Денсаулығы сәбидің – қуанышы әр үйдің»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Денсаулығы сәбидің – қуанышы әр үйдің»

Материал туралы қысқаша түсінік
: Балалардың көтеріңкі көңіл-күйін туғызу. Балалардың денесін шыңдап күш-қуатын нығайту, шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу. Балаларды ойындар арқылы ақыл-ойының толысып өсуіне ықпал жасау. Жарыс кезінде ойынға қызыға қатысуына жағдай жасау, бір-біріне достық қарым-қатынастарын дамыту. Денешынықтыру сабақтарына қызығушылығын арттыру. Дене тәрбиесі процестеріндегі сауықтыру міндеттерін жүзеге асыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Денсаулығы сәбидің – қуанышы әр үйдің»
Денсаулық күніне арналған «Көңілді эстафеталар» ойын-сауық кеші
Мақсаты: Балалардың көтеріңкі көңіл-күйін туғызу. Балалардың денесін шыңдап күш-қуатын нығайту, шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу. Балаларды ойындар арқылы ақыл-ойының толысып өсуіне ықпал жасау. Жарыс кезінде ойынға қызыға қатысуына жағдай жасау, бір-біріне достық қарым-қатынастарын дамыту. Денешынықтыру сабақтарына қызығушылығын арттыру. Дене тәрбиесі процестеріндегі сауықтыру міндеттерін жүзеге асыру.

Өтілетін орны: Спорт залы
Қажетті құралдар: Зал іші мерекеге сай безендірілген, түрлі-түсті жалаушалар, эстафеталық заттар, екі топ жетістігін көрсететін сандар, түрлі-түсті шарлар, доптар,  кедергілер, шеңбер, ысқырық.
Жүргізуші: Құрметті әріптестер, балабақша тәрбиеленушілері және спорт сүйер жанкүйер қауым. Бүгін №24 «Айналайын» балабақшасында тәрбиешілер мен тәрбиеленуші балалардың қатысуымен «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» мақсатында ортаңғы топ тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен екі топ арасында мерекелік сауықтыру іс-шарасын өткізгелі отырмыз. Балаларды салауатты өмір салтына баулу арқылы денсаулығын сақтау, нығайту, денешынықтырудың ролін көтеру. Адам ағзасына зиянды әрекеттерден арылу, аластау. Егеменді еліміздің ертеңгі денсаулығы мықты азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеу біздің міндетіміз. Міне, бүгін балабақшаның тәрбиешілері мен тәрбиеленушілерінің қатысуымен өткелі отырған «Денсаулығы сәбидің – қуанышы әр үйдің» атты мерекелік сауықтыру іс-шарасын бастауға рұқсат етіңіздер.
І.Ұйымдастыру кезеңі 
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
ІІ.Негізгі бөлім
Құрметті әріптестер және кішкентай көрермендер бүгінгі«Денсаулығы сәбидің – қуанышы әр үйдің» атты спорттық сайысына қош келдіңіздер!
Көңілді жарысқа  №11«Ақбота» және №12 «Сәулетай»  ортаңғы топ бүлдіршіндері қатысады.
Әр таңды бақытпенен аттырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
топ бүлдіршіндерін шақырамыз.
(әр топ өз орындарына келіп тұрады)
Ал,құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын,сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.

1.Динжанова.Санияш

2.Адильбаева Ақмарал

Спорттық сайысымыз 3/4/5 баллдық жүйемен бағаланады.
Сайыстың бағдарламасы 6 кезеңнен тұрады

  1. «Эстафета»

  2. «Кеңгуру»

  3. «Пингвин»

  4. «Алтын қасық»

  5. «Кім шапшаң»

  6. «Кім күшті»

Құрметтісайыскерлер! Сіздергесәтсапар!
Сайысымыздыбастаймыз.
«Қыран» тобынортағашақырамыз
Топтыңұраны: Қыран тобы алға
Бәрімізбірімізүшін!

«Тұлпар»тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Біз әрқашанда мықты
Бәрін жеңіп шықты
І кезең: «Эстафета»
Шарты: Әр топ қатысушылары жалаушаны алып мәреге дейін жүгіріп барып өз орынына келіп өзінен кейінгі қатысушыға жалаушаны тапсыруы қажет, қай топ бірінші мәреге жетсе сол топ жеңімпаз.

ІІ кезең: «Кеңгуру»
Шарты: Балалардың алдына алжапқыш байлап, жеміс – жидектерді жинап өздеріне тиесілі себетке жинауы тиіс, қай топ көп жинаса,сол топ жеңімпаз.

IІІ кезең: «Пингвин»

Шарты: Допты аяқ арасына қысып алып, жерге құлатпай пингвиндер жүрісімен жүріп, мәреге жетуі тиіс, қай топ бірінші келсе сол топ жеңімпаз.

ІV кезең: «Алтын қасық» 

Шарты: Әр қатысушы теннис добын қасыққа салып алып, мәреге дейін жүріп барып,қайта келуі тиіс, қай топ мүшелері бірінші болып келсе сол топ жеңімпаз.
V кезең: «Кім шапшаң»
Шарты: Топ басшысы шеңбермен бір-бірден балаларды мәреге апарып, жерде қонып тұрған көбелекті алып гүлге қондыру.
VI кезең: «Кім күшті»
Шарты: Әр топтар жерде үріліп жатқан шарларды, үстеріне отырып жаруы тиіс қалдығын жинап себетке салуы керек қай топ көп шар қалдығын жинаса сол топ жеңімпаз.
Қорытынды бөлім
Жарыс заңы ежелден-
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол-
Еңбектену,жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады
демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды марапаттауға әділқазы алқасына сөз кезегін берейік.
Уа,халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші
Құрметті қонақтар, спорт жанкүйерлері! Бүгінгі эстафеталық жарысымыз осымен аяқталды. Бүгінгі жарысқа қатысқан бүлдіршіндерге алғысымызды білдіреміз! Алдағы күндері үлкен биіктерден көріне беріңдер! Бүгінгі жеңістерің құтты болсын!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.02.2025
103
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі