400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дене тәрбиесі сабағын қашықтықтан ұйымдастыруда қолданатын әдістер

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене тәрбиесі сабағын қашықтықтан ұйымдастыруда қолданатын әдістер
Материалдың қысқаша нұсқасы

№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық

педагогтік колледжі

Дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы

Асыранкулов Ернат Абдыразакович





Дене тәрбиесі сабағын қашықтықтан ұйымдастыруда қолданатын әдістер



Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға жетелейтін құдіретті күш тек білімге ғана тән. Олай болса, білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру – бүгінгі заман талабы. Ақпараттық білімнің, орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді ету және жаңа ақпараттық қоғамда ақпараттық технологияны пайдалану, ақпараттық мәдениетпен байланысын кеңейту мүмкіндіктері мол. Өркениеттің өсуі ақпараттық қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты екенін ескерсек, қазіргі кездегі білім мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білім мен кәсіби іскерліктердің болуын, жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін талап етеді. Бүгінгі таңда білім беру саласында қашықтықтан білім беруде өзіне тән ерекшелігі бар.

Алдымен «қашықтықтан оқыту» деген ұғымға тоқталатын болсақ, қашықтықтан оқыту – адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардың негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың үш түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық), оффлайн (асинхрондық) және кең таралған үшінші түрі вебинар.

Онлайн режимдегі оқыту – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы.

Оффлайн режимдегі оқыту - интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) оқыту мен білімалушының арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы.

Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренинтер өткізу формасы.

Қазіргі қиын сәтте сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда  оқытушының атқарар рөлі орасан. Оған әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүгі жүктеледі: ол қысқа мерзімді оқу жоспарын дайындап, оны қашықтықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар береді. Бұл ретте қашықтықтан оқыту  жүйесінің әдістерінде көрсетілгеніндей, көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас бой көрсетеді. Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін педагог оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен   іс жүргізу  ісін орындайды.Қашықтықтан білім беру үшін алдымен оқытушы сабақ жоспарының құрылымына ерекше көңіл бөлуі қажет. Сабақ барысында ақпараттық технологияларды қолдану, дәлірек айтқанда, электрондық оқулық және бейнефильмдерді, басқа да электрондық ресурстарды қолданбай сабақ өткізу мүмкін емес. Сондықтан білім алушыларға қашықтықтан оқытудың аудиторияда немесе спорт залдағыдай маңызды екендігіне көз жеткізе отырып түсіндіру өзінің нәтижесін береді. Білім алушылар материалды өз бетінше зерделеуге мұқият болулары керек, бақылау олардың онлайн тапсырмаларын бағалау арқылы жүзеге асырылады.

Білім алушылар материалды игеруге және тапсырмаларды орындауға арналған уақыт нақты белгіленеді.Дене шынықтыру сабағы болғандықтан сабақта теориялық біліммен қатар білім алушы денеге түсетін жүктемеге және оның орындалуына ерекше назар аударылады. Білім алушыларға онлайн режимінде орындалған жаттығулар сипаттама беру,бейне таспа түсіру ұсынылады.Сапалы білім беру үшін оқу платформасын таңдау маңызды рол атқарады. Сабақтың тақырыбына байланысты интернет-жаттығулар мен оқуға арналған әртүрлі интернет-ресурстарға сілтемелер жасалынады. Сонымен қатар тақырыпқа байланысты мәтіндер мен тест формаларын құрастыру, жаттығу түрлеріне қарай суреттер, кесте ,сызбалар салу тапсырмалары ұсынылады. Сабақ нәтижелі өтуі оқыту барысында білім алушылармен жүргізілген кері байланыс маңыздылығымен ерекшеленеді.Тапсырманың мазмұны, оқу материалдарына толық қолжетімділіктің болуын және т.б. үнемі бақылау қажет. Кері байланыс білім алушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отырылады. Рефлексия мақсаты-еске түсіру, өзінің  сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру.Өткен сабақ бойынша білім алушының кез келген кері байланыс парағын оқи  отырып, алдағы сабақты қалай жоспарлау керек екендігіне көңіл бөлінеді. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.



Қашықтықтан сабақ өзінің құрылымы, күндізгі сабақпен бірдей болатындығын есте сақтау қажет және төмендегі талаптардың орындалуымен сипатталады:

а) ұйымдастыру сәті және міндеттер мен мақсаттардың құрылымы – білім алушылардың материалды игеру уақыты, сабақ кестесі және т.б. көрсетілген нақты тапсырмалармен анықталады.

ә) үй тапсырмасын тексеру – білім алушылардың жетістіктері мен сәтсіздіктеріне жалпы шолу, қиын сәттерді түсіндіру және т.б. 

б) білімнің өзектілігі - жаңа материалды - бейнероликтерді, оқу тапсырмасын оқуға ,дене жаттығуларын орындауға деген ынтасын арттыру үшін түрлі әдістерді қолдану.

в) жаңа білімді игеру - бұл жалпыға қолжетімді ресурстарға орналастырылған білім беру порталдарының немесе оқытушының әзірлемелерінің ресурстарын пайдалану. Алайда, материалды пайдаланбас бұрын,білім алушылардан не талап етілетіндігін нақты білуі және жаңа материалды өз бетінше зерттеу алдында міндеттер нақты қойылуы қажет.

г) сабақты түсіну мен қорытындылаудың алғашқы сынағы - бұл жаңа материалды зерделеу, білім мазмұнын тапсырмалармен, интерактивті модельдермен және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтармен тікелей байланыстыру кезінде осы кезеңді жүзеге асырудың тамаша мүмкіндігін тұғызу

ғ)сабақты меңгеру, жіберген қателерді талдау және түзету - тесттер, кіріккен интерактивті модельдер және жауаптарды жинау формаларын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Тапсырмалар уақтылы тексеріледі және білім алушылардың жетістіктері мен қателіктеріне талдау жүргізіледі.

д) үй тапсырмасы және оны орындауға арналған нұсқаулық беріледі.



Қашыктыктан оқыту барысында өткізілген дене тәрбиесі сабағына үлгі сабақ жоспары



Пәннің аты:

Денешынықтыру

Уақыты:13.30

Тобы:41 «БШ»

Оқытушы:

Асыранкулов Е.А.

Сабақтың тақырыбы

Спорттық ойындар.Волейбол.Шабуылдың тактикалық қимылдары.Толқын және крест әдістері

Сабақ мақсаттары

Білім алушыларды спорттық ойындардың маңызы,мақсаты,міндеттері,түрлерін білуге үйретуді жалғастыру.

Шабуыл техникасы,шабуыл техникалық қимылдары,толқын және крест әдісін орындай білуге үйрету.

Волейбол ойындарының орындалу техникасын меңгерту.

Волейбол ойыны туралы білімдерін жетілдіру.

Өз бетімен әрекет жасауға дағдыландыру.

Кәсіби білім беру

Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Бағалау критерийлары

Барлық білім алушылар орындай алады:

  • Волейбол ойын кезінде кимыл қозғалыс жаттығуларының реттілігін біледі және орындай алады.

  • Шабуыл түрлерінің бәрін түсіндіріп,сызба ретінде жүзеге асырып,көрсете алады.

Көпшілігі орындай алады:

  • Волейбол ойынының шабуылдау әдістерін сызба ретінде сызып,түсіндіреді

Кейбір білім алушылар орындай алады:

  • Волейбол ойынының шығу тарихын біледі.

  • Волейбол ойын кезінде кимыл қозғалыс жаттығуларының реттілігін біледі және орындай алады.

  • Шабуыл түрлерінің бәрін түсіндіріп,сызба ретінде жүзеге асырып,көрсете алады.

  • Волейбол ойыны туралы барлық мәліметтерді меңгерген.Өз бетімен әрекет жасай алады.

Тілдік мақсаттар

Волейбол-волейбол-volleyball

Шабуыл-нападение-attack

Қорғаныс-защита-protection

Толқын-волна-wave

Крест-крест- cross

Құндылықтарды дарыту

Адамгершілік,жауапкершілік,сауаттылдық,мейірімділік,біліктілік,ұжымшылық,іскерлік.


Пәнаралық байланыс

кәсіби шетел тілі,қазақ тілі,математика,психология, педагогика


Акт қолдану дағдылары

Бейнетаспа,презентация,сызба



Бастапқы білім

Спорттық ойындар,волейбол,өрнекті ойындар.


















Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

Мәлімдеме алу.

Сабақ тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Өрнекті ойындар әдісі қай спорттық ойындар түрлерінде қолданылады?

  2. Қорғаныс техникасына сипаттама беріңіз.

  3. Шабуыл техникасына сипаттама беріңіз.

  4. Ойын барысындағы сақталу керек қауіпсіздік ережелерді атаңыз.

  5. Шабуылдаудағы белгілерді атап,көрсетіңіз.


Сабақтың ортасы

Жоспар:

  1. Волейбол ойынында орындалатын негізгіқимылдар.

  2. Волейбол ойынындағы «толқын әдісі»

  3. Волейбол ойынындағы «крест әдісі»

1.Волейбол ойыны барысындағы қимыл - қозғалыс техникалары. Бейнетаспа көрсетіледі.

2.Волейбол ойынының толқын және крест әдісінің түсіндіріледі.

1-тапсырма.Көрген бейнетаспа бойынша 1 минут ішінде әртүрлі жаттығулар түрлерін өз бетімен орындау. Уақыт белгіленеді.

2-тапсырма. Волейбол ойынының сызбасын дәптерге түсіру.

2 минут беріледі.Дайындаған сызбаларға анықтама беру.

3 тапсырма. «Доп лактыру» әдісі .Тапсырма бір- біріне допты лақтыру арқылы сұрақ қойылады, жауап беріледі.

1. Спорттық ойындар түрлеріне қандай ойындар жатады?

2. Волейбол ұғымы нені білдіреді?

3. Волейбол ойынының ойыншылардың саны.

4. Волейбол ойынының отаны.

5. Волейбол ойыны олимпиада ойындарына қай жылы енгізілген?

6. Отандық қандай волейбол командаларын білесіз?

7. Волейбол ойынының негізін салушы кім?

8. Толқын әдісі қалай орындалады?

9. Крест әдісі қалай орындалады?

10.Волейбол ойыны неше таймнан тұрады?

11. Волейбол ойынының 100 жылдық мерей тойы қашан аталып өтілді?

12.Волейбол ойынының негізгі техникаларын атаңыз.


Бейне таспа сызба қоңырау сағат музыка әуен волейбол добы секіртпе бор

Сабақтың соңы

Рефлексия

Shape1



Үй тапсырмасы:

  1. Толқын және крест әдісін өз бетімен орындау.

  2. «Stop кадр» әдісі арқылы сұрақтар дайындау.

  3. 15 сөзге үш тілде аударма сөздік жұмыс жүргізу.



Кәсіптік қазақ тілі

Кәсіптік орыс тілі

Кәсіптік шет тілі






























Қолданылған әдебиеттер

1. Білім беру ұйымдарына электрондық оқыту жүйесін енгізу жағдайында педагогтардың біліктілігін арттыруды  ұйымдастыру әдістемесі / Ахметова Г.К., Караев Ж.А., Мухамбетжанова С.Т. // Алматы:АҚ «ҰБАО «Өрлеу», 2013.

2. Қазақстан және ТМД елдеріндегі   білім беруді ақпараттандырудың IV Халықаралық форумының ғылыми мақалалар жинағы (18-19 бет.38-39 бет. 118-119 бет. 460-461 бет).

3.Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 ж.

4. Тайжанов С. «Спорт ойындары» әдістемелік – Оқу құралы. 2018 ж. 240 бет.











Қашықтықтан білім алудың оқушыға пайдасы аз емес















Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға жетелейтін құдіретті күш тек білімге ғана тән. Олай болса, білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру – бүгінгі заман талабы. Ақпараттық білімнің, орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді ету және жаңа ақпараттық қоғамда ақпараттық технологияны пайдалану, ақпараттық мәдениетпен байланысын кеңейту мүмкіндіктері мол. Өркениеттің өсуі ақпараттық қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты екенін ескерсек, қазіргі кездегі білім мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білім мен кәсіби іскерліктердің болуын, жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін талап етеді. технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр. ХХІ ғасыр- бұл ақпараттық қоғам, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Кәсіптік оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты- білімгерлердің оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқу программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. Кәсіптік оқыту саласында компьютер білімгер үшін оқу құралы. Жаңа заман талабына сай білімді, бәсекеге қабілетті, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жетік меңгерген, кәсіби біліктілікті жұмысшы мамандарды даярлауда кәсіптік оқытуды жетілдірудің, оның материалдық- техникалық базасын толық жаңартып отыру қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етіліп отырылуы қажет. Осыған байланысты мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациалық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп жылда дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Келешек қоғамымыздың мүшелері-жастардың бойында ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында білімгерлердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр.

          «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деген елбасымыздың үндеуінде айтылып кеткендей, білім ақпараттық қоғамда, жаһандану заманында құнның негізгі көзіне айналуда. Ғылым мен жаңа технологияларды, білім беруді дамытудың жаһандық үрдістері:
1.Ақпараттық коммуникациялық технологиялар.

2.Ақпараттық мәдениет орталығы. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 – бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған.Ақпараттық технологиялардың бірі-интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары.

Жаңа ақпараттық технологияларды сабақта қолдану к

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23 желтоқсан
345
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі