жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Денің сау болсын десең...
Сабақ тақырыбы: Дені саудың жаны сау
Денің сау болсын десең
Оқу мақсаты:
•Барлық оқушылар: адамның дене мүшелерін ажырата білуге үйрету;
• Оқушылардың басым бөлігі: денсаулықты сақтау үшін дәрігерге қаралудың маңызын түсінy;
•Кейбір оқушылар: саламатты өмір салтының маңыздылығын түсінy.
Тірек сөздер: Денсаулық – здоровье - Health
Дене жаттығулары -зарядка для тела - Exercise
Дене мүшелері - члены тела - The members of the body
Ресурстар: «Адамның дене мүшелері», плакаты А4 көлеміндегі 3 парақ қағаз, әріптер жазылған үлестірмелі парақшалар, жауап жазылған үлестірме парақшалар.
Сабақтың мақсаты: 1.1.4.1 жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру
Сабаққа барысы
І. Оқушыларды топтарға бөлу
ІІ. Психологиялық дайындық
Күлім қағып, қолымды
1,2,3деп соғайын
Қасымдағы құрбыма
Қолымды мен бұлғайын.
ІІІ. Өтілген тақырыпты қайталау.
«Ғажайып түстер» ойыны
ІV. Жаңа сабақ
Өте ертеде адамдар өз денсаулығын күтудің қаншалықты маңызды екенін түсінді. Бақытты адам – бұл денсаулығы мықты адам. Мықты денсаулық бізге жақсы өмір сүруге, оқуға және еңбек етуге мүмкіндік береді. Денсаулықты сақтау және нығайту үшін адам өз денесінің құрылысы, өз ағзасы туралы білуі тиіс. Дене жаттығулары ауруларға қарсы тұру қабілетін арттыра отырып, денені өте мықты, күшті және шыдамды етеді. Сонымен қатар күнделікті дене жаттығулары оқушылардың бойында табандылық, алға қойылған мақсатқа қол жеткізуге деген сенімділікті, бастаған істі аяқтау сияқты қасиеттерді қалыптастырады.
Мағынаны тану. «Ойланайық, пікірлесейік»


Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру
Тақырып туралы толықтыру жұмыстарын жүргізу


Оқулықпен жұмыс
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
Орындап көр. Бір оқушының тақтаға шығуын, дене мүшелеріне арналған жаттығулар ойлап тауып, басқалармен бірге орындауын сұраңыз. Бір оқушы бас қозғалысына жаттығу ойлап табады. Келесі оқушы қол, үшінші оқушы аяқ қозғалысына арналған жаттығулар ойлап табады
Оқушылар оқулық мәтінін оқиды.
Бұл сабақта оқушыларда
әңгімелесу, талқылау, сөйлесу арқылы байланыстыра сөйлеу дағдылары
дамиды. Тірек сөздер оқушылар үшін жаңа сөз, сондықтан оларды
сөйлеуде қолдану маңызды.
Сонымен қатар оқушылар «денсаулық» сөзін құрастырып, бұл сөзді қазақ және орыс тілдерінде айтады
Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Бір-біріне мұқият қарап, кезек бойынша дене мүшелерін атайды.


Сергіту сәті
Адам денесінің әр бөлігіне әсер ететін жаттығуларды орындау. Кеудеге, аяқ пен қол бұлшық етіне салмақ салу, омыртқаның икемділігін арттыруға арналған жаттығулар жасату. Ғалымдар күніне сегіз минут дене жаттығуымен айналысу адам өмірін ұзартатынын дәлелдеген. Денсаулықты ұзақ жылдар бойы сақтаудың және ауырмаудың тағы бір тәсілі-дәрігерге үнемі қаралып тұру. Біз әдетте ауру асқынғанда ғана дәрігерге барамыз. Бұл дұрыс па? Дәрігерлердің айтуынша, адам денсаулығына шағымданбаса да, өз денсаулығын тексертіп тұру тиіс. Бұл аурудың алдын алуға мүмкіндік береді. Біздің ұқсастығымыз неде?
«Робот» ойынын жұпта орындату. Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Бір-біріне мұқият қарап, кезек бойынша дене мүшелерін атайды. Содан кейін әр оқушы өз әріптесінің нұсқауын анық орындауы тиіс. Мысалы, екі қолды алға созып, жүрелеп отыру, еңкею, үстелге жақындау, бір парақ қағазды алу және т.б. Тапсырмаларды дұрыс орындау нұсқаудың анық берілуіне байланысты екенін ескертіңіз. Әр оқушы кезектесіп, екі рөлді де орындауы қажет.
Тізбектей оқу.
Оқушылар оқулық мәтінін оқиды.

Дәптермен жұмыс
Жұмыс дәптеріндегі 56 жұмысты орындау.
«Кел, ойнайық!»

«Дәрігердің қабылдауында» рөлдік ойыны түрінде жүргізсе болады. Бір оқушы – дәрігер, ал басқасы – емделуші. Олар дәрігер мен емделуші арасындағы диалогты құрастыруы қажет.
Шығармашылық жұмыс
Тақырып бойынша сөздік қорын дамыту үшін «Кім көп сөз біледі?» ойынын ұйымдастырамыз. Оқушыларды үш топқа бөлемін. Әр топқа сөздер жазылған А4 форматындағы қағазды бір- бірден таратып беремін. Берілген сөздермен 3-4 сөзден тұратын жай сөйлем құрастыру қажет. Бірінші топ «денсаулық», екінші топ «ағза», үшінші топ «дене мүшелері» сөздерімен қазақ тілінде сөйлем құрайды.

Тапсырманы орындау үшін 3минут беріледі. Тексеру уақытында барлық сынып оқушылардың жаңа сөздерді үш тілде дауыстап айтуы керек.
Қорытынды бөлім

Қалыптастырушы бағалау бетшесімен жұмыс
«Сен білесің бе?» сұрақ- жауап түріндегі қорытындылау жұмысы.
Кері байланыс. Рефлексия
Ортақ тақырып «Дені саудың – жаны сау»
Бөлімше 1.4 «Денсаулық пен қауіпсіздік»
Бөлім: Мен және қоғам.
Оқу мақсаты: 1.1.4.1 Жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру.
Ойлау дағдыларының деңгейі:
Білу және түсіну
Қолдану
Бағалау критерийі: Білім алушы
• Жеке бас гигиенасының құралдарын атайды;
• Жеке бас гигиенасына қатысты тәртіп ережелерін анықтайды.
• Гигиена сақтаудың қажеттілігі туралы әңгімелейді.
1-тапсырма

Жұптық жұмыс.
Суреттерді салыстырыңыз.
• Балалар туралы не айта аласыз?
• Тазалық сақтау неліктен маңызды?
• Сөйлемдерді сәйкес сөздермен сызықша арқылы байланыстыр..
|
Әр адамның жеке бас гигиенасына арналған заттары |
тазалық құралдары |
|
Гигиена сақтауға көмектеседі. |
дене жаттығулары |
|
Денсаулық сақтаға оң ықпал жасайды |
орамал, тарақ,тіс щеткасы |
Дескриптор: Білім алушы
- суреттерге сүйеніп, тазалық сақтаудың маңыздылығы туралы әңгімелейді;
- сөйлемдерді сәйкес сөздермен сызықша арқылы байланыстыра біледі
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген