400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дені сау бала - болашақ жемісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Дені сау баланың ақыл-ойы айқын, өз-өзіне сенімді, жан- жағына қуанышпен шаттана қарайтындай болуы шарт. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Сондықтан, бала организімінің қызметін жетілдіру, қабілетін арттыру – ең басты міндетіміз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дені сау бала болашақ жемісі.

Жан-жақты физикалық жетілген және денсаулығы жақсы баланы өсіріп тәрбиелеу әрбір ата-ана мен балабақшаның міндеті. Дені сау баланың ақыл-ойы айқын, өз-өзіне сенімді, жан- жағына қуанышпен шаттана қарайтындай болуы шарт. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Сондықтан, бала организімінің қызметін жетілдіру, қабілетін арттыру – ең басты міндетіміз. Балабақша жұмысына денсаулық сақтау технологияларын енгізу қажетті заман талабынан туындайды. Осы орайда «Салтанат» балабақшасында «Балабақшада денсаулық сақтау технологиясын тиімді пайдалану» атты оқу әдістемелік кешені жарық көрді. Авторы: Галиева Г.Т, Байдрахман А.Ж, Абайдельдина А.Ж. Жұмысты жазудағы негізгі мақсат — мектепке дейінгі ұйымда баланың денсаулығын сақтаудың, салауатты өмір салтын ұйымдастыру мен бала денсаулығын шыңдаудың мүмкіндіктерін қарастыра отырып, денсаулық сақтау технологияларын тиімді қолдану болып табылады. Қазіргі кезде оқу әдістемелік кешен ересек «Айналайын» тобында вариативтік компонент ретінде қолданылуда. Жоспарға сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметі өткізіліп, балалардың қимыл-қозғалыс дағдыларын дамытып, шығармашылық қабілеттері мен сыни ойлауларын дамытуға мүмкіндік беруде. Мектепке дейінгі ұйымындағы денсаулық сақтау педагогикалық технологияларына келсек, мектепке дейінгі кезең – бала ағзасының өте қарқынды дамитын кезеңі екенін білеміз. Яғни осы жас шамадағы баланың ағзасының барлық жүйке жүйелері мен дене мүшелерінің, жүйкелік — психикалық дамуы қалыптаса түскен кезі.Сондықтан да мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау іс — шаралары кешенді де жүйелі жүргізілуі қажет. Сонда ғана жаңа өсіп келе жатқан өскелең ағза сыртқы факторлар әсеріне төтеп бере алатын болады. Балалардың денсаулығын нығайтуда спортқа әуестендіріп, күн тәртібі ережелерін сақтай білуге, жаңа инновациялық жолдар арқылы шынықтырып, салауаттылыққа тәрбиелеуіміз қажет.

Байдрахман Айнұр Жұмабекқызы

Жеке меншік «Үндестік» «Салтанат» балабақшасы тәрбиешісі

Қостанай қаласы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20.10.2021
865
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі