріндегі оқытып, үйрету және тәрбиелеу үдерісінде дене мәдениеті мен спорт жүйесінің негізгі жалпы міндеттеріне мыналар жатады:
оқып, үйренушілердің дене сапаларын дамыту және жетілдіру;
әрбір оқып, үйренушіге дене мәдениетінің негізгі қолданбалы дағдыларын меңгерту;
мақсатқа лайықтылық, батылдық және шешімшілдік, бастамашылдық және тапқырлық, табандылық және жігерлілік, ұстамдылық және байсалдылық, ұжымшылдық сезімі және өзара жолдастық көмек беру сияқты адамдық қасиеттерге тәрбиелеу;
денсаулықты нығайту және ағзаны шынықтыру, қолайсыз қозғаушы күштердің және кәсіби қызмет жағдайының әсеріне орнылықты арттыру.
Дене мәдениеті курсының арнайы міндеттері – оқытып, үйретудің мақсаттар мен міндеттерін іске асыруға, бағыттылық оқыту бағдарламасына дене мәдениетінің барлық бөлімдерін кіргізу, олардың әрқайсысын меңгеруге оқу уақытының үйлесімді қатынасын белгілеу, оқу-тәрбие үдерісін жандандыру. Әрбір міндеттің өзінің өзгеше ерекшелігі болады.
Бірінші міндет – дене мәдениеті міндеттерінің ішінде басты орынды дене сапаларын дамыту және жетілдіру алады.
Төзімділікті, күшті, шапшаңдықты және әбжілдікті дамытудың жоғары деңгейінің маңызы жалпыға белгілі және көпшілік мойындаған қағида болып табылады. Қазіргі заманғы жағдайда бұл дене сапаларының маңыздылығы тек дәлелденіп қойылған жоқ, сонымен бірге адам ағзасының жалпы тұлғалық жағдайына олардың әсерінің сандық және сапалық сипаттамасы алынған.
Жоғары дене дайындығы деңгейі бар, үлкен дене жүктемелері мен жүйке-психикалық күштенудің әсері жағдайында жан-жақты дамыған адам, тәжірибе бойынша, жұмыс қабілеттілігі, қажуы, жүйке орнықтылығы көрсеткіштері бойынша басқа адамдарға қарағанда едәуір басымдықта болады.
Екінші міндет - дене мәдениетінің негізгі қолданбалы дағдыларын әрбір оқып, үйренушінің меңгеруі жүруде, жүгіруде, секіруде, өзін-өзі қорғау әдістерін орындаудағы әрекетте және қозғалу біліктілігіндегі қалыптасуды қарастырады.
Адамның қозғалыс біліктілігінің бөлшегі ретінде әдістер мен жаттығулар дене және психологиялық сапаларды дамыту және жетілдірудің тиімді құралы болып табылады. Олар экстремальды жағдайларда апаттық-құтқару құралдарын, жеңіл суға сүңгудің (водолаз) жабдықтарымен, киімімен жүзу, сүңгу және басқа судағы және су астындағы әрекеттер, күтпеген жағдайда кедір-бұдырлы, жыртылған жермен жүгіру, қарлы- борасын жағдайында қашықтықты қажет болған жағдайда шаңғымен жүріп өту сияқты арнайы дағдыларды меңгеруге негіз болады
Суға жүзуді үйрету үдерісі ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру, әсіресе жүрек-қан-тамыры және тыныс алу жүйесінің қызметін жақсарту, денсаулықты нығайту және шынықтыру мақсатында жеке тұлғаның дене және ерік-жігер сапаларын жетілдіру үшін қолайлы мүмкіндік туғызады.
Шаңғымен жүру негізінен қысы қарлы аудандарда меңгеріледі. Қазіргі таңда кез келген ауа райында роликті шаңғылармен, роликті конькилермен шаңғымен қозғалу жаттығуларының иммитациялық мүмкіндіктерін орындауға болады.
Үшінші міндет – оқытып, үйрету және тәрбиелеу үдерісінде оқып, үйренушілердің жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыру.
Жеке тұлға – адамның психологиялық-әлеуметтік қасиеттерінің негізгі иесі.
«Жеке тұлға» ұғымында жеке адамның қоғам құрамында болатындығы анықталатын белгілері айқындалады.
Мақсатқа ұмтылуға, батылдыққа және шешімшілдіке, бастамшылдыққа және тапқырлыққа, табандылыққа және қажырлылыққа, ұстамдылыққа және сабырлылыққа, ұжымшылдық сезіміне және өзара жолдастық көмектесуге тәрбиелеу өскелең ұрпақтың және азаматтың жеке тұлғасы сипаты мен сапаларын қалыптастырудаға маңызды міндеті болып табылады.
Жоғарыда атап көрсетілген сапаларды дене мәдинеті мен спорт құралдары арқылы дамыту және жетілдірудің іс жүзіндегі мүмкіндіктері адамдардың жеке ерекшеліктерімен алдына қойылған оқу және тәрбиелік міндеттерді шешуі есепке алынып пайдаланылатын арнайы жаттығулар мен әдістемелік тәсілдерді шұғылдану сабақтарында орындау кезінде оларды жүйелі және мақсатты бағытта қолдану жағдайында ғана жүзеге асырылады.
Адамның өзінің даралық қасиеті (индивидуальность) қоғамдық-тарихи мәдинетті дамытудағы іс әрекет пен білім иесі ретінде әрбір адамның тіршілік қызметіндегі дара ерекшеліктері мен алдына қойған оқу және тәрбиелік міндеттерін жүзеге асырудағы өзіне тән қайталанбайтын рухани күйі мен ішкі сезімі болып табылады.
Төртінші міндет- оқу тәрбие үдерісіндегі сауықтыру бағыты. Бұл бірінші кезекте денсаулықты нығайту және ағзаны шынықтыру, қолайсыз жағдайлардың әсеріне орнықтылықты, төзімділікті арттыру және кәсіби қызметтің өзіне тән ерекшелігі болып табылады.
Бұл міңдетті шешуде теория мен іс тәжірибені дене мәдениеті мен спорттың үдерісіндегі байланысы принципі өз көрінісін табады.
Кез келен спорттық міндетті шешу тек студенттің денсаулыға есебінен ғана емес, керісінше денсаулықты үнемі нығайту және ағзаны шынықтырудағы мақсатты міндеттерді орындау негізінде қамтамасыз етілуі тиіс. Жақсы денсаулық дене мәдинеті мен спортты дұрыс ұйымдастырудың басты нәтижелерінің бірі ретінде қарастырылады.
Оқу және кәсіби қызмет үдерісінде пайда болатын әртүрлі бейнедегі қолайсыз қозғаушы күштердің (факторлардың) көптігі, адам ағзасының орнықты төзімділігін арттыру шараларын талап етеді. Мұның негізі, жан-жақты дене даярлығын қажетті денгейіне жеткізу болып табылады.
Бірқатар жағдайларда жекелеген сыртқы қолайсыз әсер етуші күштердің әсер етуіне ағзаның жоғары төзімділік көрсетуіне жетуі үшін жан-жақты дене даярлығы арнайы құралдар мен денені жаттықтыру әдістерімен толықтырылады.
Студентің психикалық дамуының қозғаушы күші, оның қабілеттері мен қоршаған ортамен байланысу түрлерінің жеткен даму денгейінің арасындағы үйлеспеушілік болып табылады.
Дене мәдениеті мен спорт саласындағы арнайы міндеттерді шешу жеке тұлғаның рухани және дене сапаларының қалыптасуы үшін үлкен маңызға ие. Оларды орындау спроттың қандай да бір түрі бойынша спортшыларды дайындаудың қажетті мүмкіндігі болып табылады.
Дене мәдениетіне оқытып, үйрету және тәрбиелеудің арнайы бағыттылығын жүзеге асыру, оқушылардың, студенттердің жұмыс қабілеттілігін арттыру, сонымен бірге сабақ үлгерімін жақсарту үшін барлық құралдар мен әдістерді тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан кәсіби қызметін табысты жүргізу үшін оқытушы оқу-тәрбие үдерісінің арнайы бағыттылығын анықтайтын негізгі қозғаушы күштерді ескеру қажет; шұғылданушылардың дене және психологиялық жағдайларына олардың әсер етуі; дене мәдениетіне оқытып, үйретудің барынша тиімді құралдары мен әдістерін пайдалану.
Дене мәдениетіне оқытып, үйрету мен тәрбиелеудің арнайы бағыттылығының міндеттерін шешу студенттермен жұмыс жүргізуде оқытушыдан (жаттықтырушы) кәсіби шығармашылық ізденіс және жоғары педагогикалық шеберлікті және арнайы дайындық деңгейін талап етеді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген