жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Денсаулық – зор байлық»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні:
Тәрбиеші: Жусупова Қ.Т.
Топ: «Балдырған» ортаңғы
Білім беру саласы: Коммуникация
ҰОҚ: Сөйлеуді дамыту
Бөлімі: Біз күштіміз, ептіміз
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: «Денсаулық – зор байлық»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты: Сөздік қорын жалпылаушы мағыналы сөздермен байыту. Ойындарды қолдану арқылы сөздерге қызығушылығын дамыту.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің міндеттері:
Білімділік:.Жетекші тапсырмалар арқылы сөйлем құрай білуге үйрету. Сөздік қорларын денсаулық тақырыбына байланысты толықтыру
Дамутышылық: Суретті жұмбақ арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: ойларын толық жеткізе алуға тәрбиелеу
Билингвалды компонент:
Әдліс тәсілдер: сұрақ жауап, әңгімелесу, көрнекілік, «суретті жұмбақ», «ғажайып дүрбі», «жақсы, жаман», топтастыру
Көрнекі құралдар: үлестірмелі суретті жұмбақ, тақырыптық суреттер.
Сөздік жұмыс: денсаулық здоровье
Технология: ТРИЗ
|
Оқу қызметінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Есеп+ |
Есеп- |
|
Ұйымдастырушылық |
Микки маустан дыбыстық хат «Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен қатты ауырып қалдым, тез жазылғым келеді, маған көмектесіңдерші»
|
Балалар хат келгеніне қуанады.
|
|
|
|
Ізденіс – ұжымдық-негізі бөлім |
Балалар, Микки маусқа көмектесу үшін маған «Денсаулық зор байлық» тақырыбындағы сабағымызды бастаймыз. Денсаулығы мықты, күшті адам ауыра ма? Микки маустың денсаулығы жақсы ма? Денсаулық орысша здоровье Қайталап айтамыз І тапсырма Суретпен жұмыс «Ғажайып дүрбі» әдісі
Мына суреттен Не көріп тұрсыңдар? Балалар не істеп жатыр? Дұрыс, балалар, мұның бәрі бір сөзбен спорт деп аталады Қайталап айтамыз: спорт Спорт денсаулық кепілі ІІ тапсырма Ендеше мен сендерге СПОРТ ҚҰРАЛЫ туралы жұмбақ жасырғым келеді. Жай жұмбақ емес, суретті жұмбақ Спорт құралы қайталап айтамыз Деңгейлік тапсырма І деңгей
ІІ деңгей
ІІІ деңгей ІІІ деңгей
,
Жақсы, біз денсаулыққа спорттың пайдасы туралы айттық, ауырмау үшін тағы не керек? ІІІ тапсырма Оны білу үшін мен сендерді ғажайып «Денсаулық еліне» саяхат жасуға шақырамын Көзімізді қатты жұмамыз Бір, екі, үш, денсаулық еліне ұш
Біздің көмекшілеріміз: мұрын, қол, құлақ Мұрынмен мен иіс сеземін Құлақпен мен дыбыстарды естимін Қолмен мен ұстап көремін Балалар мына денсаулық еліндегі көкөністер мен жемістердегі дәрумендер де адамның денсаулығы үшін өте пайдалы. А дәрумені сәбіз, қауын, қызанақта бар. А дәрумені көздің жақсы көруіне қажет. С – ағзаның инфекцияларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Цитрустарда, қарақатта, қырыққабатта, кивиде болады. Е – дәрумен тері жағдайын жақсартады апельсин мен мандаринде болады. Күз және қыс айларында лимон адамның иммунитетіне көп күш береді. Онда С дәрумені бар. Қайталаймыз: лимонда С дәрумені бар Балалар, біз бүгін денсаулыққа пайдалы заттар туралы айттық. Көзімізді тағы жұмамыз «Үш, екі, бір, Топқа қайта кір» Сонымен бірге денсаулыққа өте зиянды заттар да бар: Кола, чипстер, шоколадтар, тәтті көмпиттер, телефон мен компьютерлер |
Балалардың жауаптары Қайталайды Денсаулық здоровье Күннің көзін Балалар доппен ойнап жатыр Бала батутта секіріп жатыр Бір қыз шеңберді белімен айналдырып жатыр Бір ұл мен бір қыз белтемірге тартылып жатыр Каратэмен айналысып жатыр Қайталайды Жұмбақты шешеді Шеңбер бірақ күн емес, секіреді, бірақ бақа емес ДОП Шеңбер бірақ алма емес, секіреді, бірақ батут емес, қақпаға, себетке салады ДОП Балалардың жауаптары І ТОП Мен Мұрынмен гүл иісін сеземін, Мен ағаштың иісін сеземін Мен лимон иісін сеземін Мен алманың иісін сеземін ІІ ТОП Мен құлақпен музыканы естимін Мен құстың дауысын естимін Мен жаңбырдың дауысын естимін ІІІ ТОП Мен қолмен допты ұстай аламын Мен сәбізді ұстай аламын Мен ракетканы ұстаймын |
|
|
|
Рефлексиялық түзету |
Балалар, бүгінгі сабақтан түсінгендеріңді мына суреттерді жапсыру арқылы коллаж жасап қорытындылауды ұсынамын. Суреттерді алып денсаулыққа зиянды заттарды пайдалы заттардын ажыратып жапсырамыз Микки маусқа жауап осы коллаждарды суретке түсіріп жіберу Смайликтер тарату |
Денсаулыққа пайда және зиян заттарды ажыратады |
|
|
шағым қалдыра аласыз
















Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген