Оқу
қызметі:Дене
шынықтыру
Тақырыбы:«Денің сау болсын
балақай»
(спорттық - ойын
сауық)
Мақсаты:
Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы
таза ұрпақ тәрбиелеу. Балалардың денесін шыңдап, күш қуатын
нығайту. Дене бітімдерінің дұрыс
қалыптасуын қадағалау. Ойлау қабілетін
дамыту.
Қажетті
құралдар: шарлар, түрлі - түсті
жалаушалар, доптар, күн нұрының пішіні,
кедергілер.
Тәрбиеші:1. Бір қатарға
тұру.
Шаттық
шеңбер:
Алақанды
ашайық,
Күннің нұрын
салайық,
Жүректің жылуын
салайық,
Таза ауаны
салайық,
Жиналған бар
жылуды,
Қонақтарға
шашайық.
Жарайсыңдар
балалар
Сәлемдесу.Бізге бүгін көп қонақтар
келіпті.
-Қане, балалар, қонақтармен
амандасайық
Саламатсыздарма!
Здраствуйте!
Good
morning
Бүгінгі «Денің сау болсын балақай» атты
спорттық ойын сауық шарасына қош келдіңіздер. Музыка
ойналып,балалар бір тізбекпен баяу
жүреді.
Жан - жақты жаттықтыратын
жаттығулар:
Бір қатармен жүру,
жүгіру.
Аюдың жүрісін салып
жүру.
Қасқырдың жүрісін салып
жүру.
Қоянның жүрісін салып
жүру.
Түлкінің жүрісін салып
жүру.
Жүріп келе жатып дем алу, дем шығару
жаттығуын орындау.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар
балалар!Балалардың денсаулығы басты байлық. Балалар
деніміз сау болу үшін, үнемі жеке бас тазалығын сақтап, денеміз
шынықтырып, дұрыс тамақтанып, күн тәртібін сақтау
керек.
(Осы кезде залға көңілді қоян кіріп
келеді.)
Қоян:Сәлеметсіңдер ме балалар? Көңіл күйлерің
қалай?
Балалар сендер менімен бірге көңілді ойын
ойнайсындар ма?
Тәрбиеші:Балалар қане бәріміз бірге көңілді ойындар
ойнайық.
1-ойын:
«Сәбіз
жинау»
Ойын шарты:
кедергілер арасымен жүгіріп барып, бақшада
өсіп тұрған сәбіздерді жинап, себетке
салу.
Қоян:
жарайсыңдар балалар. Сендер ойынды керемет
ойнайды екенсіңдер, мен сәбізді өте жақсы көремін. Сендер өте
тапқыр екенсіңдер ендеше менімен тағыда ойын ойнайсыңдар ма,
балалар?
Балалар:
ия
ойнаймыз.
Қоян: келесі ойынымыз «Күннің шуағын құрастыр»
ойыны.
Ойыншарты: Іздің үстінен секіріп барып, дөңгелекке күн
шуағын құрастыру.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, сендер неткен жылдам
едіңдер. Ендеше бір серігіп
алайықшы.
Сергіту
сәті:«Бала,бала,балапан»
Бала, бала,
балапан,
Қане, қайсы,
алақан.
Саусақтарыңәйбат,
Былай-былайойнат.
Бала, бала,
балапан,
Қане, қайсы,
алақан?
Саусақтарыңәйбат,
Былай-былайойнат.
- Балалар денсаулық туралы
мақал - мәтел кім біледі?
1. Денсаулық - зор
байлық.
2. Дені саудың - жаны
сау.
3. Тазалық - денсаулық
кепілі.
- Өте тамаша
балалар!
БалаларҚоянмен
қоштасады.
Тәрбиеші:
- Жарайсыңдар балалар өте
жақсы!Балаларға сұрақ қою арқылы
ұйымдастырылған оқу қызметін аяқтайды. Балаларды
мадақтайды. Деніміз сау
болсын!