№28 жалпы білім беретін
орта мектебі КММ
Математика пән мұғалімі
Сұлтанғалиева Жанаргүл
Қожағалиқызы
Деңгейлік тапсырмалардың математика сабағында тиімділігі
«Қазіргі заманда жастарға
ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі
жаңа білім беру өте қажет»
Н.Ә.Назарбаев.
12 жылдық білім беру тұжырымдамасында орта білім берудің басты мақсаты: Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсене қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау деп атап көрсетілген, сондықтан оқу тәрбие үрдісінің алдында тұрған негізгі міндет-табысты және тиімді әрекетке дайын, өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс-әрекетін өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті отбасындағы, қоғамдағы, ұжымдағы әлеуметтік ролін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін-білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр.Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақты, білімі қажет.
Қазіргі мұғалім:
. Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;
. Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;
. Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
. Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;
. Білімді, іскер, шебер болу керек.
Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері-өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы- өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.
Қазіргі оқушы:
. Дүниетаным қабілеті жоғары;
. Дарынды, өнерпаз;
. Іздемпаз, талапты;
. Өз алдына мақсат қоя білу керек.
Заман талабына сай білім беру- бұл оқушыларды адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамудың жоғарғы деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілетімен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы, белсенді, қарқынды әдістеріне көшуді талап етеді.Ондағы негізгі мақсат оқушының барлығын және әр біреуін жақсы оқыту болып табылады. Қазіргі заман-математика ғылымының өте жан-жақты тараған кезеңі. Математиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар ауадай қажет. Жаңа технологиялар мұғалімнің жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Жаңа заман ағымына сай білім саласында жаңа технологиялар қолданудың маңызы зор.
Математиканы оқытудағы негізгі талап- оқушылар есептер шығара білу жолдары мен тәслілдерін үйрету. Математика сабағында оқушылар өз бетінше жұмыс жасай дағдыларын дамыту, баға жетпес құндылықтардың бірі. Жаттығуларды өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар әдістерін кеңінен қолдану қажет деп білемін.
Қазіргі қоғамымызда болып жатқан түбірлі өзгерістерге байланысты әрбір мұғалім оқытудың сан қилы әдістері мен формаларын білуі қажет. Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, еңбек етуге баулу, жауапкершілік сезімін қалыптастыру мұғалімнің басты талабы. Жаңа талаптарға сай көптеген оқыту технологиялары бар. Солардың бірі- профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы. Бұл технология оқушының ой-өрісінің дамуына, пәнге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Әрбір тарау бойынша деңгейлік тапсырмалар- дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен еске сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасын қамтамасыз етеді.
XXI ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адам қалыптастыру бағытындағы білім беру ісі-бүгінгі күн талабы. Бұл талапқа жету жолы- білім берудің тиімді жолдарын таңдай білу.
Сондай тиімді жолдардың бірі- математика пәнін деңгейлік тапсыр малар арқылы оқыту. Оны меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытудың жаңа технологияларын алдымен жете меңгеріп, одан соң оқу мазмұнына, оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдап пайдаланудың маңызы зор. Осы технологияны қолдану негізінде әрбір бала бойындағы дара қабілет анықталады, әр оқушы әр сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймай, соны өзі игеріп, ізденіп, пікір таластыру деңгейіне жетіп, даму үстінде болады.
Деңгейлеп оқыту технологиясында бірінші орында оқушы тұрады және оны өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударады.
Деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін:
а) жеке тұлға ерекшеліктеріне,
б) психологиялық даму ерекшеліктеріне,
в) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын.
Сабақты өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдануға тырысамын. Көбінесе мына жағдайларға көңіл бөлемін:
-
сабақтың мазмұны;
-
сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау,
-
сабақтың нәтижелігі.
Деңгейлік тапсырмаларды енгізгендегі басты мақсат – сынып оқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды түрде әр түрлі топтарға бөлуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту принциптерімен қатар, барлық оқушыға қатысты ізгілендіру принципі де сақталады. Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың әр түрлі білім дәрежесіне сай ұсынылады.Деңгейлік тапсырмаларды орындағанда мұғалім – бақылаушы, кеңесші.
Деңгейлік тапсырмаларды
қолдануда оқушылардың ақыл-ой еңбегін жетілдіру талабы қойылады.
Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар оны орындау әдістемелік кешенімен
ұсынылады. Бұл технологияда жұмыс міндеті үш деңгейлік және қосымша
шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады.
1-деңгей: міндетті, оқушылық;
2-деңгей: алгоритмдік;
3-деңгей: эвристикалық материалды саналы түрде меңгеру;
4-денгей: шығармашылық – өз бетімен ауқымды оқу материалын
меңгеру.
1-деңгейдегі
тапсырмаларға:
1) Жаттап алуға лайықталған болуы керек;
2) Алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей
қайталап, пысықтауына мүмкіндік беру тиіс;
3) Тапсырмалар жаңа тақырып үшін тиімді және өмірмен байланысты
болуы керек. Мұндай тапсырмаларды құрастырған кезде олардың
танымдылығы мен қызығушылық жақтарына көңіл аударған
жөн.
2-деңгейлі тапсырмаларға:
1) Өтіп кеткен материалды реттеуге және жүйелеуге берілген
тапсырмалар;
2) Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар.
Бұлар: логикалық есептер, ребустер мен сөз
жұмбақтар.
3-деңгейлік тапсырмаларға:
1) Танымдық – ізденім түрдегі тапсырмаларды орындау барысында
оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым
білімділігін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа
білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс.
Эврика! Мұндай жұмыс – анализ бен синтез және салыстыру арқылы
негізгісін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет
етеді.
2) Әртүрлі әдіс-тәсілдермен шешілетін есептер.
3) Өздігімен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өздігімен
шығару, өмірден алынған мәліметтер диаграмма, графиктер салу,
жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар
дайындауға берілетін тапсырмалар, ой қорытуға арналған, дағды
қалыптастыратын тапсырмалар.
4-деңгей шығармашылық деңгей
тапсырмалары:
1) Оқушылардың жинаған өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым,
түсініктердің қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша,
бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың басының
икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген (теорема
дәлелдеу, заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз
қорытып шығару).
2)Олимпиада есептерін шығару
3) Берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, ғылыми жобалар
қорғау.
Демек, бұл тапсырмалар – оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады. Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап әрқайсысы білім игерудегі өз қабілетіне қарай өз биігіне жетеді. Әр оқушының әр пәннен 100% үлгеріміне қол жеткізудің кепілі болады және әр оқу пәнінің барлық тақырыбы бойынша ең болмағанда міндетті 1-деңгейді игеруін толық жүзеге асырады. Бұл өз кезегінде, мемлекеттік стандарттың талаптарының орындалуына кепілдік беріп, Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының талаптарына сай келеді және дәстүрлік оқытудағы оқушылардың артық жүктеме тарту проблемасын шешеді. Әр деңгейдің барлық тапсырмаларын дұрыс орындағаны үшін оқушылар сол деңгейді игергеніне сәйкес 12-балдық жүйемен ерекше бағаланады. Бұл жағдайда оқушы мұғалімнің көмегінсіз өз бетімен білім алып, өзін-өзі басқару арқылы өз бетімен дами алатын тұлғаға айнала бастайды деп табылады. Сабақ барысында мұғалім әр деңгей тапсырмасының дұрыстығын тексергеннен кейін, тақтада ілініп тұрған “Ашық журналға” + белгісін оқушылардың өздеріне қойғызып отырады.
Деңгейлік тапсырмаларға байланысты, 5 сыныпта өтілген «Жай бөлшектерді көбейту» тақырыбында есептер шығару сабағымда, сыныпты екі топқа бөліп, оқушыларға 4 бағыттағы деңгейге тапсырмалар бердім.
Мысалы, 1 деңгейлік тапсырмаға:
Астана тобы –

Алматы тобы-

2-деңгей:алгоритмдік:
Астана тобы –
Х
Алматы тобы-
Х
3-деңгей: эвристикалық деңгей:
Екі топқа - «Бас қатырғыш сұрақтар» тапсырмалар
-
Көбейтіндіні табыңыз: 0,2 х 0,02 х 0,002 (0,000008)
-
Суретте қанша тік төртбұрыш бар? (27 тік төртбұрыш)
-
Математикада координаталық жазықтықты енгізген француз математигі. (Декарт)
-
Координаттар осі өзара қалай орналасады? (перпендикульяр)
-
Қиылыспайтын екі түзу. (параллель)
-
«Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін – Математика» деген сөзді кім айтқан? (М.В. Ломоносов)
-
Әсем «Менің Қазақстаным» поезына басынан есептегенде 7 вагонға отырды. Марина поездың соңынан есептегенде 7 вагонға отырды. Екеуі бір вагонға мінген екен. Поезда неше вагон болған? Жауабы (13);
-
Жыл он екі айда 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі? (Барлық айда);
-
Ертегіде кездесетін үш басты айдахардың неше көзі, неше мұрны болған?(6 көзі, 3 мұрыны);
-
Алматыдан Астанаға барарда ұшақ 1сағ 30 мин ұшады,ал қайтарда Астанадан Алматыға дейін 90 мин ұшады.Неге? (Тең)
4-деңгей: Екі топқа «Бөлшек сандардың алғаш Мысыр мен Ежелгі Қытайда пайда болуы» тақырыбында үй тапсырмасы берілді.
Сонымен, өз тәжірибемде оқушыларды деңгейлік тапсырмаларды әртүрлі әдістермен өткізген сабақтарда орындауға баулып, олардың қабілетінің дамуының үш бағытына қол жеткіздім.
Біріншісі-танымдық қабілеті қалыптасқан оқушылар. Олар материал мазмұнын оқулығын пайдалана отырып, түсіне алады. Мысылы, 5 Б сыныпта оқу жылы басында төрт оқушы пәнге еш ынтасы болмады. Есептің мазмұнын оқып, шартын түсінбеді. Қазір олар жазба есептердің шартын түсініп, анықтай алады. Жолдастарының немесе мұғалімнің талдау жасауға көмегі арқасында тапсырманы орындауға үйренді. Бұл деңгейлік тапсырманың нәтижесінде бірде-бір оқушының еңбектенбей бос қалдырмауының жемісі деп ойлаймын.
Екінші топ өзін-өзі айқындаған топ. Ол оқушылар толық «4» - ке оқитындар. Өз бетімен жұмыс жасай алады. Өз деңгейінің есептерін анық шығара алдаы.
Ал, үшінші топ бұлар – өзін-өзі мұғалім күнбе-күн бірізділікпен әрбір оқушыны жеке қадағалай отырып, деңгейлік тапсырмаларды орындатып отырса төмендегі нәтижеге жетуге болады.
-
Әр балаға мүмкіндігіне қарай еңбек етуге мүмкіндік береді.
-
Әр сабақта барлық оқушы еңбегіне қарай бағасын алады.
-
Оқушы бойында зерттеушілік, шығармашылық қабілеттері артады.
-
Білім сапасы артады, білімділік деңгейі көтеріледі.
-
Оқушы «Өмір бойы оқып үйрену» принцпіне бой ұрады.
-
Мұғалім үшін қолдауға тиімді қарапайым әдіс.
Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында ұлттық мектепте шәкірттерді жоғары деңгейде маман болып қалыптасуына бағыт-бағдар беру керек деп есептеймін. Өткізілген сайыс сабақтарымда оқушылар бір-бірімен жарыса отырып, өз беттерімен есептер шығаруға қызығушылық қабілеттері басым екенін байқатты.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз