400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Дені саудың-жаны сау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шаған жалпы орта білім беретін мектебі







Тақырыбы:

«Дені саудың- жаны сау»







Өткізген: 1 «а» сынып жетекшісі:

Каримова А.Е.









2018-2019 жылы



Мақсаты:Оқушыларды салауатты өмір сүруге және жас ұрпақты зиянды заттардан аулақ болуға үйрету,денсаулық адам баласының азбас қазынасы екендігін түсіндіру.Оқушыларды ұқыптылыққа,таза жүруге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қанатты сөздер,мақал-мәтелдер.

Барысы:Оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы « Дені саудың - жаны

сау »деп аталады.

Денсаулық – ең қасиетті де, құнды, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін,орны толмас асыл қазына.

«Дені саудың- жаны сау». «Денсаулық-зор байлық»деген мақалдар да тегін айтылмаса керек.Денсаулық болса,бәрі де болады.Дені сау адамның көңілі шат,өмірі бақытты.Жан-адамның ішкі дүниесі, ішкі жаратылысы.Олай болса,дені саудың-жаны да сау. Сондықтан әрбір оқушы өз денсаулығына саналы жауапты қарап,сақтау керек.

1-оқушы:

Денсаулық –ол шыныққан,

Барлық денең мүшесі.

Денсаулық – ол тыныққан,

Жүйке тамыр жүйесі.

2- оқушы:

Денсаулық – ол күлуің,

Көңіл –күйің жадырай.

Денсаулық – ол жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.

3- оқушы:

Балдырған баламыз,

Досты көп табамыз.

Кикілжің ,ренішті

Білмейді арамыз.

4- оқушы:

Істердің бәрін де,

Келісіп аламыз.

Адал да, әділ де,

Сенімді баламыз.

5- оқушы:

Жан сезімің өзіңнің

Көңіл-күйің сезімің.

Денсаулыққа шат ,қуаныш,

Сезімді рахат, жұбаныш.

Мұғалім: Ал, балалар, дәрумендер (витаминдер)туралы кім не біледі екен?Қандай дәрумен қай тағамда кездеседі екен?

1-оқушы: «А» дәрумені асқабақта, өрікте және салаттарда болады.

2-оқушы: «Б» дәрумені болса балық, картоп, сиыр еті,жаңғақ сияқты тағамдарда болады.

3-оқушы: «С» дәрумені қарақат, алмұрт тағы басқа жемістерде кездеседі.

Мұғалім:Балалар,енді жұмбақтар айтып көрейік.

1-оқушы:

Дымқылдап күнде сен,

Қолыңа үйкейсің

Кетіп кір-ласың

Тап-таза боласың.

(Сабын)

2-оқушы:

Аузы жоқ,көзі жоқ,

Тілі жоқ ,сөзі жоқ.

Бірақ та тісі бар

Басыңмен ісі бар.

(Тарақ)

3-оқушы:

Шомылған баланы,

Аймалап алады.

Сүртеді қолын да,

Сүртеді жанын да.

(Сүлгі)

4- оқушы:

Уай біз едік,біз едік,

Отыз екі қыз едік,

Қатар –қатар тізілдік,

Кезек-кезек үңілдік.

(Тіс)

Мұғалім:Балалар, денсаулыққа байланысты қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

  1. Тазалық- денсаулық кепілі.

  2. Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.

  3. Теледидар көп қарама

Көзің талар

Сағыз көп шайнама

Аузың талар .

Мұғалім:Балалар,енді біз ойын ойнайық.Ойынымыз «Иісіне қарай ажырат»деп аталады.Ойын барысы.Оқушылар көздерін жұмып ,таныс иісті ажырату керек.Оқушылардың мұрнына әр түрлі нәрселерді иіскетіп ,иіс сезу қабілеттерін тексеру.(алма,пияз, апельсин. т. б.)

Сабақты қорытындылау:Денсаулық – тазалық,ұқыптылық, дұрыс тамақтану, спортпен айналысу,көңіл-күйдің көтеріңкі болуы,адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау,ерте тұру т. б. Олай болса , «Денсаулық -зор байлық.» «Дені саудың-жаны

сау » деген мақалдардың мәні осында жатса керек.Байлығымызды сақтап,оны жоғалтудан қорғайық. Еліміздің болашағы,дендері сау азаматтардың қолында.Сондықтан келешегімізді сақтай білейік.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.04.2019
469
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі