Дені
сау ұрпақ – қоғам байлығы
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларға спорттық сайысты түсіндіру
және денсаулықты нығайтуда спорттың
пайдасын ұғындыру.
Дамытушылық:
Дене шынықтыру мен спортқа қызығушылығын
арттыру және ептілік, жылдамдықтарын
дамытуға қалыптастыру.
Тәрбиелік:
Алдына мақсат қоя білуге, жеңіске жете
білуге және жолдастық қарым – қатынастардың
қалыптасуына тәрбиелеу.
Керекті
құрал – жабдықтар: Гимнастикалық
төсеніштер, ысқырғыш, доптар, арқан,
шығыршықтар, баскетбол доптары.
Өтетін
орны:
Спорт зал
Өту
барысы:
І.
Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Негізгі
бөлім.
Құрметті ұстаздар мен
оқушылар! Бүгінгі « Дені сау ұрпақ –
қоғам байлығы» атты спорттық шараға
қош келдіңіздер! Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев
«Қазақстан - 2050» жолдауында «Қазақстан
азаматтары мен балаларымыз құқығын
қорғайтын борышын ұстайтын азамат етіп
тәрбиелеу қажет. Біздің оқушыларымыз
дені сау, саналы, білімді, өрісі биік,
денсаулығы мықты болып өсуі тиіс» деп
айтқан болатын. Әрбір Қазақстан азаматының
алдына қойған басты мақсаты өз елінің,
жерінің, халқының денсаулығын жақсартуды
қамтамасыз ету болып табылады. Адам
баласының спортпен шұғылдануы басты
міндеттерінің бірі болу керек. Олай
болса, бүгінгі «Дені сау ұрпақ – қоғам
байлығы» атты спорттық сайысына қош
келдіңіздер!
Ж
үргізуші:
Әр таңды бақытпенен аттырамыз
Өнерді
ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға
енді ортаға
«Қыран» мен «Барыс»
тобын
ортаға шақырамыз.
Жүргізуші:
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып,
ешқашан да мойымайтын,
Болашақ
спортшылар келді ортаға
Қол соғып
қарсы алайық, қане, халқым!
(әр топтар
орындарына келіп тұрады)
Жүргізуші:
Ал,
құрметті халайық!
Жарысты енді
көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ
баға беріңдер!
Сайысты
бастамас бұрын,
сайысымызға
әділ баға беретін әділқазылар алқасымен
таныстырайын.
Оқу
ісінің меңгерушісі: Рабай Қарлығаш
Дене
шынықтыру пәнінің мұғалімі:
Жұмабай
Үсен
Дене
шынықтыру пәнінің нұсқаушысы: Мырзагереев
Дулат
Спорттық
сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
Жүргізуші:
Құрметті жарысқа түскелі тұрған топтар
және әділқазы алқалары! Сайысымыздың
әр бөлімімен таныстыруға рұқсат
етіңіздер. Сайысымыз 7 кезеңнен
тұрады.
Олар:
1. «Таныстыру»
кезеңі.
2. «Мұртты кенгуру» сайысы.
3.
«Кім жылдам?» сайысы.
4. «Кім мерген?»
сайысы.
5. «Қос жұп» сайысы.
6. «Теңбіл
доп» сайысы.
7. «Арқан тартыс» сайысы.
Жүргізуші:
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай
толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы
азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай
ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң
да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
Жүргізуші:
1 - кезең: «Таныстыру»
Шарты:
Әр топ өздерін таныстырып, ұрандарын
айтады.
1 - топ. "Қыран" тобын
ортаға шақырамыз.
Топтың
ұраны: «Қыран құстай самғаймыз,
Жарыстан
біз қалмаймыз!»
2 - топ. "Барыс"
тобын ортаға шақырамыз.
Топтың ұраны:
"Біз
әрқашанда мықты,
Бәрін жеңіп
шықты!»
Әділқазылар
алқасы 1кезең бойынша бағаларын берейік.
Жүргізуші:
2 кезең: «Мұртты
кенгуру»
сайысы.
Ойыншылар допты аяғына және
қарындашты мұрнына қысып, кедергілердің
арасымен секіріп барады да, екінші жаққа
келіп берілген есепті шығарады, қайтарда
кедергілердің арасымен секіріп келіп
келесі ойыншыға береді. Келесі ойын
осы бағытта жалғасын табады. Бірінші
аяқтаған топ жеңіске жетеді.
Жүргізуші:
Ал енді «Мұртты кенгуру» сайысының
қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегін
әділ - қазылар алқасына берейік.
Жүргізуші:
3 кезең: «Кім
жылдам?»
сайысы.
Ойыншылар
толық отырып жүріп гимнастикалық
төсеніштен алға домалап белгіленген
межеге барып, топтарының атының суретін
тауып, қайтарда толық отырып секіріп,
гимнастикалық төсеніштен алға домалап
секіріп келіп, келесі ойыншыға қолын
беру. Келесі ойын осы бағытта жалғасын
табады. Бірінші аяқтаған топ жеңіске
жетеді.
Жүргізуші:
Ал енді «Кім жылдам?» сайысының қорытынды
бағаларын білейік. Сөз кезегін әділ -
қазылар алқасына берейік.
Жүргізуші:
4 кезең: «Кім
мерген?»
сайысы.
Ойыншылар допты кедергілердің
арасымен жерге ұрып барып, баскетбол
торына түсіру қажет, түсіргенге дейін
допты лақтырады. Түсірген соң, допты
кедергілердің арасымен жерге ұрып барып
келесі ойыншыға береді. Келесі ойын осы
бағытта жалғасын табады.
Бірінші
аяқтаған топ жеңіске жетеді.
Жүргізуші:
Ал енді «Кім
мерген?»
сайысының қорытынды бағаларын білейік.
Сөз кезегі әділ - қазылар өздеріңізде.
Жүргізуші:
5
кезең
«Қос жұп» сайысы
Ойыншылар
жұптасып кедергілерден айналып
шығыршықпен жүріп келіп, белгіленген
межеге барып әріп суырады, сол әріптен
басталатын бір мақал жазып, кедергілерден
айналып шығыршықты келесі ойыншыға
береді.
Келесі ойын осы бағытта жалғасын табады.
Бірінші аяқтаған топ жеңіске жетеді.
Жүргізуші:
Ал енді «Қос
жұп»
сайысының қорытынды бағаларын білейік.
Сөз кезегін әділ - қазылар алқасына
берейік.
Жүргізуші:
6 кезең «Теңбіл
доп»
сайысы
Оқушылар
допты аяқтарымен теуіп кедергілердің
арасымен өтіп барады да, кіші қақпаға
допты теуіп салу, қайтар жолда допты
қолына ұстап кедергілердің арасымен
жүгіріп келу керек. Келесі ойын осы
бағытта жалғасын табады. Бірінші аяқтаған
топ жеңіске жетеді.
Жүргізуші:
Ал енді «Теңбіл
доп»
сайысының қорытынды бағаларын білейік.
Сөз кезегін әділ - қазылар алқасына
берейік.
Жүргізуші:
7
кезең
«Арқан тартыс»
сайысы.
Оқушылар
арқанды керіп ұстап тұрып, белгі
берілгенде тартысты бастау керек.
Қай команда қарсылас команданың
ойыншыларын түгелдей ортаңғы сызықтан
өз жағына тартып өткізсе, сол команда
ұтқан болып есептеледі.
Жүргізуші:
Ал енді «Арқан
тартыс»
сайысының қорытынды бағаларын білейік.
Сөз кезегін әділ - қазылар алқасына
берейік.
Қорытынды
бөлім:
Жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу
артта қалады
Жеңілгендер
ренжімей
Тараса бізге
жарады, - демекші сайысымыздың шарттары
бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды
анықтап, марапаттау сөз әділ қазыларға
беріледі.
Жүргізуші:
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде
бақыттысың денің сау да.
Денсаулық
терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған
ұлы Абай данамыз да демекші
осымен « Дені
сау ұрпақ – қоғам байлығы» атты
спорттық сайысымыз аяқталды.
Келгендеріңізге көп - көп рахмет.