Материалдар / Дені сау адам - жаны сау адам

Дені сау адам - жаны сау адам

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамның денсаулығы - қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап осы ұстанымды басшылыққа алып келеді. Қоғамның денсаулығы бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру міндетін жүзеге асыру жолындағы басты тірек. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығын Президентіміз Қ.Ж.Токаев «Қазақстан егеменді еліміздің болашағы жастар, олардың денсаулығы мықты болып шынығып өскендері жөн. Негізі осы кезден қаланатын болса, өмірге өскелең ұрпақ келеді» -деп атап айтқан болатын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қазан 2022
344
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Дені саудың - жаны сау


Адамның денсаулығы - қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап осы ұстанымды басшылыққа алып келеді. Қоғамның денсаулығы бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру міндетін жүзеге асыру жолындағы басты тірек.

Салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығын Президентіміз Қ.Ж.Токаев «Қазақстан егеменді еліміздің болашағы жастар, олардың денсаулығы мықты болып шынығып өскендері жөн. Негізі осы кезден қаланатын болса, өмірге өскелең ұрпақ келеді» -деп атап айтқан болатын.

Салауатты өмір салтын жастардың бойында қалыптастыру мемлекетіміздің «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің негізі ретінде көрсетілген. Онда ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамдарды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау жолдары белгіленген. Бірақ бізге әрдайым қалың бұқара үшін біздей адамдарды емдейтін дәрігерлерден гөрі, оларды үйрететін, адамдарға бағыттайтын, оларды үлгі өнегелермімен еліктіріп, ілестеріп жүретін ұстаз қажет. Оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайту бүгінгі мектептердің басты мақсаттарының бірі болып отыр. «Саулық байлық негізі» деп айтқандай, әрбір адам салауатты өмір салты мен өмір сүру үшін аурудың алдын алу және болдырмауды қолға алу керек. Ол үшін дұрыс тамақтану, қоршаған ортаны жақсарту, сонымен қатар дене тәрбиесімен айналасуы керек. сонымен қатар есірткілерді, темекі мен алкогольды тұтынуды қойып тазалық пен санитария шараларын сақтау үшін күрес жүргізіп отыру қажет. Денсаулық әлеуметтік байлықтың негізі болғандықтан оны сақтап, нығайтуға барлық жағдайлар жасалуы қажет.

Әртүрлі қозғалыс ойындарын ұйымдастыру арқылы оқушы балалардың денсаулықтарын нығайтуға көп көңіл бөлеміз. Сондай-ақ оқушылардың денсаулық туралы білімдерін жетілдіретін «ЖҚТБ ауруымен күрес» , «Дені саудың - жаны сау» денсаулық күндерін жыл сайын өткізу дәстүрге айналды. Және де ата-аналармен де салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Әкем, шешем және мен» атты спорттық жарыстар болып тұрады. Оқушылар түрлі спорт дайындықтарына белсене қатысады. Қазақ халқымыздың «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген қағидасын бала санасына енгізе алсақ, болашақта дені сау ұрпақ тәрбиелеп шығамыз.

6 «Ә» сыныбыммен денсаулық сақтау бойынша «Дені саудың жаны сау» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өттім. Осы сабақтарда оқушыларға денсаулыққа байланысты көптеген мәліметтер берілді, денсаулық сақтау ережелері мен аурудың алдын алу бойынша білімдерін дамыту жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға түрлі тақырыптар беріліп, олар өздерінің ойларын шығарма, композиция және суреттер арқылы жеткізе алды. Жас желектей өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына ішімдік, темекі, нашаның адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіруді өзіме мақсат етіп алдым.

Жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттауды денсаулық-зор байлық екендігін түсіндіру аса маңызды. Дені сау ұрпақ, қоғамның қуаты демекші, қай халықтың болса да болашағы жастардың денсаулығына тікелей байланысты. Сондықтан дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын жас ұрпақ тәрбиелеу өз қолымызда.

Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі өзіміздің қолымызда. Сондықтан біздің таңдауымыз - салауатты өмір салтын сақтау.

Сонымен, Елбасының жолдауында айтылғандай Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына жетелейтін алтын сүрлеу десе болады.

Ақтау қалалық №21білім

беру орта мектебі

Ақбергенов Мақсат



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ