400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дене тәрбиесі сабағында оқытудың жаңа технологияларын енгізудің тиімді жақтары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене тәрбиесі пәні туралы түснік ұстаздарға және студенттерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дене тәрбиесі сабағында оқытудың жаңа технологияларын енгізудің тиімді жақтары.


Елбасы Н.Ә. Назарбаев әрбір жылғы халқына арнаған жолдауында: «жедел дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті; ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық мәдениетті бойында қалыптастырған; шығармашылығы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру» деп атап өткен болатын.Бүгінде білім - қоғамның әлеуметтік-экономикалық, интеллектуалдық және рухани дамуының стратегиялық бағдары ғана емес, сонымен қатар біздің қоғамымыздың қауіпсіздігінің кепілі.

Оқытудағы жаңа технология аса қажетті педагогикалық мәселелердің шешімдерін табуға, ой еңбегін арттыруға, оқу процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. Жаңа технологияларды оқыту үрдісінде қолданудың негізгі ерекшелігі ол оқытушылар мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауға көп мүмкіндік береді және оны педагогикалық мақсатта пайдалану оқушылардың зердесіне, сезіміне, көзқарасына әсер ете отырып оның интеллектуалдық мүмкіншіліктерін арттыруға көмектеседі.

Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектептегі дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс, мектептен де тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді. Мұндай маңызды әдістеме ғылыми және оқу пәні ретінде жетекші рөл атқаратын, дене тәрбиесісаласындағы кәсіптік бағытта болашақ мұғалімдерді дайындауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарындағы оқыту жүйесіне тікелей байланысты. Қазіргі кезеңде жалпы орта оқу бағдарламаларын құрастыру бағыт-бағдары өзгерді. Алайда, бұлардың бәрінде колледж оқушыларын қайда оқитындығы ескерілмейді, олардың меңгеруі тиіс негізгі дағдылар мен қабілеттер, оқу нормасын тапсыруға арналған шарттар көрсетілген. Денені шынықтыру жаттығуларының орындалуы қозғалыс дайындығының деңгейі туралы мәлімет береді. Дегенмен, бұл бағдарламалар базалық, үлгілік сипатқа ие, сондықтан оларды әрбір педагог жергілікті жағдай мен салт-дәстүрлерге орай өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, өзгерте алады. Дене тәрбиесі мәселелерін шығармашылық тұрғыда шешуге, өзгермелі өмір жағдайында инновациялық процестер мен жаңашыл бағыттарды дер кезінде меңгере отырып, тәжірибеге сын көзбен қарап, дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға белсенді, салауаттылық пен дене мәдениетін меңгерген маман даярлаудың маңыздылығы артуда.

Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, оқушылардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі біздің тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түседі.

Елімізде бәсекеге қабілетті білім – білім беру саласының ең басты міндеті болып отыр. Дамудың алдыңғы қатарындағы елдердің білім дәрежесімен теңесу – еліміздің біліми саясатының негізгі көздегені. Дамыған отыз елдің қатарына енудің алғышарттарының бірі де осы сапалы да бәсекеге қабілетті білім. Сондықтан да еліміздегі колледждердегі білім берудің басты ұстанымдары мен міндеттері, әрекеттері, жолдары осы мақсатқа орай ұйымдастырылады.
Мақсатқа жетудің түрлі жолдары бар. Солардың бірі де бірегейі оқытудың жаңа технологияларын пайдалану. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының (Астана, 2000 жыл) 18-бабының 8-тармағында: «Оқытудың жаңа технологияларын сынақтан өткізу, білім берудің жаңа мазмұнын енгізу үшін білім беру ұйымдарында эксперимент тәртібімен іске асырылатын білім беру бағдарламалары әзірлену мүмкіндігі», - атап көрсетілген . Осыған орай қазір еліміздегі көптеген колледждерде білім берудің жаңа жүйесі енгізіліп, әлемдік білім беру кеңістігіне бет алуда. Білімі мен ғылымы өз дәрежесінде дамыған елдер көш бастап, қашан да елдік дамудың кез келген саласында озық тұрары сөзсіз. Бізде осы көштен қалмаудың қамын жасап бағудамыз.

Жалпы орта оқу орындарындағы «Дене тәрбиесі» пәнінің мақсаты әлі күнге дейін толықтыруды қажет етеді, осыған орай оның ғылыми негізделген бағыт-бағдарын жасау қажеттілігі туындайды. Осы бағыттағы ізденістердің тиімдісі дене тәрбиесі сабағында дәстүрлі емес оқыту құралдарын қолдануды зерттеу болып табылады.

Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді.

Республикамыздағы білім беру саласында және әртүрлі қолдану салаларына байланысты жаңа бағыттағы спорт, дене тәрбиесі жүйесі бойынша мамандарға деген сұраныстардың артуы, оларды дайындаудағы білімділігі мен қабілеттілігі, біліктіліктің қазіргі талаптарға сай болуы өте үлкен маңызды жұмыстарды атқаруды талап етеді және болашақ педагогтардың кәсіби даярлығын, білім стандартына, мазмұнына сай жетілдіру мәселелері көкейкесті мәселе болып отыр. Көрсетілген міндеттерді толық жүзеге асыру дене тәрбиесі жүйесіне тікелей байланысты. Дене тәрбиесін жүзеге асыру – денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық жұмыстардың бірі бола отырып, жеке тұлғаның денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-қуатын нығайту, дене мүшелерін гигиеналық негіздері мен дене- қозғалыс қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, өзін- өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды. Болашақ ұрпағымыздың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір сүруі мектеп мұғалімінің жеке басымен оның жоғары оқу орнындағы теориялық жеке тәжірибелік дайындығының дәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруға болашақ мұғалімдерді даярлау ісін кәсіби дайындықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек. Дене тәрбиесі және спорт мамандары күрделі әлеуметтік міндеттерді шешуге араласумен бірге оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне сай, оқу-тәрбие міндеттерін шешуде олардың рухани жетекшісі де болуы тиіс.

Оқушыларға дене шынықтыру сабақтарында жаңа технологияны пайдалану оқыту мен тәрбиелеудің жалпы заңдылықтарына бағынған. Сондықтан оны іске асыру барысында дене тәрбиесінің жас және жыныстық ерекшеліктерін ескере отырып, осы заңдылықтарды көрсететін жалпы педагогикалық ұстанымдарды басшылыққа алу қажет. Ол ұстанымдарға жататындар: жан- жақтылық, саналылық пен белсенділік, бірте-бірте жасалатын әрекет, қайталамалық, көрнекілік, жеке даралық.

Оқу үдерісінің үздіксіздігі негізгі үш қағидаларда көрініс тапқан:

а) оқу-тәрбие үдерісі көп жылғы және жыл бойындағы сипатқа ие болуы тиіс;

ә) сабақ барысында әрбір келесі сабақтың әсері алдыңғы сабақтың ізінше қатпарлы әсер қалдыруы тиіс, себебі жас оқушының ағзасында алдыңғы сабақтардың әсерінен пайда болған жағымды өзгерістер беки түсуі және жетіле түсуі қажет;

б) демалыс жұмыс қабілетін қалпына келтірудің арта түсуі үшін жеткілікті болуы тиіс.

Дене жүктемелерін бірте-бірте және жоғары деңгейге арттыру ұстанымы олардың көлемі мен қарқындылығының, оқушыны дайындауға қойылатын талаптардың бірте-бірте күрделенуінің үздіксіз арта түсуімен байланысты болып келеді. 

Сабақтарды бір-бірте күрделендіру оқушыны дайындаудың мүмкіндіктері мен деңгейлеріне сәйкес келіп, олардың спорттық жетістіктерінің үздіксіз арта түсуін қамтамасыз етуі тиіс. Дене жүктемелерінің толқынды түрде өзгеру ұстанымы олардың динамикасының толқынды сипатын көрсетеді, себебі ол салыстырмалы алғанда оқу – тәрбие үдерісінің кішігірім үзіндісіне, немесе сабақтардың кезеңдері мен тұтас бір дәуіріне де тән болуы мүмкін.

Спорттық техника мен оны жаңа тұрғыда жетілдіруге үйрету әдістерінің кез-келген түрінің жағымды жақтары бар, бірақ ол жеке қалпында шапшаң әрі тиімді үйретуді толық қамтамасыз ете алмайды, сондықтан спорттық техниканы меңгеру барысында барлық әдістер бірін-бірі толықтыратын түрде қолданылады. Олар жиірек бір уақытта пайдаланылады.

Қимыл-қозғалыстарды белгілі реттілікте игеру. Атап айтқанда: дайындалып жүрген оқушылардың оқуға деген жағымды ынтасын қалыптастыру; қозғалыс қимылының мәні туралы білімді қалыптастыру; әрбір спорт түрлері бойынша үйренетін қозғалыстар туралы толық түсінікті қалыптастыру; үйренетін қозғалыс қимылын тұтастай игеру. Сөйтіп, қимылға үйрету дегеніміз - бұл білім алу, қозғалыс икемділігін қалыптастыру және тиісті дене жағынан қалыптасудың қасиеттерін тәрбиелеу.

Талдау, жалпы білім беру колледждерінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру мен басқаруға білім беру мен спорттық мекемелерге тән құрылымдар - мақсат, жалпы және арнайы (арнайылық) міндеттер, әдістер мен қағидалар, оқу кеңістігінде жүзеге асатын, нақты бағыттылығы бар, оқу материалының теориялық және тәжірибелік мазмұны кіретінін көрсетті. Оқушы-спортшының осы білім беру кеңістігіндегі таңдаған жолының басы, колледждегі оқу мерзіміндегі бастапқы кезеңнің де нақты құрылымы немесе мазмұны болады.
Дене тәрбиесі сабағында оқытудың дәстүрлі емес құралдарын қолдану барсында оқушылардың дене тәрбиесін дамыту технологияларын жетілдіруге; дене тәрбиесі сабақтарында оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге, дене тәрбиесі арқылы жеке тұлғаның психофизиологиясын өзгеруге: өзін-өзі реттеуін қалыптастыру; дене тәрбиесі сабақтарын пәнаралық байланыс арқылы жетілдіру; дене қабілетін рухани құндылықтар арқылы дамыту; релаксация арқылы жеке тұлғаның психофизиологиялық қабілеттерін дамыту; психикалық қуат мүмкіндіктері мен дене тәрбиесін сабақтастырып дамытуға т.б. қол жеткізуге болады.





Пайдаланған әдебиеттер


1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы.  2007 ж.

2. Смирнова С.А. Педагогика: теории, системы, технологии. –М., 2006.

3. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – М., 1989.

4. В.И. Лях «Тесты физического воспитании школьников» Москва -1998 ж.

5. П. Благуш «К теории тестирования двигательных способностей» Москва «ФИС» -1982 ж.

6. Д.И. Нестровский, Ю.Д. Железняк «На уроках баскетбола» Физкультура в школе - 1991 №12

7. Г.И. Погодаев «Настольная книга учителя физической культуры» Москва «ФИС» 1998 ж.

8. Ұ. Мұхаметжанова «Дене жаттығулардың ұйымдастыру жолдары» // Қазақстан мектебі - 2001 ж. №7































Мақтарал аграрлық колледжі.













Баяндама

Дене тәрбиесі сабағында оқытудың жаңа технологияларын енгізудің тиімді жақтары.









Дайындаған: Жабаев Қ

"Гуманитарлық және экономикалық" пәндер кафедрасы мәжілісінде қаралып, мақұлданды Хаттама № ____ ____ __2018 ж. Кафедра меңгерушісі А Серикова









Атакент

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНГІЗУДІҢ ТИІМДІ ЖАҚТАРЫ

Елбасы Н.Ә. Назарбаев әрбір жылғы халқына арнаған жолдауында: «жедел дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті; ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық мәдениетті   бойында қалыптастырған; шығармашылығы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру» деп атап өткен  болатын.

Бүгінде білім - қоғамның әлеуметтік-экономикалық, интеллектуалдық және рухани дамуының стратегиялық бағдары ғана емес, сонымен қатар біздің қоғамымыздың қауіпсіздігінің   кепілі.

Оқытудағы жаңа технология аса қажетті педагогикалық мәселелердің шешімдерін табуға, ой   еңбегін арттыруға, оқу процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. Жаңа технологияларды оқыту   үрдісінде қолданудың негізгі ерекшелігі ол оқытушылар мен оқушыларға өз бетімен және   бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауға көп мүмкіндік береді және оны педагогикалық мақсатта   пайдалану оқушылардың зердесіне, сезіміне, көзқарасына әсер ете отырып оның интеллектуалдық  мүмкіншіліктерін арттыруға көмектеседі.

Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін,   оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып,   білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін   қамтамасыз ету үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектептегі дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол   сабақтан тыс, мектептен де тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі   кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын   нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты   жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді. Мұндай  маңызды әдістеме ғылыми және оқу пәні ретінде жетекші рөл атқаратын, дене тәрбиесі

саласындағы кәсіптік бағытта болашақ мұғалімдерді дайындауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарындағы оқыту жүйесіне тікелей байланысты. Қазіргі кезеңде жалпы орта мектептердегі   оқу бағдарламаларын құрастыру бағыт-бағдары өзгерді. Алайда, бұлардың бәрінде мектеп   оқушыларын қайда оқитындығы ескерілмейді, олардың меңгеруі тиіс негізгі дағдылар мен   қабілеттер, оқу нормасын тапсыруға арналған шарттар көрсетілген. Денені шынықтыру   жаттығуларының орындалуы қозғалыс дайындығының деңгейі туралы мәлімет береді. Дегенмен,   бұл бағдарламалар базалық, үлгілік сипатқа ие, сондықтан оларды әрбір педагог жергілікті жағдай   мен салт-дәстүрлерге орай өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, өзгерте алады. Дене тәрбиесі мәселелерін шығармашылық тұрғыда шешуге, өзгермелі өмір жағдайында   инновациялық процестер мен жаңашыл бағыттарды дер кезінде меңгере отырып, тәжірибеге сын   көзбен қарап, дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға белсенді, салауаттылық пен дене   мәдениетін меңгерген маман даярлаудың маңыздылығы артуда.

Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына   сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене    мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен  айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі  мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне  қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі  және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, оқушылардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі біздің  тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түседі.

Елімізде бәсекеге қабілетті білім – білім беру саласының ең басты міндеті болып отыр. Дамудың алдыңғы қатарындағы елдердің білім дәрежесімен теңесу – еліміздің біліми саясатының  негізгі көздегені. Дамыған елу елдің қатарына енудің алғышарттарының бірі де осы сапалы да   бәсекеге қабілетті білім. Сондықтан да еліміздегі мектептердегі білім берудің басты ұстанымдары  мен міндеттері, әрекеттері, жолдары осы мақсатқа орай ұйымдастырылады.

Мақсатқа жетудің түрлі жолдары бар. Солардың бірі де бірегейі оқытудың жаңа технологияларын пайдалану. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының (Астана, 2000  жыл) 18-бабының 8-тармағында: «Оқытудың жаңа технологияларын сынақтан өткізу, білім  берудің жаңа мазмұнын енгізу үшін білім беру ұйымдарында эксперимент тәртібімен іске  асырылатын білім беру бағдарламалары әзірлену мүмкіндігі», - атап көрсетілген [1]. Осыған орай  қазір еліміздегі көптеген мектептерде білім берудің жаңа жүйесі енгізіліп, әлемдік білім беру   кеңістігіне бет алуда. Білімі мен ғылымы өз дәрежесінде дамыған елдер көш бастап, қашан да елдік дамудың кез келген саласында озық тұрары сөзсіз. Бізде осы көштен қалмаудың қамын  жасап бағудамыз.

Жалпы орта мектептердегі «Дене тәрбиесі» пәнінің мақсаты әлі күнге дейін толықтыруды   қажет етеді, осыған орай оның ғылыми негізделген бағыт-бағдарын жасау қажеттілігі туындайды.  Осы бағыттағы ізденістердің тиімдісі дене тәрбиесі сабағында дәстүрлі емес оқыту құралдарын  қолдануды зерттеу болып табылады.

Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы  болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ  уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке  дайындауға қызмет етеді.

Республикамыздағы білім беру саласында және әртүрлі қолдану салаларына байланысты  жаңа бағыттағы спорт, дене тәрбиесі жүйесі бойынша мамандарға деген сұраныстардың артуы,  оларды дайындаудағы білімділігі мен қабілеттілігі, біліктіліктің қазіргі талаптарға сай болуы өте  үлкен маңызды жұмыстарды атқаруды талап етеді және болашақ педагогтардың кәсіби  даярлығын, білім стандартына, мазмұнына сай жетілдіру мәселелері көкейкесті мәселе болып  отыр. Көрсетілген міндеттерді толық жүзеге асыру дене тәрбиесі жүйесіне тікелей байланысты.   Дене тәрбиесін жүзеге асыру – денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін   шешуге арналған педагогикалық жұмыстардың бірі бола отырып, жеке тұлғаның денсаулық   деңгейін арттыру, табиғи күш-қуатын нығайту, дене мүшелерін гигиеналық негіздері мен дене- қозғалыс қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, өзін- өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды. Болашақ ұрпағымыздың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір сүруі мектеп мұғалімінің жеке басымен оның жоғары оқу орнындағы теориялық жеке тәжірибелік дайындығының дәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін  жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруға болашақ мұғалімдерді даярлау ісін кәсіби дайындықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек. Дене тәрбиесі және спорт мамандары күрделі әлеуметтік міндеттерді шешуге араласумен бірге оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне сай, оқу-тәрбие міндеттерін шешуде олардың рухани жетекшісі де болуы тиіс.

Оқушыларға дене шынықтыру сабақтарында жаңа технологияны пайдалану оқыту мен тәрбиелеудің жалпы заңдылықтарына бағынған. Сондықтан оны іске асыру барысында дене тәрбиесінің жас және жыныстық ерекшеліктерін ескере отырып, осы заңдылықтарды көрсететін  жалпы педагогикалық ұстанымдарды басшылыққа алу қажет. Ол ұстанымдарға жататындар: жан-  жақтылық, саналылық пен белсенділік, бірте-бірте жасалатын әрекет, қайталамалық, көрнекілік,  жеке даралық.

 Оқу үдерісінің үздіксіздігі негізгі үш қағидаларда көрініс тапқан:

а) оқу-тәрбие үдерісі көп жылғы және жыл бойындағы сипатқа ие болуы тиіс;

ә) сабақ барысында әрбір келесі сабақтың әсері алдыңғы сабақтың ізінше қатпарлы әсер қалдыруы тиіс, себебі жас оқушының ағзасында алдыңғы сабақтардың әсерінен пайда болған жағымды өзгерістер беки түсуі және жетіле түсуі қажет;

б) демалыс жұмыс қабілетін қалпына келтірудің арта түсуі үшін жеткілікті болуы тиіс.

Дене жүктемелерін бірте-бірте және жоғары деңгейге арттыру ұстанымы олардың көлемі  мен қарқындылығының, оқушыны дайындауға қойылатын талаптардың бірте-бірте күрделенуінің  үздіксіз арта түсуімен байланысты болып келеді.

Сабақтарды бір-бірте күрделендіру оқушыны дайындаудың мүмкіндіктері мен деңгейлеріне  сәйкес келіп, олардың спорттық жетістіктерінің үздіксіз арта түсуін қамтамасыз етуі тиіс.  Дене жүктемелерінің толқынды түрде өзгеру ұстанымы олардың динамикасының толқынды  сипатын көрсетеді, себебі ол салыстырмалы алғанда оқу – тәрбие үдерісінің кіші-гірім үзіндісіне,  немесе сабақтардың кезеңдері мен тұтас бір дәуіріне де тән болуы мүмкін.

Спорттық техника мен оны жаңа тұрғыда жетілдіруге үйрету әдістерінің кез-келген түрінің  жағымды жақтары бар, бірақ ол жеке қалпында шапшаң әрі тиімді үйретуді толық қамтамасыз ете  алмайды, сондықтан спорттық техниканы меңгеру барысында барлық әдістер бірін-бірі  толықтыратын түрде қолданылады. Олар жиірек бір уақытта пайдаланылады.

Қимыл-қозғалыстарды белгілі реттілікте игеру. Атап айтқанда: дайындалып жүрген оқушылардың оқуға деген жағымды ынтасын қалыптастыру; қозғалыс қимылының мәні туралы  білімді қалыптастыру; әрбір спорт түрлері бойынша үйренетін қозғалыстар туралы толық түсінікті   қалыптастыру; үйренетін қозғалыс қимылын тұтастай игеру. Сөйтіп, қимылға үйрету дегеніміз - бұл білім алу, қозғалыс икемділігін қалыптастыру және тиісті дене жағынан қалыптасудың   қасиеттерін тәрбиелеу.

Талдау, жалпы білім беру мектептерінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру мен басқаруға  білім беру мен спорттық мекемелерге тән құрылымдар - мақсат, жалпы және арнайы (арнайылық)  міндеттер, әдістер мен қағидалар, оқу кеңістігінде жүзеге асатын, нақты бағыттылығы бар, оқу  материалының теориялық және тәжірибелік мазмұны кіретінін көрсетті. Оқушы-спортшының осы білім беру кеңістігіндегі таңдаған жолының басы, мектептегі оқу мерзіміндегі бастапқы кезеңнің  де нақты құрылымы немесе мазмұны болады.

Дене тәрбиесі сабағында оқытудың дәстүрлі емес құралдарын қолдану барсында оқушылардың дене тәрбиесін дамыту технологияларын жетілдіруге; дене тәрбиесі сабақтарында  оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге, дене тәрбиесі арқылы жеке тұлғаның психофизиологиясын өзгеруге: өзін-өзі реттеуін қалыптастыру; дене тәрбиесі сабақтарын пәнаралық байланыс арқылы жетілдіру; дене қабілетін рухани құндылықтар арқылы дамыту; релаксация арқылы жеке тұлғаның психофизиологиялық қабілеттерін дамыту; психикалық қуат  мүмкіндіктері мен дене тәрбиесін сабақтастырып дамытуға т.б. қол жеткізуге болады.
















































ФУТБОЛ ОЙЫНЫ. ДОПТЫ АЛЫП ЖҮРУ ЖӘНЕ БЕРУ ӘДІСТЕРІН БЕКІТУ

ADMIN · ИЮЛЬ 15TH, 2014 · 0 COMMENT

Фото Аламан сайтынан

 Қали Мұханов

Қаратөбе мектеп – гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

Уақыты: 45 мин.

Орны: Спорт алаңы.

Құралдар: Футбол доптары,секундамер,жалауша, ысқырық,кеглилер.

Түрі: Үйретушілік.

Әдісі: Топтық,практикалық.

Сабақтың тақырыб. «Футбол ойыны.Допты алып жүру және беру       әдістерін бекіту»

Сабақтың мақсаты:

  1. Қозғалыс қасиеттерін дамыту(жылдамдығын,күшін,

ептілігін,секіргіштігін,шыдамдылығын.)

  1. Допты беру және алып жүру әдістерін бекіту.

  2. Сабақ үстінде оқушының техникалық әдістерге,тәртіпке,еңбекқорлыққа деген жауапкершілігін тәрбиелеу.

 

№

С а б а қ т ы ң   м а з м ұ н ы.

Уақы-ты.

Әдістемелік нұсқаулар.

1.

2.

3.

4.


І. Әзірлік бөлімі.

1. Сапқа тұру.Рапорт беру.Сабақтың мақсатымен таныстыру.

2. Саптағы жаттығулар.

3. Арнайы жүріс:аяқтың ұшымен,өкше- мен,аяқтың сыртқы жынымен,жартылай отырып,толық отырып.

12 мин.

1 мин.

30 сек.

3 мин.

Оқышының сыртқы пішініне,саптық жатты-ғуларды дәл орындауына назар бөлу.

Қол жоғарыда,желкеде,алда,тізеде.


4. Арнайы жүгіру: тізені жоғары көтеріп, аяқты артқа бүгіп,аяқты алға сермеп, оң, сол жақ бүйірмен,бір аяқтан,бір аяққа секіріп,артқа қарап жүгіру.

3 мин.

Қолдың қалпына,жатты-ғудың дұрыс орындалуына мән беру.


5. Аяқты жиі басып жүгіру:

2-3 рет

Бір бұрыштан,екінші бұрышқа.


6. Жүріп келе жатып секіру:

4-6 рет

Жылдам әрі күшті тебініп.


7. Жүріп келе жатып оңды,солды секіру:

4-6 рет

Секіргенде екі аяқ бір жерде болуға тиіс


8. Аяқты қайшылап оң жақпен,сол жақ- пен жүгіру:

4-6 рет.

Екі аяқтың қозғалы-сына назар салу.


9. Жәй бастап жылдамдатып жүгіру:

4-6 рет.

Ең күшті шапшаң –дықпен.


ІІ. Негізгі бөлім.

30 мин.



  1. Допты алып жүру және әріптесіне беру.

  2. Көрсету,түсіндіру.


Жаттығуды тізбеке тұрып,қарама – қарсы

15-20 м тұрып орындау.


А) Ойыншы допты қарсы тізбектегі әріптесіне,аяқтың іш жағымен беріп,өз тізбегінің ең соңына барып тұрады:

7 мин.

Допқа аяқты екі рет тигізіп беруге тиісті.

Ойыншылар уақы- тында орын алмасты-туға тиісті.


Б) Ойыншы допты қарсы тізбектегі әріптесіне,аяқтың іш жағымен беріп,жыл-дам қарсы тізбектің соңына барып тұрады:

7 мин.

Допты аяққа екі рет тигізіп беруге тиісті.

Бір тізбектен екінші тізбекке орын алмас-тыру өте шапшаң- дықпен өтуге тиісті.


В) Бір –біріне қарама-қарсы екі тізбек,ор-тасында бір ойыншы,сол ойыншы өзіне келген допты аяқтың ішіменен,оған доп берген ойыншымен ширетпенен доп алмастырады:

8 мин.











Ойыншылардың доп беру кезінде уақы-тында орын алмас-тыруы.Ортадағы ойыншы 1 минут өткесін басқа ойын-шымен орын алмас-тыруы керек.


Г) Тізбектегі ойыншылар алма – кезек лопты жіргізу,кеглилерді айналып өту,басқа ойыншыларға допты беру жат-тығуларын орындап,тізбектің соңына барып тұрады.

8 мин.

Допты жүргізу кезінде басын жоғары ұстап допты да,айналадағылар-ды да көтуге міндетті.


ІІІ. Қорытынды бөлімі.

3 мин.



  1. Тынысалуға арналған жаттығулар.

  2. Жаттығулардың орындалуына қысқа шолу жасау.

  3. Оқушыларды бағалау.

  4. Үйге тапсырма: пресс дамыту жат- тығуы,кермеге тартылу,жүгіру және секіру жаттығулары.

1 мин.

1 мин.

30 сек.

30 сек.

Үздік оқышыны бөліп айтып,сабақ үстінде кездескен жақсы,нашар кездеріне назар аудару.

Тәртіпке және басқа да кемшіліктерге назар аудару.

ВОЛЕЙБОЛ

ADMIN · ИЮЛЬ 15TH, 2014 · 0 COMMENT

Батыс Қазақcтан облысы Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылы

 Қали Мұханов

Қаратөбе мектеп – гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

 Сабақтың тақырыбы: Волейбол.

«Жоғарыдан және төменнен допты қабылдау.»

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Допты жоғарыдан және төменнен алу әдістерін үйрету,меңгеру.

  2. Дамытушылық: Ептілік,икемділік қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білім беру,ойын сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақта қолданылатын әдістер: баяндау,көрсету,практикалық жаттығулар.

Сабақта қолданылатын тәсілдер: топтастыру,салыстыру.

Өтетін орны: спорт залы.

Спорт құралдары: Волейбол добы,тор,ысқырық,секундамер.

Қауіпсіздік ережесі: Сабақ басталғанда ескертіп,сабақ барысында мұқият бақыланады.

№

Сабақтың мазмұны

Уақыты.

Әдістемелік нұсқау.

І.

Дайындық бөлімі:

15 мин.



Сапқа тұру.Рапорт қабылдау.Сәлемдесу. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Саптағы жаттығулар.

1 мин.

1мин

Қатарда ара қашықтық сақтау.

Дене түзу.


Жәй жүру:   аяқтың ұшымен,өкшемен жүру,аяқтың жанымен,жартылай отырып,толық отырып жүру.


Қауіпсіздікті ескерту.


Жәй жүгіру: тізені жоғары котеріп,аяқты артқа бүгіп,аяқты алға шығарып,оң жақ бүйірмен,сол жақ бүйірмен,артқа қарап жүгіру.


Жаттығуды дұрыс жасалуын қадағалау.


Тыныс алу жаттығулары.

Бой жазу жаттығулары:



ІІ

Негізгі бөлім.

25 мин.



1.Сапқа тұрғызу тақырыпты баяндау.

2.Қарсы алаңнан  ұшып келген допты төменнен және жоғарыдан қабылдау-ды меңгерту.

3.Қарама-қарсы тұрып І топ оқушылары     допты төменнен қабылдап, ІІ топ оқу-шылары допты жоғарыдан қабылдайды.

4.Екі қолды бір-біріне біріктіріп ұстап,сәл еңкейе тізені бүгіп,әріптесіне беру.


Оқушылардың мұқият тыңдап,көріп,бақылап тұруын ескерту.

Қауіпсіздік ережесін бақылау.


5.Жоғарыдан ұшып келген допты,қолды жоғары көтеріп алақан,саусақтарымен,ті-зені бүге жұмсақ қабылдап,әріптесіне беру керек.

6.Жаттығуларды бірнеше рет қайталау.

ІІ топ.

Жаттығудың дұрыс жасалуын қадағалау.

Кеткен кемшіліктерді айту,түзету.

ІІІ.

Қорытынды бөлім.

5 мин.



1.Ағзаны қалпына келтіру жаттығулары.

2.Сапқа тұру.

3. Сабақты қорытындылау.

4. Оқушыларды бағалау.


Ескертулер.

Гигиеналық нұсқаулар бру.

ДОПТЫ ТӨМЕННЕН ЖӘНЕ ЖОҒАРЫДАН ОЙЫНҒА ҚОСУ (ВОЛЕЙБОЛ)

ADMIN · ОКТ 21ST, 2014 · 0 COMMENT

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы

Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Сайнов Нұрбек  Бекболатұлы

Сабақтын тақырыбы:  Допты төменнен және жоғарыдан ойынға қосу (Волейбол)

Сабақтын мақсаты :

  1. Білім беру  қимылдық дағдысымен ептілігін меңгеру;

  2. Сауықтыру дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен денсаулықты нығайту;

  3. Тәрбиелік, адамгершілік, жігерлі қасиетін  қалыптастыру.

Қажетті құрал-жабдықтар: доп, ысқырғыш

 

№


Сабақтың мазмұны . Жаттығулар.

Жүктеме

(рет)

Әдістемелік нұсқаулар

1.


Кіріспе бөлімі

Сапқа тұрғызу.

Рапорт тапсыртқызу.

Саптағы жаттығулар:

     Оңға,солға, айналып бұрылу.

     Секіріп бұрылу.

Жүру: аяқтың ұшымен, өкшемен, аяқтың ішкі жағымен, сыртқы жағымен.

Спорт жүрісі.

Жүгіру:

Арнайы жүгіріс жаттығулар жасау.

 Тізені көтеріп жүгіру

 Аяқты артқа лақтырып жүгіру

 Түзу аяқты алға лақтырып жүгіру

 Оң жағымен жүгіру

 Сол жағымен жүгіру

 Бұғы жүгіріс

 Сол, оң аяқпен биікке секіріп алға қозғалу

 Теріс қарап жүгіру

 Жылдам жүгіру

Жалпы дамыту жаттығулар жүрісте жасау:

 -  Ж.Б:  Қол құлыпта.

         1-4 қолды оң жаққа айналдыру

1-4 қолды сол  жаққа айналдыру

 -  Ж.Б:   Қол құлыпта.

- құлыпты ашпай қолды алға жіберу

- Ж.Б.

құлыпты ашпай қолды алға жіберу

 -    Ж.Б:   Қол иықта

               1-4: иықты алға айналдыру

               1-4: иықты артқа айналдыру

 -   Ж.Б:  Оң қолды көтеру

           1,2: қолды артқа сермеу

           3,4: қолды ауыстырып сермеу

 -   Ж.Б:   Қолды жан жаққа жіберу

                1,2:қолдың үшін айналдыру

                3,4: шынтақты айналдыру

                5,6: қолды алға айналдыру

                7,8: қолды артқа айналдыру

 -  Ж.Б:    қолды бүгіп кеуде алдында ұстау

           1,2: қолды артқа жіберу

           3,4: қолды түзетіп артқа жіберу

Жалпы дамыту жаттығулар бір орында жасау

 -  Ж.Б :  аяқты ашып, қол белде.

         1-4  басты он жаққа айналдыру

         1-4  басты сол жаққа айналдыру

 -  Ж.Б :  аяқты ашып, қолды бүгіп кеуде    алдында ұстау.

1,2: қолды түзетіп он жаққа бұрылу

3,4: қолды түзетіп сол жаққа бұрылу

 -  Ж.Б :   аяқты ашып, қол белде.

1-4 денені он жаққа айналдыру

1-4 денені сол жаққа айналдыру

  - Ж.Б:  аяқты ашып , қол белде.

            оң аяққа еңкею

  екі аяқтың ортасына еңкею

            сол аяққа еңкею

  - Ж.Б:  аяқты аласа ашып , қол белде

1-3   он аяққа отыру

1-3   сол аяққа отыру

  -  Ж.Б:  Он аяқты алға жіберіп тірену 1-2  он аяққа отыру

3-4  денені бұрып сол аяққа отыру

14  мин

30 сек

30 сек

30 сек

30 сек

6-8рет

6-8рет

6-8рет

6-8рет

6-8рет

6-8рет

6-8рет

6-8рет

6-8рет

6-8рет

6-8рет

6-8рет

Спорт киіміне назар аудару.

Бір адамдай істеу.

Арқаны түзу ұстау.

Саптан шықпай бір қалыпты  жүгіру.

Спорт залдың бір бұрышынан екінші  бұрышына дейін.

Қол жүгіргендей қимылдайды

Сол иықтан алға қарау

Қол жүгіргендей қимылдайды

Арқаны түзу ұстау

Құлыпты ашпай қолды түзету

Әр қадамға бір айналдыру

Әр қадамға бір сермеу

Асықпай айналдыру

Дұрыс көрсету

Асықпай айналдыру

Аяқты бүгпей істеу

2

Негізгі бөлім

Допты төменнен ойынға қосқанда қолдың сермеу кезінде артқа кетуін, соғар кезде төменнен жоғары қарай алға сілтенуін, доптқа түзу қолдың  алақаны тиюін қадағалау.  Ал допты соққанда оқушы екпінімен артта тұрған  аяқпен алға бір қадам жасайды. Допты ойынға төменнен тік қосу әдісін  дағдыландыру үшін.:

  1. Бітеу допты төменнен бір қолмен қабырғаға жұптасып тұрып (арасы 10-12 м) лақтыру. Допты ойынға жоғарыдан тік қосу, негізінен балаларға арналған. Алайда бұл қыздарға да үйренуге болатын әдіс.

  2. 6 метр қашықтықтан допты тор арқылы беру.

  3. Алаңның бастапқы сызығынан жалпы допты беру.


27 мин

.

Допты төменнен  ойынға қосуды жетілдіру

Допты жоғарыдан ойынға қосуды жетілдіру

3

Қорытынды бөлім

Сапқа тұрғызу, тыныс алу жаттығуларын жасату.  Сабақты қорытындылау. Бағалау.




ӨМЕНГІ СӨРЕДЕН,ҚЫСҚА ҚАШЫҚТЫҚҚА ЖҮГІРУ

ADMIN · ИЮЛЬ 15TH, 2014 · 0 COMMENT

Батыс Қазақстан облысы

Қаратөбе ауданы
Қаратөбе мектеп – гимназиясының
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Қали Мұханов
Уақыты: 45 мин.
Орны: Спорт зал.
Құралдар: Секундамер,жалауша,ысқырық,кеглилер.
Түрі: Үйретушілік.
Әдісі: Топтық,практикалық.
Сабақтың тақырыбы:
«Төменгі сөреден,қысқа қашықтыққа жүгіру.»
Сабақтың мақсаты:
Төменгі сөрені үйрету.
Жылдамдықты қалыптастыру.

  1. Тәрбиелілікке,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

 

№

С а б а қ т ы ң   м а з м ұ н ы.

Уақыты.

Әдістемелік нұсқаулар.

1.

2.

3.

4.


І. Әзірлік бөлімі.

1. Сапқа тұру.Рапорт беру.Сабақтың мақсатымен таныстыру.

2. Саптағы жаттығулар.

3. Арнайы жүріс:аяқтың ұшымен,өкше- мен,аяқтың сыртқы жынымен,жартылай отырып,толық отырып.

12 мин.

1 мин.

30 сек.

3 мин.

Қол жоғарыда,желкеде,алда,тізеде.


4. Арнайы жүгіріс: тізені жоғары көтеріп, аяқты артқа бүгіп,аяқты алға сермеп, оң, сол жақ бүйірмен,бір аяқтан,бір аяққа секіріп,артқа қарап жүгіру.

3 мин.

Қолдың қалпына,жатты-ғудың дұрыс орындалуына мән беру.


5. Тыныс алуға арналған жаттығулар.

30 сек.

Жаттығудың орындалуын қадағалау.


6. Бой жазу жаттығулары:

1. Н.т – қол белде.

     1 – 4 – басты сол жаққа айналдыру.

     1 – 4 – оң жаққа.


Жаттығудың орындалуына көңіл бөлу.


2. Н.т –қол иықта.

      1 – 4 – қолды алға айналдыру.

      1 – 4 –  артқа айналдыру.


— * —

1.

2.

3.

4.


3. Н.т – оң қол жоғарыда.

      1 – 2 – сол жаққа қисаю.

      1 – 2 – оң жаққа.

4 – 6 рет.

Қол түзу.


4. Н.т – қол алда,жанға.

   1 – сол аяқты,оң қолдың ұшына тигізу.

   2 – б.қ.

   3 – оң аяқты сол қолға.

   4 – б.қ.

4 – 6 рет.

Аяқты түзу ұстау.


5. Н.т – б.қ.

      1 – жүрелеп отыру,

      2 – серпіліп,аяқты артқа созу.

      3 – жүрелеп отыру.

      4 – б.қ.

4 – 6 рет.

Қолды жерге тіреп.


6. Н.т – б.қ.

      Әр адымға бір қимыл жасау –

                                                    16 есепке.

4 – 6 рет.

Оқушылардың жаттығуды бір мезгілде орындау-ын қадағалау.


ІІ. Негізгі бөлім.

30 мин.



І. Төменгі сөре.

    «Сөреге!» – деген бұйрық берілгеннен кейін,жүгіруші еңкейіп алақанды жерге тірейді,алдыңғы табанын алға қояды.Жү-релеп отырып,екінші аяғының табанын артқа қояды да,артқа қойылған аяғының тізесін жерге тірейді.Қолдарын сөре сызығына жеткізбей қояды,саусақтарын иықтың кеңдігіндей етіп жерге тірейді,дене бос ұсталуы керек.

10 мин.

Оқушылардың жаттығуды  дұрыс  орындауына мән беріледі.


   «Дайындал!» – бұйрығы бойынша артқы тізені жерден көтеріп,денені сәл ғана алға қарай еңкейтіңгіреп,жамбасы иық деңгейінен жоғары көтеріледі.

      Дененің ауырлық күші алдыңғы аяқ пен қол арасына бірдей түсіріледі.

10 мин.

Оқушылардың жаттығуды  дұрыс  орындауына мән беріледі.

1.

2.

3.

4.


   «Жүгір!» – бұйрығы берілгеннен кейін,тірегіштен қатты серпенмен шығу көбінесе артқы аяқтың жедел қозғалуы-на,оған қарама-қарсы қолдың алға шыгуына байланысты. Ал екінші қол сермеліп,артқа беріледі.

10 мин.

Қол мен аяқ- тың үйлесім –дігіне көіл бөлу қажет.


Арнайы жаттығулар:

  1. Тізені жоғары көтеріп жүгіру.

  2. Артқы аяқты бүгіп.

  3. 5 – 10 метрді үлкен қарқынмен жүгіру.

10х2 рет.

4 – 6 рет.

Оқушылардың жаттығуды  дұрыс  орындауына мән беру.


ІІІ. Қорытынды бөлім.

1. Бір қалыпты үгіріс.

2. Тыныс алуға арналған    жаттығулар.

 3. Сабақты қорытындылау,бағалау.

 4. Үйге тапсырма.

3 мин.

1 мин.

1 мин.

30 сек.

30 сек.


АРҚАНТАРТЫС

ADMIN · МАЙ 22ND, 2014 · 0 COMMENT

«Шұбарсу» жалпыортамектебі

денешынықтырупәнініңмұғалімі

Б. Абдуразаков

Сабақтыңтақырыбы:  Арқантартыс

Сабақтыңмақсаты:Оқушыларғажаңасабақтыңқимылдарынтүсіндіру, ойлауқабілеттерінартыру, ептілікке, икемділікке, шапшаңдыққа, төзімділікке,жылдамдыққа  тәрбиелеу.

1.Білімділік:Оқушыларғаарқантартыстыкөрсету, түсіндіру,  үйрету.

2.Тәрбиелік:Ойынбарысындаадамгершілікқабілеттерінқалыптастыру.

3.  Дамытушылық:   Оқушылардыңбірігіпұйымшылқимыл- қозғалысындамыту.

 Сабақтыңтүрі: Жаңасабақ.

Құралжабдықтар: Арқан, ысқырық.

Өтілетінорны:               Спорталаңы.

Сабақтыңбарысы

 

Қ/c

 

Сабақтың мазмуны

 

Жүктеме

 

Әдістемелік нұсқаулар

 

 

 

 

Дайындық

      бөлім

 

Бір қатарда сап түзеп тұру.Кезекшінің баяндамасы. Мұғалімге рапорт беруі, сәлемдесу, сабақтың мақсатын қысқаша хабарлау, орнында тұрып бұрылу, оңға бұрылып алға бастау, екі қолды жоғары көтеріп аяқтың ұшымен жүру.

 

 

 

 

15 – минут

 

Сабақты уақтылы бастау, дене шынықтыру киімін  кимеген оқушыларға ескерту жасау. Арақашықтықты сақтау.Қолдарды айналдыра арқаны тік ұстап басты көтеріп жүру. Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі

бөлім

 

Бұл ойынды жаздыгүні көгалда ойнауға болады. Ойнаушылардың саны он баладан көп болмағаны жөн. Ойынға ұзындығы 8 -10 метрлік екі ұшы түйілген арқан пайдаланылады.Арқанның тең ортасына белгі ретінде қызыл мата байланады. Ойынға қатысушылар бойларына қарай қатарға тұрады да, ойын жүргізүшінің берген командасы бойынша <бір, екі> деп санап шығады. Содан кейін <бір> дегендері бір жаққа, <екі> дегендері екінші жаққа бөлінеді. 

Арқанның қызыл мата байланған жерін күні бұрын еденге немесе сызылған белгі – сызықтың үстіне дәл келтіреді де, екі жақтың ойыншыларыарқанның сол белгісінен бастап бірінің артынан бірі қос қолдап ұстап, тартып тұра қалады. Егерде бәрі бірдей арқаннан ұстауға сыймаса, онда соңғылары алдыңғылардың белінен  ұстайды. Ойын жүргізүшінің  берген белгісі бойынша екі команда арқанды екі жаққа қарай тарта жөнеледі. Ойынныңмақсаты – қарсыластың бір не бірнеше ойыншысын  ортадағы сызықтан өз жағына тартып өткізу. Команданың ортаңғы сызықтан өтіп кеткен ойыншысы ойыннан шығып қалады.

Қай команда қарсылас команданыңойыншыларын түгелдей ортаңғы сызықтан өз жағына тартып өткізсе, сол команда ұтқан болып есептеледі.

Ойнаушылардың өзара келісуі бойынша ойынды қайталап ойнауға да болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

25 – минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қозғалмалы ойындардың техникалық ережелерін сақтай отырып орындалуын қадағалау керек.

 

 

Қорытынды

бөлім

 

Спорт залды қатармен бір айналып шығып, орнына келіп тұрады.Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау, мақтап мадақтау.

 

 

5 – минут

 

 

Ойында белсенділік танытқан оқушыларды мадақтау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
667
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі