Денсаулық – зор байлық

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Денсаулық – зор байлық

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жеткшілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Денсаулық – зор байлық»


Мақсаты:
Білімділік - жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру.

Дамытушылық - сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.

Тәрбиелік - шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, мақал - мәтелдер, слайдтар.


- Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Денсаулық –зор байлық» деген тақырыпта тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.

Тапсырмалар:

1. Денсаулықтың достарына нелер жатады?

2. Ұқыпты да әдемі азамат болу үшін адам денсаулығына не қажет?

3. Денсаулықтың қастары дегенді қалай түсінесіңдер?

4. Салауатты өмір салтын сақтау дегеніміз не?

5. Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?


Денсаулық - жеке адамның басты байлығы.

Денсаулық - адам тіршілігінің ең бірінші шарты.

Бүгінгі дені сау ұрпақ - елдің ертеңгі жалғасы. Бүгінгі тәрбиелік іс-шарамыздың тақырыбына байланысты әңгімеміз тек денсаулық жөнінде болмақ. Денсаулық деген сөз-деніңнің саулығы деген мағынаны білдіреді. Деніңнің аурудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі-денсаулықтың белгісі. Дене мүшелерінің, ішкі ағзалардың бірі ауырса, адамның денсаулығы нашарлап, көңіл күйі түседі, еш нәрсеге зауқы болмайды.

"Тәні саудың -дені сау" демекші, егер адам әрдайым жақсылық жасап, алғыс алып жүрсе оның жан дүниесі, тәні таза болады. Егер тәнің сау болса, онда денің де сау болады.
Үлкен кісілермен амандасып жүр. Сау болғың келсе, баршаға саулық тіле.
Жалғыз басты кәрі кісілерге, мүгедектерге көмектес. Сонда сен алғыс аласың, достарың да көп болады.
Қызғаншақ
болма! Өзбойыңдағы жалқаулықты, қорқақтықты таста! Өтірік айтпа, жаманойларданаулақ бол. Ауыра қалсаң, көп уайымдама. Бастаған істі аяқта! Жақсы оқы\

- Адамның ішкі ойы таза болса, дені де сау болады. Барлық уақытта адамдар мен айналаң туралы жақсы ойласаң және оларға жақсылық тілесең, өзіңді әрқашан жақсы сезінесің.

Балалар шеңберге дөңгелене отырады, бір-біріне жылы,жақсы лебіздерін айтып , денсаулық тілейді.

«Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасаса, ол өзіңе- ақ оралады», - деп мұғалім қорытынды жасайды.

- Міне, балалар, неткен керемет нұсқаулар айтылды, күнделікті іске асырайық.

Денсаулық – ол күлуің,

Көңіл-күйің жадырай.

Денсаулық – ол жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.

- Балалар, деніміз сау және күшті болып өсуіміз үшін не істеуіміз керек?

- Иә, дұрыс ол үшін күн тәртібін сақтау керек. Уақытымен ұйықтап, ұйқыдан тұрған соң төсек орнымызды жинап, жуынып таңғы жаттығу жасауды әдетке айналдырып, таза жүрсек, өз-өзімізді күте білсек, деніміз сау болады. Әрдайым күліп жүруіміз керек. Сендердің күлкілерің әдемі болуы үшін тісті күтуге байланысты ережелерді мұқият орындауымыз керек.

1. Тісті күніне екі рет тазалауымыз керек .

2. Тамақтанкейінауыздышаюкерек.

3. Ыстықтамақтан соңсуық нәрсеішпеукерек.

4.Жаңғақты тіспеншақпаукерек.

5.Дер кезіндетіс дәрігеріне көрінуқажет.

6.Тәттіні көп жеугеболмайды.

7.Әркімніңөзініңжекетісщёткасыболуыкерек.

Шығармашылық жұмыс

- Балалар, денсаулыққа байланысты қандай мақал – мәтел білесіңдер?

1.Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.

2.Ісің түсіп тақсырға барма,

Аурулы болып бақсыға барма.

3. Бақсы көрінсе дерт қозады,

Ұста көрінсе таға тозады.

4.Жарлының байлығы - денінің саулығы.

5.Ауру атанды да шөктірер.

6.Қотыр қолдан жұғады,

Таз тақиядан жұғады.

7.Бас ауырса жан қорқады.

8.Жұғын бар жерде - шыбын бар,

Шыбын бар жерде - шығын бар.

9.Екі ауру бір келсе, ажалыңның жеткені.

10.Жан ауырса - тән азады,

Қайғы басса - жан азады.

11.Өліспеген көріседі.

12.Қасқырдың ойлағаны арамдық,

Қойдың ойлағаны - амандық.

13.Тәуіптің жақсысы - ауруға ауру қоспағаны.

14.Мың жұмақтан - бір күн тірлік.

15.Қасапшыға мал қайғы,

Қара ешкіге жан қайғы.

16.Емнің алды - еңбек.

17.Ауру желмен келіп, термен шығады.

18.Аман болса бұл басым,

Тағы шығар бұл шашым.

19.Азған денеге ауру үйір.

20.Қайғы қартайтады,

Қуаныш марқайтады.

- Біздің денсаулығымызға тағы бір қажетті нәрсе бұл – дәрумендер. Жеміс-жидектер мен көкөністерді өз қажетінше, көп жеу керек, өйткені олар – дәрумендер мен пайдалы заттарға бай. Олардың құрамындағы дәрумендер сіздердің бойларыңыздың өсуіне, ағзаларымыздың дұрыс дамуына және көздің көруінің жақсаруына көмектеседі.

«Әлемдегі ең пайдалы азықтар»

Балық: Қартаюға қарсы ең жақсы азық ,миды және жүректі қорғайды. Рухани жағдайды реттеп, қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді.

Сүт: Витамин, минерал және пайдалы бактерияларға өте бай. 

Жаңғақтар.  Жүректің қызметін реттейді. Бір күн үшін 25 грамдық, бадам (миндаль), жаңғақ, жержаңғақ, орман жаңғағы жеткілікті.

Қызыл ет: Жайлауда жайылған малдың еті, яғни өңдеуден өтпеген қызыл еттер пайдалы. 

Жұмыртқа: Ең зиянсыз ас. Миды қорғайды және көз саулығын күшейтеді.

Көк шәй:  Ішектердің, тыныс жолдарының жұмысын реттейді. Салмақ реттелуін оңайлатады.

Алма – дәрілерден аспирин орнына жүреді. Сүйекті қуаттандыратын K витамині бар.

Шие – күніне 20 шие бір аспириннің әсерін береді. 

Пияз және сарымсақ – инфекцияларды жояды. Жүрек ауруы қаупін 20%-ға азайтады.

Айран, сүзбе, ірімшік – тістің саулығы үшін пайдалы, кальцийдің қоры

Қызылша – бүйректерге пайдалы, тұз мөлшерін реттейді. 

Банан – жүректің соғуын дұрыстайды, қан қысымын реттейді. 

Қауын – жарты қауын бір күндік С дәрумені қажеттілігін қамтамасыз етеді. Бүйректерге пайдалы.

- Балалар, енді жұмбақтар шешіп көрейік.

Дымқылдап күнде сен,

қолыңа сүйкесең.

Кетіп кір-ласың,

Тап-таза боласың. (Сабын)

Шомылған баланы,

Аймалап алады.

Сүртедіқолын да,

Сүртедіжонын да. (Сүлгі)

Аузыжоқ, көзіжоқ,

Тіліжоқ, өзіжоқ.

Бірақ та тісі бар,

Басыңмен ісі бар. (Тарақ)

Бізедік, бізедік,

Отыз екі қыз едік.

қатар-қатар тізілдік,

Кезек-кезек үзілдік. (Тіс)

- Халық даналығында «Денсаулық – зор байлық» деген сөз бар.

Ерте заманнан бері ата-бабаларымыз денсаулыққа көп көңіл бөлген. Баланың дені сау, шымыр болу үшін 4-5 жастан бастап атқа мінгізген, садақтарту, найза шаншу, күрес секілді денені шынықтыратын жаттығулармен жаттықтырған. Осының нәтижесінде бұлшық ет қатайып, бой өсіп, кеуде кеңейіп, күш молаятынын ертеден – ақ білген.

- Ал қазір мектепте дене шынықтыру сабақтары жүргізіледі. Онда арнаулы мамандар иесі қабілетін анықтап, бағыттап отырады. Спорттың түрлеріөте көп. Стол теннисі, шахмат, хоккей, бокс, баскетбол, футбол сияқты түрлері кеңінен тараған. Кейінгі кездері жылдамдықты, тездікті талап ететін спорттың түрлері де пайда болды. Олар: дзюдо, айкидо, таэквондо. Сонымен қатар денені шынықтыратын ұлттық ойындар да бар. Олар: «Бәйге», «Қызқуу», «Көкпар», «Аударыспақ», «Жамбы ату».

Қорытынды сөз:   - Балалар, біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық?(Денсаулық)
- Нені ойға тоқып, жадымызда сақтауға тиіспіз?(Жаман әдеттен аулақ болуымыз керек)
- Сіздер, қандай азамат болып өсулерің қажет?(Дені сау, ақылды, білімді, адал болып)
- Балалар, олай болса, денсаулықтың достарын атайықшы

- Елбасының «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»атты жолдауында денсаулыққа, спорт пен туризмге көп көңіл бөлінген,
Қазақстандықтар спортқа тартылсын және де спорттық кешендер салынсын. Дәрі -дәрмектердің 50% өзімізден шығарылуы тиіс делінген.
Бұл - үкіметіміздің ұрпақ денсаулығына қатты көңіл бөліп отырғандығы. 7- сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні мерекесі.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.01.2019
457
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі