Түркістан
облысы Әдістемелік орталығының
«Практикалық дене тәрбиесін дамыту»
бөлімінің педагог-ұйымдастырушусы
Тұрнияз Нұрдаулет Әбдімажітұлы
Мақала
тақырыбы: Дене
тәрбиесі сабағында оқытудың жаңа
технологияларын енгізудің тиімді
жақтары.
Дене
тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа
білім мен тәрбие беру саласының бір
тармағы болып табылады және ол жеке
тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де
қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт
шығармашылық еңбекке жарамды адамды
қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке
дайындауға қызмет етеді.
Дене
тәрбиесін жүзеге асыру – денсаулықты
нығайту, білім беру, дамыту, тәрбиелеу
міндеттерін шешуге арналған педагогикалық
жұмыстардың бірі бола отырып, жеке
тұлғаның денсаулық деңгейін арттыру,
табиғи күш-қуатын нығайту, дене мүшелерін
гигиеналық негіздері мен дене- қозғалыс
қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше
қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап,
өзін- өзі үнемі дамытып, көңілді де
сергек жүруге баулиды. Оқушыларға дене
шынықтыру сабақтарында жаңа технологияны
пайдалану оқыту мен тәрбиелеудің жалпы
заңдылықтарына бағынған. Сондықтан оны
іске асыру барысында дене тәрбиесінің
жас және жыныстық ерекшеліктерін ескере
отырып, осы заңдылықтарды көрсететін
жалпы педагогикалық ұстанымдарды
басшылыққа алу қажет. Ол ұстанымдарға
жататындар: жан- жақтылық, саналылық
пен белсенділік, бірте-бірте жасалатын
әрекет, қайталамалық, көрнекілік, жеке
даралық
Оқу
үдерісінің үздіксіздігі негізгі үш
қағидаларда көрініс тапқан:
а)
оқу-тәрбие үдерісі көп жылғы және жыл
бойындағы сипатқа ие болуы тиіс;
ә)
сабақ барысында әрбір келесі сабақтың
әсері алдыңғы сабақтың ізінше қатпарлы
әсер қалдыруы тиіс, себебі жас оқушының
ағзасында алдыңғы сабақтардың әсерінен
пайда болған жағымды өзгерістер беки
түсуі және жетіле түсуі қажет;
б)
демалыс жұмыс қабілетін қалпына
келтірудің арта түсуі үшін жеткілікті
болуы тиіс.
Дене
жүктемелерін бірте-бірте және жоғары
деңгейге арттыру ұстанымы олардың
көлемі мен қарқындылығының, оқушыны
дайындауға қойылатын талаптардың
бірте-бірте күрделенуінің үздіксіз
арта түсуімен байланысты болып келеді.
Сабақтарды
бір-бірте күрделендіру оқушыны дайындаудың
мүмкіндіктері мен деңгейлеріне сәйкес
келіп, олардың спорттық жетістіктерінің
үздіксіз арта түсуін қамтамасыз етуі
тиіс. Спорттық техника мен оны жаңа
тұрғыда жетілдіруге үйрету әдістерінің
кез-келген түрінің жағымды жақтары бар,
бірақ ол жеке қалпында шапшаң әрі тиімді
үйретуді толық қамтамасыз ете алмайды,
сондықтан спорттық техниканы меңгеру
барысында барлық әдістер бірін-бірі
толықтыратын түрде қолданылады. Олар
жиірек бір уақытта пайдаланылады.
Дене
тәрбиесі сабағында оқытудың дәстүрлі
емес құралдарын қолдану барсында:
-
оқушылардың дене тәрбиесін дамыту
технологияларын жетілдіруге;
-
дене тәрбиесі сабақтарында оқушыларды
адамгершілікке тәрбиелеуге;
-
дене тәрбиесі арқылы жеке тұлғаның
психофизиологиясын өзгеруге;
-
өзін-өзі реттеуін қалыптастыру;
-
дене тәрбиесі сабақтарын пәнаралық
байланыс арқылы жетілдіру;
-
дене қабілетін рухани құндылықтар
арқылы дамытуға қол жеткізуге болады.