400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 18 материал табылды

"Денсаулығым-бақытым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шаған жалпы орта білім беретін мектебі







Тақырыбы:



«Денсаулығым-бақытым»









Өткізген:Каримова А.Е.















2018-2019 оқу жылы

Мақсаты:1.Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбат,өмір сүру маңызы

жоғары, бағалы байлық екенін түсіндіру.

2.Балалардың ой-өрістерін,ойлау қабілеттерін ,сөйлеу шеберліктерін дамыту.

3.Ұқыпты,жинақы,таза, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Суреттер қанатты сөздер.

Мұғалім: Адамның басты байлығы – денсаулық.Денсаулық дегеніміз - адам

ағзасының қалыпты дұрыс жұмыс істеуі. Денсаулық – адамға табиғат

берген басты құндылық. Денсаулықты әр түрлі тәсілдермен нығайтудың

негізгі тәсілдерінің бірі - Салауатты өмір салтын сақтау.

Жеке бас гигиенасы - бұл адамның жеке мүшелерін күтуде тазалық

ережелерді орындау арқылы өз денесінің тазалығын сақтай білуі. Олардың

барлығыда маңызды. Егер сен олардың барлығын жаттап, еске сақтайтын

болсаң, ешқашан ауырмайсың, әрі сүйкімді ,әрі мықты боласың.

Тамақтану – адам ағзасы үшін аса маңызды қажеттілік. Біздің денсаулығымыз

көбінесе қалай тамақтануға байланысты. Адам үнемі күш-қуат жұмсайды,соны

қалпына келтіру үшін ол дұрыс тамақтана білуі тиіс.

1-оқушы:Тамаққа әр түрлі тағам өнімдерін пайдаланған тиімді. Олардың бірінің

құрамында дәрумендер көп болса,екіншісі ағзаның күшті болуына көмектеседі.

Әрқашан тамақтану негізгі ережелерін сақта.

2-оқушы: Қолыңды сабындап жу.

Қисаймай,түзу отыр.

Қасықты оң қолыңмен ұста.

Тамақ ішіп отырып сөйлеме,күлме,газет оқыма.

3-оқушы: Шамадан тыс тойып ішпе.

Нанды үзіп же.

Тамақтан соң,аузыңды шай, қолыңды жу.

4-оқушы: Ас адамның арқауы,

Ас пен күш артады.

Тағам іш жағымды,

Тазартады жаныңды.

Мұғалім:Денсаулықтың- тағы бір дауасы-таза ауа. Табиғат – ананың адам ағзасының

жетілуіне тартар сыйы көп.

5- оқушы:Жер шары- дәу әлем.

Қоршаған ауамен.

Ауамен тыныс ап,

Өсті өмір,ырыс-бақ.

6-оқушы: Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,

Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.

-Қане, балалар жұмбақтар шешіп табиғи дәрумендерді табайық!

7-оқушы: Бүрі, бүрі, бүрі бар,

Күн келбетті түрі бар.

(Күнбағыс)

8-оқушы: Аспай піскен,

Қайнамай түскен.

(Жемістер)

9-оқушы: Іші жұмсақ,сырты қатты,

Еті қызыл,сүті тәтті.

(Қарбыз)

10-оқушы: Аласа ғана бойы бар,

Тоғыз қабат тоны бар.

(Орамжапырақ)

11- оқушы: Әрі қызыл,әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты.

(Алма)

12-оқушы: Жеп көріп ем өзің мен,

Жас шығарды көзімнен.

(Пияз)

Мұғалім:Атмосферадағы зиянды сәулелер,радиация, газ,шаң- тозаң бәрі ағзаға әсер

етеді, ауаны ластайды.Адам денсаулығы олардан зардап шегеді. «Адам азса, заман

тозады», оны жаңғырту да,құрдымға құлдырату да өзімізге байланысты. Арақ ішу,

темекі тарту,есірткіге бой ұру-мұның бәрі де адамның денсаулығына зиянды әдеттер.

13-оқушы:Спортпен шұғылданған адамның денесі шымыр болады.Мұндай адамның

суық тиіп ауруы сирек. Спорт ойындарының түрлері: шаңғы тебу, хоккей, коньки

тебу,футбол,волейбол,баскетбол т.б.

Денім сау болсын десең-спортпен шұғылдан!

Мұғалім:Денсаулық мықты болу үшін - ұйқыныңда орны ерекше.

14-оқушы: Ұйқы – адам өміріне аса қажетті нәрсе, ұйқысыз өмір сүру мүмкін емес.

Сенің көңіл-күйіңмен денсаулығың сенің қалай ұйықтағаныңа байланысты.

Мұғалім:Денсаулықты нығайтуда,жұмысқа қабілеттілікті арттыруда және суық

тиюден сақтандыруда ағзаны шынықтырудың маңызы зор.

15-оқушы:Шынығуда табиғи күштер: күн сәулесі және ауа пайдаланылады.

Шынығу ауа райының жағымсыз себеп-шарттына ағзаның қарсылығын арттырады.

16-оқушы: Су-табиғат байлығы,

Өзен-көлге барғайсың.

Кемі екі рет әр күні,

Суға түсіп алғайсың.

17- оқушы: Кейбір тосын істің де

Пайдасы зор білгейсің

Жалаң аяқ қар үстінде,

Бірер минут жүргейсің.

18- оқушы: Әуес болып құрдымға,

Қылыққа жаман ұрынба

Жамандық саған жабысып,

Ісің кетер құрдымға.

19-оқушы: Шашынды сап аузыңа,

Тырнағыңды тістеме.

Жетелейтін ауруға,

Мұндай қылық істеме.

20-оқушы: Ұйқыңнан ерте тұру,

Жадырап,жарқын күлу,

Әдетің болсын әрқашан,

Жаттығу жасау,жуыну.

21-оқушы: Ертеңгілік асты ішкеннен соң,

Таза ауамен мектепке беттеген жөн.

22-оқушы: Қабақ түйсең саған ешкім қарамас,

Жылы сөйлеп,барлығымен амандас.

23-оқушы: Барлық жанға жолыққан,

Амандасып жүргейсің.

Адамдықты ту етіп,

Адал өмір сүргейсің!

Бәрі бірге:

Жағымсыз әдеттер,кедергі келтірсе,

Бірімізге біріміз көмек бере жеңеміз.

Саусақ салып ауызға, тырнақты тістемей

Жуылмаған жемісті біз жемейміз.

Бірге жүріп,жағымсыз әдеттерді ұмытпаймыз.

Бір ауыздан бәріміз тазалықты құптармыз.

Мұғалім: Балалар,бүгінгі жиында денсаулық жайлы қараған мәселені келешекте

тиімді пайдалансақ, салауаттты өмір сүреміз.Денсаулықтарың өз қолдарында екенін

ешқашан ұмытпаңдар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.04.2019
346
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі