«Дені саудың жаны сау»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Дені саудың жаны сау»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Дені саудың жаны сау» деп бекер айтпаса керек. Денсаулық мықты болса, адам баласы әр кез сымбатты көрініп, көтеріңкі көңіл-күйде жүретін болады. Дұрыс тыныс алу. Терең демалу. Қазіргі таңда таза ауаға шығып, табиғат аясында демалуға көп мүмкіндік бола бермейді. Сондықтан да ауасы тарылған ортада тыныс алуды үйренген жөн.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Дені саудың жаны сау»

«Дені саудың жаны сау» деп бекер айтпаса керек. Денсаулық мықты болса, адам баласы әр кез сымбатты көрініп, көтеріңкі көңіл-күйде жүретін болады. Дұрыс тыныс алу. Терең демалу. Қазіргі таңда таза ауаға шығып, табиғат аясында демалуға көп мүмкіндік бола бермейді. Сондықтан да ауасы тарылған ортада тыныс алуды үйренген жөн. Күнделікті таңертең оянған бойда төсектен тұрмастан 20 рет терең тыныстау керек, кейін 30-40 минут таза ауада жаяу жүріп, сергіген абзал. Мүмкін болса, таңертең жылы душ қабылдаса игі. Сондай-ақ, таңғы жаттығуларды жасауды ұмытпаңыз. Белсенділік танытыңыз. Жаман әдеттерден сақ болып, салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Шеңбер айналдырып, көп уақытты физикалық қимыл-әрекеттерге бөліңіз. Тіпті, жұмыс уақытында ара-тұра үзілістер жасап, далаға шығып, таза ауада 10-15 минут серуендеңіз. Дұрыс тамақтаныңыз. Жартылай фабрикаттар, қатты қуырылған тамақтардан, газды сусындардан, фаст-фуд тамақтарынан аулақ жүріңіз! Бұл тамақтардың орнын жеміс-жидектер мен көп шөппен алмастырыңыз. Дәрумендерді пайдаланыңыз. А, В, С, Е т.с.с. дәрумендер адам ағзасына өте қажет. Бұл дәрумендерді дәріханалардан сатып алуға болады. Алайда, олардың азық-түлік құрамында да болатынын естен шығармаңыз. Мысалы, А дәрумені қауын, мандарин, сәбіз, жұмыртқа, балық, көп шөпте т.б. көптеп кездеседі. Цитрус жемістерінде кездесетін С дәрумені ағзадағы зиянды қалдықтарды шығарып, иммунитет пен қан айналымын жақсартады.  Е дәрумені жаңғақтар мен өсімдік майларында кездеседі. Бу ваннасын қабылдаңыз. Түймедақ, ақжелкен, аскөк, балдыркөк, қымыздық, зире т.с.с. өсімдіктерді араластырып не жеке-жеке алып жарты литр суға салып, қайнатыңыз. Содан кейін ыстық буға бетіңізді тосып, 5-10 минут ем қабылдаңыз. Кейін суыған соң, жылы сумен бетіңізді шайып жіберіңіз. Ыстық бу бетті тазартып, теріні нәрлендіреді. Табиғи косметиканы пайдаланыңыз. Дүкен сөресіндегі көзін жауын алатын косметикалық бұйымдарды сатып алғанша, пайдасы мол табиғи косметикаға зер салыңыз. Табиғи өнімдермен ауқаттанып қана қоймай, одан маска жасап, теріңізді нәрлендіріңіз. Зияны көп сабындардың орнына, емдік қасиетке бай сабындарды пайдаланыңыз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
355
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі