Дені саудың – жаны сау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дені саудың – жаны сау

Материал туралы қысқаша түсінік
Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Дене шынықтырумен айналысуға баулу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дені саудың – жаны сау



«Дені саудың – жаны сау»

(спорттық ойын-сауық)

Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау,дені сау,рухы таза ұрпақ тәрбиелеу.Балалардың денесін шыңдап,күш-қуатын нығайту.Жарыс кезінде ойынға қызыға қатысуына жағдай жасау.Бір-біріне деген достық қарым-қатынастарын дамыту.

Қажетті құралдар:шарлар,түрлі – түсті жалаушалар,денсаулық туралы нақыл сөздер,доптар,пирамидалар.

Тәрбиеші: Құрметті әріптестер,балабақша бүлдіршіндері және спорт сүйер жанкүйер қауым.Бүгінгі « Дені саудың- жаны сау» атты спорттық ойынға қош келдіңіздер.Егеменді еліміздің ертеңі денсаулығы мықты азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеу біздің міндетіміз.

Міне,бүгінгі балабақша тәрбиеленушілерінің қатысуымен өткелі отырған «Дені саудың – жаны сау» атты мерекелік сауықтыру іс-шарасын бастауға рұқсат етіңіздер.Олай болса ортаға «Қарлығаш» тобының бүлдіршіндерін қошеметпен қарсы алайық.

Тәрбиеші: Балалар денсаулық басты байлық.Балалар деніміз сау болу үшін,үнемі жеке бас тазалығын сақтап,денемізді шынықтырып,дұрыс тамақтанып,күн тәртібін сақтау керек.



  • Балалар денсаулық туралы мақал-мәтел кім біледі?

1. Дені саудың-жаны сау

2.Денсаулық – зор байлық.

3. Тазалық – денсаулық кепілі.

4.Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.

5.Денсаулығы сәбидің – қуанышы әр үйдің.



  • Өте тамаша балалар.

Ал енді алдымен әділ-қазылар мүшелерімен таныстыра өтейін.

1.Балабақша меңгерушісі: Р.Сабырханқызы.

2.Балабақша әдіскері: А.Жарқынбекқызы.

3.Балабақша медбикесі: Ғалия апай.

Ал , қане балалар біз екі топқа бөлінейік.Сендер «Тұлпар» Ал сендер «Сұңқар» тобы болыңдар.

Тәрбиеші: Жарыстың бөлімдерін сіздерге айта өтейін.

1. Сәлемдесу.

2. « Кім бірінші» ойыны.

3. «Кім жылдам» ойыны.

4. « Пингвиндер» ойыны.



Тәрбиеші: Балалар сайысымызды бастамас бұрын әнұран орындайық.

  • Бәрекелді балалар!

1- кезең.Балалардың сәлемдесуі.

1. «Тұлпар» тобынан жалынды сәлем.

2. «Сұңқар» тобынан жалынды сәлем.

2 – кезең. Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен тек

Елдің ашық қабағы – деп, « Кім бірінші»ойынын бастаймыз.

Ойын шарты: жалаушаны алып,жүгіріп межені айналып келу.



3 – кезең . Жүгір,жүгіржелмен жарысып,

Жүгір желмен жарысып,

Нұрға аман

Болып қыран

Өс ұлан , - деп « Кім жылдам» сайысына кезек берелік.

Ойын шарты: Жеміспен көкөністерді жинау.

  • Жарайсыңдар балалар сендер неткен жылдам едіңдер.


4 – кезең. Спорт біздің досымыз,

Күш қайрат сыйлаған

Спорт- біздің досымыз

Өсіп күнде шыңдалған – дей отыра қорытын сайысымыз « Пингвиндер» ойынын ойнайық.

Ойын шарты: Допты екі тіземен ұстап жүру.

-Жарайсыңдар балалар,өте керемет.Өте жақсы.

- Құрметті апайлар бүгінгі спорттық ойынымыз өз мәресіне келіп жетті.Жеңімпаздарды анықтау үшін сөз кезегін әділқазыларға береміз.Бүгінгі қатысқан бүлдіршіндерімізге алғысымызды білдіреміз.Алдағы уақытта үлкен биіктерден көріне беріңездер.Бүгінгі жеңістерің құтты болсын.Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет.Деніміз сау болсын.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.11.2018
794
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі