"Дені саудың-жаны сау "

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Дені саудың-жаны сау "

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға
Материалдың қысқаша нұсқасы




Мақсаты: Балалардың қол,аяқ бұлшық еттерін және дене қимылдарын дамыту.

Балаларды әртүрлі кедергілерден өткізіп,қимыл-қозғалыс жаттығуларын сапалы

жасауға дағдыландыру.Балалардың жеңіске деген ұмтылысын,құштарлығын арттыру.

Дене шынықтыру сабағына қызығушылығын оятып,шапшаңдылыққа,әдептілікке

тәрбиелеу.


Шынықсаң шымыр боласың,

Сауығып айдай толасың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың.

Чемпион болу оңай ма?

Арман болған талайға

Болмасаңда ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.


Құрметті әріптестер және бүлдіршіндер! Бүгінгі балабақша тәрбиеленушілерінің қатысуымен өткелі отырған «Дені саудың-жаны сау» атты

спорттық жарысымызға қош келдіңіздер!

Жарысымызды бастамас бұрын алдымен төрешілермен таныстыра кетейін.


  1. 21 «Назерке» балабақша меңгерушісі: Байджанова Гүлнар Төлепқызы.

  2. Балабақша әдіскері: Сарыева Жамал Абылқызы

  3. Балабақша дене шынықтыру пәнінің жетекшісі: Әлия Әшірбайқызы



Әр таңды бақытпен атырамыз,

Өнерді ел көгінде бақылаңыз.

Сайысқа қатысуға енді ортаға,

Спортшы балаларды шақырамыз.




Алдарыңызда «Тұлпар» және «Сұңқар» командасы қарсалыңыздар.


Тәрбиеші:Балалар денсаулық басты байлық.Деніміз сау болу үшін,үнемі жеке бас тазалығын сақтап,денемізді шышықтырып,дұрыс тамақтанып,күн тәртібін сақтау керек екен.

-Балалар денсаулық туралы мақал-мәтелдер кім біледі ?

  1. Денсаулық -зор байлық.

  2. Дені саудың- жаны сау.

  3. Тазалық- денсаулық кепілі.

  4. Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.

  5. Денсаулығы сәбидің -қуанышы әр үйдің.


-Өте тамаша балалар!

Ендеше екі команда өздерінің ұрандарымен таныстырады.


«Тұлпар» командасы: «Сұңқар» командасы:

Спортпен достас, Салауатты өмір салтын сақтаймыз,

Жалқаулықпен қоштас. Жаттығудан ешқашанда қашпаймыз.

Жарайсыңдар!







Ал енді ойын барысымен таныстыра кетейін.Ойын 5-бөлімнен тұрады.


  1. «Кім жылдам?»

  2. «Водавоз»

  3. «Жүйрік ат»

  4. «Шариктерді жинау»

  5. «Арқан тартыс»


1.«Кім жылдам?»

Ойынның шарты: 1-ші бала жалаушамен кедергіні айналып жүгіріп келіп,жалаушаны 2-ші балаға жеткізеді.

Бірінші болып жүгіріп келген команда жеңіске жетеді.

2. «Водавоз»

Ойынның шарты: Бірінші ыдыстағы суды қасықпен төкпей-шашпай екінші ыдысқа жеткізу. Қай команда көп су жинаса, сол команда жеңіске жетеді.

3.«Жүйрік ат»

Ойынның шарты:екі команда бір-бір атқа мініп,кедергіден айналып шауып келеді.Қай команда бірінші болып келсе,сол команда жеңіске жетеді.

4. «Шарик жинау»

Ойынның шарты: 1-ші бала шелектегі шариктерді сақинаға төгеді,келесі бала жинайды.Ойын дәл осылай қайталанады.Бірінші болған команда жеңіске жетеді.

5. «Арқан тартыс» бұл ойында қазақтың ұлттық ойындарының біріне жатады.

Ойынның шарты:екі команда ортасында сызық белгісі болады,кімнің командасы ортадағы белгіден асыра сүйреп алса,сол команда жеңіске жетеді.



Құрметті әріптестер бүгінгі спорттық сайысымыз өз мәресіне жетті.Мінеки біздің балалар өте кішкентай болса да,жақсы өнерлерін көрсетті.Балалардың бойынан жарысқа деген құштарлығын,талпынысын байқадық. Балалар сіздерге көп-көп алғысымызды білдіреміз.


Ендігі сөз кезегі төрешілер өздеріңізде, біздің «Тұлпар»және «Сұңқар» командаларына берген жалпы бағаңызды айта кетсеңіз.

Балалар марапатталады.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар жеңістерің құтты болсын.Алдағы уақытта үлкен биіктерден көріне беріңіздер.



Осымен «Дені саудың-жаны сау» атты спорттық жарысымызды аяқтаймыз.Келіп қатысып, тамашалағандарыңызға көп-көп алғысымызды білдіреміз.

Сау болыңыздар!
















МКҚК №21 «Назерке» балабақшасы.


«Бекітілді»

Балабақша әдіскері

Сарыева Ж.А________













Дене шынықтыру.


Тақырыбы: «Дені саудың-жаны сау»












Өткізген №2 «Балапан» тобының

тәрбиешісі: Төлепбергенова Камшат








2015 ж


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
17.01.2019
582
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі